ЖұӨ-н кейбір есептеу принциптері


Аралық өнім және қосымша қосылған құн



бет2/4
Дата10.12.2022
өлшемі84,16 Kb.
#162231
1   2   3   4
Байланысты:
10, 14, Статистика уровня жизни населения Все эконом спец, Амперметр және Вольтметр
Аралық өнім және қосымша қосылған құн

Көптеген өндіріс тауарлары бірнеше кезеңдерденөтеді: бір фирмада шикізат аралық тауарға айналады,содан кейін басқа фирмаға дайын өнім өндіру үшінсатылады. Біз осындай тауарларды ЖҰӨ есебінде қалайесептеуіміз керек? Айталық, фермер бірнеше кг еттіМак Дональдс фирмасына 0,50 долларға сатады. Соданкейін Мак Дональдс елге 1,50 долл. түратын гамбургерсатады. Осы жағдайда ЖҰӨ-ді есептегенде, еттің және гамбургердің бағасы 2 долл. көлемінде деп есептеу керепе немесе тек гамбургерді 1,50 долл. деп алу керек пе?


ЖҰӨ-ге тек соңғы өнімнің бағасы ғана кіреді. Сондықтан гамбургердің бағасы ЖҰӨ-ң бөлігі болып табылады, ал еттің бағасы енгізілмейді. ЖҰӨ тек 1,5 долл-ға көтеріледі. Мүның себебі, аралық өнімнің бағасы соңғы өнімнің бағасына кіргізіліп қойылған. Фирманың қосымша қосқан құны өндірілген өнімнің құнының фирманың аралық өнімге, өзі жасаған құнынан алып тастағанда ғы айырмасына тең. Гамбургермен байланысты жағдайда фермер қосқан қүн 50 центке тең (бұл жағдайда фермер аралық өнімді иемденбейді, ал Мак Дональдстің қосқан құны (1,50-0,50 долл.), яғни 1,00 долл.ға тең. Жалпы қосылған қүн 0,50 долл.+1,00 долл., яғни 1,50 долл. тең болады. Экономика үшін жалпы қосымша құн сомасы барлық соңғы өнімдердің бағасы мен қызметтердің нарықтағы құнына тең болуы керек. Сондықтан ЖҰӨ-ді барлық фирмалардың қосымша құнының сомасы ретінде қарауға болады.
Көптеген тауарлар және қызмет түрлері ЖҰӨ-де нарықтағы бағаларымен есептелінеді, ал кейбір тауарлар мен корсетілген қызмет түрлері нарықта сипатталмайды,сол себепті нарықтық бағасы жоқ. Дегенмен, осы көрсетілген қызмет құны ЖҰӨ-ге енгізілуі керек, сол үшін біз оларды өлшеуіміз керек. Осындай бағалар шартты түрде есептелінген қүн деген атауға ие болады. Осы шартты түрде есептелінген құндар, мысалға, тұрғылықты ортада қызмет бағасы ретінде қолданылады. Пәтерді уақытша жалға алушы адам барлық қызмет құнын төлеп, үй иесінің табысын қамтамасыз етеді, үй иесінің табысы, түруға берген үйдің шығындары, бәрі ЖҰӨ-ді есептегенде осы жалдау төлеміне есепке енгізіледі. Сонымен қатар, коптеген азаматтар өз үйлерінде түрады.Бұлар үй иесіне жалдау ақысын төлемегенімен, бәрібір олар сол көрсетілген қызмет түрлерін пайдаланады.
Яғни пәтерді уақытша түруға алатындар секілді. Сол себепті, жеке үй қожайындары пайдаланатын қызмет есебі үшін, ЖҰӨ-нің құрылымына өздері өзіне "төлейтін", "жалдау ақысы" енгізілді. Әрине, олар жалдау ақысын өзіне төлемейді. Сауда министрлігі жалдау ақысы молшерін бағалайды, егерде олар өз үйлерін жалға берген жағдайда және жалдау ақысын төлеген жағдайда,сонымен бірге осы арнайы есептелінген қүн өлшемін ЖҰӨ-ге енгізеді. Осы жалдау ақысы үй иелерінің шығындары және табыстары деп есептелінеді. Мемлекет ұсынған қызметтер де осындай жолмен бағаланады. Мысалға, түрғындарға әкімшілік, полиция және өрт сөндірушілер қызмет көрсетеді. Осы көрсетілген қызмет құнын бағалау қиын, себебі олар сатылмайды және нарық бағасын иемденбейді. ЖҰӨ құрамында осы мемлекеттік жұмысшылар өнімінің құнының көрсеткіші олардың жалақысы болып табылады. Көптеген жағдайларда осы тәріздес есеп өте қажет, бірақ ол практика түрінде жүзеге асырылмайды. Яғни, ЖҰӨ-де арнайы есептелінген құн - жалға берілген жеке үйлер, машиналар және ұзақ қолданылатын тауарлар (бұлардың бәрі адамдардың жеке өзінің бұйымдары) іс жүзінде жасалынбайды.Осымен қатар кейбір тауарлар үйде жасалынып, үйде қолданылады, олар нарықта болмайды. Мысалға, үйде дайындалған тамақтың, ресторанда дайындалған тамақтан айырмашылығы жоқ болса да тамақты дайындау барысындағы қосылған құн ЖҰӨ-ге енгізілмейді. Сондай-ақ ЖҰӨ-ге заңсыз дайындалған және сатылған тауарлардың, мәселен есірткінің бағасы енгізілмейді.Яғни, арнайы есептелген құн есебінің тәсілі жүзеге асырылмаса, көптеген тауарлардың бағасы мен көрсетілген қызмет бағасы мүлдем ЖҰӨ-ге енгізілмесе, онда ЖҰӨ - экономикалық қызметтердің нақты көрсеткішінің нәтижесі бола алмайды. Дегенмен осы қателіктер ЖҰӨ-ге онша әсер етпейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет