Жусіпбек Аймауытов. Акбілек



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата02.02.2023
өлшемі1,23 Mb.
#167238
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ақбілек Ж.Аимаутов
7 сынып ж мыс ж не уат, Халықтық саз өнерінің тағлымы, Дарынды балалармен жұмыс (1), 8 сыныптағы химия пәнін оқитын дарынды оқушылардың тізімі
Мағұлымнама


«Сартау елінің барлық қанын сорған, байлығын жиып алған Матай
балалары. Себебі 1887 жылы Сартау еліне болыснай, опрабитл болған.
Сонан үшбу уақытқа шақлы еліне өмірінің жүруі бөлек: аптаномиялы,
ханлы ел сықылды.
1. Халыққа тарайтұғын алым-шығын, збор һəм қара шығын,
поштауай ат һəм лау ат, ауылнай старшын сайлану һəм елу басы
сайлану, — баршасы жалғыз Матай балаларының ықтиярында болған.
Осындай өз қолымен сайлап қойған ауылнай старшынлар һəм
народнай судьяларының мүһрлары Əбен Матайұлының қолында болды
да, өзі керек қылған кезінде баса берді».
— Рас па?
— Біз қайдан білейік.
— Тыңда, ендеше.
2. «Ианеде елде ұрыларды көбейтіп, Əбен Матайұғлы олардан
жүйрік, жақсы атлар алатүн. Сол алған атлар осы уақытта қолында бар:
бір шек кер ат — ұры Ақмет Сағынайұғлынан; япас қарагер ат — ұры
Босаға Салықбайұғлынан; ианеде көк ат алған».
— Білесің бе?
— Мен білмеймін.
3. «Ианеда біреуінің қатынын бұзып, босатып басқа біреуге малға
сататүн. Сол ғадатын осы уақытта да істеп отыр: Бейсен Əбішұғлының
қатынын бұзып Құлық Боржықайұлына сатып отыр. Ианеде көп
кісілері билан һəр ауылнайға барып, қонақ болып, ол барған үйінің
малы аса семіз болмаса, оған өзі үкім қылады: пəлен атын, яки пəлен
түйесін əкеп берсін деп. Осы ісінен қорыққан нашар ауылдар өзлері
шақырып семіз малын сойып беретүн».
— Бұ да өтірік пе?
— Ел аралайтыны рас қой.


4. «Ианеде Əбен Матайұғлының малайлары: алты жылқышы,
төртеуі түнге, екеуі күндізге: үш қойшысы, бірі түнге, екеуі күндізге:
бір түйеші, бір сиыршы. Екі үйіне төрт биеші, екі тезекші. Ианеде екі
үйінде малдарын сауатын алты қатынлар. Осының бəріне бір тиын ақы
берген емес. Себебі: қайсыларының жесір дауы, қайсыларының мал
даулары бар, қайсылары қатын алғысы келеді; қайсыларының қатыны
бұзылып жүрген; қайсылары ұры атында; қайсыларын құлым деп
жұмсайды, осындай себеп илан қызмет істеп келеді. Ғұмырынша «тсар
асбободтілден
9
» кейін адамды құл қылып ұстайтын рəсім жоқ еді. 52
жыл болды, Мүсəпір Жайтуғанұғлы құл есебінде болып, жылқысын
бағып жүр, оның балалары құл болып қойын бағып жүр».
— Бұған не дейсің?
— Бұларды бекер деуге бола ма? Бай болған соң малай салмай тұра
ма...
5. «Ианеде 1914 жылы «Көпкөл» деген зауат болған. Ол зауаттың
тас көмір тартатын подретін Əбен Матайұғлы алып бұтына 11 тиыннан
һəм барша крекешлерге бұтына 9 тиыннан қисап берген. Бір мүлиен
бұт тас-көмір тасылған. Сонда барша кірекшелерден 20 мың сом пайда
қылған. Ол уақытта орта қисап илан орта жылқы 20 сом болушы еді.
Сонда барша крекешерден бір мың жылқы пайда қылған болар. Сол
зауаттың опраблайшыны екі иақшы ат беріп, тамыр болып, бір иақшы
мылтығын алды; үш ауызды, алыстан тиетұғын. Ол подрет біліп,
опрабылайш қайтар уақытта тамыр болып берген екі буырлы атты өзі
ұғырлатып алды. Осындай досына опасыздығы бар».
— Осыларды да естімедің бе?
— Естідік қой. Мұның бекері жоқ. Подреттен қанша пайда
қылғанын қайдан білейік? Атын қайта алуы рас қой.
6. «Ианеде 1916 жылғы Сарыадыр жəрмеңкесінде Петрепаблының
көпесі Патқұлланың 30 мың бұт жиған жүн-жабағысын подретке алып,
Ертіске түсіріп беруге бұтына бір сомнан; крекешке 90 тиыннан беріп,
халықтың үш мың сомын жеді. Ол уақытта қой 6 сом еді. Сонда 500
қой пайда қылған болады».


7. «Ианеде 1916 жылғы 25 июнь жарлығы болып, бұратана елден
қара жұмысшы шақырғанда, Қарабас зауатынан Əбен Матайұғлы
қорғасын тартатүн подрет алып, сол подретке кіргізіп, қара жұмыстан
алып қалам деп, кіргізген кісілерінен 96 ат алды һəм ол тартқан
қорғасынның кіре қақысын Əбен Матайұғлы өзі пайда қылды. Ианеде
19 бен 31-нің арасында болған жігітлерінің орнына бала салып һəм
кəрі кісі салып, һəм ауру болып қалғандардан кісі басына бір ат алды;
бермесең, көрсетем деп қорқытып. Осылардан алғаны 140 ат. Төрт кісі
пайда серік боп бөліп алды: Ақып Жамшыбайұғлы, Адамбай
Жүсіпұғлы иане Сейіт Төлемісұғлы...» — деп келе жатып, Жылтыр
міңгірлеп кетеді. Өйткені Сейіт Бекболаттың əкесі еді. Бекболат сасып:
— Жоқ біздің əкей аман шығар...— дей берді.
— Аман болса, аман шығар,— деп Жылтыр тағы оқыды:
8. «Ианеде 1919 жылы дуандағы камендант Алексеевпен тамыр
болып, жек көрген адамдарын абақтыға салғызды. Оларды шығарам
деп кеп ақшасын алды. Камендант Матайұғлын земский сабранияға
председатель сайлады. Мұнан Əбен Матайұғлы Шилі, Шеңгелді
елдеріне барып, қорқытып 30 ат əкелді».
9. «Ианеде осы иыл ағүс айында Калшак өкіметі илан земстба
бұйрық қылды деп, опрабител Аббас Матайұлы елге жариялады: бір
июз отыз мың сом жиып налок салсын деп. Тез жинап салмасаңыз
атрет шығарамыз деп, ауылнай, поштабайларын шапқызып, барша
аталмыш ақшаларны жиып алды. Сол ақшаның үштен бірін салып,
өзгесін болыснай Аббас Матайұғлы, Əбен Матайұғлы һəм... (міңгірлеп
кетеді) һəм ауылнай Жүсіпұғлы пайда қылып отыр деп естиміз...»
— Бұған таласың жоқ шығар.
— Мен оған несіне таласайын? Ақша жиылып жүрді ғой. Бірақ
кім-кім пайда қылғанын кім біледі.
— Білмесең, міне тыңдай бер: ,


10. «Ианеде 1919 жылы ағүс айында Семей барып, Калшак
қазнасымен жақын болып, ғаскерге 300 ат беруге уағыда қылып
қайтты. Үйіне келіп, 70 ат жіберді. 70 мың сомның кезлемесін һəм бір
иуз он мың сомның ақшасын əкелген. Қалған 230 ат үшін Калшак
өкіметі 500 сом перуат қылған. Мұнан соң қазнаға ат жиямыз деп,
елдің яқшы атларын Əбен Матайұғлының қоса берген атларын жібер
деп неше мəрте тілгарам келсе де жібермей ақыры сол 230 ат
Матайұғлының қолында қалып, Ақбанұғлы, Темірбайұғлы, Төребай
балалары һəм... (міңгірлейді) ұғлы пайдаланып кетті...»
— О жолы біздің əкей телімнен құр қалған шығар: араздығының
басы со ғой.
— Оған мен таласпаймын, əйтеуір бірге жүрген кісі ғой.
— Оны нетуге болмас па?
— Жоқ оны артынан сөйлесерміз.
11. «Ианеде Калшак өкіметі жығылып, аклар қашқанда Əбен
Матайұғлының атағына келген бір палкаунік, бір нашелнік канта
жолдастары илан, баршысын алғашқы келген қызылдар ұстап алды.
Бұдан бұрын Степанский полкінің арғы Сарытау сыртындағы
Жаманқала поселкесінен жүргелі тұрғанда, Матайұғлы, Ақбанұғлы,
Ермекбайұғлы, Темірбайұғлы һəм... ұғлы басқа болыстан қанша
жолдаслары бар ақтардың 60 ғаскерін ұстап алған. Бір полемет, қанша
ат, арба, қанша киімлар, қанша ақшалар, — баршаларын олжа қылған.
Ұстап отырған үстіне қызылдар келіп қалып, алған нəрселерді тап деп,
иане өзіңе тəн жылқыңнан бізге екі жүз ат даярла деп бұйрық салған.
Сонан кейін Матайұғлы пленнің нəрсесін жиылған ел таратып алып
кетіпті, кім алғанын білмеймін. Бір кісі қосып берейін, өзлерің кісі
жібер, солар жисын деп сұранған. Полк бастығы үш салдат қосып
беріп, төрт кісіні нəрсе жинауға жіберген. Матайұғлы елден 200 ат
жиғызып бергенде, бұлар арық ат нашар елдікі, өзіңнен 200 семіз ат
бер деп қаһарлы бұйрық қылған. Елден тағы ат жинап жүргенде
полктың жүретұғын уақыты болып алдыңғ 200 арық атпен жүріп
кеткен. Сол аттар баршасы кетті. 10 ат қайтқан еді, оларды Матайұғлы
иесіне бермей алып қойды; себебі лаушыны мен жібердім деп. Плен


нəрсесін жиған үш кісіге үш мың сом, бір полемет беріп, қалған қанша
қару-жарақ, бұйымларны жоғарда айтылмаш үш-төрт адам пайда серік
болып бөліп алды».
— Бұған не айтасың?
— Ақтың нəрсесінен пайда қылды ғой жұрт.
12. «Мүнден кейін елге сайлаушы шықты. Сарытау еліне келген
Шамен Айдарбекұғлы Матайұғлы илан сөйлөсіп 20 жылдан бергі 3-
нші ауылнай старшыны боп жүрген Жүсіпұғлын болыснай репком
сайлады. Шар жоқ, ауызша сұрау жоқ, бір болыс елдің барша ауылнай
репкомларын да жазған. Матайұғлы жаздырып жіберді. Мүнден кейін
сойысқа 40 өгіз берсін деген бұйрық келді деп, өгізі бар 40 кісіге
бөлдік деп мелитсемен жиып алды...»
— Бұл рас. Біздікінен де бір өгіз алды.
«Сол малдарға қазына ақша бергенін де білмейміз. Берсе де
өзіміздің жалмауыздар жеп қойғанын да білмейміз».
13. «Ианеде Матайұғлы екі жерге қыстау салып отыр. Біреуі Шақат
бұлағындағы Əлкебай балаларының, Қорабай, Боқсарыұғларының...
жерін тартып алып, екінші көл басында, күн батыс жағында Құрман
балаларының күн шығыс жағында Тойбазар балаларының жерін
тартып алып, тамам нашарларды жылатып, қаңғыртып отыр. Ианеде
Əлкебай балаларының қора-мүлкі бар еді. Екі бөлмелі үй, қанша қора
жабдық: есік, терезелерін өзіне бермей жылатып отыр».
— Бұ да өтірік пе?
— Қыстау салып, жер алып отырғаны рас қой.
14. «Ианеде бір қыстауынан бір қыстауын аударыстырып салатын
ағаш үй иане түрлі жұмысларын елден жігітлер жинап, ақысыз олар
жұмыс істейді. Өз үйінен тамақ жоқ, маңайдағы ауылдарға бұйрық
салады: біз қонамыз, қымызын жиып, семізін даярлап отырсын деп.


Халыққа зияны тимеген күні бір топ кісімен бір семізді сойғызып жеп
кетеді».
15. «Ақыры Сартау елінің қазағы — қой; Əбен Матайұғлы қасқыр.
Қой қанша көп болса да қасқырға қарсы келе ала ма?
Осы аталмыш залымларды елге жолықтырмай, бір орынға жиып
қойып, бір ғаділ адам үй басынан жүріп жауап сұраса, баршалары
басынан кешкен оқиғаларын айтар еді.
Мағлұм қылғандағы мақсұтым: Ғадалатлы өкімет, ғадалат,
марқамат етсе, көп халықтан тəңір жарылғасын алсын деген.
Мен мағлүм қылушы сіздерден тіленемін: мені Əбен Матайұғлына
білдірмесеңіз екен; Матайұғлының қаһары қатты еді. Мені сау
қоймайды ғой.
Дайу мағлүм бергуші.
192х жыл, 20 май.»
Жылтыр арыз оқып болды да сұқ қолын ортан қолына тіреп,
тырнағымен арызды бір шертіп қалды:
— Міне, мынау 15 пакт, 15 статия көтіне тас байласа да,
сүркілдетпей ме?! — деді.
— Біз қайдан білейік, қара кісіміз ғой, — деп, Бекболат алақанын
жайды. Өйткені мынау арыздан өзі де шошынайын деді.
Соңғы кезде Бекболаттың əкесі Əбенмен араз еді. Себебі Калшак
тұсында жиылған ақшадан, 300 атқа алынған бұйымнан мəз телім
бермеді деп өкпелеген. Сол өкпемен Əбеннің бір шақырғанына
бармаған. Қорықса өзі тығылар деп қырық өгіздің тұсында
Бекболаттың əкесінен бір өгіз алдырған. Сейіт оған ығыспаған. Содан
кейін Əбен Сейітпен ауылнайлас Дүрбеуіл дегенді қолына ұстап адам
қылған. Сейіт Дүрбеуілге ел билетпеймін деп ауылнай ішінен партия
ашқан. Дүрбеуілге Əбен атсалысқан. Дүрбеуіл жақтағы біреудің


Сейітке тəн біреуде ақысы бар деп, мелитсе жіберіп бір сиырын
қудырып алған. Сейіт баласын жіберсе де, сиырды қайырмаған. Содан
былай Əбеннің Сейітке тізе көрсетуі көбейген. О жақтың қатындарын,
жесірін кетірткен, жер дауын туғызғаны, аласыларын бергізбеген,
барымта кірістірген — əйтеуір пəлені еккен. Сейіт Əбенге қарсы
тұруға қармаулы сүйенер ем болмай, бата соға алмай жүретін. Жақын
арада осы Жылтырдың қуғынымен Əбеннің қойған болысын түсіріп,
оның орнына қаладағы Күреңбай деген көменес етікшіні болыс
сайлатқан еді. Жылтыр «өзі қойған» Күреңбайын салғаннан Əбенге
қарсы шығарып, бұрынғы ауылнайларды түсіртіп, өзіне тəн
адамдарынан қойғызып еді. Бұрын ел билеп көрмеген етікші қалай
үйретсе де, Əбенге төтеп бере алмай, елді меңгере алмай есі шығып
жүр еді. Кешегі пошта тартып алуы да «жаман болысты»
басынғандығы ғой. Бекболат Жылтырға жолыққаннан бері, бұл
əңгімелерге əбден қанған. Енді Жылтырды өзімсініп:
— Біздің отағасы да Əбенге наразы адамның бірі ғой: əлгі арыздан
о кісіні шығарып тастауға болмас па екен?— деп сұрады. Бекболаттың
аңқаулығын сезе қойды да Жылтыр:
— Е, əбден болад,— деді (алдақашан жіберіліп қойғанымен
жұмысы жоқ). Heгe десең, Жылтырға ел керек қой.
Бірақ Жылтырдың жымиғанын Бекболат та сезді; əлгі сөзді
байқамай айтқанын біліп:
— Бірақ ол арызыңыз жіберіліп қойған жоқ па?— деді.
— Е, ол арасы оңай, ретін табармыз,— деді.
— Ретін тапсаңыз дұрыс,— деген болды. Ар жағы Жылтырға
сенбеді.
Бекболаттың Жылтырға сенбейтін де жөні бар ғой. Қалай сенсін?
Жылтыр аты шулы ала аяқ. Оның қылмаған бұзақылығы жоқ. Ол
əуелде Матайдың Əбеніне тілмаш болған. Əбенмен бірігіп елді
қанаған; Əбенге шəкірт болған. Ол қазынаның ақшасын да жеген;


талай адамдардан «қарызға» ақша алып, дəт дегізген. Төңкеріс кезінде
елге сайлаушы боп шығып, параны өкірткен. Бір тайпы ауылға түгел ет
ас деп əмір қылып,— еттеріңді өздерің же — деп жүріп кеткен күндері
де болған: ұлықтығын көрсетпекші ғой. Ол шалқасынан жатып, жеті
қызға аяғын жуғызған. «Кемесермін», «Болдомошнмын», «бұйрығым»
бар, «мандатым» бар деп елден салық та жинап алған. Ол түгілі бұ
Жылтыр кісі де өлтірген; ұрлық та қылған, падлок мер, падлок
документ алу да мұның қолынан келген. Оның бүлдірмеген елі,
екпеген пəлесі жоқ. Ол абақтыға жүз түсіп, жүз шыққан... Ол — бір
сынап. Оның өтірігіне найза бойламайды. Ол бір — су; орысшаға да,
қазақшаға да бірдей. Ол талай қызды алып қашқан, талайды тастаған;
қатын алу, тастау оған тымақ ауыстырып кигенмен бір есеп. Оның
басына қандай тас тисе де, бір қайтпайды; ұрған сайын борсықша
семіреді. Қашан көрсең де, көзі ойнақтап, пұшықтау мұрнының жұқа
танауы делдиіп, дөңес маңдайы жалтырап, қунақ құланша
атығырылып тұрғаны. Өзі де орта бойлы, арам ет жоқ, қағылез, сайтан
секілді ұшып тұр. Жүріс-тұрысына, бет құбылысына, қол сермесіне
көз ілеспейді; бір минутте жүз құбылады.
Бекболат бұрын Жылтырды ала аяқ деп еститін. Бірақ өзі көрген
емес еді. Енді Жылтырмен таныс болған соң: «Мұндай да адам болады
екен-ау! Бұларға өлім жоқ-ау» деп таң қалып жүрді. Əйтсе де: «Бұ
кəпір əлде қай жерде аунатып кетеді?» — дегендей қауіпсінді. Бет-
ауызы да, өзі де, сөзі де жып-жылмағай; қолға ілінерлік, табан тірерлік,
түк кедергісі жоқ, жылтыр мұздың үстінде тұрған кісідей болды.
«Не де болса, ауруханадан кетсем екен; елге, кеңге шықсам екен.
Байсалды қазақты көрсем екен; мынауың құрып қалсын! Адамның
басын айналдырып жіберді ғой»,— деген оймен Бекболат ауруханаға
кірді. Кірсе — дəрігер киініп кеткелі жатыр екен:
— Мені қашан шығарасыз?— деп тағы сұрады. Дəрігер:
— Ертең, ертең,— деп басын шұлғыды.
Бекболат көңілін бір демдеп төсегіне келіп жантайып, Ақбілегін
тағы ойлады...


Ертеңінде сəскеде дəрігер жарасын көріп, дəрі сеуіп, қайта байлап,
шығуына рұқсат берді. Əкесі — атқа мінесің, тойға барасың деген
балаша қуанып кетті. Аурухананың киімдерін тастап, өз киімін киген
соң, адам сияқтанып қалды. Тысқа шығып, шапанының өңірін сілкіп,
жауырынын қимылдатып, қапастан шыққан құстай қомданып алып,
артына қарамастан қаздаңдап жөнелді.
Күн бұлттау. Түнде жаңбыр жауып, жер сабыр боп қалған екен.
Таныс қала, таныс көше. Олай-бұлай өтіп жатқан матүшке, салдат.
Үйез кеңсесінің алды толған қазақтың аттары...
Бекболат екі-үш көшені айналып, салған бойымен Төлегеннің
пəтеріне келді. Төлеген үйде жоқ, қызметінде екен. Қазаншы матүшке
ас үйде тамақ істеп жатыр екен:
— Аман, аман,— деп тани кетті...
— Е, етті кеп асып жатырсыңдар ғой.
— Қонақ келеді.
— Қандай қонақ?
— Камисар, кеп камисар.
— Мен де қонақ болам,— деді күліп.
— Жарайды. Арақ кеп, шошқа бар, — деп матүшке қалжыңдады.
— Қой, шошқаң құрысын!
Матүшке күлді. Бекболат кер-жерді айтып тұрып, арғы ас үйге
қарай жөнелді. Матүшке:
— Ей, аяғың сүрт! — деп жеңінен тартты. Өйткені тақтайды жаңа
жуып қойған екен.


— О, құрып қал! Аяғым таза,— деп босағада жатқан дымқыл
кенепке аяғын сүйкеп, арғы бөлмеге кірді.
Тап-таза екі бөлме. Ауыз бөлме, ортада үлкен үстел. Жағалай
орындық. Бұрышта ілуі Төлегеннің киімдері, екі шалбар, бірі қара
шұға бірі көк диягнал, күзен ішік, брезент сулық, шолақ камзол, сырма
шалбар. Соңғы екеуі Төлегенге киюге лайық емес. «Мұны қайтеді
екен», — деп ойлады.
Бұл бөлмеде біраз отырып, киімдерді көтеріп көріп: — осының
бəрін бір өзі кие ме — дегендей басын бір шайқады да, жоғарғы
бөлмеге кірді.
Қос əйнектің арасында көк шұға жазу үстелі тұр; ортасында төрт
бұрышты, бұрыштары былғары қалың қызыл қағаз, жез қақпақты, төрт
қырлы тас дəуіт; оның екі жағында екі жез шамдал; қалам
қыстыратын, шылым салатын тағы бірдеңелер; үстелдің ірге жағы
қаттаулы кітаптар, қарсы қабырғада, бұрышта жалтыраған, солқылдақ
крауат, ақ жастық, мауыт көрпе, крауат алдында, жерде кішірек қызыл
масаты; қабырғаларда үлкен-үлкен үш-төрт сурет; крауаттың аяқ
жағында айналы шкаф, жұмсақ барқыт қаптаған алты орындық.
Мұнша аспаптар қайдан келген? Осының бəрін Төлеген ақшасына
сатып алған деп ойлайсыздар ма? Жоқ. Төлеген мұның бəрін кеңседен
алған; кеңсе қаланың байларынан жиналған; өйткені қызылдар
келісімен байлардың мүлкін қазынаға көшірген ғой. Төлеген сияқты
есебін тапқан қызметшілер қазынадан пайда қылмай тұрсың ба?
Төлегеннің алатын да жөні бар ғой. Ол өзі протком (азық-түлік) деген
кеңседе кемесардың орынбасары. Өйткені Төлеген жылы жерді біледі
ғой. Жақсы киім, жақсы тамақ проткомшілерден табылады ғой.
Бұлардың қайдан келгенін Бекболат қайдан білсін? Төлеген қара
басына құнтақты жігіт екен деп ойлайды. Анығында да Төлеген
құнтақты жігіт еді. Жақсы тұрғанды кім жек көреді? Сонда да Төлеген
«Ел пайдасы» деген сөзді аузы айтқаны болмаса, ар жағы өз пайдасын
көбірек қарастырушы еді. Ол қазаққа обал болар демеуші еді: елден
лау, азық-түлік, салық жинайтын болса, кемесардың айтқанын екі
қылмауға жанын салар еді. Жиналыста еш уақытта айтысып,


тартыспаушы еді; өз ойын жарыққа салудан өлгенше сақтанар еді.
Өзінен үлкен əкімге жағынудың ілімін əбден білген еді. Бірақ өте ақ
жарқын, жайраңдаған жігіт еді. Анамен де, мынамен де «Ə, табарш»—
деп өтірік күлгенсіп, иыққа қағып сөйлесер еді.
Өзіңдей жастар партияға жазылып жатса да, Төлеген əлі жазылған
жоқ еді. Жазылмауында есеп бар еді: қызылдар құлап қалса, кім
біледі... одан да байқай тұрайын деп ойлаушы еді.
Алайда партияға кірген жолдастарымен пікірі, қызметі, ым-жымы
бір еді. «Пікір» дерлік Төлегенде пəлендей пікір де жоқ. Көптің
ауқымы оған пікір; коменестер не айтса — құп. Алайда Төлеген
пікірсіз жігіт емес. Онысы — рушылдық пікір еді. Қызметке адам
сайласа, елге кісі жіберілсе, елден шығын жиылса, өз еліне, өз
тұқымына бүйрегі бұрып отырар еді. Бірақ ол бұрғанын өмірі
сездірмей, еппен іс қылар еді.
Төлеген қолы ашық мырза еді. Əсіресе, оның мырзалығы жолдас
арасында көрінеді. Жолдастары түгелдей «Протком» деуші еді.
Проткомнен табылмайтын нəрсе жоқ: киім-тамақ, — бəрі сонда ғой.
Төлегеннің протком болуы өзіне де, кейбір жолдастарына да теріс емес
еді. Оны екі жағы да сезуші еді. Сондықтан Төлегеннің тұрмысы тəуір
боп жатқанын көрген сайын, олар жымиып:
— Əй, сен мыналарды қайдан тауып ала бересің?— дегенде
Төлеген де мырс етіп:
— Е, елді-күнді, табылады ғой,— дей салушы еді.
Міне, бүгінгі Төлегеннің қонақ шақыруы да сол жағынудың
салдары еді. Жағынбай қайтсін? Шешесін өлтірткен, қарындасын
масқаралатқан Мұқаш туралы партияда сөз бопты. «Мұқаш еңбек
сіңірді: оны бір жақсы орынға қою керек» десіпті. Қандай орын беруді
ревкомге тапсырыпты. Ревкомдегі — Балташ. Кім біледі. Балташ
кедейшіл, бір беткей жігіт. Мұқашты Сартауға болыс қылып жібере
ме? Жəне Əбен бай болыспен, шатақтасып жатқаны мəлім: Сартау
болысын өзгертпей тұра ма?..


Мінекей көк сүркейе қалпағының астынан қара бұйра шашы мен
тышқан көзі бірдей көрініп, мұрты қырылған көк аяз ерні өтірік
жымыңдап, жуан партпелін қолтықтап, əсем киімді Төлегеннің өзі де
келді. Келе жатып, матүшкесінеп оны-мұны сұрап, үй-ішін түгел
шолып:
— Беликолепно, беликолепно,— деп сөйлеп кірді.
Оның дауысы шығысымен Бекболат орнынан тұрып, алдынан
қарсы шықты. Екі бөлменің арасындағы табалдырықта қарсы
жолығып, Бекболат сəлем берді. Төлеген қолын созса да,
табалдырықтан өтіп барып қолын ұстап амандасты. Неліктен екені
белгісіз: «Табалдырықта тұрып амандасқан кісі араз боп кетеді» деген
орыс əйелдерінің ырымы сол арада ойына түсе қалып еді.
— Е, аман-есен шықтыңыз ба?.. Жақсы болды... Қызметтен қол
тимей, барып тұруға да болмады, — деп соңғы кезде көңілін сұрай
алмағанын шайып-жуды. Онысы да өзінше есебі ме, кім білсін...
Партпелін үстелге қойып, ауыз үй жаққа барып, матүшкесіне
бірдеңе тапсырып, қайта келе жатып:
— Ел жақтан хабар бар. Сіздің ауыл да аман дейді... Біздің отағасы
да... — деп келе жатып, əнтек кідіріп: — Жақсы, көңілді болса керек,
— деді. Онысы қарындасының табылғанын естіртпек болғаны еді.
«Қалыңдығың табылыпты» деуге өзін қайын аға көріп, туралап айта
алмап еді. Оны Бекболат та сезе қойды:
— Иə. Естідім. Жақсы бопты, — деді.
Төлеген Бекболаттың Ақбілектен əлі көңілі айнымағанын сезіп,
тəуір көріп кетті. Тəуір көргендігін немен білдірерін білмей:
— Шылым тартасыз ба?— деп, қалтасынан күміс табетерткесін
шығарып, əдемі шылымын алдына жайып қойды.
Бекболат шылым тартып машық қылмаса да алмауды қолайсыз
көріп, екі бармағының ұшымен қолы əнтек қалтырап, шылымдарын


шəшіп-төгіп бірін алды. Екеу-үшеуі үстелге түсіп қалып еді:
— Оқасы жоқ, оқасы жоқ,— деп Төлеген Бекболаттан бұрын
жинап, сауытына сала қойды.
Мынадай құрақ ұшып тұрған «оқымысты» қайын ағасын көрген
соң Бекболаттың көңілі Ақбілекке бұрынғыдан да бекіген тəрізденді.
«Мынадай қайын ағасы, анандай қалыңдығы бар жігіттің не арманы
бар?» дегендей, əнтек мақтаныш кірді. Бір жағынан өзі қарапайым
қазақ болғанына «оқымысты» қайын ағасының алдында қорынайын
деді. Əлгі қолының əнтек қалтыраған себебі де сол еді.
Төлеген қоржын шалбарының қалтасынан жұпар иісі мүңкіген ақ
орамалын алып, олай-бұлай аяңдап жүріп, мұрнын шұқылап сүртті.
Бекболатқа оның бұ жұмысы да «үлкен төренің» қалпы тəрізді
көрінді. Келген кісімен сөйлеспей отыруды тағылық деп білетін
Төлеген күйеуімен тіл қатыспай отыруды қолайсыз көріп, аяндап
мұрнын сүртіп жүргенде; не тақырыпты сөйлеуді ойлап жүр еді.
Сыпай сөз осы болар деп:
— Бұ күн бір қонақ шақыруға қам қып жатыр ек. Дер кезінде
жақсы келдіңіз,— деді. Қазақтың дəм үстіне келген адамға «Мақтап
жүреді екенсіз» дейтін мəтелін айтқысы келсе де, оным тым
қазақылық, тым ақтарылғандық болар, қайын аға басыма, оқыған
басыма лайық болмас деп, өзін-өзі тоқтатты. «Жақсы келдіңіз» дегенде
Бекболат та бірдеңе айтқысы келіп, қозғала түсіп, орынды сөз таба
алмаған соң, «Ниетім түзу ғой» дегендей, ажарланып:
— Ə! — дей салды.
— Губернеден бір азаматымыз келіп еді. Оны да шақырып едік,—
деді. Оны айтқаны: бір есептен жақындықты білдіру үшін; өз əлемінен
де хабар бергені еді, екінші губерне азаматтарымен де əріптеспіз
дегендей, күйеу баласына кішкене қоразданбақ еді. Əйтеуір сөз
қатайын деп, Бекболат қозғалыңқырап:
— О кім деген жігіт?— деп сұрады.


Төлеген ол келген Ақбала деген, Губрепком мүшесі екенін білдірді.
Осындай сыпайы сөздермен біраз отырған соң, Төлеген: —
Тамақты білейінші,— деп ауыз үй жаққа кетті. Жалғыз отыруды
қолайсыз көріп, Бекболат та бой жазуға қораға шықты.
Қонаққа алдымен Ықаң мен Тыпаң келді. Төлеген алдынан шығып:
— А, Ықа, келіңіз, — деп қолын ұстап, орындық ұсынды.
Бекболат та қолын көкірегіне басып, сəлем беріп, қолын ұсынып
еді, Ықаң көзілдірігі арқылы сүзе қарап, қу сүйек мықыр қолымен
бостау ұстап:
— Аманбысың,— деді.
— А, Тыпа, келіңіз, — деп Төлеген шотбақ қара кісіге орындық
ұсынды.
Бекболат Тыпаңды тани кетті. Екі қолымды бергенім қата болды ма
деп, жеңін сыбанып, қалақтай алақанын Тыпаңның жып-жылы,
жұмсақ уысына қырынан сұға қойды.
Тыпаң көзінің астымен бір қарап:
— Аман ба, шырағым!— деп иегін болар-болмас қозғалтып,
Ықаңның қасынан орын алды.
Төлеген екі қонағына жайраңдап:
— Қанша айтқанмен бұрынғының кісілері қамшы салдырмайды-ау!
Жақсы келдіңіздер!— деп білезігіндегі көздей сағатына қарады.
Төлегеннің сөйлеуі-ақ мұң екен, Ықаң үлкен қылмысты боп қалған
кісіше шошып кетті, көзін бажырайтып, аузын үңірейтіп:
— Ерте кеп қалдық па?— деп басын қалтаң еткізді. Ықаңмен
жарыса Тыпаң да:


— Белгілі қазекем баласы емеспіз бе? «Ет дегенде бет бар ма?»—
деп Ықаңа бір қарап, қарнын бүлкілдетіп күлген болды.
— Жоқ, ерте емес. Алдымен келгендеріңізге қуанып айтам, деп
Төлеген жылмаңдап: — Мінекей, тартыңыздар!— деп, манағы күміс
сауытын ашып алдарына қойды.
— Е, бəсе!— деп, Ықаңның көңілі жайланды. Көнетоз шолақ қара
бешпентінің қалтасынан ұзыншақ ақ қалбырын алып, ептеп ашып
алдына қойып жатып: — Рахмет!.. Мен өз темекімді тартпасам,
қанбаймын,— деп орысша бір-екі сөз қыстырды.
Тыпаң орған шабындының түбірі бейнелес шашын бір сипап,
мəукіл басын бір шұлғып, быртық саусағымен бір шылым алып:
— Бізге табылғаны бола береді,— деп, бопылдатып алып, сора
бастады.
Ықаң ақ қалбырынан төрт бұрыштап қиып, қаттап салған қағаздан
бармағын жалап, бірді алып, қиыршық темекісін баптап орауға кірісті.
Шылымын жуантық қып орап, қайта-қайта жалап жапсырды да,
шүмекке шөметай орнатқан анаша, ыс болған шолақ түтігіне нығарлап
бұрай сұғып, жілік тістеген Майлыаяқша бір езуіне ырсита қыстырды.
Сонан кейін қаттаған уақ қағаздарын темекінің үстіне салып, қақпағын
мықтап жауып, манағы қалтасына қалбырын жайғастырды. Мына
қалтасынан оттығын алып; қабын сол бармағымен мықтап ұстап
тұрып, оң қолымен шырпының тұмсығын шарықтың қажалған жеріне
дəл тигізіп тұрып, сермеп кеп қалды. Оттық пыс ете түсті.
Ықаңның шылым жасап тартқанына Бекболат қарай қалды.
Өйткені Ықаңның шылым жасап тартқаны үлкен тақуалардың
баптанып дəрет алып, намаз оқығанынан бір кейін қалған жоқ.
Мойнындағы бір ауыр міндетті атқарғандай, өмірдің бір мақсұты сол
шылымда тұрғандай, сонша ықыласын қойғаны Бекболатқа жат
көрінді. Ықаң шылымын тұтатқанда, əуелі аузын толтырып, түтінді
жөдемелете будақтатып жіберді. Оны көргенде Бекболаттың көзіне
кешке таман басына күл шашқан бұқа елестеді. Сөйткенше болмады,
жел тұрып, түтін азырақ серпілейін деді. Ықаң тұтатып алған соң,


аузынан жел жіберіп, түтінді айдап, шылымын сұқ қолы мен ортан
қолының арасына қысып, рахаттанып отыр екен.
Əлде біреу Ықаңның шылым тартқанын осынша сөз қылғаны несі
дер-ay! Десе жетпегендігі де. Мұнда үлкен мəн бар. Көңілді қына,
көзіңді торта басса, күйінсең, өкінсең, қайғыңды ұғар, сөзіңді тыңдар
жан болмаса, қайғыға қарсы тұруға қайратың жетпесе, ішке толған
қапырықты шылым, насыбай, апиын, арақ болмағанда немен сейілтер
едің? Дəрігерлер темекіні де, арақты да, апинды да у дейді, денеңді
улайды, тамырыңды қуалайды, қаныңды бұзады, дертті қылады,
жасыңа жетпей кəртейтеді, өлтіреді дейді. Əлде көңілдің шері у емес
пе? Ол жаныңды жемей ме? Əлде мейірімсіз, қорлық, зорлық жауыз
өмір у емес пе? «Зəрдің басын зер алар» деп неге айтыпты. Əлім де,
ілім де удың зиянын өзгелерге айта берсін. Біз Ықаңның шылым
құмарлығын cөгe алмаймыз.
Cөгe алмайтынымыз: Ықаң (шын аты — Ыстыбай ғой) бұрын
үлкен қалада тұрып, атбекеттік құрып, арғымақтың, арақтың игілігін
көрген, орыстан қатын алған. «Керекең» тұсында Құрылтай
мүшелерінің тізіміне де ілінген. Өзінше болған-толған кісі ғой.
Қызылдар келісімен, сол салтанатты тұрмыстан жұрдай боп, шаштың
ағында, өлер шағында «Ел тауып» осы қалаға келсе де, пəтер, отын,
үй-сайманға жарымай, қызына пəлте, ұлына етік таба алмай, кəрі
кемпірі күнде құлағын мұжушы еді. Өзі бір, бөлімнің бөлімшесінде
(подотдельде) орынбасарлық қызметін атқарушы еді. Ықаң қайдан
оңсын? Ащы темекісін бипаздап тартпағанда, Ықаң енді не бітіреді?
Қой Ықаң байғұсты не қыласыз? Тыпаң болмаса.
Тыпаң міне жаңа бəтеңкесін көлденеңдетіп, екі аяғын айқастырып
отыр ғой. Қарашұға шалбары да (ескінің жұрнағы ғой), қоңыр пенжегі
де əлі сыны кете қойған жоқ, қайырма жаға тақталы көйлегіне қара
шұбар галстук те тағып қойыпты. Тыпаң деп отырғанымыз —
Тышқанбай деген кісі ғой. Ықаңдай үлкен оқулы болмағанмен, бұрын
орын тепкен, беделді кісі болған соң, жұрт «Тыпаң» деп кеткен ғой...
Ықаң да, Тыпаң да «дəулет құсы» бастарынан ұшқан адамдар еді.
Ықаң жаңа тəртіпті түгелімен жаратпаушы еді. Өйткені омырау
балшебек келді де— баяғыдан бергі қызметті де, абырой-атақты да,


əдет-ғұрыпты да талқан қылды; оқығаның, білгенің де, сақалыңның
ағы да бес тиын тұрмай қалды. Одан да жаман пəлесі «пенсие» бола
ма, жоқ па, — қараңғы. Оның үстіне бірдемесімен жасты бала-
шағаның «ұлық» болып олай қыл, бұлай қыл — деп бұйырғаны-ақ
батып барады. Төлеген сияқты құдайға қараған біреуі болмаса,
Балташтар, əне бір қыли көздер кез келгенде сəлем де бермейді. Ал
Тыпаң көр-жерден «Безабразия, пəлен-түген»...— деп қабағын
түкситіп будырағаны болмаса, сəбет өкіметіне пəлендей қарсылығы да
жоқ, сығалап қызмет қылып, көндігіп келе жатып еді. Өйткені, Тыпаң
тесік табатын епті кісі ғой. Ал Ықаңда ондай еп жоқ. «Но!» деп бірақ
өлетін кісі ғой.
Айтпақшы, Ықаң мен Тыпаңның жасы туралы түк айтпаппыз-ау!
Ықаңды елуде десең де, алпыста десең де үлкен қаталасқан кісі
болмаймыз, өйткені маңдай терісі құрысып, бет-аузы тырысып, көзіне
тарта байланып тұратын кісі ғой. Ал Тыпаңның жасын адам біліп
болуы қиын, өте құбылмалы еді. Өйткені анкет толтырғанда қырық
бесте болып шығушы еді де, жасырақ əйел отырғанда отыз, отыз
бестерге түсіп қалушы еді.
Төлеген қазақшылығы ұстады ма, немесе бір күніме керегі болар
деді ме, жастардың қатарында бұл екеуін қонаққа шақырған еді. Оған
бұлар «біз де жас екенбіз»— дегендей, əлдеқандай боп, дардиысып
келіп отыр еді.
Тыпаң қыбыржып қарап отыра алмайтын кісі ғой.
— Қалай, Төлеген, қызмет жақсы ма?.. немене, əнеугі
қалашылардың астығын қайтарттыңдар ма?.. Бұлар тіпті безобразия
ғой,— деп қазаққа қабырғасы қайысатынын білдіріп, зорлық, жəбір
көрген қазақтардың арызын сөз қып отырды. Тыпаң əлде бірдеңені
көптіріп айтқанда, Ықаң көзін ежірейтіп:
— Е, разбе!? Е, разбе?! — деп таңырқағанын білдірді. Ықаңның
таңырқайтын да жөні бар, өйткені баяндама, отшөт, анкет, нұсқау
секілді есепсіз мол қағаздың ішіне кіріп кетіп, басы қатып, сыртқы
дүниеде не болып, не қойып жатқаннан хабары кем еді. Дала


қазағының не күйде жатқанын сұрап білейін деген пəлен ойы да жоқ
еді.
Əңгіменің көбі жалақы, пəтер, отын, темекі, — қысқасы күн көріс
жайынан болды. Сөйтіп отырғанда, жуан партпелдерін қолтықтаған
өңшең қылқан кескендей жас кемесерлер де келіп қалды. Бұ келген
төрт жігіттің бірі: қошқар туған қозыдай келбетті, бітімді Ақбала еді;
енді бірі келбетті де, киімі де қоңырлау, жүріс-тұрысы да солапаттау
Балташ деген жігіт еді; одан соңғы дердек ерін, жалпақ мұрын, бір
көзін аса, бір көзін баса қарайтын, Доға деген қара бұжыр жігіт еді.
Төртінші — Доғаның жанында ершіктей, Балташтың жанында шаппа
шоттай жылмырайған Жорғабек деген кісі еді. Анау гүбірнеден келген
Ақбала, мынау уездің бастығы Балташ, Доға — «Əкболбас»
10
,
Жорғабек — жер бөлімінде қызмет етеді. Кемесерлер саусылдап кіріп
келгенде Төлеген:
— Ə, келіңіздер, келіңіздер! — деп, алдарынан жүгірді. Біздің
Бекболат та ұшып түрегеліп, босағада қаздиып тұра қалды.
— Ə, — деп Тыпаң да қутыңдап түрегелді.
Ықаң тұрудың да, отырудың да есебін таба алмай: «Е» деп
күшеніңкіреп, орындықтан бөксесін тиер-тимес көтеріп бүкшиді.
Тыпаң бір-екеуінің қолын ұстап, қалған екеуіне:
— Бүгін біз көрістік қой? — деп өтірік жымиған боп жатыр.
Ақбалаға қарап Ықаң басын қылқың еткізді. Бер шегінде тұрып
Бекболат та қалақтай алақанын қырынан жапсырып жатыр.
Кемесерлер қалай болса солай партпелдерін лақтырып тастады.
Балташ кереуетке барып серең ете түсті. Жорғабек Тыпанды сағалап
орын алды. Ақбала отырмай, үстелдегі кітаптарды алып, аша бастады.
Доға əйнек алдына жеке отырып, бір көзін қысып қойып шылым
тартты.
Өңшең жақсы киінген төрелер кие-жара келіп, үйді билеп кеткен
соң, Бекболат қымтырылып, əрқайсысының бетіне бір қарап, босаға


жақта тұрды да, орындықтың шетіне таман ептеп отыра қалды.
Төлеген бір кіріп, бір шығып, ауыз үйге барып, пышақ-
шанышқыларын сылдыратып, тамақ дайындатып жүр.
Ақбала бір кітапты қолына ұстап тұрып:
— Ей, мынада Каутский де бар ғой, — деді. Төлеген ауыз үй жақта
жүріп:
— Бізде Энгельс те бар, Маркс болудан да дəмеміз бар, — деді.
— Уай қойшы! Маркс болып жарытпассың,— деп, төсекте жатып,
Балташ кекете сөйледі.
Жорғабек пен Тыпаң ымы-жымы бір кісіше бастары тиісіп,
күбірлесіп, күлісіп бірдеңе айтысып отырды. Teк арақтың жайын
сөйлесіп отырды білем, Жорғабек:
— Ішуге неге болмасын?— деп қалды.
«Бұл мəжілісте адасқан қаздай ана шетте жалғыз қалған Ықаң, бұ
жақта Бекболат еді. О кісі төмен қарап тағы да шылым жасауға кірісіп
еді. Шылымын тұтатып алған соң, Ықаң теріс қарап аяңдап жүрген
Ақбаланы нұсқап, Тыпаңды ақырын түртіп:
— Бұ қай бала? — деп сұрады.
— Губревком члені, Ақбала деген жолдас,— деп Тыпаң аузын
толтыра жауап берді.
О кезде губревком члені естімеген кісіше, өлең айтқан боп
ыңылдады. Аяндап жүріп əдемі кереуетке, масаты кілемге, барқыт
орындықтарға көзі түсті, қабырғадағы хлупі Ленин, Троцкий
жолдастардың, олармен қатар Төлегеннің суретін де байқады; шкафты,
үстелді, ана жақтағы киімдерді де шолып өтті. «Тұрмысың жарайды,
жігітім! Қонақ шақыратын жөнің бар екен» деген мəнде аяңдап жүріп:
— Ым-ым... да, — деді.


Уездік жерде кімдер қызмет қылады? Кімі қалай тұрады? Кімге
сенуге, кіммен істесуге болады? Олар немен шұғылданады? Қандай
кітап оқиды? Орыстармен арасы қандай? Кедейшілі, байшылы, адалы,
арамы қайсы?.. Міне, мұндай нəрселерді білуге Ақбала құмар еді. Əлгі
олай-бұлай аяндап, əр нəрсеге көз салғанда, «Ымда» дегені — «Сенің
жайынды да білдік» дегендей бір қорытынды пайда болып еді. Ақбала
тұтқиылда Балташтың қасына тоқтай қалып:
— Мұндағы байлар тегі жақсы тоналған ғой?— деді.
Үйдің төбесіне қарап, шашын үрпите уқалап, «Сен көменес болсаң,
мен де көменеспін» деген түрде шалжиып жатқан Балташ оқыс
сұрауды естіген соң, еңсесін азырақ көтеріп, мойнын қыңырайтып, бір
көзін сығырайтып:
— Е, сыболыштарды өкіртті ғой!— деді. Онысы «Бай итті қанша
тонаса да, менің қыртыма келмейді» дегені еді. Өйткені Ақбаланың не
оймен сұрағанын білмей, өзінше, байшыл, кедейшілдігімді сынағалы
сұрады ғой деп жорып қап еді.
Сұрауына Балташтың теріс мəн бергенін Ақбала сезе қойды да,
оған сенімін сездіргелі:
— Сол мүліктер орыстардың қолында кетті ме, қазақтардан да
пайдаланушы болды ма?— деп сұрады.
Бұл сұрауға бəрі де құлағын тігіп аңтарыла қалды. Балташ барқыт
орындықтарға қарап:
— Е, мекемеге келген мүліктен біздің кейбір жігіттердің де алып,
ұстап жүргені бар,— деді.
О кезде ана жақта жүріп, құлағы шала-шарпы шалып қалған
Төлеген де жетіп келіп, Балташқа қарап:
— О не?— деді.
Балташ — саған келген пəле жоқ, — деген кісіше бетін тыржитып:


— Жай, əншейін,— дей салды.
Төлеген əнтек қипалақтап тұрып:
— Кəне, жолдастар! Тамаққа жүріңіздер!— деді.
Қонақтар керенау қозғалып, ауыз үйге қарай аяңдасты. Олардың
арт жағынан келіп, Бекболат та бір шеттен отырды. Жас төрелер
Бекболатты жан екен деп елеп, кім деп сұраған да жоқ. Бекболат оған
əнтек қорланып, ішінен оларды ұнатыңқырамай отырды.
Тамақ мол болды.
Алдымен ортаға туралған ет қойылды. Оның артынан кеспе келді.
Одан кейін домалақтап қуырған шапқан ет тартылды. Соңынан қарбыз
сойылды.
Етті үстелге əкеп қойысымен, Төлеген төргі үй жақтан ішіне тығып
бірдеңе алып кеп еді, Тыпаң жымың ете түсіп, білмегенсіп:
— Сенің қолыңдағы не? — деп, өңірінен тартты.
— Іждеңе емес... кішкене əлгі не еді...— деп қолын үстелдің астына
таман ұстап, қипақтады
— Немене, тазасы ма еді?— деп Тыпаң тағы қозғалды.
— Кішкене «Бозжорға» еді,— деп Төлеген сыпаны қонағына қарап
жымиды.
— Үй, оның реті болмас,— деп Балташ түсін суытқансып, көзінің
қырымен Ақбалаға қарады.
— Біздің құбыжығымыз жоқ, сендер болмасаң,— деп Тыпаң
қарнын бүлкілдетті.
— Өзі де пелен көп емес, тек «апитет» үшін,— деп Төлеген
мөлдіреген бөтелкені суырып алып үстелге қоюға ыңғайланды. Бəрі де
бөтелкеге қарай қалды.


— Құрғыр, сен мұны қайдан тауып жүрсің?— деп Жорғабек те бір
тамсанды. Төлеген:
— Елді-күнді бірдеңе болғанда,— дегенде:
— Бұл табатын жерін біледі,— деп Доға да бір көзін сығырайтып
тамсанды.
— Бүгін кешке заседание (мəжіліс) жоқ па екен?— деп Балташ
Тыпаңа қарады.
— Бүгін жоқ қой. Өзі де бір шатынап тұрған нағызы білем,— деп
бөтелкеге қылмыңдады.
Бұлар сөйлесіп жатқанда, Ықаңның екі көзі бөтелкені ішіп-жеп
бара жатыр еді. Ықаң арақ татпағалы қашан. Мынау — бір дəулет қой!
Əттең, дүние өзіне дербес тиер ме еді!.. Жұрт олай-бұлай десіп,
арақтың градысын санап, қипақтап отырғанына Ықаң шыдай алмады:
алдында тұрған стақанды ұсынып:
— Бұ жарықтықты əуре қылмай, құйшы қарағым,— деді. Жұрт ду
күлді. Манадан бері сыпайысып отырған Ақбала да:
— Ақсақал айтты ғой. Құй енді! — деді. Төлеген жымыңдап:
— Жөні со ғой!— деп даяр тұрған суды қосып, стақандарға құя
бастады.
Балташ жан-жағына алаңдап, Бекболатқа:
— Əне бір əйнектің шымылдығын түсіріп жіберші!— деді.
Қонақтар стақандарын көтеріп:
— Кəне, мұны кімнің құрметіне ішеміз? — дегенде, мұндайда
көсемсіп отыратын Тыпаң қыбыржып Ақбалаға қарап:
— Жаңа келген қонақтың құрметіне ішу керек шығар,— деді.
Ақбала жұлып алғандай.


— Ол жарамайды. Басқа бірдеңе үшін... Əлеумет маңызы бар
жұмыс үшін демесеңіздер,— деп өзінің əлеуметшіл екенін, өзін
көтермелегенді қаламайтынын білдірді.
Со кезде Балташ ұшып түрегеліп, стақанды көтеріп:
— Жасасын Сəбет өкіметі!— деп, əркімнің стақанына бір
шағылыстырды.
— Жасасын! — деп, бəріде шу ете түсті. Жалғыз Ықаң,
Тыпаңдардың көз құйрықтары ұшырасып қалғаны болмаса, «жасасын»
деген дауыстың кемдігі болған жоқ. Қайта Тыпаңның «жасасыны»
басым шықты.
Екінші 
көтерілісте 
— 
балшабекті, 
үшіншісінде 
қазақ
аптономиясын, одан кейін жаңа қонақты, ең аяғы үй иесін де
жасатқызып, арақ бірте-бірте ішіле берді. Тек Бекболат бұл көтеріліске
қосыла алмай, көзі бажырайып, шанышқымен əлек боп отырды.
Бір бөтелке спирт екі жарым бөтелке арақ болды. Арақ ішілген
сайын, күлкі көбейіп, мəжіліс қызуға айналды.
Ақбала губірне жұмысын үш есе арттыра мақтап, өздері тындырып
жатқан болды. Манадан бері салқындау отырған, Доға мен Балташтар
да Тыпаң мен Жорғабектердің қалжыңына құлақ қойып, кейде олармен
бірге күлісіп те жіберді. Ықаң көбінесе араққа дендеді. Ет жағына
келгенде Доға мен Тыпаң «битін» салды. Манағыдай емес, қонақтар
қызарып-қызып сөйлегенде бірінің иығына бірі асылып, көздері
кішірейіп, бірін-бірі тізеге салып қап, стаканды кейбірі түсіріп алып,
шылымдар да қалай болса солай, үстелде жатып қалатын күйге
ұшырады. Орысшаласу, түтін салысу, күлісу... мидай араласты.
Тамақтан кейін қонақтар төргі үйге кетті. Бұлардың сөзі де, өзі де
Бекболатқа түсініксіз көріне бастады; бұларды басқа дүниенің
адамдарыңдай, өзімен олардың арасын жер мен көктей көріп,
оқымағанның кемдігін Бекболат сонда бір қатты сезді.
Бұлар да өзімдей жігіттер-ау! Оқысақ біз де осылардай боламыз-
ау!.. деп азырақ күндегендей боп отырды. Əйтсе де өзін елемегеніне


қорланып, намысы келді. Оларды да кемітпек болды. Түтінін
бұрқыратып, шылым тартқаны, арақ ішкені, қағаз шимайлағаны,
орысшаласқаны болмаса бұлардың өмірінде не қызық бар? Тар үй, тар
қала, тар көшеде, анау ұлан байтақ даланы, асқар ала тауды, жасыл
орманды, ит жүгіртіп, құс салғанды көрмей не ғып шыдап жүреді
екен?! Не ғып бойы жазылады екен?! Япырау бұлар мүлде осыған
үйреніп алған-ау! Орыс болған-ау! Əке-шешесін, ел-жұртын бұлар да
ойлай ма екен? Бұлар да бізге ұсап Ақбілек сынды қызды жақсы көре
ме екен?.. деген ойлармен ауыз үйде отырып қалды.
Матүшке келіп, орындықтарды қозғап, үстелдегі ыдыс-
саймандарды жия бастады. Бекболат матүшкеге оралғы бола берген
соң, тысқа шығып, қолын жуып, бой жазды. Өйткені шылымның
түтінімен басы зеңіп қалған екен.
Есік алдындағы тепкішекте Бекболат бірқыдыру отырып қалды.
Ауруханада ағып тұрған Жылтырдың сөзінен басы даң боп, Бекболат
тезірек елге кетсем екен деп бір ойлап еді. Енді мынау өңшең орысша
сөйлескен, шылым тартқан, арақ ішкен, бықсыған қазақ əкімдерін
көрген соң, тағы да ел есіне түсті. Тағы да елге қайтқысы келді.
Бұлардың ішінде елеусіз бөтен кісі боп отырғанша, мен де өзімді
ұғатын, өзіммен қалжыңдасатын, өзімді қадірлейтін жолдастарымды
көрсем екен,— деп ойлады. Ауылдан кісі қатынасатын кезі болса керек
еді. Не ғып келмей жатыр? Əкей де сөзбен əулігіп кеткен біртүрлі зең
бас адам ғой! Мені керек қылмағаны ма?— деп ішінен əкесіне ренжіді.
Бекболат ауыз үйге кіргенде, төргі үйдегі төрелер қызу-қызу
айтыста жатыр еді. Бір мезетте Бекболаттың құлағы «Матайдың
Əбені», «Мұқаш» деген сөздерді шалып қалды. Мұқаш — кəдімгі
Ақбілекті шығарып беретін Мұқаш, Əбен — мұның əкесімен араз боп
жүрген Əбен. Екеуі де Бекболатқа керекті кісілер ғой. Бекболат ептеп
кіріп, босаға жақтағы бос орындыққа отырып, əңгімеге құлағын тікті.
Сөйлеп тұрған Балташ екен. Үстелде жаюлы жатқан бір қағазды
алақанының сыртымен соғып қалып:
—...бұл арыздағы сөздің бəрі рас... Бай неліктен бай болады
дейсің? Елді жеумен, нашардың қанын сорумен, солардың еңбегімен


бай болады. Матайдың Əбені, меніңше елді құртқан, барып тұрған
сыболыш кісі, ең зиянды элемент. Меніңше, оның көзін жою керек.
Мұқаштың үстінен мына материалды бергізіп отырған да сол
сыболыш!.. Рас. Мұқашты да мен тап-таза жігіт деп айта алмаймын.
Елге зияны тиген де шығар; бірақ оның зияны байға тиді. Ол — нағыз
коменес, идейный коменес. «Цель оправдает средства» деп орысшалап
барып керуетке отырды.
— Жолдастар, маған кішкене сөз беріңдерші!— деп, бір көзін
қысып, Доға қолын шошайтты.
Ақбала тұмсығын көтеріп, Доғаның бетіне қарады да:
— Е, айта бер,— деді.
— Айтқанда былай, — деп Доға бір қолымен мықынын таянып,
тартымды кісімсіп бастады: — Матайдың Əбені бай екені де рас,
болыс болғаны да рас. Знашіт ол елге беделсіз емес, беделі бар. Бірақ
құр бай екен деп, байдың бəрін бір күнде жоқ қылуға бола ма?
Болмайды ғой. Знашіт, мынау арыздағы сөздің көбі бекер... бекер.
Мұны жазып отырған белгілі атшайный Тақырдың Жылтыры,
Жылтыры... Оның қазір қылмысы мойнына түсіп, аристабайт етіліп
отыр, етіліп отыр... Знашіт, бұл арызды қолданып іс қылуға болмайды,
болмайды... Ал Мұқаш болатын болса, о да тонын партияға
айналдырып жамылып жүрген бір қу, бір қу...
Знашіт, оның ойы болыс болу, болыс болу... Осы күні партияға ұры-
қарылар да кіріп кетіп отыр. Жаман ауыл жəшейкесіне жегі ұры
жазылғаны кеше сексияда мəлім боп отыр, мəлім боп отыр... Знашіт
Мұқаш сияқты жігіттерді таза коменес деуге болмайды, болмайды...
Оның қылмағаны жоқ: елді ақтарға шапқызған, талатқан, қыз,
қатындарын бастырған, бастырған, шығарып берген...— дегенде
Төлегенге бір қарап қойды. Төлеген қызарып төмен парады. Бекболат
та жерге қарап кетті.
— Иə, знашіт, оның материалы, міне, қолда отыр. Значить ол
материалды тексермей, оны қызметке сайлауға болмайды, болмайды...
— деп, Доға көбінесе қолымен, басымен сөйлеп барып, сөзін бітірді.


Ол бітірген кезде: «Маған... маған...» деп, Балташ та, Тыпаң да
көтеріліп қозғалып қалды. Ақбала:
— Ана кісі айтсын,— деп, Тыпаңды нұсқады.
Доғаның Мұқашты жамандағаны Бекболатқа ұнаса да, Матайдың
Əбенін жақтай сөйлегені ұнамады: «Мына кісі не дер екен» деп
Тыпаңның аузына қарай қалды:
— Ay, жігіттер, жолдастар! Бұл жұмысқа кішкене қызуламай,
қазақшылап қарайықшы... Жастар, жолдастар, сендер коменес
болсаңдар да, қазақсыңдар ғой. Қазаққа бəріміз қызмет етеміз деп
жүрміз...Қашаннан бері етіп те келеміз... Сендерден гөрі бір көйлекті
бұрын тоздырдық қой: қазақтың жайын жақсырақ білеміз десек,
мақтанған болар ма екеміз,— деп «осы сөзім қалай шығып кетті?»
дегендей, Тыпаң бəрінің бетіне жағалай бір қарап қалды.
«Қазаққа қандай қызмет қылғаныңды білеміз» дегендей, Балташ
тыржиып теріс қарады. Жорғабек «Мынау бүлдірді-ау!» дегендей,
біресе Ақбалаға, біресе Тыпаңа қарап, қабатын түйді. Доға «Айта
бер!» дегендей бас изеді. Ықаң шылымын орал өзімен-өзі болып, жем
шоқитын құс тұмсықтанып, үстелге төніп қап отырды. Төлеген бұл
əңгімеге қатысы жоқ кісіше, төмен қарап, оттықты шыр көбелек
айналдыра берді. Балташтың жаратпай отырғанын Тыпаң да байқады:
— Əншейін тек үлкендік... ағалық жөннен неткеніміз болмаса, біз
қатысатын да сөз емес еді, — деп манағыдай емес, жасып қалды.
Тыпаңның мұнысын естіген соң Ақбала:
— Жоқ, жоқ, айта беріңіз: сіздердің пікірлеріңіз де керек. Ел
жайына сіздер қанық екендеріңіз рас,— деп, қуат берді. Оныкі де
қулық еді. Қулық екенін Тыпаң түсінсе де, қызып алған кісі ер келеді
ғой. «Қашанғы қорғалай береміз» дегендей, сөзін тағы бастады;
манағы «қазақпыз ғой» деген сөзден қашайын деді.
— Сөздің шынына келейікші,— деп тамағын бір кенеп алды: —
Бұл өзі шатақ жұмыс. Сартау елі қып-қызыл партия... Партиялықпен


екі жағы да арызды жаудырып жатыр. Пəле салу, өтірік шағым
дегеніңіз құдай сақтасын, ...айтпақшы «Құдай» деген сөзді не
қылмаңдаршы, сөздің аялғысы ғой...— деп тағы бір сасқалақтап
қалды.
— Өзге толып жатқан қағазды қояйын, мысал үшін, жақында ғана
болған мына бір оқиғаны айтайын...— деп, əнеугі пошта талату туралы
Жылтырдың айтқан хабарын сөйледі. Соны сөйлеп болып: — Міне,
осының қайсысына сенуге болады? Қазақтың өтірігіне, жаласына
адамның көзі жетпейді...— деп бір қойды. Жалпы қазақтың кемшілік
мінездерін бұлдыратып суреттеп келіп, аяқ кезінде сөзінің бетін Əбен
жаққа бұрды. Əбен газет-жорнал оқитын, көзі ашық адам екенін,
мектеп ашып, бала оқытып жатқанын, елдің кедейлеріне кəсіп тауып
беретінін, үй тұрмысын, шаруасын мəдениетті елдің қалпына түсіріп,
елге үлгі боп тұрғанын, қазақ оқығандарына жəрдем беретінін, қашқан
ақтардың шашыранды атраттарын қырып, қазақты жауынгерлікке
үйреткенін, елін шабыншылықтан қорғап қалғанын, игілік іске
алдымен халыққа басшы болатындығын, бір дуан елге беделі
барлығын, онымен жауласса ел бүлініп, көтеріліс боп кететінін, —
бəрін де сыпайы, майда тілмен айтып келіп, сөзін тоқтатты.
Тыпаңның сөзі недəуір əсерлі болғаны ғой, Балташ жүген көрген
бас асау жылқыша басын жұлқып тастап, қабағын түйіп, сөз сұрап,
оршып отыра алмады. Доға «Ақтан тигіздің, жарайсың сабазым!»
деген кісіше, масайрап, қыли көзін ашып жұма берді. Балташ
жұлқымса да, Ақбала үлкен жерден келгендігін, тəртібін көрсеткелі,
сөзді Жорғабекке берді.
Жорғабек жорғалап алды да кетті. Ол Балташтың сөзін де теріс
деген жоқ, Доғанікін де кеміткен жоқ; Тыпаңның кейбір сөзін де
дұрысқа шығарды. Бұл əңгімені пəлендей үлкейткен де жоқ, қазақ
арасының қашаннан келе жатқан шатағы, оған бола артық айтысудың
да қажеті жоқ; əңгіме онда емес, қазақтың келешекте ел болуында, ел
болуы үшін, алдымен оқу керек, дұрыс сот керек, анау керек, мынау
керек; оның бəрін істейтін қазақтың ендігі жастары; жастарда өзара
бірлік болу керек; ақылдасып іс қылу керек; бар үміт жастарда... —
деген мəнде жастарды мадақтай, бірлікке шақыра, дəнекер бола


сөйледі. Қалайда Жорғабектің сөзінен белгілі бір қортынды шығару
қиын болды.
Бұл айтысты естіп отырған Бекболат кімдікі дұрыс, кімдікі теріс
екеніне ақылы жете алмады. Əйтеуір Мұқашты жамандағанды тəуір
көре берді. Одан өзгесін артық керек қылмады.
Бұ қалай болды? Бір жағы Əбенді өлгенше жамандап, Мұқашты
мақтады. Енді бір жағы Əбенді көтермелеп, Мұқашты іске алғысыз
қып шығарды. Бұлардың бір ауыз бола алмағанының себебі не? Ол
себеп ашылмады ғой. Ашылмайтын жөні бар. Қайсы десеңіз, ол —
мынау:
Балташ уездің бастығы. Оның руы, атасы басқа; басқа уездің жігіті.
Бұл елдің жайына ол жетік емес. Бірақ Балташ кедейдің баласы;
қолынан келсе, өзі кедейшіл болғысы келеді. Ол мына Доғаларды,
Төлегендерді жаратпайды: ел жұмысына араласқан, былғанған деп
есептейді. Балташ жоқта Доға мен Тыпаң Сарытаудың болысын
түсіріп, əбеншіл біреуді қойған. Балташ келген соң, оған ренжіп, үлкен
кемесерлігін қылып, ол елге Күреңбай етікшіні болыс қойып жіберген.
Күреңбай содан бері Балташтың кісісі болып, осы қаладағы бір тəуір
келіншекпен тамыр қылған. Онымен де тұрмай, Күреңбай Балташқа
пəлте қылатын күзен жиып берген. Балташ ақша беріп сатып алса да,
сол күзеннен өзі қауіптеніп жүретін. Күреңбаймен ымы-жымы бірігіп,
Əбенді жамандаған сөздерін көп естіген. Оның Əбенді оңдырмай
отырған мəні сол.
Ал, Доға ше? Доға шет жердің адамы, қаладағы жатақтың баласы.
Бірақ Доғаның нағашылары Əбен руынан болатын. Доға Сарытау еліне
сайлауға шыққанда, Əбен оны «жиен» деп қолын сүйіп күткен, көк
жорғасының майын берген. Ол о ма? Доға дүниені де теріс көрмейтін
жігіт қой, қалтасына жұмсақ қағаз да басылған. О да аз ғой. Доғаның
ойында бір сұлу қыз алу да бар еді. Сол қыздың реті Əбен жақтан келе
ме деп дəмеленуші еді. Неліктен оның сұлу қызға құмар боп жүргенін
кейін естірсіз. Əзір түсін ашпай тұра тұрайық.
Тыпаң ше? Ой, Тыпаңның өткен замандағы істерін санап бітіре
алмаспыз. Тыпаң о баста Əбеннің тілмашы еді ғой. Одан кейін,


мировойда тілмаш болып, «бағы» көтерілген ғой. Тыпаңның руы да
сол ел; алып отырған қатыны да сол елдің қызы. Əбен тірі тұрғанда,
Тыпаңа не дəркер дейсіз? Қаза беріп не қылайық, осы да жетер.
Ал, Жорғабекке жол болсын! Бұ кісі оқуды кешірек бітіріп, əлеумет
жұмысына жаңадан араласқан. Бұл өзі бір атақты болыстың баласы.
Гимназияда оқып жүргенде-ақ зерек, пысық, шешен бала болған.
Содан əлі пысық. Бірақ Колшак заманында көрнекті орында қызмет
етіп, көзге түсіп қалып, қызыл келген кезде елде қашып жүруші еді.
Қызметке қазақ оқығандары керек болып, өткен істерге кешірім
жарияланғаннан бері, Жорғабек жақында келіп, жер бөліміне кіріп еді.
Оның бар мақсаты: жастарды еппен ұстап, беделін, ықпалын жүргізіп,
айтқанын істету еді. Қаза берсек түпкі ойы — бір үлкен орын еді. Ол
ойы жүрегінің түкпірінде сары майдай сақталып жатушы еді. Сыртқы
түрінде ептілік, шешендік, əлеуметшілдік, ісшілдік, бүтіншілдіктен
басқа оғаш мінез білінбеуші еді. Əркімнің бетіне қарай құбылып, өз
пікірін əсте сездірмеуші еді; ол көрімен де, жаспен де, коменеспен де,
емеспен де жанасып кетер еді; онда дос та, қас та болмаушы еді;
сыртынан жамандап жүрген адамымен жолыққанда жақсы сөйлесіп
кетер еді. Өзінше қумын, жұрттың бəрін алдап жүрмін деп ойлар еді.
Төлеген екеуінің мінездерінде бір ұқсастық бар секілді еді, бірақ
Төлегеннен гөрі, бұл өтімді, тартымды, білімді, беделді, алғыр еді. Бір
көрген, бір сөйлескен кісіні тез ұйытып, ерітіп əкетер еді. Топта
сөйлесе, «Жорғабек жігіт!» дегізер еді.
Жорғабек сөзін бітірген кезде манадан бері зорға шыдап отырған
Ықаң Төлегеннен рұқсат сұрап, үйіне қайтты. Өйткені Ықаңа бұл
айтыстар түсініксіз, жат нəрсе еді. Ықаң қашаннан орыс ішінде жүріп,
елден қол үзіп, алыстап кеткен кісі еді; елдің дау-шары о кісінің миына
бармаушы еді; ел сөзінен гөрі о кісіге бір рүмке арақ кəдірлі еді. Жəне
манағы арақтан азырақ жүрегі қобалжиын деді ме, əлде үйдегі кемпірі
тықыртар деп қорықты ма, əйтеуір Ықаңа тысқа шығу керек болып еді.
Манадан бері Төлеген түк сөйлеген жоқ. Несіне бой көрсетсін?
Доға мен Тыпаңнан қалатын сөз бар ма? Оның сенгені де солар ғой.
Өзге жолдастардың сөзін тыңдап отырған Ақбала енді өзі сөйлеуге
оңтайланды. Ақбала төңкеріс болғалы, топ алдында сөз сөйлеп,


көсемдік қылып, ауызға ілініп жүрген жастардың бірі еді. Ол газет-
жорналға да сөз жазатын, баяндаманы да жақсы істейтін, жұртқа «ой,
пəлі-ай!» дегізгенді сүйетін жігіт еді. Кейінгі жастардың арасында
беделі де бар еді. Коменес партиясына алдыңғы қатарда кіріп, қазақ
жастарының партияға кіруіне себепкер болып, шынымен коменес
болам деп жүрген, пікірлі, білімді жігіт еді.
Ол бір жерде отырып қызмет қылудан да жүргенді, сөйлегенді,
думанды топты тəуір көруші еді. Өзі сөйлеп, өзгелер аузына қарап
отырса, сонда оның жаны кіріп жымың-жымың етер еді.
Ол сиездердің қаулысын, жаңа шыққан кітаптарды көп оқушы еді.
Əсіресе, Ленин, Троцкий, Бухарин, Сталин секілді атақты көсемдердің
сиездердегі айтысқан сөздерін қызығып оқып, кейбір əдемі жерлерін,
əдемі сөздерін жаттап алушы еді. Жаттап алмағанда да, солардың сөз
сөйлеу оңтайын құлшынып оқығандықтан жадында қалушы еді.
Білгіш адамдардың пікірін кейде өз пікірі қылып сөйлеп жіберетін де
жерлері болушы еді. Естіген сөзін, хабарын ішіне сыйғызып тұра
алмай, айтып салғанды тəуір көріп тұрушы еді. Əсіресе, еткен
жиналыстарда оның не айтқанын, өзінің не дегенін қайта айтып беруге
шебер еді.
Бірақ сонысына қарағанда, жеңілтек, ұшқалақ емес, жүріс-тұрысы,
бойы сабырлы, айтыс-тартысқа шыдамды, табанды жігіт еді. Өзінің
біліміне, енеріне, шешендігіне езі сенуші еді. Өзі жеңіліп, жығылып
қалған жерлерде де, көңілі көп жабырқамаушы еді; өзінше басқа план,
басқа шара қарастырып, бір жұбаныш тауып алушы еді; келешектен
үміті зор еді.
Ол қазаққа шын пейілімен қызмет етпекші еді, бірақ көп нəрсені
қиял қылушы еді. Кейде сондай бір қиялмен алданып жүріп, тұрмысқа
жанаспайтын істерді де істемек болушы еді. Өз ойын, өз мақсұтын
жарыққа шығару үшін, өмір иесі өзі болғанды қалаушы еді. Үйезге
келгендегі бір мақсаты да жастарды өз соңынан ертіп, өзін танытып
кету еді.
Үйездегі қызметкерлердей ел жұмысына араласып, артық
былықпаған, параға, ажарға сатылудан аман, нағыз əлеумет


қызметкері, нағыз майталман болуға өзін арнаған азамат еді.
Сондықтан Ақбала манадан бері айтылып жатқан сөздерге өзінше
үлкен мəн берді. Ол мəні — осы Сартау елінің жұмысы жайлансын
деген мəн емес, үйездегі азаматтар арасындағы алалық жойылсын
деген де мəн емес, бірінікін мақұлдап, бірінікін теріске шығарып,
бірін-біріне жығып берем деген де мəн емес, сол айтыстан шығарып,
бір іргелі мəселені қозғап, енді өзіме қорытынды туғызуға болды деген
мəн еді. Ақбаланың бір жақсы жері: сөзді қазақша да, орысша да таза
сөйлеуші еді. Ол қазақша сөйледі: Бекболатқа ұғымды болды.
— Иə, жолдастар! Мен енді өз пікірімді айтайын,— деп мұрнын
орамалымен сүртіп, төмен қарап отырып сөз бастады. — Мəселе
болыс, үйез маштабындағы мəселе болса да, жалпы қазақстандық
мəселені қозғауға себеп болып отыр,— деп, кеудесін көтеріп, сұқ
қолымен бас бармағын уқалап, басын əнтек шалқайтып, қарсы
алдында отырған Тыпанның қарнына қадала қарады: мəселе сол
қарында тұрғаннан жаман.
— Біз төңкеріске дайындалған ел емеспіз. Төңкеріс бізге көктен
түсті. Біз орыс пралетариаты, орыс балшебектері қан төгіп алып
берген даяр олжаға ортақ болып отырмыз,— деп бір нығыздап қойды.
Бұл сөз төңкеріс болғалы талай айтылып, талай жазылып, иі қанған,
ескі сөз болса да, Ақбала шыт жаңа сөздей қып айтты.
Иə, өкімет — жалшынікі, кедейдікі. Жалшылар тобы байлар табын
жеңіп, қашаннан иемденіп жүрген жер-суын, фабрика-заводын, мал-
мүлкін астынан аударып алып отыр... Иə, иə... орыста тап күресі
басталғалы жүздеп жылдар өтті. Бізде тап тартысы əлі басталған жоқ.
Ол неліктен? Əлде бізде бай, кедей, жеуші, жегізуші жоқ па? Əлде
біздің елімізде қой үстіне бозторғай жұмыртқалап тұр ма? Жоқ,
жолдастар! Жеу, қанау, жаншу, зорлық, қиянат деген нəрселерден бізде
көз тұнжырайды. Бірақ өкімет байлардікі, күштілердікі болғандықтан
жылауқордың көз жасы көрілмеді, тілегі берілмеді. Іштен тыныш, қапа
боп, итшілеп күнелте берді.. Иə... Иə... Бай тегіннен-тегін бай
болмайды; елдің байлығын, қанын сорып, малайдың еңбегін жеп бай
болды. Бұл — талассыз шындық. Əлгі Əбендердің бай болу себебі сол.
Оған дау жоқ... Иə, иə... Бізде кедейлер табы деген тап болып,


байларға, жауыздарға қарсы тұра алмауы қалай? Олар да жан емес пе?
Өз пайдасын, өлерін білмегені ме? Міне, бұған түрлі себеп бар. Бізде
жалшылар, кедейлер бас қосарлық, ұйымдасарлық, мұң-мұқтажын
сөйлесерлік фабрик-зауыт сықылды ордалы дүкендер болмады.
Езілген, жаншылған кедейдің басы бірікпей, əр төбенің түбінде
бытырап жүрді. Шын мəнісінде бізде пралетариат болған жоқ; болса да
олар өлі аз; енді бізден жалшылар шықпақ, өйткені фабрик-зауыт
кəсібі бізге де орнамақ. Кен жұмыскерлері бізде бұрын да бар ғой... Иə,
иə... біздің кедейлеріміз, жалшыларымыз ақтан қараны айыра
алмайтын, көзі соқыр болды... Иə, кедей баласы соңғы жылдарда ғана
оқи бастады. Бұрын төрелердің, ақсүйектердің, байдың, болыстың
баласы оқитын... (Жорғабек естімеген кісі боп, теріс қарайды). Иə,
онсын бізде ру таласы деген пəле бар. Ру басы ақсақал, атқамінерлер
өз пайдасына бола ру-рудың кедейлерін жауластырып, кедейді шоқпар
қылды...
— Иə... Енді кедейдің өкіметі келіп отыр. Кедейді сүйе, кедейге
тендік əпер, кедейдің кезін аш, шаруасын түзет деп отыр. Кедейді
сүйеу бізге керек пе? Керек. Тап жігін, тап тартысын ашуымыз керек
пе?— Керек. Қалай ашамыз? Қандай шаралар қолданамыз? Міне,
мəселе — осында, — деп қалтасынан шылым алып, тұтатып, бір сорды
да сөзін тағы қозғады. Тыңдаушылар «Тап тартысын қалай ашар
екен?» дегендей, еңселерін сала құлақ қойды.
— Бұл мəселе туралы губернеде екі түрлі ағым бар... жазаласа үш
түрлі ағым бар деуге болады. Бірақ мен үшінші ағымды ағым екен
дегім келмейді, өйткені олар бізде тап жоқ, тап тартысы деген орысқа
еліктегендік: бұл болмайтын əңгіме деседі — деген кезде Жорғабекке
кезінің қырын бір жіберіп қойды. Жорғабек: «Маған айтып отырсың
ғой» дегендей, артынан мықтайтын кісіше көзін бір қысып қойды.
— Біздер қазақтың коменестері ол пікірді қолдай алмаймыз... Біз
төңкеріс жолына түсуіміз керек... Иə, сонымен екі ағым бар.
Бірінші ағымның айтатыны: қазаққа төңкеріс жасау керек: байдың
жер-суын, мал-мүлкін, жазаласа артық қатынына шейін кедейлерге
тартып əперу керек; пышақ үстінен бөліп беру керек, бай, кедей деген
айырманы жойып, қолма-қол теңгеру керек. Əйтпесе, бай қолында


малы тұрғанда, жер-суы тұрғанда, өмірі кедейге тендік бермейді
деседі. Бұл ағымды бастаушы кейбір орыс жолдастар; оларға
қосылатын біздің Жақсылық етікші тəрізді қаланың кедейлері жəне
кейбір шолақ ойлы жастар...— деді. Соңғы сөздерінен Ақбала өзі бұл
ағымға қарсы екені көрініп қалды. Өзіне қарсы кісілердің пікірін
шолтитып, оңдырмай сөйлейтін, өз пікірін дəлелдеп, нығайта
сөйлейтін айтушылардың əдеті ғой. Ақбала да сол жолды тұтынып,
анау ағымдарды кеміте сөйледі.
— Ал екінші ағым айтады: ондай төңкерістен мəн шықпайды,
онымен кедей теңелмейді дейді. Бұлардың дəлелі,— деп көп сөзбен
дəлелдерін санап, түсіндіріп етті... — Ол дəлелдері: осы күнде байдың
малын тала десе, бұзақылар талап кететіні, кедейлер байдың малын
пайдаға асыра алмай, жау малындай, ішіп-жеп қоюы; сөйтіп жалпы
мемлекеттің байлығы кемуі, сол кездегі дерт, жұт, ашаршылық, соғыс
елдің шаруасын күйзелтуі; байды кедей қыламыз деп жүріп, кедейді
бай қылып алу қаупі, кедей оңай олжаға қызығып, еңбекке үйренбей
кетуі, елді еңбексіздікке үйрету — сатсализім, көменезім жолына
қайшылығы, кедей ақыл-ой, сана-саңылау жағынан теңелмей тұрып,
жалаң малмен теңеле алмайтыны... тағы сондай көп сөздерді айтып
келіп: — Кедейді оқыту, көзін ашу керек, ұйымдастыру керек,
əкімшілік, сот, кедейдің қолында болу керек; каперəтіп, əртел ашып
беру керек; кедейді отырықшы қылу керек; кəсіпке үйрету керек...—
деп бір тоқтап, сөніп қалған шылымын тұтатып алды. Содан кейін:
— Бай, кедей, тап мəселесіне бізде осылай негізгі көзқарас болу
керек. Əбен жалғыз емес, Əбендер кеп. Олармен біз алысуымыз керек;
мүмкін ұзақ алысармыз. Өйткені оларда амал, айла кеп. Олар тесік
таба біледі. Олардың агенті үйез түгілі, губернелік жерде, кіндікте жоқ
емесін 
қайдан 
білеміз? 
Алдымен 
жуандардың 
ықпалынан,
рушылдықтан қазақ азаматтары, өздеріміз тазаруымыз керек. Өзіміз
тазармасақ, ешнəрсе жасауға болмайды,— деп сөзін аяқтады.
Ақбаланың сөзі күшті шықты. Күшті шықса да, бұл
тыңдаушыларға ұнамады. Алдымен «Тап тартысын ашу керек» деген
сөзі Жорғабек пен Тыпаңа ұнамады. Өйткені бұл екеуі əлгі кекетіп
өткен үшінші ағымның адамдары еді.


«Байдың, жер-суын, малын тартып əперу керек емес» дегені
Балташқа ұнамады. Өйткені Балташ шынымен кедейшіл жігіт еді.
Бірақ Балташ айтысуды ойласа да, айтыспады. Өйткені, манағы екі-үш
рет сөз бермей, тоқтатып қойғанды да ол кек қып отыр еді. Оның
үстіне «Бірінші ағымдағы шолақ ойлы жастар» деген сөзі де бұған
жайсыз келді. Айтыса қалсам мені де «шолақ ойлы» деп санай ма деп
қауіптенді. Жəне өзіміз тазаруымыз керек деген сөзі де бұған арнап
айтылған тəрізденді. Айтысуға өзі тығылып қалған кісі толық
дəлелдері де болмады. Өйткені Балташтың білімі де Ақбаладан гөрі
кемірек еді. Бұл жиналыстағы білімі тəуірлеу, кітапты көп
қарастырғаны Жорғабек еді. Жорғабек қабағын түйіңкіреп алып,
бірнеше сұрау берді. Сұрауларының сарыны мынау тəрізді еді:
— Орыстардың жұмысшыға, мұжыққа тұтынған шараларын,
жолдарын өзгертпей, қазаққа да тұтынам деп ойлайсыңдар ма?
— Тап жігін ашуға, қазақтың қазіргі, бұрынғы тұрмысында қандай
қолғабыс етерлік шарттар, жағдайлар бар?
— Тегінде тап тартысын саясаттың, өкіметтің күшімен жүргізуге
бола ма?
— Қазақтың келешегіне қалай қарайсыңдар?
— Мал баққан, егін еккен, өнерсіз, білімсіз жұртта сатсализім
орнайды деп Маркс айтқан ба екен? Мұндай оқиға, тəжірибе тарихта
болып көрді ме?
— Жер жүзінде əлеуметшіл төңкеріс болмай тұрғанда, бір
мемлекетте сатсализім орнатуға бола ма?
— Сатсиалдық шаруаны қалай жасамақсыңдар? Қазақ капитализм
дəуірін кешіре ме, сатсализімге бір-ақ секіріп өте ме?..— деген
тəрізді...
Жорғабектің сұрауларын Ақбала ішінен ұнатқан жоқ. Өйткені
жауап беруге артық дайындығы да жоқ, түйдегімен келіп қалған, тосын
сұраулар еді. Алайда, сыр білдірмейін деп:


— Бұл сұрауларыңызға мен қазір жауап беруіме де болады...
Мəселен капитал дəуірін қазақ басынан кешірмеуі мүмкін, өйткені енді
дербес бай, саудагер болмайды (онда «НЭП» жоқ кезі). Бірақ бұл арада
бұл сұраулардың бəріне жауап беруді артық көрем; біз қазір əрі
кішкене қызыңқырап алған кісіміз, əрі Маркс, Лениннен дəлел
келтірмеген соң, жауабымыз жеңіл боп көрінуі мүмкін. Бұлар өзі
тереңірек қарастыратын мəселе. Ал енді былайша, жалпы айта кетуге
де болады. Тегінде, біз орыс еңбекшілерінен бөлек ешбір жол таба
алмаймыз. Біз солардың соңынан еріп, солармен қол ұстасып теңдікке
жетеміз. Қазақтың өз алдына саясаты да, тарихы да бола алмайды.
Сондықтан орыстан бөлініп, іс қыламыз деудің, терең мəселелерді
тексерудің бізге бұл күнде пəлендей қажеті де жоқ. Бізге күнбе-күнгі
жұмыс керек. Мұжық арасында тап тартысын жүргізу мүмкін болса,
қазаққа да мүмкін: шаруа-кəсіп жөнінен екеуінің пəлендей айырмасы
жоқ. Мəдениет жөнінен де мұжық қара үзген жоқ. Біздің айырмамыз
тек рушылдықта. Міне, осы жағына біз қатты көңіл бөлуіміз керек...—
деген секілді бірталай сөздерді айтып кеп, аяқ кезінде: — Сіз Марксті
оқыған көрінесіз... Не ғып төңкерісшіл болмай жүргенсіз?— деп кекей
күлген болды.
— Төңкерісшіл емес екенімізді қайдан білдіңдер?— деп Жорғабек
те күлімсіреді.
Бұлардың соңғы сөздері Бекболатқа құран сөзіндей түсініксіз
болды. Бастапқы сөздерді де Бекболат əрең тыңдап отыр еді, өйткені
ол сөздердің ішінде Əбен, Мұқаштар бар еді. Сондықтан Бекболат:
«Осылай деңдер» деген кісіше:
— Ым-м!— деп орнынан түрегелді.
Тегінде құсбегілер, аңшылар өз сөзінен басқаға топастау келеді ғой,
Бекболат та осы жолы өзінің топастығын байқайын деді. Қай жерде,
қай дүниеде отырғанын өзі де білмеді. Сөз көбейген сайын басы қатып
бара жатқан соң, тысқа жөнелді.
* * *


Тұңғыш көбік қар. Тымық. Қатқақ. Ауа шыныдай. Аттың ізі
баданадай. Қаладағы шыға беріс тепсеңде шерттіре аяңдаған екі атты.
Бергінің мінгені екі тақасқан, ешкі бас, құлан сан тобылғы торы. Əсем
басады, қарды уыстап лақтырады. Үйт шіркін! Шерттір, шерттір!
Құйысқан қысқа, ер ықшам, үзеңгі аяқтың ұшында... Тақым жабысқан:
Сұр күпілі ақ құба жігіт қамшыны сипай түседі. Арғының астындағы
жатаған жирен. Жарау. Бірақ торының аяңына ілесе алмай, бүлкіл
қағады. Жігіті пəс, киімі көне.


Желдей ескен аяңшылға мінгенің бар ма? Мінсең, білесің: ат үсті
адамды аруақтандырады, көңіліңді көкке серпеді, аузыңмен күс
тістейсің!
Торылы қамшыны екі бүктеп анау тауды нұсқады:
— Уай, шіркін-ай! Деген қансонар екен! Ай, əттеген-ай! — деп
саптамасын сарт еткізді. Жолдасы:
— Не айтасың!— деді.
— Бүркітті қайырғалы қанша болды?
— Жаңада, бір-ақ жұма...
— Бұ күн шықпаған соң не керек!
— Сонар болмаушы ма ед?
— Құсты ұмытып кеткенсіңдер ғой...
Мұны айтып келе жатқан Бекболат қой. Хабар кеш тиіп, Ақберген
ат əкелгенше, со бопты. Ертеңгі шайдан кейін елге тартқан беті еді.
Дəл жүрер күні қар жауып, қансонар боп қалар ма.
Бекболатта бір бүркіт, бір қаршыға бар-ды. Құстарын көрмегелі ай
боп қалды. «Мал, жан аман бадан» кейінгі сөзінің көбі құстары болған.
Ақберген құстарға жем іздеп, қоян атуға кеткенде, томағасы түсіп
қалған бүркіт күшікке талпынып, екі шалғысын қиратып алған екен.
Кешеден бергі «Əттеген-айдың!» бəрі сол шалғының өкініші еді. Ол
екі шалғыны жамап алуға да болады ғой. Сонда Бекболат бүркіт
баптап түлетіп, қанат, құйрығын бір самадай қып алдым ғой деп
жүрген жылы еді. Бекболат құсына ренжігенде, Ақберген:
— Біз өзіңді уайым қып жүрсек...— тəйірі, қолдан келетін нəрсе
ғой,— деп жұбата беретін.


Ақберген Бекболаттың жан жолдасы. Бала жасынан бірге өскен.
Қашаннан бергі қоңсысы. Жанынан екі елі қалмайтын серігі.
Ақбергенде кəрі шеше, екі сиыр, бір қатын, бір ат. Содан басқа мал-
жан жоқ. Оразасын өз үйінен ашқан, қысы, жазы үйде тұрған жан
емес. Ол əрі құсбегі, əрі мерген, əрі əнші, əрі жақсы жолдас.
Бекболаттың əкеден де, туысқаннан да артық сенетін адамы —
Ақберген. Өйткені ол білмейтін сыр жоқ. Балалық, жастық, аңшылық,
жел бастық, аштық, тоқтық, ойын күлкі — екеуінің бір тартқан
тауқыметі. Бірге күйінген, бірге сүйінген.
Бес арқан бойы түпсіз құздардан Бекболат үшін Ақберген түлкінің
күшігін алған. Аяғын əнтек жазатайым салса, ажал аузын ашып тұрған
тік жартастың бетімен шыбынша өрмелеп барып, бүркіттің
балапандарын əкелген. Бүркіт қашқан қарлы түндерде үш күн, үш түн
дым сызбай тау-тас кезіп, үңгірге түнеген. Сақырлаған сары аяздарда
бүркітті жауратпаймын деп ішкі тонына баласындай бөлеген. Əккі
түлкіге бүркіттің аяғын шайнатпаймын деп өлерін білмей шауып, қия
тастан ат-матымен домалап, бұғанасын қиратқан. Асау құсты үйретем
деп, арпалысып, қолына əлденеше сүңгі соқтырған. Жастықтың талай
тар кезеңдерінен асқанда, үнсізде — тіл болған, жолсызда — жол
тапқан, қасқыр боп торыған мысық боп жорғалаған, ит боп ірге
тырнаған, қазық боп ат ұстаған. Мұнан артық еңбекті туған ана
болмаса кім сіңірер?
Онысына қарай Ақбергеннің аты да, асы да, киімі де Бекболаттан
болатын. Қатын əперуге де Бекболат себеп болған. Бекболат үйленіп,
бөлек отау тіксе, өз алдына саба орнатса, Ақберген қара лашығын
жанына қондырса, Бекболаттың отауын емін-еркін билесе, — міне
Ақбергеннің ендігі бір арманы.
Дүниеде дос деген болса, сондай шын дос Бекболат пен Ақберген
еді. Бұларды дос қылған екеуінің де құмарлығы, əуесі — аңшылық еді;
екеуінің сүйегінде де жалқаулық, серілік бар еді; екеуі де шаруаға
қырбай еді; əкесі Бекболат екеуін «Екі əуейі» деуші еді. Алайда
екеуінің жаратылысы екі басқа еді.


Ақберген 
Бекболаттан 
гөрі 
қажырлырақ, 
шыдамдырақ,
айлакерлірек, қисығырақ, кекшілірек еді. Бекболат одан гөрі
аяңкесірек, қиялшырақ, жасығырақ, мақтаншағырақ, əуесқойырақ еді.
Бекболат қысылған, сасқан, кейіген жерде Ақберген ақыл тауып,
тоқтау айтып, демесін болушы еді, жазаласа, Бекболат оның тілін
көбірек алушы еді. Қатты қайырым-бейнеттің бəрін Ақберген көрген
соң, Бекболат өзім істетіп жүрмін деп жұбанушы еді. Ақберген ондай
бейнетті қажырым, ерлігім артық болғаннан істеп жүрмін, менен
басқаның қолынан келмейді деп ойлаушы еді. Ақбергеннің еңбегі
болмаса, Бекболаттың тіршілігі де қызық болмас еді; Бекболаттың аты,
асы, киімі болмаса, Ақбергеннің күні де күн болмас еді. Бірінде жоғы
бірінен табылып, екі жарты бір бүтін боп, тату-тəтті өмір сүрер еді.
«...Есептескен дос болмайды» деп жұрт айтады. Есептеспеген
досты көргеміз жоқ. Сыртына шығармағанмен, екі достың есебі ішінде
жүреді. Есепсіз кетсе, бірін-бірі алдаған, арбаған болып табылады;
оның түбі теңдік емес, зорлық. Міндетсіз, сілетсіз, мақтансыз, қаяусыз,
айнымас дос, болады дегенге сенбеңіздер. Өйткені өзін ұмытып
кететін адам табылмайды: əркімге алдымен тіршілік керек, тамақ
керек. Əрі өз басының, əрі досының пайдасы бірдей табылған соң адам
шын дос боп жүреді (əлде «шын ұлтшыл», «шын əлеуметшілдер» де
сондай ма екен?). Бекболат пен Ақберген сондай достар еді.
Кешеден бері үй-ішінің көр-жер аманатын орындап жəне
Төлегендікінде болған соң, Бекболат досымен емін-еркін сөйлесе
алмап еді; атқа мініп, оңаша шыққан соң, əңгіме қозғауға айналды.
Бекболаттың əңгімесі Ақбілек болу керек қой. Бірақ Бекболат салған
жерде Ақбілектен бастауды қолайсыз көріп, құс жайынан қозғағаны
соның беташары еді. Ақберген «О күнде жұрт құсты ойлағандай болды
ма?»— деген кезде Бекболат енді Ақбілекті сөз қылудың кезегі келді
ғой, — деп ойлап:
— Иə, ол күндер естен қалмайтын күн болды ғой. Нағыз бір
жұлдыздың терісінен шыққан екеміз... Бұ қояны құрғырдың жолы
қатты болмай қоймайды... Со күні жолықпаймыз деген ойда бар ма
еді?— деп бір қойды.


— Е, құдайдың əмірі десейші... О да бір соры бар қыз екен, деді
Ақберген мырзасының ойын білгелі.
— Не сорын айтасың? Орыстың қолына түскенін бе, басқа ма?—
деп сұрады Бекболат жолдасын байқағалы.
— Соры бар емей немене, ел-жұртқа əшкере болды... абиұры кетті,
— дегенде, Бекболат та оның ойын біле қойып:
— Кім өмірі абиұрлы боп өтет дейсің, тағдыр да,— деді.
— «Е тағдыр ғой... Ақбілектің пердесін өзіміз ашпаймыз деген
кімнің ойында бар?— деді.
Бекболат Ақбергеннің арбасып келе жатқанын білді де, сөздің бетін
ашқалы:
— Сен де қу боп кетіпсің-ау!— деп жымиды.
— Оны неліктен айттың?— деп, түсіне қойып Ақберген де
жымиды.
Өйткені бұрын бұл екеуінің арасында пернелі, қалытқылы сөз
болмайтын; ойлағандарын бүкпесіз айтып салатын ғой. Мынадай
түссіз əңгіме екеуіне де ұнамады. Не бірін-бірі тосаңсып, жатырқап
қалғаны, болмаса өзге бір себептің барлығы сезілер еді. Ол себеп:
«Абиұрынан айрылған Ақбілекті қалай өмірлік жар қыласың?»
деуге Ақбергеннің аузы бармай, «Ақбілекті əлі де болса аламын»
дегенді Бекболат та ашып айта алмай келе жатуы еді. Бекболат елдің,
досының аңысын аңдамақ еді. Ақберген мырзасын сынамақ еді. Неге
десең, бұл өзі зор мəселе ғой. Өмір серік жар табу — бір қиын жұмыс.
Тапқан жары Ақбілек еді. Ол мұндай күйге ұшырап отыр. Ақбілек
оқиғасы қазақ баласының басында болмаған, төтен оқиға ғой. Жалғыз
Бекболат пен Ақберген емес, мұндай оқиғадан кейін не істеу, қалай
болу керектігін бүкіл қазақ баласы ойлап көрген жоқ қой.


— Қу боп қапсың. Мені жатырқағаннан саумысың? — деп
Бекболат жолдасына назын білдірді.
Соны айтқанда Ақберген манағындай емес, ажары сазарыңқы
тартып:
— Сені мен неге жатырқайын? Сені жатырқағанда менің табарым
да белгілі ғой. Бірақ не айтудың жөнін таба алмай келемін... Өзің не
ойлайсың? Əуелі соныңды естіртші... Саған деген менде бөтен ниет
болып көрген жоқ, қара басым қара жерге кіргенше, ондай ниет болар
деп ойламаймын...— деп достықтың нысанын көрсетті.
Бұл сөзге Бекболаттың да жүрегі еріп кетті: досын құшақтап сүйіп
алғысы келді, бірақ ондай дағды өмірі болып көрген жоқ қой.
Сондықтан:
— Сенде бөтен ниет болар деп мен де ойлаған емен. Əуелі құдай
құдайдан соңғы жақыным да, досым да сен деп білем. Сен білмейтін
сыр жоқ. Сенен басқа ақылдасар кісім де жоқ. Əкей екеш əкей де
ананы қоя беріп, Ақбілекті айттырғаныма іші ырза емес-ті. Оны өзің
де білесің... Енді жұмыстың түрі мұндай болды...— деп, Бекболат бала
жасынан бері қарай қозғап, балалықты, жастықты, ойын-күлкіні,
жолдастықты, достықты, елдің партиясын, партия тақырыпты, əкесі
бұған қыз айттырғанын, оны менсінбегенін, екеуі ақылдасып,
Ақбілекті көріп келіп ұнатқанын, — бəрін жыр қылды. Аяғында келіп:
— О болса, ондай болды. Бұл мұндай боп отыр. Маңдайымның соры
бар ма? Қайдан білейін. Ендігі ойым: «тағы да қыз іздеп, тағы да
əкейді ренжітіп жүргенде, өмірдің де бірталайы өтіп кетер. Одан да
неде болса тəңірінің жазуы шығар, жұрт не десе о десін, тəуекел деп
соның өзін алғым келеді»,— деп күрсініп тоқтады.
Бекболат сөйлеп келе жатқанда, Ақберген: «Айтқаныңның бəрі
«рас» деген кісіше; «Е, е, е!» деп басын изей берді. Бекболат тоқтаған
соң, Ақберген де өзінің нашарлығын, жалғыздығын, қоңсылығын,
достығын, тілеуі бірлігін айтып шықты. Бекболаттай ұзартып сөйлеген
жоқ, шағымды, тиімді жерлерін басып өтті. Ақырында:


— Өз ындының солай болса, оныңа мен де бөтен сөз айта
алмаймын. Жалғыз-ақ дос бар еді, дұспан бар еді, құрбы-құрдас бар
еді. Екеуміздің осы жүргенімізді де көре алмайтын кісілер бар еді...
Тек солардың табасына қаламыз ба, бірде болмаса бірде бетіңе салық
қып, сүйегіңе таңба бола ма деп, артын ойлағанымыз болмаса...—
деген сөзге əкеп тіреді.
— Онысын енді құдайдан күттім. Мен жамандығымнан, болмаса
Ақбілек жамандығынан болып отырған нəрсе емес. Тұтқиылда кез
келген тəңірінің бір апаты. Оған кім ара тұра алады. Айта берсек сол
өңірде орыстан cay қалған əйел бар ма екен? Бірақ қайсысы безіп
жатыр əйелінен? Ашылмаған қауын, жарылмаған жұмыртқа іздейтін
баяғы бейбітшілік шағымыз бар ма? Елдің не қымбаты, не асылы
құрбан болмай жатыр?— деп Бекболат жолдасын дəлелмен жеңбек
болды.
«Артының намысы» дегені болмаса, Ақберген де артық таласқан
жоқ.
Жолдасын өзіне серік қып алған соң, Бекболаттың көңілі бір
демдегендей боп:
— Ел не дейді екен? Біздің үйдің іші қалай көреді екен? — деп
сұрады.
— Ел деп енді, ел не демейді? Елдің сөзіне артық құлақ қойған да
кici жоқ... Жалғыз-жарым Сайлаубай, Аязбек... секілді бықсыма
күншілер айызы қанады білем... Қарындастарын алмай қойған соң,
сүйтпей қайтушы еді... Ал тілеулес ағайынның əзір суық сөзі
естілмейді... Өз үйлерің болғанда, би (əкесі) пəлен түс жарып, ештеңе
айта қойған жоқ білем. «Ақбілек табылыпты» деген хабарды естігенде:
«Е!» депті де қойыпты. Ал, Жанболат ағаң болса, ол енді аузы жеңіл
кісі ғой: «Е, біздің Бекболат енді о қызды алмайды, орыстың сарқытын
неғысын!» деп, үйіне келген, кеткен кісіге «перот» соғып отыратын
болса керек,— деді.
— Е, о жігіт енді соға береді ғой... Елде жоқ, күндей перизатты
тауып алған неме!— деп Бекболат күлді.


Ақберген қошамет қылды.
«Өйткені ағасының алып отырған қатыны да партия тақырыпты
атастырған бір жетесіздеу адамның шажа байтал бейнелес кілбиген,
маймақ, кəрі қызы. Қарны шермиіп, борбайы шыт-шыт боп, тек жыл
сайын бір баладан қоздата беруді білуші еді. О жеңгесін Бекболат пен
Ақберген дəйім мазақ қып, ашуландыра беруші еді. Оны көргенде
екеуінің жыны қозып кетуші еді. Бұ жолы да күлуге сол себеп болды.
Ауылға жеткенше екеуінің əңгімесі — əйел болды. Əйел деген
жарықтық өмірі таусылмайтын, адамды жалықтырмайтын қызық
əңгіме ғой. Əсіресе біздің «Екі əуейі» əйелдің əңгімесіне жалыққан бар
ма? Ауыздарынан сілекейі, көздерінен жасы аққанша күлісіп мəз-
мəйрам болды.
Бекболат бір жасап қалды.
* * *
Балташ кабинетіне кіріп келді.
Қызыл шұғамен кежімделген емен үстел. Сұрала тас дəуіт, қалам
сауыт, шамдал, басқыштар. Былқылдақ барқыт орындық. Тақтай
айнадай. Үстел шытырдай. Оңында — Ленин, солында Сталин суреті.
Үстелде тілипон. Қолын созса електір. Бір түймені басып шылдыр
еткізсе — хатшы жетіп кеп, мойнын қылқың еткізеді.
Осы сынды кабинетіне Балташ кіріп келді.
Орындық та, үстел де, қаламдар да жегулі аттай жалаңдап: «Отыр
да өкірте бер!»— деп тұр.
Балташ cap партпелді үстелге бір алып ұрып, бетті бір сипап,
былқылдақ орнына алшия келіп отырды. Сол қолының түймелі жеңін
ашты да уақытты білді. Тоғыздан қаңғып барады екен. Сол жағындағы
қаттаулы қағаздарды алдына таман алып, қой қырқатын кісіше
икемдей баурап, түйіліп қарай бастады. Біріне «Анықталсын», біріне
«Тексерілсін», біріне «Мəжіліске салынсын», енді біріне «қаржы жоқ»,


тағы біріне «Тыңдалмасын», «Қайқайтылсын» деген тəрізді, бұрыш-
бұрышына 
қиғаштап 
«Резеліс» 
(қарар) 
қондырып, 
қолды
орақтатыңқырап, аяғына көлденең бір тартып қап жатыр еді, есік тырс
етті.
— Можно?— деді.
— Можно болса, — уфин атделдің бастығы Бірдемештеин екен.
Отыра қалып қағаздарын будыратып, қолын сиқырларша тулатып,
сықбыртып еді, Балташ а — дегенде «мүмкін емес» деп басын шайқаса
да, əр-берден соң «Ə, ол мүмкін» деп қолды қоя берді. Балташ ақша
жұмысына онша жетік емес еді; параграф бартал, декрет, секрет —
дегендер көбейіп кетіп, солардың кілтипанына миы жете алмай жүр
еді. Жауапты қызметкер болған соң, бір жерімнен мүлт кете ме деп,
сақтанушы еді; бірақ қай жерінен мүлт кетіп жүргенін өзі де білмеуші
еді. Анығында пəлендей тіресетін де мəселелер емес еді. Алайда
Балташ əуелі бір тіресіп, бетін қайырып алуды əдет қып еді: ісі пəлші
болса алғашқы дүрсе қоя бергенде, беті қайтар, дұрыс болса, безектер,
дəлел табар деген өлшеуіші болушы еді. Бірдемештеин кеткен соң,
басын бір сипап:
— Шортты ызнат! Сыболыштар қайдағы жоқ пəлені тауып, ақша
алады,— деді.
Балташ өкшесін тіреп, орнынан бір көтерілеңкіреп, орындығын
ұмтылтып, орны беріктігін сезгендей, қайта нығарлана отырып, келген
адамдарға түйіле қарап, біріне қол сермеп, бірінің қағазына қолын
орақтатып, аяғына бір тартып қап жатты.
Бір мезетте Тыпаң кіріп кеп, жайраңдап бас изеп, жұп-жұмсақ
қолымен кемесерінің қолын ғашық жарының қолындай, жақсылап
қысып:
— Сəлемет пе...— деп, ақырын жымың етті. Өйткені кеше қызу
үстінде қаттырақ кеттім ба, бірдеңе деп қойдым ба деп, ұйықтап
тұрғалы зəресі жоқ еді. Мынау майда амандасу — соның майдалауы
еді. Майдалап болған соң, енді бір састырайын — деген кісіше; —


Бүгін сіздің баяндамаңыз болады екен, — бір жапырақ қағазды
ұсынды.
Балташтың тоқ шегі қылып өте түсті. Қорқақтықтан дейсіз бе?
Жоқ. Өз жұмысын білмейтіндіктен дейсіз бе? Жоқ. Бір тықыр таянды
ма? Жоқ. Баяндаманы талай істеген, орны да, арты да мықты. Сонда да
баяндамасы түскір кісіге бір қыпыл кіргізбей қоймайды. Қашан соны
істеп, жауап беріп, айтысып, тартысып, аман-есен өткенше, көтіңе қыл
батпайды, қыл көпір тəрізденеді де тұрады.
Балташ:
— Барлық материалды жинап, реттеп беріңіз,— деді.
— Болады, — деп Тыпаң иек қақты да шығып кетті. Əйтсе де,
манағыдай емес, Балташтың сүреңі келіңкіремеді. Сөйтіп отырғанда
таңқы мұрын, бадырақ жігіт кіріп келді. Келе:
— Амансыз ба, жолдас?— деп үстелден асыла қолын созды.
Өзі сүреңі бұзылып отырған кісі, мына қыр қазағының омыраулап
келіп, қолын созғанын жаратпайды:
— Аман, — деп көзінің қырын түсірді.
Бұ келген Мұқаш еді.
Мұқаштың неге келгенін Балташ та біліп отыр. Қанша жақсы
көрген кісің болса да, қайта-қайта келіп мазаңды ала берсе, ілтің
пəлені тəуір көрмейді ғой. Жəне Мұқаштың материалы тексерілсін;
оған дейін қызмет берілмесін деп, кеше Ақбала бар, бəрі қаулы
қылысқан. Сондықтан Балташ оған отыр деп те айтқан жоқ, қараған да
жоқ. Мұқаш өзі барып жақын орындыққа отырды. Балташ көз
қырымен тағы бір қарап қойды. Мұқаштың кеудесі күпсиген, көзі—
ежірейген. «Тындырып келдім» деп түрі айтып тұр. Онымен де қойған
жоқ, отырар-отырмастан:


— Кəне, жолдас! Мені не қылатын болдыңыздар?— деді. Не
боларына көзі жеткендей-ақ. Өйткені ол бюрода мақтау алған ғой;
орынға қой деп, Балташқа тапсырған ғой.
— Сен немене?.. Қандай қызметке тұрғың келеді?— деді Балташ,
не сұрарын білмей, көзін жұмыңқырап:
— Қандай қызмет болады? Жұрт істеп жатқан бір қызмет болады
да, — деді.
— Елдегі қызметті қалайсың ба? Қалада болғың келе ме?
— Қала қызметіне менің оқуым жоқ қой. Елде болғаным дұрыс
қой.
— Елде қандай қызмет қалайсың?
— Осы күні кім болса сол болыс боп жатыр ғой. Біз де соның
біріндей қызмет қылармыз.
— Ə, болыс болғың келе ме?
— Қолдан келсе, не болмайық дейміз? Бұрын байлар да болды...
Енді өзіміздің өкімет келгенде, біз де болайық та,— деп жымиды.
Онысы Балташты өзімсінгені еді.
Балташқа бұл сөзі ұнамады:
— Сен партияға не мақсұтпен кірдің?— деп сұрады.
Бұл сұрау Мұқашқа шəлкем-шалыс келді: Мені тергеуші сен бе
едің, — дегендей:
— Не мақсұты болады?.. Кедейді жақтайды, қызметке кедейді
қояды, байдың малын кедейге əпереді... деген соң кірдік... Біз езілген
таппыз. Малайлықта жүргеміз. Мойнымызға ершік салып жүк те
көтергеміз. Енді біздің күніміз туған жоқ па?..— деп ажырайыңқырап,
бірталай өзі білген қызыл сөздерді айтты. Балташ Мұқаштың мақсұты
болыс болып, мал табу екенін байқады: ішінен «сен де бір сыболыш


екенсің. Доғанікі дұрыс екен» деп ойлады. Мұқаштың надандығын,
одан басқа мақсұт оның ойына кіріп шықпайтынын ескермеді.
Мұқашты өзіне қоятын өлшеуішпен өлшеді. Сондықтан оған қызмет
берудің орнына өзін бірталай сөгіп, тергеп, пікірі терістігін айтып
келіп:
— Сенің бұл ойыңды білсе, партиядан дереу қуыласың... Елге
сенің зəбірің көп тиген көрінеді...— деп оны қорқытуға айналды.
Мұқаш оған пəлендей ығысқан жоқ: — Сен қоймағанмен бюро қояды,
— деп ойлады да:
— Сонымен маған орын жоқ па?— деп түрегелді.
Балташ:
— Мелитсе болсаң қайтеді,— деп еді, Мұқаш басын шайқап:
— «Болмаймын»— деді...
Балташтікі де ұстап кетті:
— Болмасаң жүре бер!— деп қолды бір-ақ сермеді.
— Көреміз!— деп, Мұқаш есікті тарс қойып шыға жөнелді. Шыға
беріп Балташтың əкесінен қозғай бір боқтап алды да, атына мініп
«Бұйраға» тартты.
«Сəбет өкіметі кедейдікі дегені қайда? Кедейдікі болса, менен
артық кедей бар ма? Менен артық сəбетке еңбек сіңірген кім бар?..
Əлгінің қыртып отырғаны не?.. Ол тұмсығын неге көтереді? Бұ бір
«Боржой» ғой! Оқыған неменің өстіп селтие қалатыны бар... Сен
қоймасаң да, қоятын кісіні табармын», деген оймен атын борбайға бір
салып, жортып келіп, танымал мекеменің алдына түсе қалды.
«Бұйрада» Иванов дейтін арық, қу жақ орыс бар еді. Ауызда əр
кімдер есік күтіп тұр екен. Мұқаш есікке таман келіп, кимелеп ашайын
деп еді, — кезекпен кіресің деп, балалау орыс иығынан тартып
кіргізбеді. Амал жоқ, қамшысын екі бүктеп, қолын артына ұстап,


іріленіп, ежірейкіреп, тұрды. Алдында ноғайшалау, киінген бір
мұғалім тұр еді; Мұқаш биікте тұрған кісіше, жан құрлы көрмей, көзін
кепиеттене бір салып қойды. «Болыс болатын мен кірейін! Жаман
мұғалім, саған не бар?» деген қарас екенін мұғалім қайдан білсін, жəй
тұрмай:
— Жолдас, қай елдікі боласың?— деді.
— Не керек?— деді Мұқаш тұмсығын көтеріп.
— Тарбағатайлық болсаң, елге баруға серік бола ма деп едім.
Мұқаш сөз қатуға ерініп, таңдайын бір қағып басын шайқады. Əлден
уақытта Мұқашқа да кезек келді.
— А, Мукашка!..— деп Иванов қол ұсынды. Мұқаш бүктеулі
қамшысын сермеп, балдыр-батпақ тілмен Балташтың қызмет
бермегенін сөйледі.
— Не айтады?..
— Тыңдамайды... Өзі бір бүржой көрінеді, — деді. «Қасқырдың
қара құлақ шамы» дегендей, «Бүржой» десе-ақ, балшебек шамданады
деп ұғушы еді. «Бүржой» деген сөзді боқауыздан кем көрмеуші еді.
— Как буржуй?— деп, Иванов жымыңдап, телефон қақты. Мұқаш
тыңдап тұр.
— Қандай материал? Тастаңыз, тастаңыз! Білем-білем. Бос сөз.
Қалдыр пожалста. Жарамайд... — деген сөздерін ұқты. Қайда қалдыр
деп, немене жарамайды деп жатқанына түсіне алмады. Бірақ
Ивановтың қабақ түйісінен, қол сермесінен өзіне болысып, сөйлеп
жатқанын сезді.
Иванов тілипонды шылдыратып қойды да:
— Күте тұр. Ертең мəжілісте қараймыз... Сені орналастырамыз,—
деді.


Мұқаш «Бажалстыны» қағып, қол ұстап қоштасып: «Қираттым
ба!» дегендей апыраңдап тысқа шықты.
Көшеде келе жатыр еді, бұрыннан танымал Жақып деген жігіт
жолықты, Жақып біресе агент, біресе мілитсе, біресе істүктір болып
жүретін орысшаға Мұқаштан гөрі жетік пысық жігіт еді. Сөйлескен
жерден:
— Қайырлы болсын! Болыс болды деді ме?— деді.
— Кім айтты?
— Сартау жігіттері айтып жүр.
— Жоқ əлі.
— Ойбай! Ендеше сені болыс қоямыз деп, сұранып жатқан кісілер
бар.
— Кім-кім?— дегенде, Жақып Мұқашты ертіп, ауруханадағы
Жылтырға алып келді.
Жылтыр қашаннан күтіп отырған немеше асты-үстіне түсіп
жылпылдап, бай біткенді оңдырмай, оның ішінде Матайдың Əбенін
іске алғысыз қып, аяғында Мұқашты болыстыққа сұранып
жатқандарын айтты.
— Болыстықтан басқа қызметке тұрма! Сені қайтсек те Сартауға
болыс қоямыз. Бізге тек Əбеннің енесін ұрып берсең болғаны деп,
Мұқашты əбден құтыртты.
Мұқаш не іс қылса, мұнан былай Жылтырға ақылдасып тұрмақшы
болды. Жылтыр өзі «науқас себепті» ауруханадан шыға алмай
жатқанын ескертіп, Жақыпқа: — Мұқашты апарып қонақ қыл, не
керегін тауып бер,— деп тапсырды.
Жақып кешке таман қаланың шет жағындағы өзі сияқты
жылмаңдаған бір қазақтың үйіне əкеліп, ет асқызып, самогон ішкізіп,
қонақ қылды. Атын жемге көміп қойды. Қалтасына «жұмсақтан да»


басты. Көңіл көтеретін бір əйел де табылды... Мұқаш мыршымға кірді.
Мұқаш көкіді. «Болыс болмаймын»— деген ой жоқ.
Ертеңінде салып Ивановына барды.
Иванов кешегідей емес, «Мукашке» деп қолын созған жоқ. Салқын
амандасып:
— Қандай қызмет қалайсың? — деді. Балташқа айтқан сөзін
Мұқаш тағы айтты. Иванов басын шайқады.
— Агент боласың ба?— деп еді, Мұқаш болмайтынын білдірді:
кешеден бері қарадай болыс боп қойған кісі емес пе? Агент болам деп
бұрын былғанғаны тағы есінде. Иванов:
— Олай болса үйіңе қайт, керек қылсақ, алдырармыз, — деді.
Мұқаштың салы суға кетті, не айтарын білмеді.
Əңгіме былай: Доға, Төлеген, Тыпаңдар бас болып, Мұқашты
Сартауға болыс қылмаудың əрекетіне кіріскен еді. Өйткені олар
Əбеннің кісілері ғой. Олардан басқа да Əбеннің тілектестері əр
мекемеде бар еді. Қалайда Мұқашты қаралау үшін «ЧК»-ның бір
агентін соңына салып қойған еді. Мұқаштың қайда барып, қайда
тұрғаны, кіммен сөйлескені, қонақта болғаны, самогон ішкені, əйелмен
жақындық қылғаны... — бірі қалмай «ЧК»-ның «Лауқүл мақпүзына»
тіркеліп еді. Кеше Балташтың сөзіне сенбей, Мұқашты жақтап отырған
Иванов, бүгін сылқ ете түсуі сол «лауқыл мақпүздағы» жазуды көріп
еді. Мəжілісте ол көргенін айтпағанмен, Балташтардың Мұқаш туралы
материалды тексертейік деген жобасына «Қазақ жұмысына
кіріспейтіндіктен» көнген еді.
Мұқаш Жылтырына барып көпті сөйледі. Ол таң қалды. «Иванов
солай дедіні» естіген соң, о да кешегідей жалпылдамады:
— Мұнда бір машине бар екен. Сен енді өз шаруаңда жүре тұр. Біз
мұның ізіне шөп салып көрейік,— деді.


Сонымен, Мұқаш əрі елге жексұрын боп, əрі өкіметтен жақсы ат
ала алмай, пұшайман болып, қалада бір-екі күн сандалып жүріп,
ауылына қайтты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет