Жоспары Педагогикалық ғылымдардың адам жайлы ғылымдар жүйесıндегı орны


Педагогиканың саласы ретıнде жоғары мектеп педагогикасының өзıндıк ерекшелıгı



бет4/7
Дата19.10.2022
өлшемі3,6 Mb.
#153903
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ЖМП 1-семинар
stud.kz-3101, 246514.pptx

4. Педагогиканың саласы ретıнде жоғары мектеп педагогикасының өзıндıк ерекшелıгı


Жоғары мектеп педагогикасы - кәсіби мамандарды тарбиелеу мен білімдендіру туралы ғылым. Жоғары мектеп педагогикасының пәні - жоғары оку орнындағы педагогикалық жүйе мен тұтас педагогикалық процесс, іс-әрекет. Жоғары білімді дамытудың негізгі бағыты - қазіргі заман талаптарына сай, ғылыми зерттеу жұмыстарының нақты өмір барысында экономикалық бәсекелестік
жағдайында ене алатын, ақпараттық және жаңа технологиялар- мен қамтамасыз етуге жол көрсету.
Жоғары бıлıм - ғылым мен техниканың, мәдениеттıң белгıлı саласы бойынша, теориялық және практикалық мıндеттемелердı
орындауга мүмкıндıк беретıн жүйе: бıлıм мен дағдылар жиынтығы. Жалпы бıлıм беретıн орта мектеп пен арнаулы оқу орындарын бıтıргендердı қабылдап, экономика, ғылым мен техника және мадениет салалары үшıн жоғары дережелı мамандар даярлайтын түрлı типтегı жоғары мектептер де жоғары бıлıм терминдерıнıң түсıнıгıн бередı.
Жоғары мектеп педагогикасының категорияларына
оқыту, тәрбиелеу, бıлıм беру, педагогикалық процесс ұғымдарын жатқызамыз.
Тәрбие оқыту-тәрбиелеу мекемелерı мен ұйым жағдайында жүзеге асырылатын педагогикалық процесс ретıнде түсıндıрıледı. Тәрбие кең мағынада - қоғамдық өмıрдıң өшпейтıн, мәңгı категориясы.
Оқыту - педагогикалық процестı регламентациялау жағдайында және оқытушыға ғылыми бıлıмдı меңгерудı ұйымдастыру көмегı негıзıнде тұлғаның ақыл-ой сферасын дамытуға бағытталган оқыту-тәрбие процесıнıң бıр бөлıгı. Демек, бıлıм - адам санасының өнıмı, танымның нәтижесı.
Бıлıм беру - бұл қоғам мүшелерıн тәрбиелеу мен оқыту функцияларын атқаратын тұлғаға белгıлı бıр адамгершıлıк құндылыктарды, дағдыны, икемдıлıктı, мıнез-құлық нормасын, қоғамның әлуеметтıк-экономикалық және саяси құрылысы мен оның материалдық техникалық, даму деңгейıнıң мазмұнын меңгеруге бағытталган жүйе (В.А. Сластенин).
Педагогикалық процесс - бıлıм беру мақсатынан оның нәтижесıне қозғалысы. Кез келген процесс бıрıншıсıнен басқа күйге жүйелı алмасуды бıлдıредı. Педагогикалық әрекетте жүйелı алмасу педагогикалық процеске қатысушыларға педагогикалық ықпал етудıң нәтижесıн сипаттайды.
Педагогикалық процестıң маңызды сипаттамасы - педагогтың тәрбиеленушıге ықпал етуı емес, тәрбиеленушıмен өзара ықпалдасуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет