К. Ж. Қожахметова, Ш. Таубаева


Х – ТАРАУ ӘЛЕУМЕТТІК АУЫТҚУЛАР, ОЛАРДЫҢ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БОЛДЫРМАУ ЖОЛДАРЫ



бет56/60
Дата20.11.2023
өлшемі1,02 Mb.
#192051
түріРешение
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
Байланысты:
УМКД

Х – ТАРАУ


ӘЛЕУМЕТТІК АУЫТҚУЛАР, ОЛАРДЫҢ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БОЛДЫРМАУ ЖОЛДАРЫ

Адамның әлеуметтік дамуы кейде белгілі бір ауытқуларға соқтырады. Әлеуметтік ауытқулардың мәні, оның қалыптасу себептері мен оның алдын алу мүмкіндіктері және оны жеңу, әлеуметтік - педагогикалық мәселе. Бұл тақырыпта мынадай мәселелер қарастырылады:



  1. адамның әлеуметтік тұрғыдан қалыпты дамуы мен ауытқуы және әлеуметтік ауытқудың себептері;

2) балалар мен жеткіншектердің девиантты мінез-құлқын, іс-қимылын болдырмау мақсатындағы әлеуметтік-педагогикалық әрекеттің бағыттары.

1 Адамның әлеуметтік қалыпты дамуы мен ауытқуы,


әлеуметтік ауытқудың себептері

Қалып (лат.norma) - деп ережені, белгіленген межені түсінуге болады. «Әлеуметтік қалып» («социальные нормы») – бұл ресми белгіленген немесе әлеуметтік тәжірибе негізінде пайда болған және қоғамның белгілі бір нақты-тарихи өмір жағдайындалайық қалыптасқан қоғамдық іс-қимыл ережелері. Олар топтағы жекке тұлғаның қалыптасқан немесе белгіленген (рұқсат етілген немесе міндетті) іс-қимыл стандарты, жеке адамның өзгелермен әрекеттесу үшін қажетті шарты.


Әлеуметтік қалыптарда алдыңғы қоғамның әлеуметтік тәжірибесі көрініп бейнеленеді және сонымен бірге қазіргі кезедегі әлеуметтік шындық саналы қабылданады. Олар заң актілерінде, қызметтік инструкцияларда, ережелер мен жарғыларда, ұйымдастыру институттарының құжаттарында, сонымен қатар заң жүзінде жазылмаған, ортада қабылданған ереже түрінде бекітіледі. Негізгі әлеуметтік қалыптарды былай топтастыруға болады: құқықтық, адамгершілік, этикалық, діни және т.б., олар адамның кез келген сәттегі әлеуметтік рөлінің өлшемдері ретінде қызмет етіп, күнделікті өмірі мен қызметінде іске асады.
Адам бірнеше әлеуметтік рөлдерді қатар орындайды, мысалы, азамат, маман, отбасы және ұжым мүшесі, т.с.с, соның барысында өзін жүзеге асыру үшін әлеуметтік тәжірибені игереді.
Әлеуметтік ауытқулар – бұл адамның әлеуметтік дамуының қоғамда қалыптасқан құндылықтар мен қалыптарға (өзінің өмір сүру ортасына) сәйкес келмеуі. Әлеуметтік ауытқулардың формалары: асоциалдық және антисоциалдық іс-қимылдар.
Асоциалдық іс - қималдар (грек. а - теріс мағынаны білдіретін қосымша, лат.socialis – қоғамдық, қоғамдағы адамдардың өміріне және қарым-қатынасына байланысты) - бұл адамның іс-қимылының қоғамда қалыптасқан қалыпқа сәйкес келмейді, бірақта қоғамдық тәртіпті бұзбайды.
Антисоциалды (грек. anti - қарсы және әлеуметтік) – бұл адамның заңға қайшы іс-қимылы.
Әлеуметтануда аномия құбылысын қарастыруға болады, ол адамның әлеуметтік ортадағы әлеуметтік қалыптарға сай еместігі. Бұл «аномия» терминін француз әлеуметтанушысы Д.Дюркгейм енгізген, адамның іс-қимыл қалыптарының сақталмауы немесе жетіспеуі. Американ әлеуметтанушысы Р.Мертон 30-шы жылдары әлеуметтік аномия теориясын ұсынған, онда қоғамдағы «адамгершіліктің болмауынан», жеке адамның теріс іс-қимылға баруы қарастырылған. Оның пікірінше, кез келген қоғамда адамгершілік құндылықтарды орнатудың мақсаты мен құралдары бар. Адамгершілік құндылықтарды орнатуға жеткізетін мақсат пен құралдар арасындағы тепе-теңдіктің бүлінуі, аномияға негіз болады. Мертон адамның аномия қалпының бірнеше реакциялық типін көрсетеді (оны жүзеге асыру үшін, іс-әрекет мақсатына қатысты құралдарды таңдау арқылы қисынды варианттардың сәйкесуі): конформизм, инновативтілік, ритуалдылық, ретризм, бүлік шығару.
Конформизм (кешеуіл лат. conformns – ұқсас) – қоғамда қалыптасқан адамгершілік мақсаттар мен құралдарға жағымды қатынас орнату.
Инновативтілік (лат. innovatio - жаңару, өзгеріс) – мақсатқа жағымды қатынас орнату және құрал таңдауды шектеуге қарсылық білдіру, жаңа іс-қимылдың пайда болуы адам іс-әрекетінде өзгеріс, жаңалық пайда болады.
Ритуалдылық – мақсатқа теріс қатынас, құрал таңдаудағы басты ұстаным мақсатты ескермейтін ритуалдық іс-қимыл типі (мысалы, діни әрекет, бюрократтық т.с.с.).
Ретризм – бір нәрсеге қол жеткізуде мақсатты да, құралды да жоққа шығару. Бұл өмірден алшақтауды білдіреді (маскүнемдік, нашақорлық және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет