Жоспар Кіріспе І тарау



бет13/18
Дата20.12.2021
өлшемі0,59 Mb.
#104111
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Дип.-Сыныптан-тыс-жұмыстарда-оқушыларға-тәрбие-беру

Балалар ойындары халық ауызекі шығармашылығының бір саласы болып саналады. Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану жолдарын зерттеуші Е.Сағындықов: «Халық ойындары тек денені ғана емес, ойды жаттықтырушысы да болып табылады. Халық өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын, егжей-тегжейлігін білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре беруді көздеген», - деп, орынды пікір айтқан.

Т. Иманбеков балалар ойындарына былай деп баға береді: «...ата-бабаларымыз ұлттық ойындарды баланы жан-жақты тәрбиелеудің негізгі құ-ралы ретінде қарастырған, оны ең күшті, қағылез, төзімді, түрлі жарыстарда үнемі жеңімпаз атанатын адамды анықтау ролін ғана атқарумен оны қатар, тәрбиеге пайдалы ықпал ететін негізгі күш» деп түсінген. Шын мәнінде «Ұшты-ұшты», «Дауысынан айырып біл», «Жүз қаз», «Қасқыр- қақпан», «Торғай мен бұтақ», «Неше қаз ұшып келді», «Мысық пен тышқан», «Қасқыр мен қаздар» сияқты толып жатқан ойындар әрі қарапайым, әрі оқушылардың түсінігіне жеңіл, балалардың қоршаған ортаға қарым-қатынасын қалыптастыруға қажетті тиімді құралдар болып табылады.

Мақал-мәтелдер халық айтқандай, сөздің мұнарасы. Орыстың ұлы педагогы К.Д. Ушинский мақал – мәтелдерді балалар тәрбиесі мен жеке адамның қалыптасуындағы сан ғасырлық тәжірибені қорытындылаушы нағыз халық педагогикасы деп санады. Асыл сөздің мәйегі мақал- мәтелдер, М. Әлімбаев тұжырымдағандай: «Өмір құбылыстарын жинақтайтын және типтендіретін, бір немесе екі бөлімнен құралып, алдыңғысында шарт немесе жалпы пайымдау, соңғысында қорытынды, түйінді пікір айтатын, бітімі бекем, өте ықшам, бейнелі әрі ырғақты халық нақылы». Қазақтың даналық ойларын бойына түйген мақал-мәтелдер оқушыларды ұшқан құсты, жүгірген аңды, жан-жануарларды, өзен-көлдерді, тау-тасты қадір тұтуға, аялап сақтауға, экологиялық іс-әрекетінде оны көріктендіруге талпындырады, қоршаған ортаны ластамау қажеттілігіне олардың көздерін жеткізеді. Мақал-мәтелдердің экологиялық мазмұны өте бай. Мәселен, адам туралы («Кісілікті кісі табиғатқа тартып туады», «Адам - табиғаттың төл перзенті», «Адам тастай берік, гүлдей нәзік», «Жақсы адам - елінің ырысы, жақсы жер - жанның тынысы», «Адам ұйымшыл, мал үйіршіл», «Адам көркі - шүберек, ағаш көркі - жапырақ»), атамекен, туған жер туралы («Ел ұлсыз болмас, жер гүлсіз болмас», «Ер туса - ел ырысы, жаңбыр жауса - жер ырысы», «Жас құрақ - жердің көркі, ынтымақ - елдің көркі»), жер-су туралы («Жер тоймаса, ел тоймайды», «Туған жердің түйе жейтін жапырағы да дәрі, түйе аунайтын топырағы да дәрі», «Жер екеш жер де ауырады», «Жер отты болса, мал сүтті», «Сулы жер - нулы жер», «Жерді аздыратын - өрт, адамды аздыратын дерт»), төрт түлік және үй жануарлары туралы («Түйе - байлық, қой - мырзалық, жылқы - сәндік, ешкі -жеңілдік, сиыр - ақтық, шаруаның бәрі бес, егіншілік оған ес», «Мал төлімен жарасты, жер гүлімен жарасты», «Жүйрік мал бірде ат, бірде қанат», «Түйе -түлік басы», «Нар жолында жүк қалмас», «Ит - жеті қазынаның бірі», «Түлік төлден өседі»), егіншілік туралы («Тамыр тартқан тарықпас», «Күтімді егін бітімді, бітімді егін түсімді»), хайуанаттар туралы («Арыстандай күшің болса, түлкідей әдісің болсын», «Үйірлі құлан ақсағанын білдіртпес»), құстар туралы («Қарлығаш көктем жаршысы», «Аққу жүзсе су сұлу», «Дегелек келсе жаз болар, бала-шаға мәз болар»), өсімдіктер туралы («Күтімі жаман ағаштың -бітімі жаман», «Аялы ағаш - саялы»), табиғат, уағыт, кеңістік туралы («Ай жарығы әлемге, шам жарығы түбіне», «Көктем, көктен нұрын төккен», «Күн күркіресе жер иір, жер иісе мал иір», «Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр - жерге жауған нұр», «Нөсер алдында найзағай ойнар», «Сүмбіле туса су суыр») мақал-мәтелдер бастауыш сынып оқушыларының табиғатты қорғаудың мәнін санамен түсінуіне көмектесіп, оларды қорғау, сақтау, қоректендіру ісіне қатысу белсенділігін арттырумен бірге, танымдық, тәрбиелік, коммуникативтік, реттеушілік қызмет атқарады. Мақал-мәтедердің реттеушілік функциясының жалпы міндеті - қазақ халқының экологиялық тәжірибесі, экологиялық мәдениеті негізінде қалыптасқан табиғатпен қарым-қатынас мөлшерін, шектеулерін ұстану.

Жұмбақтардың тақырыптары сан алуан. С. Садырбаевтың еңбегінде олар былайша топтастырылған: жаратылыс-табиғат; адам анатомиясы және іс-әрекеттері; жан-жануарлар тіршілігі. Олардың қай-қайсысы да экологиялық тәлім-тәрбие көзі болып табылады. Жұмбақтар Н. Төреқұлов айтқандай, балаларды тапқырлыққа, ойдан қорытынды жасауға жетелейтін педагогикалық мүмкіндікке ие. Жұмбақтарда табиғат объектілері әсем бейнеленген. Мысалы, «Басына үлпілдетіп таққан шашақ, бұралып талшыбықтай тұрған жасап» деп қамысты сұлу қызға теңесе, енді бірде: «Бір ағашта қырық бұтақ, қырық бұтақта қырық ұя, қырық ұяда, қырық жұмыртқа, қырық жұмыртқада қырық балапан», - деп, бидайдың бір тал басының тіршілік көзі, ел байлығы екендігін, адам игілігіне жаралған өсімдікті халықтың аса қадір тұтқандығын көрсетеді. Төрт түлік мал мен жануарлар әлемі де жұмбақтарда халықтың назарынан тыс қалмаған: «Төрт тағанды бойы бар, момындық дұрыс ойы бар, кербезденіп жүрмейді, айналдырған тоны бар» (Қой), «Асты пышақ, үсті істік. Өзіне лайықтап киім пішкен, секіріп-секіріп түскен» (Ешкі), «Таптым-таптым тап жорға, табаны жалпақ боз жорға» (Түйе), «От басында құмған, екі көзін жұмған» (Мысық), «Тарпаң-тарпаң тарбиған, түрі жаман жарбиған» (Бақа). Қайсыбір жұмбақты алсақ та, әсем сөз тіркестері арқылы табиғат объектілерінің сұлу да көрікті, сәнді бейнесін елестетеді. Елестетіп қана қоймайды,балаларды олардың тыныс-тіршілігімен таныстырады, әрқайсысының табиғатта алатын орнын бағамдауға, қамқорлықты, мейірбанды қарым-қатынаста болуға талпындырады.

Е. Сағындықов пайымдағандай, жаңылтпаштар «Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, өзін қоршаған өмірді танып-білуге, сол ортамен жеке танысуға мүмкіндік береді. Мысалы, «Құдық қазып аршыдым, топырағын жаншыдым, аршыдым да балшығын, шаншыдым да талшығын, аршыдым да малшыдым, шығардым да бар шымын, жүрегімді шаншыдым»; «Базда боз ат мінген атам. Бозда боздап жүрген атам»; «Беріп тай, лақты, алдым тайлақты. Беріп тайлақты, алдым тай, лақты» т.б. Бұлар әрі жылдам, әрі дұрыс айтылуы тиіс. Бүл оқушыға қатты әсер етеді».

Белгілі фольклортанушы М. Ғабдуллин: «Ерте кезде ойын-сауықтарда жаңылтпаш айтқызу қазақтың салты болған. Жаңылтпаш жиналған жұртты, күлідіру, тіл ұстартуды көздеумен қатар, ол оның, ән білмейтін жастарға берілетін жаза есебінде қолданылған»- деп жазады. Экологиялық тәрбиені сабақтастықта жүргізудің педагогикалық негіздерін зерттеуші А.Е. Манкеш атап өткендей: «Кейбір жаңылтпаштар баланы табиғаттың әдемі көріністерін танумен бірге, сөз мағынасына, мәнерлілігіне назар аудартып, дұрыс сөйлеуге үйретеді, көркем сөзге әдістендіреді».

Бұл пікір жаңылпаштың тіл дамытудағы мүмкіндігінің мол екендігіне, сонымен бірге тірі табиғат объектілерінің өмір сүру ортасымен қарым-қатынасы туралы мол мағлұмат беретіндігіне көз жеткізеді.



Қазақ халқының өз ұрпағын табиғатқа зиян келтірмеуге, тірі табиғат иелерін жәбірлемеуге баулитын, ізгілікке тәрбиелейтін құралдарының бірі - тыйым сөздер. «Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсы: қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Қазақтар тізені құшақтау -жалғыз қалудың, қолды төбеге қою - ел-жұрттан безінудің, үлкеннің жолын кесуі - әдепсіздіктің, асты төгу - ысыраптың белгісі деп таныған және ондай істерге қатаң тыйым салған». Мұндай тыйым сөздер ел ішінде өте көп кездеседі. Адам - табиғаттың төл перзенті екендігін санасына сіңіруді, адам деген атқа кір келтірмеуді көздеген халық: “Адам мен табиғат егіз. Табиғат – туған анаң, оған зиян тигізбе”, “Адам деген ұлы ат, оған кір келтірме” - деп жаман әдеттен аулақ болуға сақтандырып отырған.

Оқушылардың табиғат анаға деген теориялық білімдерінің көлемдігі мен жүйелілігін қамтамасыз етіп, оларды табиғат қорғау іс-әрекеттерінде шығармашылықпен қолдана білуге, құрмет сезімін жандыруда сабақтан тыс уақытта қазақ ауызекі шығармашылығы үлгілерін төмендегідей кестеден көруге болады. Кесте 5



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет