Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім гистология бөлімдері Цитологияның даму тарихы Эмбриологияның даму тарихы гистологияныңдаму тарихы Гистологияның ҚР дамуы Қорытынды Пайдаланнылған әдебиеттер кіріспе



бет2/3
Дата09.02.2022
өлшемі4,58 Mb.
#131169
1   2   3
Байланысты:
бөж презент

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
• Гистология теориялық пән болғанмен, оның практикалық
маңызы да ерекше. Гистологияның мәліметтері организмдегі
түрлі патологиялық процестерді білу үшін қажет.Мысалы,
органдардың дағдылы жағдайдағы құрлысы мен қызмет
ерекшеліктерін білместен олардағы патологиялық
өзгерістерді көріп түсінуге болмайды.
Сонымен, гистология органдардың, ұлпалардың және
олардың түзуші клеткалық және клеткалық құрлысы жоқ
элементтердің құрлысы мен дамуын дұрыс түсінуге жалпы
биологиялық және тарихи негіз болып саналады.
Цитология - жасуша туралы ғылым. Цитология ғылымы біржасушалы,
көпжасушалы ағзалар жасушасының құрылысын,құрамын және қызметін
зерттейді.Ал жасуша бүкіл тірі денелердің ең қарапайым құрылысын,қызметін
және дамуын сипаттайды. Сондықтан да цитологияның зерттейтін
құрылыстары мен заңдылықтары цитология,тәнтану,эмбриология,физиология,генетика,
биохимия,молекулалық биология және т.б. ғылым негіздерінің қалануына жол ашты.
Цитология бөлімі цитохимия пәні жасушаның химиялық құрамының құрылысын,олардың
түзілуін, жасушадағы таралуы мен белсенділігін және оның қызметінің
өзгеруіне байланысты химиялық қосылыстардың өзгеріп отыруын зерттейді.
Цитохимияның негізгі жетістіктерінің бірі - нуклеин қышқылдарының ақуыз
молекуласын синтездеудегі генетикалық рөлін анықтау.
Эмбриология – ұрықтың дамуын зерттейтін ғылым.
Адам және жануарлар ұрығының құрылысы
жөніндегі мағлұматты көне Индия, Қытай және
Мысыр ғалымдарының шығармаларынан
кездестіреміз.
• А. Левенгук (1680) бірінші рет қан құрамында эритроциттердің
барын анықтаса, Фантана (1781) жануарлар жасушаларындағы
небір құпияларды ашты. Осыдан кейін өсімдіктер мен
жануарлардың жасушаларының құрылыстары белгілі бола
бастады. Клетканың құрамындағы негізгі элемент —
протоплазма (Пуркиня 1830) мен ядро (Браун 1833) табылды.
Осы мағлұматтарды негізге алып әрі әр түрлі ұлпалардың
құрылысын, дамуын жанжақты зерттеп, соңынан нәтижелі
қорытындыларын саралай отырып, 1838—1839 жылдары Т.
Шванн өзінің атақты жасуша теориясын жазды. Бұл жаңалық
табиғаттану ғылымдарында бұрын-соңды болмаған ұлы
жетістіктердің бірі еді
Қазақстанда Гистология саласындағы жүйелі зерттеулер Алматы зоотех.-малдәрігерлік институты (1929ж., қазіргі Қазақ ұлттық агр. университеті) мен Қазақ мед. институтының (1932ж., қазіргі Қазақ ұлттық мед. университеті) гистология және эмбриология кафедраларында басталалды. А.В.Кирилличеваның қатысуымен адам ұрпағының дамуының патологиясын зерттеу жүргізілді. 1971-1980жж қазақ гистологиясының негізгі бағыттары Д витамині жетіспеушілігін зерттеу болды. Қазақ гистологиясы дамуына үлес қосқан ғалымдар: Академиктер: Б.А.Домбровский, Т.Масенов,Ф.Мухаммедгалиев т.б Профессорлар: М.Х.Нурышев, Ф.Халилов, И.Чагиров және т.б Т.Масенов болды Қазақстанда Гистология саласындағы жүйелі зерттеулер Алматы зоотех.-малдәрігерлік институты (1929ж., қазіргі Қазақ ұлттық агр. университеті) мен Қазақ мед. институтының (1932ж., қазіргі Қазақ ұлттық мед. университеті) гистология және эмбриология кафедраларында басталалды. А.В.Кирилличеваның қатысуымен адам ұрпағының дамуының патологиясын зерттеу жүргізілді. 1971-1980жж қазақ гистологиясының негізгі бағыттары Д витамині жетіспеушілігін зерттеу болды. Қазақ гистологиясы дамуына үлес қосқан ғалымдар: Академиктер: Б.А.Домбровский, Т.Масенов,Ф.Мухаммедгалиев т.б Профессорлар: М.Х.Нурышев, Ф.Халилов, И.Чагиров және т.б Т.Масенов болды
Гистологиялық зерттеу нысандары — гистологиялық зерттеу нысандары мақсатында түрлі жануарлардың тірі организмдері мүшелерінен биосынама (биопсия) ретінде немесе зерттеу мақсатымен сойылған жануарлар денесінен кесіп алынған, мөлшері 1см/0,5см мүшелердің бөлікшелері алынады. Биосынамалар немесе кесіп алынған мүшелер бөлікшелері ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары мен мақсатына сәйкес арнайы ерітінділерде бекітіліп, тиісті гистологиялық әдістер арқылы өңделеді. Олардан боялған гистологиялық препараттар немесе тым жүқа нәзік жонынды (ультражонынды) дайындалады. Ғылыми талдауға олардың оптикалық және электронды микроскоптардағы көріністері немесе осы көріністердің теледидар экраны дисплейіндегі суреттері пайдаланылады.
Гистологиялық препараттар — микроскопиялық зерттеулерде пайдаланылады. Гистологиялық препараттарды дайындау процесі төмендегідей кезендерден тұрады: 1) зерттеуге керекті гистологиялық материалды тиісті мүшелерде жануарлар организмі мүшелері мен ұлпаларынан кесіп алып бекіту (формалин, алмас және т.б. ерітінділерде). 2) бекітілген гистологиялық материалды тығыздап қатайту (спирттер ерітінділері қатарынан — 60 , 70 , 80 , 96 , 100 өткізіп сусыздандырып, парафин немесе целлоидиннің эфирдегі ерітіндісіне салып қатайту). 3) қатайған кесекшелерден микротом арқылы жұқа жонындыларды дайындау. 4) жарық микроскопымен зерттеуге дайындалған жонындыларды бояу (гистологиялық бояғыштар қолданылады). 5) боялған жонындыларды төсеніш және жапқыш шынылар арасына канада бальзамына салып қатыру.
Гистологиялық зерттеу әдістері : 1) оптикалық (жарық сәулесінің көмегімен) микроскопия — жануарлар мүшелерінің ұлпалары мен жасушаларының ұсақ құрылымын көріп таддаудың негізгі әдісі; 2) фазалық контрасттық микроскопия жануарлардың тірі ұлпалары мен жасушаларынан алынған, боялмаған мөлдір гистологиялық жонындыларды зерттеу әдісі; 3) ультракүлгіндік микроскопия — әдіс қысқа ультракүлгін сәулелерді пайдалануға негізделген. Ультракүлгіндік микроскопияда препараттың көрінісін люминесцентті экранда талдап, анықтап көріп, фотопластинкаларға түсіріп зерттейді; 4)Флуоресценттік (люминесценттік) микроскопия — флуоресценция құбылысына, яғни зерттелетін гистологиялық нысанның сәулелі энергия әсерінен қозуына негізделген. Радиографиялык,зерттеуге радиоактивті фосфорды(Р), көміртегті(С), күкіртті(S), сутегті (Н) немесе осы радиоактивті элементтермен белгіленген қосылыстарды пайдаланады. Зерттеу кезінде препараттағы белгіленген радиоактивті изотоптан бөлінген сәулелердің әсерінен көріністі тұсірген фотопластинка фотоэмульсия құрамындағы бромды күмістен таза күміс түйіршіктері бөлініп,ұлпалар мен жасушалардағы белгіленген заттардың орналасу орындарын көрсетеді; электронды микроскопия жарық сәулелері толқындарына қарағанда 100000 есе қысқа электромагнит толқындарын пайдалану арқылы нысандарды 100000- нан миллиондаған есеге дейін үлкейтіп көрсететін жаңа тым нәзік микроскопиялық (субмикроскопиялық) зертеу әдісі.Соңғы кезде шыққан микроскоптар гистологиялық нысандардың кеңістіктік үшөлшемдік көлемді зерттелуін қамтамасыз етеді.
Гистологиялық бояғыштар (гистологические красители) - адам мен жануарлар мүшелері мен ұлпаларынан алынған гистологиялық препараттардағы жекеленген құрылымдарды анықтау үшін қолданьшатын бояғыш заттар. Гистологиялық бояғыштар — ұлпалар мен мүшелер құрылымдарының боялу сипатына қарай: қышқылдық, негіздік және арнайы бояғыштар болып үш топқа бөлінеді. Қышқылдық бояғыштар (пикрин қышқылы, эозин, флоксин, азокармин т.б.) — гистологиялық құрылымдарды — қызғылт, негіздік бояғыштар (гематоксилин, сафронин, пиронин, тионин) — көкшіл түске бояйды. Арнайы бояғыштарға май және май тәріздес заттарды анықтайтын бояулар (осмий қышқылы, судан -III) жатады.
Қазақстанда Гистология саласының дамуына үлес қосқан ғалымдар: Ф.Мұхамедғалиев, А.Зорина, Б.Шайкенов, І.Шағыров, З.Слободин, т.б. Қазіргі кезде Гистологиялық зерттеулермен Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің Зоология институты, «Биоген» жабық акцион. қоғамы, Қазақ ұлттық мед. ун-ті және т.б. жоғары оқу орындарының арнайы кафедралары шұғылданады.
Қазақстандағы Гистология Кафедрасының
Меңгерушілері 1934 жылы З.Ф.Гусева
1941-1945жж Л.И.Фомин
1959-1971жж А.В.Кирилличева
Қазақстанда Гистология саласиндағы жүйелі зерттеулер Алматы зоотех.-малдәрігерлік институты (1929ж.қазіргі Қазақ ұлттық агр.университеті) мен Қазақ мед. институтсының (1932 ж.қазіргі Қазақ ұлттық мед. университеті) гистология және эмбриология кафедраларинда басталды. 1930–1960 ж. омыртқалы нануарлордың ұлпалары, олардың құрылымындағы ерекшеліктер ұлпа филогенезі мен лпа айналасындағына жағдайларға байланысты зерттелді жылдан бері кейбір жалпақ құрттар мен ж мыр құрттардың жүйке жүйесі, асқорыту органдары, сондай-ақ, малдың еті мен өкпесі, жүрегі мен қан тамырлары, терісі гистология тұрғыдан айқындалоды. Жүйке талшықтарының адам органдарында тарамдану тәртібі зерттелді. Адам мен нануар ұлпаларына ауырған кезде болатын гистол. өзгерістер сипатталды. Қазақстанда Гистология саласыны ң дамуына үлес қосқан ғалымдар: Ф. Мұхамедғалиев, А.Зорина, Б.Шайкенов, І.Шағыров, З.Слободин, т.б..


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет