Жолмаганбетова Маржан Аманбайқызы


Экология ғылымының құрылымы және қалыптасу кезеңдері



Pdf көрінісі
бет4/35
Дата10.10.2022
өлшемі1,18 Mb.
#152433
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
ekologiya zhane omir kauipsizdigi. zholmaganbetova m.a.
морфология, 1619867412, анемия беременных, инфекция мочевых путей, СРСП-22, Тема 21.
Экология ғылымының құрылымы және қалыптасу кезеңдері 
Экологияның қалыптасуы биология ғылымы негізінде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ 
ғасырдың басы болып саналады. 
Экология ғылымының дамуын негізгі 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады. 



1 кезең: Биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Бұл кезең ХVІІІ 
ғасырдың аяқ шенін қамтиды. Осы тұста көптеген зерттеуші ғалымдар биологтар
систематиктер, географтар өз еңбектерінде экологиялық сипаттағы ғылыми зерттеулер 
жүргізіп, экология ғылымының дамуына өз үлесін қосты. Мысалы: Ж.Б.Ламарктың 
“Жануарлар мен өсімдіктер эволюциясы”, А.Декандольдің “Ботаникалық география”, 
К.Рульенің “Жануарлар экологиясы”, А.Бекетовтың “Өсімдіктер географиясы”, 
Ч.Дарвиннің “Түрлердің шығу тегі” т.б. еңбектер экология ғылымының негізін қалаған 
еді. Ал неміс зерттеушісі-дарвинист Э.Геккель 1839ж. Экология терминін алғаш рет 
ғылымға енгізсе, Е.Варминг оны 1895 ж ботаникаға енгізді. 
2 кезең: Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл 
кезең Э.Геккель, Е.Варминг, К.Мебиус, т.б. шетелдік табиғат зерттеушілермен қатар орыс 
ғалымдарының есімдерімен қатар Қазақстан ғалымдарының есімдерімен байланысты. ХІХ 
ғ. басы мен ХХ ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды. 
3-кезең: Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология бүкіл әлемдік 
ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды қамтитын 
деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, экология ғылымының қолданбалы және адам 
экологиясы бағыттары дами түсуде. Экологияның жаңа салалары бойынша теориялық 
және практикалық зерттеулер жүргізілуде. 
Соңғы жылдарда экология ғылымының негізгі саласының бірі - экологиялық 
педагогика (көпшілікке экологиялық білім беру). Бұл бүгінгі өмір талабы. Биосферадағы 
тіршілік тұрақтылығын сақтау адамның тікелей ақыл ойына байланысты. 1971 ж. 
Швейцарияда Европалық конференция шақырылып, айнала қоршаған табиғи орта, табиғат 
қорғау мәселелері көтерілді. 1972 ж. Стокгольмде “Қоршаған ортаны қорғау” туралы білім 
беру, 1977 жылы Тибилисиде БҰҰ жанынан ЮНЕСКО және ЮНЕП ұйымдары 
“Экологиялық білім беру” туралы 40 астам шешімдер қабылданып, оның ғаламдық
стратегиялық жоспарлары жасалды. 
Экология ғылымының қазіргі заманғы құрылымы өте күрделі. Ол туралы 
пікірталастар көп. Экология ғылымының қазіргі құрылымы Ю.Одум, П.Наумов, 
А.Новиков, Ф.Реймерс, А.Радкеевичтің жіктеуі бойынша: биоэкологиялық зерттеулер 
бағыты бірнеше зерттеу облыстарына бөлінеді. 
Экологияның екі түрлі зерттеу әдістері бар: аутэкологиялық және синэкологиялық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет