Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы және полимерлер туралы ілімнің дамуы


Мочевинаформальдегид шайырының өндірісіне арналған бастапқы өнім



бет10/16
Дата22.01.2022
өлшемі481,75 Kb.
#129611
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
формаль

1.4 Мочевинаформальдегид шайырының өндірісіне арналған бастапқы өнім

Мочевина таза күйінде түссіз ұзын ине тәрізді және ақ призма күйінде кездесетін кристалдар. Ол көмірқышқылының диамиді болып табылады:

Мочевина – бұл түссіз кристалл, молекулалық массасы 60,06 г/моль, тығыздығы 1,335 г/см3, сыну көрсеткіші 1,484, балқу температурасы 132,70С және вакумдегі айдау температурасы 120 – 130 0С тең.

Қазіргі уақытқа дейін функционалды топтары туралы пікір таластыруда. Кейбір реакцияларда азот атомдарының барлық сутегі атомдарының орынбасуы мүмкін болғанымен, Марвелдің айтуы бойынша мочевинаформальдегид шайыры түзіледі, бірақ ол үш функциналды қосылыс болып табылады. Сондықтан мочевинаны аминоқұмырсқа амид қышқылы деп дұрыс қараған жөн.

Мочевинаның сулы ерітінділері лакмус ертіндісінде бейтарап реакция болып табылады, бірақ NH2 тобы әлсіз негіздік қасиет көрсетеді. Судағы 25 °С температурадағы мочевинаның константа ионизациясы 1,5 • 10-14 тең, ол су протонмен әлсіз жақындығы бар екенін көрсетеді. Мочевина қасиеттері негіз ретінде әлсіз болуына қарамастан, олар органикалық және бейорганикалық қышқылдарымен тұздар түзеді. Күшті қышқыл (азот, күкірт және тұз қышқылы) 1:1 молярлық қатынаста өнімдермен реакцияласады, ал өте әлсіз органикалық қышқылдармен (құмырсқа, сірке, пропион қышқылы) 1:2 молярлық қатынаста реакцияға түседі.

Мочевинаның 133° С балқу температурасында өте тұрақты қосылыс болып табылады, ал өте жоғары температурада ыдырайды, ал 193°С балқу температурасында аммиак бөлінеді және биурет түзіледі.


2CO(NH2)2 NH3 + Н2NСОNНСОNН2
Бұл қосылыстарды 120 – 130°С температурада вакуумде қыздырғанда, мочевинаның ыдырауына алып келеді. Қышқыл мен сілтілі сұйытылған сулы ерітіндіде және суда мочечина өте тұрақсыз, оларды жоғары 50°С температурада қыздырса, аммиак және көмір оксидіне ыдырайды. Мочевина суда жақсы ериді, ал спиртте жақсы ерімейді.

Барлық мочевина өндірісінің химиялық заманауи әдістері аммиак қосылысының көмір оксидімен реакцияласуына негізделген және аммония карбамат мочевина мен суға ыдырайды:


2 + 2NH3 H2N – СOONH4

H2N – COONH4 H2O + H2NCONH2


Бұл екі реакция 160 – 200°С температурада, 120 – 200 am қысымда жылу көп бөлу арқылы автоклавта жүргізілді. Реакция өнімінің (су, мочевина, реакцияласпаған аммоний карбамат және аммиак, осы процестің жүргізілу барысында қосылыстар артық мөлшерде алынады, өйткені мочевина қосылысының шығымын 40 – 50 ден 75% жоғарлату үшін қажет) қысымын төмендету арқылы басқа қондырғыға ауыстырылады. Бұл жерде сулы ертіндіден мочевинаны бөліп алады және аммоний карбаматы бастапқы өнімге ыдырайды. Өндірісте қалпына келтіру үшін және одан әрі бөлу үшін аммиак және көмірқышқыл газын шығарады.

Мочевина пластмасс өндірісінде, медицинада саласында, органикалық қосылыстарды бөлуде, поливинилхлорид және винилхлорид пен винилацетат сополимерінің стабилизациясы ретінде және еріткіш пен тыңайтқыш ретінде қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет