"Жомарт жүрек: жаныңда жүр жақсы адам"



Дата20.02.2023
өлшемі37,5 Kb.
#169545
Байланысты:
Жомарт жүрек
Карта ученика

"Жомарт жүрек:жаныңда жүр жақсы адам"

Өмірден көріп, білгенін адам баласы қара, ақ деп бөледі. Қара деген жамандықтың бейнесі болса, ақ дегеннің артында белгілі бір жақсылық жасырынып жатыр деген белгі. Жаныңда жүрген жан сенің адам болып қалыптасу жолында маңызды орындардың бірін алады. Өнегелі адамдарды ардақтап, олардың қабілеттері мен дарындарын ұрпаққа үлгі етіп отыратын халқымыз "жаныңда жүр жақсы адам"деп көкірегі ояу, рухы биік, жүрегі таза тұлғаларды қашанда қолдап, мерейін арттырып отыруға игі ықпал еткен.


Менің өмірімде ерекше орын алатын, аты алтынмен құйылған бұл жан жанымда жүрген жақсы адам атағына лайық. Оның бойындағы күллі қасиеттері, адамдық келбеті, ортамен қарым-қатынасы барлығы дерлік ұнайды. Бұл адам-жүрегімнің ажырамас бөлігі, өмірімнің әдемі гүлі. Үйге көктем әкелетін жылы жүзі, нәзік дауысы, жайдарлы мінезі үнемі менің жанымда жүргенін қалаймын. Бұл адам-менің анам.
Әрбір адам үшін ананың орны ерекше. Баласының бақытты өмір сүруін кез-келген ана қалайды. Менің анам-менің мақтанышым. Себебі анам ешқашан ешкімге жамандық ойлап көрген емес. Әрдайым айналасын бақытқа бөлеп, өзінен гөрі, өзгені ойлап тұрады. Анамның бұл игі істері мен үшін үлгі өнеге. Әрине мейірімділігін, қайырымдылығын айтып тауысу мүмкін емес. Мен анама алғаш дүние есігін ашқан сәтімнен бастап, қазірге дейін бізге жақсы тәлім-тәрбие бергені үшін алғысымды айтамын. Қазір уақыттың қалай тез өтіп жатқанын байқамай қаламыз. Ал, анамыз осы тапшы уақытта барлығына үлгереді. Балаларына, отбасына, жұмысына барлығына, барлығына. Әлемнің кереметтері анамның күліп тұрған бейнесіне татымайды. Мен нық сеніммен айта аламын, кез-келген ана баласының жаныңда жүрген жақсы адам атына лайық. Мен анамның жаныңда өзімді керемет сезінемін. Тіпті өз ойымды анама еркін жеткізе аламын. Анамның маған айтқан ақыл-кеңестері мені әрдайым дұрыс жолға жетелейді. Анашым біздің үйдің нұры десем де болады. Бала үшін оның балалық шағы ата-анасының қасында өтуі тиіс. Себебі ата-ананың берген тәрбиесін ешкімде бере алмайды. Ата-анасының абыройлы болуы баласына байланысты. Себебі балаға тәрбие беретін ата-анасы. Баласы қателік жасаса сөз ата-анасына тиеді. Сол себепті ата-анамыздың мерейі үстем болуы үшін саналы ұрпақ болуымыз тиіс. Менің анамды барлығы қатты құрметтейді. Себебі анам әрдайым көмек қолын созуға дайын жан. Мысалы көршілеріміздің, туған туысқандарымыздың үйіне қонаққа шақырса, әрдайым анам торт, тәттілерді әзірлеуге көмектеседі. Анашым "Қарты бар үйдің қазынасы бар",-деген қағиданы ұстанған жан. Және бұл ұстанымын іс жүзінде де дәлелдейді. Әрдайым ата-әжеме қарап жағдайын жасайды.Тіпті менің атам, анам үйде болмаса шай ішкісі келмейді. Себебі анамның қоюлап құйып берген шайы атама қатты ұнайды. Менің анам: аяулы жар, ибалы келін және әлемдегі ең мейірімді адам. Анашым ауылымыздың көркеюі үшін өз үлесін қосқан жандардың бірі. Мысалы:Анашым ауылымызға тазалық жұмыстарын жасап , көгалдандыру шараларын жиі ұйымдастырады. Ауылымыздың тұрғындары да, анама өз алғыстарын айтады. Әрине бұл айтқаным жасаған жақсылығының бір бөлігі ғана. Анама таң қалатыным қанша жұмыс жасап, тынбай еңбек етсе де, ешқашан "шаршадым" деп айтқан емес. Мен анамнан үлгі аламын. Мен теңдесі жоқ, әлемның кереметтерімен өлшенбейтін анамның бақыты үшін барлығын жасаймын. Анашым барлығы үшін рахмет!
Елін жаудан қорғап,тайсалмай еңбек еткен,ержүрек қайсар тұлғаларымызды қазақ халқымыз "батыр" деп санаған.Әр заманның өз батыры болады. Ертедегі жаугершілік заманда батырлар елін найзаның ұшымен, білектің күшімен жаудан қорғаған. Олар үнемі жорықта болып, елінің тыныштығы үшін күрескен. Одан кейінгі әртүрлі алапат соғыстарда (Азамат соғысы, Ұлы Отан соғысы) барлық ұлттар мен ұлыстар бірігіп, ортақ Отандарын жаудан азат еткен. Біз жырлар мен дастандардан, шығармалардан талай батыр кейіпкерлерді танып, білдік. Олардың ерлігіне сүйсіндік. Ал, бүгінгі бейбіт заманда кім батыр?! Мен осы сауалға жауап іздеу барысында көп ойландым. Қазір, біз тәуелсіз, егемен, бейбіт елде өмір сүреміз. Соғыс туралы тек кинодан көреміз,кітаптан оқимыз. Сонда қазіргі батырлар кімдер?! Үнемі аспан көгінде жүретін ұшқыштар ма? Әлде, біздің тыныштығымыз үшін кірпік қақпай қызмет атқаратын шекарашылар ма? Мүмкін, адамдарды ажал аузынан аман алып қалатын дәрігерлер батыр шығар.... Ұстаздарды да батыр десе болады. Олар да ерінбей-жалықпай әріп танымайтын біздердің санамызға сәуле құйып, білімге құштар етті емес пе?!
Көп ойланып, бүгінгі күннің батырын өз отбасымнан таптым. Менің әкем Сәрсенбаев Ағыбай Абибуллаұлы . Менің әкем халыққа үлгі бола алатындай қайсар адам.Менің әкемнің бойында кездесетін:Кеңпейілділік,ержүректілік,сабырлылық,қанағатшылдық қасиеттері өте көп.Әкем,ауылдағы көпбалалы отбасылар мен жағдайы төмен отбасыларға,қарт-қарияларға көмек-қолын созып,келесі жылға дейін жететіндей азық-түлік таратып,отын-суына көмектесіп,барынша жақсылық жасайды.Оның бірі Зүбайра апа.Зүбайра апа-жалғызбасты қарт ана.Біз отбасымызбен бірге,жыл сайын Зүбайра апаға осылайша көмектесіп тұрамыз.
Менің әкем үнемі еңбек етіп,жұмыс жасайды,адамдарға үнемі көмек беріп жүреді. «Біздің ауылымыз үлкен болса да, қауіпті жағдайлар болған емес» - дейді әкем. Менің әкемнің және басқа да қайырымды жандардың жауапкершілігі арқасында талай оқиғалар жақсылықпен аяқталған. Әкеме көп адамдар алғыс айтады.


Менің ойымша, бүгінгі күннің батырларының бірі – менің әкем. Мен әкеммен мақтанамын! Әкемнің бойындағы жауапкершілік, еңбекқорлық қасиеттерін өзіме сіңіруге тырысамын. Әкеме ұқсап, адамдардың алғысына бөленіп, оларға қуаныш сыйлағым келеді.Әрбір батырдың еңбегі біздің жадымызда мәңгілік сақталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет