Жоспар Кіріспе «Авестаның»



бет2/2
Дата01.05.2020
өлшемі37,57 Kb.
#65257
1   2
Байланысты:
Авеста
Doc1, Doc1, Липидтер, ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ, Положение о Дипломной Работе, Пoстмoдеpнизм, Мо Янь, комптех, Программалау тілдерінің мүмкіндіктерін пайдалану, 119843.pptx, Kirik7, energy esep, декада физики, аннотация
Заратуштрашылдықтың тарихының төрт кезеңі

Абаев Заратуштрашылдықтың тарихын төрт кезеңге бөледі:



  1. Ежелгі Заратуштрашылдық;

  2. Ахемен әулеті империясы кезіндегі Заратуштрашылдық;

  3. Сақтар арасында таралған Заратуштрашылдық;

  4. Сасани әулеті империясы кезіндегі Заратуштрашылдық 

Бірінші және үшінші кезеңде Заратуштрашылдық Орта Азияда дамыған, мұны “жасампаздық кезеңдер” деп те атайды, ал екінші мен төртінші кезеңде Заратуштрашылдық Батыс Иранда дамиды, бұл кезеңді ғалымдар “догматтық-клерикалдық” деп атайды. Орыс философы  А. О. Маковельский (1884 – 1969) шығыстық, Орта Азиялық және батыстық Заратуштрашылдықты бір-бірінен ажырата білу қажеттігін ескеріп, Орта Азиядан табылған алтын тақтайшаларда бейнеленген Заратуштрашылдық рәсімдер мен ежелгі грек авторлары баяндаған және “Авеста” деректерінде сипатталған Заратуштрашылдық рәсімдер арасында айырмашылық барын атап көрсетеді. Заратуштрашылдықтың тарихи дамуын және таралу аймағын ескере отырып, оны біртекті құбылыс деп айтуға болмайды. Әсіресе, Ахемен әулеті империясында Заратуштра ілімінен тек өздерінің қажетіне сай келетін монотеистік идеяларды ғана қабылдаған.

Заратуштраның діни-этикалық ілімі, философиялық ой-пікірлері ұзақ уақыт бойы адамзаттың рухани азығы болып келді. Заратуштра идеялары әлемдік діндер мен грек ойшылдарының философиялық жүйелерінің қалыптасуына түрткі болды. Кейін ислам дініндегі сопылық ағым өкілдері де Заратуштрашылдықтың кейбір рәсімдерін қабылдап алып, жергілікті халықтың ежелгі сенімі мен мұсылмандық шарттарын бір-бірімен шебер ұштастыра білді. Әлемдік діни-филос. дүниетаным мен көзқарастардың бастауы ретінде танылған Заратуштра ілімін зерттеуге дүние жүзінің белгілі ойшылдары ат салысқан. Қазақ философтары Заратуштрашылдық ілімін әлі зерттей қойған жоқ. Белгілі жазушы С.Елубаевтың “Заратуштра – дала пайғамбары” атты танымдық мақаласы (“Егемен Қазақстан” , 1993, 7 қаңтар) үлкен ізденіске бастау боларлық алғашқы қадам ғана.



Үлкен және кіші Авеста

Кіші Авеста — көлемі шағын мәтіндер жинағы, ол кейде ежелгі дүниенің діни-философиялық білімдерінің тарихын зерттеу үшін едәуір ынта-ықылас туғызады. Мәтіндерінде өз зерттеушісін күтіп тұрған аса бай дерек болғанымен, Авеста деректері сақ кезеңіндегі Қазақстанның ежелгі тұрғындарының тарихы мен мәдениетін зерттеуге біршама аз тартылды. Ортаңғы Иран ескерткіштері — парфяндар тілінен бастап, «ортаңғы кезең» дейтін иран тілдеріндегі эпиграфиялық және нарративтік деректемелер осылай аталады. Парфяндардың, ортаңғы парсы, соғды, хорезм, бактрия тілдері мен тіл деректемелерде нашар куәландырылған басқа да бірқатар тілдер соған жатады. Арамей жазбасының ерекше түрінде және парфяндардың ортаңғы парсы және соғды тілдерінің өзге де диалектілерінде жазылған манихей дінінің ескерткіштері де соған қосылады. Тарихшы үшін мына шығармалар мейлінше маңызды:



  • Бундахишн.«Әлем» — зороастрашылардын ғарышнама және Ғаламның кұрылысы туралы түсініктері айтылған өте көлемді шығарма. 

  • Денкарт.«Наным негіздері» — зороастралық діни ілімнің бізге дейін жетпеген Авеста бөлімдері тізіп келтірілген және қайталап айтылған көп томды энциклопедиялық баяндама.

  • Арда-Вираз-иамак — Александр Македонский жаулап алғаннан кейін құлдырап кеткен зороастралық наным туралы дұрыс түсінік алу үшін Вираз Әулиенің жұмақ пен тозаққа саяхаты жөніндегі шығарма. Тегінде, кейінгі Сасанилер дәуіріндегі зороастризм реформацияларының бірін бейнелейтін өте қызықты шығарма.

  • Панд-намак-и Зардушт — «даңқты Зороастра кітабы» — зороастралық мектепте оқытылған діни ілімнің негіздері.

  • Қар-намак-и Ардашир-и Панакан — Сасанилер әулетінің билік басына келуінің аңызға айналған нұсқасы айтылған ақсүйектік шығарма.

Ортағасырлық иран тілдеріндегі басқа мәтіндер сияқты, ортаңғы парсы мәтіндеріне де Орта Азия мен Қазақстан тарихшылары зор ынта қояды, өйткені онда дәуіріне сай, яғни алдыңғы орта ғасырдан XII — XIII ғасырларға дейінгі түпнұсқалық жазба деректер келтірілген. Оларда түріктер, эфталиттер, осы аймақтағы басқа да халықтар мен оқиғалар туралы деректер бар. Алайда осы кезге дейін бұл деректер өте нашар тартылып келді, мұның өзі бірінші кезекте иран тілдерінің фонотикасына өте нашар бейімделген арамей жазбасымен жазылған ортағасырлық мәтіндердің қиындықтарына байланысты.

Авестаның көп бөлігі жоғалған, ұмытылған. Ғалымдардың болжамынша, 1/7 бөлігі ғана біздің заманымыздың III ғасырында Аршак әулеті дәуірінде жинақталып, кітап етілген. Көптеген ғалымдар авеста Иранда Сасани әулетінен шыққан I Хосроу шаһ тұсында жазылған деп есептейді. Шындығында ол бұл дәуірде қасиетті саналғанымен, ұмытылған тілде жазылған. Көпшілік түсіне алмағандықтан діндарлар оны сол кездегі әдеби тіл – паһлауий тіліне аударып, көп түсіндірмелер қосқан. Аударманың көлемі өте үлкен болғандықтан діндарлар күнделікті пайдалану үшін Кіші Авестаны жасады. Оған Үлкен Авестадан іріктеп алынған дұғалар кірді. Авестаның барлық діндерге, бүкіл дүниежүзілік өркениетке үлкен әсері болды.



Мысалы, қазақ халқы жыл басын Наурыздан бастайтыны осының бір көрінісі. Көне Ресейде де 14 ғасырға дейін осылай болған. Қостанай, Орынбор, Челябі облыстары шекараларының түйіскен жерінде 1987 ж. табылған көне Арқайым қаласы бұдан 4 мың жыл бұрын түгелдей Веда мәдениетінің үлгісімен салынған. Заратуштраның отаны осы маң деген болжам бар. Өз елі мойындамай қуғынға салған соң, Заратуштра оңтүстікке бет алып, Парсы жеріне келеді. Бұл елдің патшасы Виштаспа Заратуштра ілімін қабылдап, оны мемлекет көлемінде бекітеді. Оның дүние жүзі өркениетіне әсері 1,5 мың жылға созылды. VII ғасырда арабтардың Иран мен Орта Азияны жаулап алуы нәтижесінде Авеста мәтіндері бірте-бірте жойылып, көпшілігі ұмытылды. Бүгінгі таңда авеста тауды паналаған парсылар мен Үнді жеріне (Бомбей) ығысқан заратуштра дінін тұтынушылар арасында ғана сақталған.

Авеста және Ислам

Кейіннен авестаның ислам мәдениетіне, әсіресе сопылық ағымға тигізген әсері өте зор болды. Авеста сарынының кейбір арналары көне түркі эпостары мен ежелгі қазақ әдебиетінде де көрінісін тапқан. Әдебиетші ғалымдар авестадағы сарындардың Қорқыт ата, Хұтб Хорезми, Ахмед Иүгінеки, Асан қайғы, Бұқар, Базар жырауларға келіп ұласатындығын дәлелдеді.

Қорытынды

Авеста тек қана Заратуштрашылдықтардың қасиетті кітабы ғана емес, сонымен қатар ежелгі дәуір тарихы жайлы баға жетпес құжат. Авестаның арқасында қазіргі күні тарихшы-ғалымдар көптеген тарихи деректерді ашып жатыр.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет