Жоспар: Қаржы нарығының түсінігі және экономиканың дамуындағы оның маңызы



Дата06.02.2022
өлшемі10,26 Mb.
#80732
Байланысты:
қаржы нарығы

Қаржы нарығы


Жоспар:
  • Қаржы нарығының түсінігі және экономиканың дамуындағы оның маңызы;
  • Қаржы нарығының құрылымы және оның негізгі бөліктері;
  • Қаржы нарығының атқаратын қызметі;
  • Қаржы нарығының түрлері;
  • Қаржы делдалдық және қаржы нарығының негізгі қатысушылары;

Қаржы нарығы – өте күрделі жүйе, ол әртүрлі нысандардағы ақшалай капиталдардың және бағалы қағаздардың қозғалысымен байланысты экономикалық қатынастар. Ол рыноктық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады, тауар және басқа рыноктармен: табиғат ресурстары, жұмыс күші, тұрғын үй және басқа жылжымайтын жер, алтын, сақтық рыноктарымен етене байланысты.
Қаржы нарығы келесі себептер бойынша экономикада басты рөл атқарады :
  • Оны арасында ақша қаражаттарын өндіріске салып, елдің өндіріс қуатын нығайту, қор әлеуетін жинақтау;
  • Қаржы нарығының көмегімен инвесторларға ең көп пайда әкелетін кәсіпорындар мен салалардың дамуы жеңілдетіледі;
  • Қаржы нарықтарында іске асырылатын капиталдардың құйылуы ғылыми - техникалық прогрестің (өрлеудің) шапшаңдатуына жағдай жасайды. Қаржы нарығы қаржы қорларының тез қозғалысы мен нәтижелі пандалануын қамтамассыз етеді.

Қаржы нарығының міндеттері
1) қаржы нарығы әр жердің келген уақытша пандаланбайтын капиталды жұмылдырады
3) Қаржы тәуекелін азайтуға жағдай жасайды
2) уақытша пандаланбайтын жинақталған капиталды көптеген түпкі тұтынушылар арасында нәтижелі таратады
4) инвестиция аясында капиталды пандаланудың ең нәтижелі бағыттарын анықтайды
5) Капиталдың айналымын шапшандатады
Қаржы нарығының құрылымы және оның негізгі бөліктері
Қаржы нарығына ақша нарығы, капиталдар нарығы және бағалы қағаздар нарығы кіреді.
  • Ақша нарығында бір жылдан аз уақыты бар қысқа мерзімді қаржы құралдары айналады.
  • Капиталдар нарығында ұзақ мерзімді қаржы құралдары айналады.
  • Бағалы қағаздар нарығы ақша нарығының және капиталдар нарығының бөлігі болады, өйткені онда қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржы құралдары айналады.

Қаржы нарығының негізгі қызметтері
  • Реттеушілік – осы қызметтің көмегімен, мемлекеттік органдар басқару тарапынан да және өзін-өзі реттейтін ұйымдар тарапынан да нарықтық реттеу жүзеге асырылады.
  • Ақпараттық – бұл қз кезегінде қаржы нарығының барлық қатысушыларының ақпаратты алуға теңдей және толық қамтамыссыз ететінін білдіреді.
  • Бөлінушілік – бұл қаржы нарғындағы құралдардың айналымы ақшалай қаражат ағымының бір саладан, екінші салаға бір қатысушыдан, екінші қатысушыға, бір айналым саласынан, екінші айналым саласына бөлінуін қамтамассыз етіп, қаржылық ресурстардың бөлінуіне мүмкіндік береді.
  • Коммерциялық – бұл өз кезегінде қаржы нарығында жүзеге асырылатын операциялар, қалайда келісім-шартқа қатысушылардың бәріне табыс әкеледі.
  • Баға құраушы – бұл өз кезегінде еркін бәсеке жағдайында қаржылық құралдардың нарықтағы бағасы сұраныс пен ұсыныс әсерінен қалыптасады.

Экономиканы қаржылық басқаруының халықаралық теориясы мен тәжірибесінде қаржы нарығының 2 негізгі нысанын айырады:
Ұйымдасқан
Ұйымдаспаған
Банктер мен биржалар белгілеген (анықталған) ережелер бойынша қызмет жасайтын нарық;
Басқа жолдар арқылы қаржы активтердің айналыс аясын білдіреді: қаржы делдалдар, инвестициялық компаниялар арқылы және т.б.
Қаржы нарығының негізгі қатысушылары
ИНВЕСТОРЛАР
ДЕЛДАЛДАР
ПАЙДАЛАНУШЫЛАР
Инвесторлар – олардың рөлінде панда алу мақсатында тиісті нарықтарға бағытталған уақытша пандаланбайтын қорлары бар заңды және жеке тұлғалар, мемлекет болуы мүмкін)
Пайдаланушылар – олардың рөлінде тиісті қаржы нарығында әр түрлі негіздерде өздеріне керек (қажет) қаржы қорларына ие болып, оларды пандалану үшін құқығын төлейтін мемлекет немесе заңды және жеке тұлғалар болуы мүмкін.
Делдалдар – олардың рөлінде арнайы қаржы құрылымдар (банктер, сақтандыру компаниялар, қор нарықтарының, инвестициялық қорлардың және т.б. кәсіби қатысушылары болуы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет