Жоба жұмысы Тақырып: «Салыстырмалы-тарихи талдау әдісін қолдану арқылы түрік тілі грамматикасын сипаттау»



бет4/5
Дата26.10.2022
өлшемі148,33 Kb.
#155060
1   2   3   4   5
Байланысты:
101 топ, Ғылыми жоба
ББЖБ 8кл Термодинамика
ІІІ.Қорытынды
Дүниежүзі бойынша әлемдік өркениетке өзіндік кескін-келбетімен келіп жеткен, оған өзіндік үлесін қосқан халықтар аса көп емес. Әлемдік өркениетке өзіне тән табиғи бітім-болмысын сақтап келгендердің бірі – түркі тілдес халықтар. Тамырын сан ғасырлық тарихтан алатын түркі халықтарының әлем келбеті мен бейнесін танып-түсінуі және оларды әр текті түрлі жанрда сомдауы олардың бізге мирас етіп қалдырған мәдени-әдеби мол мұрасынан айқын байқалады. Және осы дүниелер дүниежүзі халықтарының өзін-өзі танып-білуінде рухани азық, сарқылмас қазына болып келеді. Ол мұралардың көпшілігі түркі тілдес ру-тайпалардың әлі іргесі сөгілмеген, шаңырағы шайқалмаған біртұтас халық болған кезінде, сонау өткен ғасырлардың терең қойнауында қалыптасқан болатын. Түркі тілдес халықтардың шығу тегінің, тарихы мен рухани мұраларының (тіл мен әдебиет т.б.) ортақтығы – оларға мына жаһандану заманында бір-бірлеріне жақындасып, рухани жаңаруларын, бірлесе отырып өз тарихының өткеніне терең үңіліп, өзін-өзі танып-білуін ғана қажет еткізіп отырған жоқ, оларға әлемдік өркениеттен өзінің орнын анықтауда да, біртұтас түркілік мәдениетті қалыптастырып, орнықтыруда да үлкен мүмкіншілік беріп отыр. Себебі қазіргі әлемдік бәсекелестік адамзат өркениетінің көшбасшысы немесе алдыңғы қатарлы елдерінің бірі болмасаң, із-түзсіз жоғалып, жойылып кететіндігіңді өзінің ғылыми-техникалық прогрессивті дамуымен үнемі ескертуде. Әлбетте, әлемді танып-түсіну және ол туралы ұғым бүкіл халықтарға ортақ болып келетіні және ұлттық немесе жалпыадамзаттық құндылықтарға айналған сол рухани мұралар гуманистік қағидалардың сабақтастығы негізінде жасалатыны, сөйтіп, оның озық үлгілері әлемдік өркениеттен берік орын алатыны ақиқат. Ондай мұралардың көпшілігі әлемдік өркениеттің жетістіктерінің қатарына жатқанымен, ұлттың өзіндік сипаты болып, жалпы ұлттық, сосын жалпы түркілік өркениет пен түркілік ерекшелікті де нақтылады, бір негізден шыққан бірнеше түркілік ұлттың (қазақ, түрік, түрікмен, әзірбайжан, қырғыз, өзбек, татар, башқұрт, саха т.б.) қалыптасып даму тарихына, олардың болашақ даму жолына және олардың өзіндік өркениетінің өрілуіне де негіз болды. Сонымен қатар түркі тілдес елдерге әлемдік өркениеттен елеулі орын иеленуде де маңызды рөл атқарды. Түркі тілдері Түркі әлемі қазіргі жаһандану үдерісінің даму парадигмасы мен қазіргі әлем типологиясының қалыптасуына орасан зор рухани, ой-саналық (идеологиялық) әсерін тигізді. Осы тұрғыдан алғанда түркілік дүниетанымның барлық кескін-келбеті, яғни мәдениеті мен әдебиеті, тілі мен діні, тарихы мен этнографиясы, педагогикасы мен психологиясы әлемдік өркениеттің ұшан-теңіз рухани қазынасы деп тануымызға әбден негіз бола алады.



IX


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет