7 нұсқа.
-
Берілген 4 координата нүктесі бойынша олардың арасындағы қашықтықты табу.
-
2 катет берілген. Гипотенузаны және бұрышты табу.
-
ax2-(3-c)x-c=0 теңдеуінің үлкен түбірін табу.
-
Үшбұрыш өзінің жақтарының ұзындықтарымен берілген. Биіктіктерінің ұзындықтарын, медианаларының ұзындығын, биссектрисаларының ұзындықтарын табу. Ең кіші мәндерін шығару.
-
Координаталы түрде берілген 3 нүктенің арасындағы қашықтықты есептеу. Ара қашықтықтары ең үлкен нүктелердің координаталарын шығару.
8 нұсқа.
-
Үшбұрыштың шыңдарының координаталары бойынша биссектрисаларының ұзындықтарының қосындысын табу.
-
Шаршы берілген. Оның сыртына және ішіне сызылған шеңберлердің ауданын табу.
-
6 сан берілген. Олардың ішінен қосындысы 11-ге тең болатын екі санды табу. Егер ондай сандар болмаса, хабарлау.
-
Катет және гипотенуза берілген. Екінші катетті және қай катеттің биіктігі төмен екендігін табу.
-
Үшбұрыш өзінің шыңдарының координаталарымен берілген. Үшбұрыштың периметрін және ауданын табу. Үлкен жағын анықтау.
9 нұсқа.
-
Дұрыс n-бұрыштықтың ауданын табу.
-
Радиусы =13,7, ал доғасында радиан φ берілген саны бар сектордың ауданын табу.
-
Кездейсоқ енгізілген 4 санды өзара салыстыру. Ең үлкен және ең кіші элементті шығару.
-
a1,...,a10 нақты сандары берілген. max(a1+a10,a2+a9,...,a5+a6) есептеу.
-
6 сан берілген. Олардың ішінен қосындысы 5 тең болатын үш санды табыңыз. Егер ондай сандар болмаса, ол жөнінде хабарлау.
10 нұсқа.
-
Тізбектей жалғанған 3 кедергінің мәндері берілген. Байланыстың кедергісін табыңыз.
-
Үшбұрыштың жақтары берілген. Оның ішіне және сыртына сызылған шеңбердің ауданын табыңыз.
n(n<10) мүшелерден тұратын арифметикалық прогрессия берілген, a1 және d белгілі. Осы прогрессияның барлық жұп мүшелерінің қосындысын табу.
-
Машинаның берілген ара қашықтықтары және жылдамдығы бойынша әр машинаның жүріс жолындағы уақытын анықтау. Оларды салыстыру.
-
5 санның арифметикалық және геометриялық орташа мәнін есептеу.
Салыстыру.
1 нұсқа.
-
Кез келген 6 санның арифметикалық ортасын табу.
-
ax2+bx+c=0 теңдеулерінің түбірін табу. D<0, =0 жағдайды ескеру. Түбірлерін салыстыру.
-
b1, n (n<8), q берілген. Прогрессияның ең үлкен және ең кіші мүшесін табу.
-
Фибоначчидің ретті 7 саны берілген. Жеті саннан мүмкін болатын барлық комбинацияның ең үлкен туындысын табу.
2 нұсқа.
-
Гипотенуза және катет бойынша үшбұрыштың ауданын, сыртына сызылған шеңбердің ауданын табу.
-
5 саннан мүмкін болатын барлық 2 санның комбинациясының ең үлкен туындысын шығару.
-
6 саннан жұптастырып арифметикалық ортасын шығару. Салыстыру.
-
Тексеру: координатасы берілген нүкте қандай да бір тікбұрыш аумаққа енеді ма екендігін.
3 нұсқа.
-
Фибоначчидің бірінші 4 санының қосындысын табу.
-
Екі шеңбердің радиустары берілген. Осы шеңберлермен шектелген шеңбердің ауданын табу.
-
2-ден 25-ке дейінгі сан жасырылады. 6 сұрақтың ішінде қай сан жасырылғандығын табу.
-
4 сан берілген (олардың кейбіреулері теріс). Сандардың түбірін табу.
-
Түзудің теңдеуі берілген. 2 нүкте осы түзуге жатадындығын немесе жатпайтындығын анықтау.
4 нұсқа.
-
a, b, c, d, e, f – екі үшбұрыштың жақтары берілген. Үшбұрыштың аудандарының айырмашылығын табу.
-
Шеңбердің ауданының және оның ішіне сызылған шаршының ауданының қосындысын табу.
(a-с)x2+(b-а)x+c=0 теңдеуінің түбірін табу. D<0, =0 жағдайын ескеру. Түбірлерін салыстыру.
-
Координатасы берілген нүкте шеңбердің ішкі аумағында жататындығын анықтау.
-
Шыңдарының координатасы белгілі үшбұрыш берілген. Үшбұрыштағы ең үлкен биіктікті анықтау.
5 нұсқа.
-
Үш санның геометриялық ортасын табу.
-
Егер шаршының шығбарының координаталары берілсе, берілген нүкте шаршының ішкі аумағына немесе оның шекарасына түсетіндігін анықтау.
-
Координаталық түрде берілген 4 нүктенің аарсындағы қашықтықты есептеу. Салыстыру.
-
Адамның бойы және салмағы берілген. Берліген бойға оның салмағының сәйкестігін есептеу.
6 нұсқа.
-
Жақтарының ұзындықтарын біле отырып, жақтары бірдей үшбұрыштың ауданын табу.
-
Шеңбердің ұзындығы белгілі. Осы шеңбермен шектелген дөңгелектің ауданын табу.
-
Сандар берілген: a, b, c – негіздері, d, e, f – санның дәрежелері. Қандай сан басқа сандармен бірдей дәрежеде қаншалықты дәрежеде үлкен екендігін анықтау.
-
5 сан берілген. Олардың ішінен қосындысы 7-ге тең үш санды табу. Егер ондай сандар болмаса, ол жөнінде хабарлау.
-
Координаталы түрде берілген нүкте үшбұрыштың аумағында жататындығын анықтау.
7 нұсқа.
-
Текшенің қабырғасының ұзындығы берілген. Текшенің көлемін және оның бүйір бетінің ауданын табу.
-
Ұзындығы l маятниктің тербеліс периодын есептеу.
-
n, b6, b12 біле отырып, геометриялық прогрессияның қосындысын табу.
-
2 сан берілген. Олардың модульдерінің арифметикалық және геометриялық ортасын табу.
8 нұсқа.
-
Катеттер берілген. Гипотенузаның және үшбұрыштың ауданын табу.
-
Радиусы r шеңбердің айналасына сызылған дұрыс n-бұрыштықтың периметрін табу.
Көлемі v1 литр температурасы t1 су температурасы t2 және көлемі v2 литр тура сол сумен араластырылған. Қоспаның көлемін және температурасын табу.
-
h биіктіктен жер бетіне тастың құлау уақытын анықтау.
-
Параллель жалғанған 3 кедергінің мәндері берілген. Байланыстың кедергісін табу.
9 нұсқа.
-
Үшбұрыштың барлық жақтарын біле отырып, медианаларының қосындысын табу.
-
Бір бірінен r қашықтықтағы массалары m1 және m2 екі дененің арасындағы F тартылыс күшін анықтау.
-
Катет және гипотенуза берілген. Екінші катетті және үшбұрыштың ішіне сызылған шеңбердің радиусын табу.
-
Шеңбердің ұзындығы берілген. Осы шеңбермен шектелген дөңгелектің ауданын табу.
10 нұсқа.
-
Үшбұрыштың бұрыштарының шамалары және оның ішіне сызылған шеңбердің радиусы берілген. Үшбұрыштың жақтарын табу.
n, b1, b3 бойынша геоометиялық прогрессияның қосындысын табу.
-
Ішкі радиусы =20 және сыртқы радиусы берілген сақинаның ауданын табу.
-
Сандар қатары берілген, олардың саны n (n<7). Қатарды сұрыптау.
11 нұсқа.
-
4 сан берілген. Оларды сұрыптау.
-
Қандай да бір сан жасырылған. Ойша одан 5-ті аламыз, 4-ке көбейтіледі, 3-ке қосылады және 8-ге бөлінеді. Жауап ретінде бүтін сан айтылады. Теріс сан жасырылған ба екендігін анықтау.
-
Үшбұрыштағы ең кіші биіктікті анықтау.
-
Фиббоначчи сандарының алғашқы бесеуінің қосындысын табу.
-
6 сан берілген. Олардың ішінен қосындысы 9-ға тең болатын үш санды табыңыз. Егер ондай сандар болмаса, ол жөнінде хабарлау.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Оператордың орындалу нәтижесі қандай?
а) print(а)
б) print ( ' а ' )
в) print('а=' , а)
2. Экранда келесі суретті көрсететін программа жазыңыз:
(\_/)
(='-'=)
(")_(")
3. Print (f) операторын орындағаннан кейін экранда келесі сан шыққан болса, f айнымалысы қандай типке жатады?
а) 125
б) 125.0-
4. Бағдарламаның фрагменті берілген:
а = 10;
b = а + 1;
а = b - a;
print (а, b)
Компьютер экранында қандай сандар көрсетіледі?
5. Әрбір print () операторы үшін оған сәйкес жұмыс нәтижесін көрсетіңіз:
а) print (10, 20, 30) 1) 102030
б) print(10, 20, 30, sep='') 2) 10, 20, 30
в) print(10, 20, 30, sep=', ') 3) 10:20:30
г) print (10, 20, 30, sep=':') 4) 10 20 30
д) print(10, 20, 30, sep=',') 5) 10,20,30
6. Келесі бағдарламаның нәтижесі қандай болады?
а = 1; b = 2; с = 3
print("{:3}".format(а))
print("{:2}{:1}{}".format(b,b,b))
print ("{}{}{}{}{}".format(c,c,c,c,c))
print ("{:2}{:1}{}".format(b,b,b))
print("{:3}".format(a))
7. Алдыңғы тапсырмадан бағдарламаға өзгертулер енгізіңіз, сонда оның орындалуы нәтижесінде келесі кескіндер көрсетіледі:
8. Нәтижесінде не шығады? х- = 143.511
print (х) print("{:8.2f}".format(х) )
print("{:.6f}".format(х))
print("{:10.3е}".format(х))
print("{:12.Зе}".format(х))
Бағдарлама нәтижесін анықтаңыз, егер a және b айнымалыларына сәйкесінше 2 және 4 мәндері берілген болса.
а = int(input())
b = int(input ())
a = a * a
b **= 2
k = a * b
k *= 2
k += a + b
print(k)
Достарыңызбен бөлісу: |