«Журналистика» мамандыѓына арналѓан



бет16/21
Дата12.10.2020
өлшемі259 Kb.
#66556
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

11. ЖАРНАМА СТУДИЯСЫ

Жарнама француз сөзінен reclame, reclamare дауыстау, айқайлау деген мағынаны білдіреді. Түрлі мейрамдар, бір нәрсені халыққа құлақдар ету мақсатымен жұмыс істейді. Мысалы, тауарлар, ұсыныстар т.с.с.

Жарнама студиясы – бұл баспасөздегі жарнама, барлық жерлердегі полиграфиялық және жәдігерлік өнімдер сыртқы жарнамалар, көліктердегі жарнама, интернеттегі жарнама, радио мен теледидардағы жарнамалар және міндетті түрде дизайн. Өз өңіріміздегі жарнамалық газеттерді айтатын болсақ: «Ертіс Экономика», «Иртыш реклама», «Бесплатные объявления», «Спектр» т.с.с. газеттер болса, «Работа в Москве», «Аргументы и факты», «Туризм и отдых», «Афиша», «Автомобили и цены» сияқты Ресейдегі газет-журналдарды айтуға болады. Жарнама беруші үшін ең тиімді де, нәтижелі журнал, баспадағы басылым «Деловой мир» деп аталмақ. Көпшіліктің пікірінше, интернетте орналасқан жарнама БАҚ-дағы жарнамаларға қарағанда тиімдірек және нәтижелі болады. Дегенмен, біздің мемлекет пен басқа елдерде интернет желісі қарқынды түрде дамып келе жатқанына қарамастан, бүгінде әрбір адамның үйінде компьютер бола бермес, нақтырақ айтсақ әрбір үлкен-кіші жастағы азаматтар, мысалы ата-ана, әже мен аталарымыз және кейбір жастарымыздың көпшілік бөлігі әлі әлемдік шырмауықтың қыр-сырларын меңгере қоймады. өзінің айналысатын істері мен жұмысына қарасты көптеген адамдар әлі интернет көмегіне келе бермес. Ал, газет пен журнал беттеріндегі жарнамалардан бас тартап, толықтай интернетке көшу мәселенің шешімі емес, себебі интернет желісі мен БАҚ бір-бірімен тығыз байланысты.

Жәдігерлік өнімдер – бұл кез-келген затқа логотип немесе фирмалық белгіні орналастыру. Адамдар сыйлықтар алғанды ұнатады, сөйтіп бұл жәдігерлік өнімдерді тауарлар мен қызмет көрсету, сонымен қатар фирманың бедел-бейнесін қалыптастыру жағынан ең мықты құрал болып табылады. Жәдігерлік өнімдер - әрбір кәсіпорынның визит карточкасы. Кішкентай сыйлық, әрбір адамға күнделікті зат – қалам, шақпақ фирманың логотипімен салпыншақ ешкімді немқұрайлы қаратпас.

Көліктегі жарнама – бұл бір брендты тарқатып, ақпаратты жолаушыларға ұсынудың жолы. Жарнаманы таратудың түрлері : ішкі жарнамалық жапсырма, көліктің сыртындағы жапсырмалар. Жарнаманың басқа ең ерекшелігі біріншіден, бренд пен марканың танымалдығы, ал екіншіден, оның көрнектілігі, үлкен аудитория (көлік жүргізушілері, қоғамдық көлікпен пайдаланушылар) және жақсы жағынан аудиторияға әсер ету (тәулігіне 16-18 сағат) көліктердің түрлі-түрлілерімен әрбір қалада халықтың 90 пайызына дейін пайдалануда. Жарнамалық мүмкіндіктер түрлі көліктерде өте кең көлемде қолданады. Көліктегі жарнаманың артықшылығы бұл ғажайып арзаншылық 1-ші жарнамалық жалғасу. Бұл тұтынушының назарын аудару жолы. Теледидар мен радиодағы жарнама – бұл нәтижелі, әрі тиімді ақпаратты мақсатты аудиторияға ұсыну. Жарнама – бүгін тек қызмет түрі ғана емес, бұл өнердің түрі, ұтымды ойдың көрінісі. Теледидарлық немесе радиолық жақсы, сапалы жарнамалық жоба – бұл продюссердің, маркетолог, сценарий жазушы және режиссердің көп еңбек еткендегі еңбегі. Жарнама бұл – алға жылжудың әдісі болса, онда ол ақылды, қызықты және шындыққа сәйкес болуы тиіс.


1

1,3,4


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет