Жұмыстың тақырыбы



бет2/12
Дата23.11.2023
өлшемі3,2 Mb.
#193121
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
537 Орынбай Айзере (Дарын1) оригинал
1, trigonometricheskie tablicy, ах рп 2010 соң, 1, Абайдың шығармашылығы
Аннотация
Менің бұл тақырыпты зерттеудегі мақсатым қазіргі заманда бұрынғы ескі қазыналар қайта бағаланып, халық емшілерінің идеялары құнын жоғалтқан кезде, бүкіл халықтың білім идеяларын, ғылым білмей жүрген заңдылықтардың алатын орны ерекше пайдалы кеңестердің жарыққа шығуын, қазақтың ғылымының дами түсуіне өз үлесімді қосу .
Тұз Қазақстандағы байлықтың бір көзі .Өзіміздің жергілікті жердегі ,,Кәрікен ,,тұз кен орнының Созақ ауданының болашағына қосатын маңызы зор. Зерттеудегі басты мақсатым Кәрікен тұзының қазіргі таңдағы маңызы мен тұрмыста қолданылуын және сонымен қатар табиғи тұздың құрамындағы химиялық элементтерді анықтау. Елбасының Республика халқына арнаған «Қазақстан-2050» жолдауында баяндалған Республиканы дамытудың ұзақ мерзімді басты міндеттерінің бірі «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты» болып табылады. Республика азаматтарының денсаулығының төмендігінің көрсеткіш факторларының бірі - медициналық-санитарлық көмектердің деңгейінің төмендігін көрсетеді. Олар осындай табиғи тұздардың құрамындағы химиялық элементтерді зерттей, ол заттарды ғылымға енгізіп, ерекше көңіл бөлсе, адам ағзасына пайдасы мен зиянын тексерсеріп ауру шараларын кемітудің мейлінше тиімді тәсілдерінің бірі болар еді


Annotate.
The purpose of my research, when the ancient treasures of steel re-issued, add their knowledge to the development of Kazakhstan science to come out useful tips that were not previously published.
Salt is the main wealth of Kazakhstan. Karikensie salt plays an important role in the future of Suzak district.
The main objective of the development - this increase in health, knowledge and people's welfare. Low indicator of the health of the people of Kazakhstan is that they do not receive appropriate medical - care.
If we learn to be able to use such useful natural resources, vnesёm in science, paying special attention, it would be possible to humiliate public figures - or disease.
Аннотация
Цель моей исследовательской работы, когда древние сокровища стали вновь издаваться, прибавить свои знание на развитие Казахстанской науки, чтобы вышли в свет полезные советы, которые ранее не издавались.
Соль является основным богатством Казахстана. Карикенсие соли играет важную роль на будущее Сузакского района.
Главная задача развитии Республики – это повышение показателей здоровья, знания и благосостояния народа. Низкий показатель здоровья народа Казахстана заключается в том, что они получают не соответствующую медицинско – санитарную помощь.
Если мы научимся уметь пользоваться такими полезными природными ископаемыми, внесём в науку, уделим особое внимание, то можно было бы унизить показателей каких – либо заболевании
Кіріспе

Адамзат дамуымен бірге қолданысқа ие болып, қазіргі таңда кең көлемде халық шаруашылығы мен күнделікті өмірде қолданып отырған заттардың бірі аз тұзы болып саналатындығын баршаға мәлім екені бұрыннан белгілі. Сондықтан мемлекеттің гүлденіп, өркендеп дамыған мемлекеттердің қатарына қосылу үшін, сол мемлекетте өмір сүретін адамзаттың денсаулығы мен әлеуметтік жағдайының дұрыстығына қажетті, сұранысқа көп ие болатын заттардың сапасы, саны, көлемі, құрамы, қасиеті және т.б. көрсеткіштері осы затқа қойылатын талаптарға сай және нақты болуы тиіс.


Қазіргі кездегі жаһандану мен өркениетті мемлекеттер қатарына қосылу үшін, нарықтық қоғамның заңдылығына сәйкес бүкіл одақтық сауда ұйымына кіру үшін өз мелекетіміздің кез келген заты мен тауарлары қалыптық талаптарға сай болып, соларға қойылатын МЕСТ-терге жауап беруі тиіс. Сонда ғана біздің еліміз экономикалық бәсекелеске қабілетті мемлекет ретінде дами береді.
Осындай тауарлардың бірі – ас тұзы. Ас тұзы адамзат даму тарихында үлкен роль атқарады. Ол тамаққа нәрлендіруші ретінде қосылады. Ас тұзын тамақтан басқа консервлеуші құрал ретінде, яғни, еттердің, жемістердің, терілердің және т.б. заттардың бұзылып кетпеуі үшін қолданылады.
Ас тұзын, яғни, натрий хлоридін күнделікті тұрмыста қолданудан басқа химиялық өндіріс салаларында, тамақ өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында және т.б. салаларда өте кеңінен қолданады. Кейбір химиялық өндірістерде бастапқы шикізат ретінде де жиі пайдаланады. Осы және де басқа салаларда қолданысқа ие болатын натрий хлориді өзіне қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.
Қазіргі кезде бір адамға жұмсалатын жылдық тұз мөлшері орташа есеппен алғанда 8-10 кг, ал өндірісті қоса есептегенде, жалпы қолданыс кейбір елдерде 25...75 кг-ға жетеді. Тұз сондай-ақ жануарлардың тамақтарында қосылады. Азықтық жем ретінде оны силосқа қосады, өндірілген тұздың 5-10 % жуығы жемге шығындылады[1].
Өнеркәсіптердің қарқынды дамуына байланысты тұзға деген сұраныс жылдан жылға артып келе жатыр. Өндірісте ол бастапқы немесе қосымша зат ретінде қолданады. Техникалық тұзда 93% NaCl болуы керек. NaCl 1500 астам өндірістерде қолданылады.
Әлі күнге дейін бірқатар елдер тек тасты тұзды,қалғандарында күннің астында парлау арқылы алынған тұзды қолдануда. Тұзды алу техникасы мен әдістері, ал ең маңыздысы оның сапасы, жылына бірнеше жүздеген тоннадан аспас тұзды алуға мүмкіндік беретін өте қарапайым кәсіптен жылына миллиондаған тонна тұз өндіретін, толығымен автоматтандырылған аса ірі заводтарға дейін қатты ауытқиды.
Жыл санап адам саны мен өнеркәсіптің дамуы өсуде, бұл тұзға деген сұранысты өсіреді. Егер адамдарды санамасақ, онда тұздың негізгі тұтынушылары оны сілті өндірісі үшін қолданатын химиялық өнеркәсіп болып табылады. Әрине дамыған елдерде өнеркәсіптік сұраныс ас тұзына деген сұраныстан бірнеше есе асады. Мысалы, АҚШ-та барлық алынатын тұздың 97% (40 миллион тоннадай) асқа емес, басқа қажеттіліктерге жұмсалады. Дамушы елдерде өнеркәсіптік мақсаттар үшін тұзға деген сұраныс соңғы жылдарда ғана байқалады. Бұл елдерде, керісінше, тұздың 90% дейін халықпен қолданылады[1]
Осы орайда Түркістан облысы Созақ ауданы Кәрікен тұз кенінің құрамындағы элементтерге талдау жасау арқыры сапасын анықтау маңызға ие.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет