Жоспар Металлдар-химиялық элементтер


Кальцийдің биологиялық маңызы



бет3/4
Дата06.02.2022
өлшемі52,2 Kb.
#79391
1   2   3   4
Байланысты:
Кальций металлы туралы мәлімет

Кальцийдің биологиялық маңызы
Кальций цемент өндірісінде, қағаз, шыны, химия-фармацевтика, тері, бояу, сыра өндірісі қалдықтарында, цемент, бетон ыдыстарды пайдаланғанда түзіледі. Кальций хлораты мақтаны жинарда жапырақты ерте түсіру үшін дефолиант түрінде қолданылады.
Кальций де негізінен сүйек және тіс ұлпаларында концентрленеді. Ол жасуша құрамына еніп, сүйек құрауға, жүрек және бұлшықеттерінің жұмысына қатысады, қанның ұюын қамтамасыз етеді. Ересек адамдарға тәулігіне 0,5 грамм кальций жеткілікті. Ол сүйекті қатайтуға аса қажет. Кальций – сиыр мен қой сүті, сүтпен жасалатын түрлі тағам – ірімшік, сүзбе, сүтсірнеде (сыр) мол. Қара бидай наны мен жұмыртқаның сары уызыда кальцийге бай. Ағзаға бір тәулікке қажет кальций алу үшін жүз грамм сүтсірне немесе жарты литр сүт жетеді. Ағзада кальций тұздарының жетіспеушілігі сүйек ұлпасының дұрыс емес дамуына, тістер (кариес) ауруына, кейбір ферменттердіңбелсенділігі төмендеуіне, орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады. Дәрігерлердің айтуынша, 20-55 жас аралығындағы адамға күнделікті 800-1000 мг кальций, ал жас балаларға тәулігіне 600-800 мг кальций қажет екен. Жалпы, осы кальцийдің адам ағзасына қандай пайда келтіретінін білуге бола ма? Ең бірінші, кальций ас қорыту жұмы­сына, жүйкеге, адамның қорға­ныс қабілетінің жетілуіне қаты­сады. Екіншіден, кальций қанды тазалау және жүректің бірқалып­ты жұмыс істеуіндегі басты құрам болып табылады. Адам салма­ғының 9 пайызын қан құрайды, ал жүрек – қанды ай­дай­тын «на­сос». Кальцийдің үшінші міндеті – жүйке жүйесі арқылы белгі беру. Оны ми басқарып отырады. Кальций, төртіншіден, бұл­шық еттердің ширығуы мен босаңсуына жауап береді. Егер кальций жетіспесе, адам­­ның сезу, көру, сөйлеу, тағы басқа мүмкіндіктері бұзыла бастайды. Егер кальций аз болса, ми безі ағза мүшесінің белгілі бір бөлігіне бұйрық береді де, ол басқа бір мүшенің есебінен толықтырылады. Мысалы, сүйек­тегі қанды алып, оны қан құрамының өзегіне қо­сады. Мысалы, жас сәбилерде кальций жетіспеуінен болатын ауру мешел (рахит) деп аталады. Мешел ауруына шалдыққан балалардың қаңқасы дұрыс қалыптаспайды, сүйек баяу дамиды, ұйқысы қашады. Ал ересек адамдарға кальций жетіспесе, есте сақтау қабілеті нашарлап, беймаза күй кешеді. Қаңқалары морт сынғыш келеді. Кальций, сондай-ақ бұлшық еттердің ширығуы мен босаңсуына және қанның ұю процесіне де жауап береді. Мәселен, пышақ кесіп кеткен жерден қан тоқтамаса немесе таңертеңгілік тіс тазалағанда үнемі қызыл ет қанайтын болса, демек, ағзада кальций жетіспейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметінше, кальцийдің тәуліктік мөлшері 1 жасқа дейінгі нәрестелерде 600 мг болса, он жасқа дейінгі қажеттілік – 800 мг. Кальций жетіспеушілігі туындаған жағдайда, балалардың өсіп-жетілуі мен тістерінің шығуы кешеуілдеп, сүйектері қисайып, түрлі асқынулар туындауы мүмкін. Жасөспірімдер мен жастарға күніне 1200-1500 мг кальций қажет. Ал 20-50 жас аралығындағы ер-азаматтар мен әйел адамдар үшін тәуліктік мөлшер 1000 мг құрайды. Бір қызығы, 50 жастан асқан әйел адамдарда кальций жетіспеушілігі күрт артып, ағзаның оны «тұтынуы» 1500 мг асады екен. Д дәрумені кальцийдің ажырамас бөлігі болып табылады. Қарапайым тілмен айтқанда, кальцийге мол түрлі өнімдерді тұтынуыңыз мүмкін, алайда құрамында Д дәрумені болмаса, ағза минералдың тіпті жартысын да қабылдай алмайды. Шай мен кофе, газдалған сусындар және алькогольді ішімдіктер мен шылым ағзадағы кальцийдің «жуылуына» алып келеді. Кальцийдің қайнар көзі – сүт өнімдері десек, соның ішінде құрттың сүйектің қатаюына, көздің көруіне, тістің сау өсуіне және ас қорыту сөлінің қалыпты бөлінуіне пайдасы орасан зор. Құрт кальций мен ақуызға өте бай болғандықтан, тағамның бұл түрін кеңес заманында ғарышкерлер мәзіріне қосқандығын тарихтан білеміз. Кальций — адам денсаулығына пайдалы элементтердің бірі. Онсыз өмір сүру өте қиын. Ол жүрек, бұлшықет, жүйке жасушаларына қажет. Сондықтан назарларыңызға құрамында кальций элементі көптеп кездесетін тағамдарды ұсынамыз. Көкнәр — 1460 мг/100 г Күнжіт — 670-975 мг/100 г Иіржапырақ — 713 мг/100 г Жолжелкен — 412 мг/100 г Күнбағыс дәні — 367 мг/100 г Миндаль — 252-273 мг/100 г Орман жаңғағы — 226 мг/ 100 г Ақжелкен — 245 мг/100 г Екпе шиырмақ — 214 мг/100 г Гүлтәжі — 214 мг/100 г Алайда 100 грамм сиыр сүтінің құрамында небары 120 мг болса, сүзбеде 80 мг. Сонымен қатар брокколи, жапырақты орамжапырақ, шалқан секілді көкөністерде де бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір тәулікте кальцийді қанша мөлшерде тұтыну керек екенін ұсынды. 3 жасқа дейінгі балалар — 600 мг. 4-10 жас аралығындағы балалар — 800 мг. 10-13 жас аралығындағы балалар — 1000 мг. 13-16 жас аралығындағы жасөспірімдер — 1200 мг. 16 жастан асқан жастар — 1000 мг. 25-50 жас аралығындағы ересектер — 800-1200 мг.


.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет