Жоспары: ауыр атлетика. Ауыр атлетика шығу тарихымен негізгі техникалары



бет1/2
Дата04.10.2023
өлшемі43,3 Kb.
#183746
түріБағдарламасы
  1   2
Байланысты:
ауыр атлетика
Острый тонзиллит

Жоспары: 1.АУЫР АТЛЕТИКА.
2. Ауыр атлетика шығу тарихымен негізгі техникалары.
3. Қазақстандағы ауыр атлетика.
4.Қорытынды.
Ауыр атлетика[1] — әр түрлі салмақ дәрежелерінде ауыр зат (штангагір) көтеріп, күш сынасатын спорт түрі. Ауыр атлетикадан ең алғашқы жарыс 1860 жылы АҚШ-та өтті. Олимпиада ойындарының бағдарламасына 1896 жылы енгізілді. Ауыр атлетикадан әлем (1898 жылдан), Еуропа (1896 жылдан) чемпионаттары өткізіледі. Ауыр атлетика бойынша халықаралық жарыстар штанга көтерудің екі тәсілі (жұлқа және сілке көтеру) бойынша, 52 кг-нан басталатын 10 салмақ дәрежесіндегі спортшылар арасында өтеді. Жұлқа көтеру кезінде штанга кідіріссіз бірден жоғары көтеріледі. Сілке көтеруде штанга алдымен кеудеге алынып, содан кейін жоғары көтеріледі.
Ауыр атлетика
Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (1920Қазақстан 1993 жылдан мүше. Қазақстанда ауыр атлетика бойынша алғашқы чемпионат 1937 жылы өткізілді. Қазақстан спортшылары ірі жарыстарға 1954 жылдан қатысады. Теміртаулық Юрий Зайцев (1976, Монреаль), шахтинскілік Виктор Мазин (1980, Мәскеу), ақмолалық Анатолий Храпатый (1988, Сеул), қызылордалық Илья Ильин (2008, Бейжің) ауыр атлетикадан Олимпиада чемпиондары атанған. [2]

Ауыр атлетика Олимпиада ойындарына кірген әлемдегі танымал спорттардың бірі. Бұл спорт алғашында АҚШ мемлекетінде пайда болып бірте-бірте бүкіл әлемге жайылып кетті. Қазіргі таңда ауыр атлетика біздің мемлекетімізде беделі мықты спорттардың біріне айналған. 2014 жылы ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты Астанада өтеді. Бұл жарыста 2016 жылы РиоДе-Жанейрода өтетін Олимпиадаға жолдама сарапқа салынатын болады. Бұл туралы ҚР Ауыр атлетика Федерациясының төрағасы Қайрат Тұрлыханов мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай шешім Парижде өткен ауыр атлетика Халықаралық федерацияның атқарушы комитетінің отырысында қабылданған. Мұндай шешім жайдан-жай қабылданған жоқ: Қазақстан мемлекеттік аренада саяси беделі артумен қатар экономикасы да қарқынды түрде дамып келеді. Сонымен қатар қазақстандық ауыр атлетшілер соңғы олимпиададан өзге де ең жоғары дәрежедегі жарыстарда да жақсы табыстарға қол жеткізді.


Ауыр атлетика – зіл темір көтеру әдістерін жинақтаған спорт түрі. Алғашында күш жұмсап орындалатын бокс, күрес, гір көтеру сияқты спорт түрлері де ауыр атлетиканың қатарына жатқызылған, содан ХХ ғасырдың 30-шы жылдары ауыр атлетика атауы зіл темір көтеруге біржола бекіді. 1946 жылы зіл темір үш тәсілмен сығымдай, жұлқи және серпи көтеру болып классикалық үшсайыстың бағдарламасынан сығымдай көтеру алынып тасталды. Салмақ көтеру көптеген халықтарға ерте заманнан белгілі бола тұрса да, ауыр атлетикадан алғашқы жарыстар ХІ ғасырдың 60-жылдары АҚШ-та пайда болды. Алғашқыда бір қолмен салмақ көтеру де жарыс бағдарламасына енген екен. Зіл темір көтеруге үйрететін мектептер ХІХ ғасырдың 70-ші жылдары Париж және Брюссель қалаларында ашылды. 1985 жылы әуесқой атлеттердің Санкт-Петербургте ашылған алғашқы үйірмесі арқылы кейін аур атлетика Қазақстанға тарады. 1912 жылы ұйымдастырылған ауыр атлеттердің дүниежүзілік одағы 1920 жылы бірлестік болып қайта құрылады. 1898 жылдан әлем, 1947 жылдан Еуропа чемпионаты өтіп, 1900, 1908 және 1912 жылдан басқа уақыттың бәрінде Олимпиядалық ойындардың бағдарламасына енгізіліп келеді. 1920 жылдан бастап атлеттер әр уақытта шегі өзгеріп отырған салмақ түсуде.
Қазір ауыр атлеттер қоссайыстан зіл темірді еш тоқтаусыз жұлқи және кеудеге қондырып барып, жоғары қарай серпи көтеру сияқты екі жаттығуды орындайды. Осы қоссайыстың қорытындысы бойынша чемпион анықталады. Олимпиада ойындарында әр елдің командасы құрамындағы спортшылардың саны салмақ дәрежелерінің санынан аспауға тиіс. Бірақ халықаралық бірлестіктің рұқсаты бойынша ойындарға халықаралық талаптарын орындаған спортшыдан басқа салмақ дәрежелерінің есебінен бір салмақта екі атлетті қосақтап шығаруға болады. Чемпионаттар мен Олимпиада ойындарында бірнеше атлет бірдей салмақ көтерген жағдайда спортшылар қайтадан өлшеніп, басымдылық өз салмағы жеңіл атлетке беріледі.
Қазір әйелдер арасында Әлем чемпионаты өткізіліп, 2000 жылдан әйелдер арасында ауыр атлетика Олимпиада ойындардың бағдарламасына енгізілді.
Салмақ категориялары
Ереже бойынша салмақ өлшеу рәсімі жарыс бір немесе екі сағат алдында өткізіледі. 2008 жылдың желтоқсан айына қара ауыр атлетикадан келесі салмақ категорияларда жарыстар өткізіледі:
Ауыр атлетика спортының қысқаша даму тарихы мен негізгі техникалары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет