К. Т. Медеубаева 1 Д.Қ. Садирбекова



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата04.10.2022
өлшемі1,77 Mb.
#151569
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
bilim-sapasyn-arttyruda-funktsionaldy-sauattyly-ty-pedagogikaly-ma-yzy
ИВБДВ, 1 сұрақ БИЗНЕС-МОДЕЛЬ, Канва бизнес-модель, Канва бизнес-модель, Канва бизнес-модель
B) кітап, білім, кітапхана 
C) сынып, көмекші, мұғалім 
D) қорытынды, көркем, басылым 
E) адамдар, мамандық, мадақтау 
2. Мәтіннің негізгі идеясы 
A) Кітап – сәндік үшін жинайтын зат 
B) Кітап – сыйлыққа беретін зат 
C) Кітапты адам баю үшін оқиды 
D) Кітап – білімнің қайнар көзі 
E) Кітап – үйге сән береді 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 2 (74), 2018 
102
3. Мәтіндегі кітаптың маңыздылығына сай келмейтін қатар 
A) Кітапханалардың болашағы жоқ 
B) Кітап – білім бұлағы 
C) Кітап – білімнің қайнар көзі 
D) Кітап қана дәл мәнді білім береді 
E) Кітап оқыған адамның шетте калмасы анық 
4. Мәтінде көтерілген негізгі проблема 
A) Ата-ана жауапкершілін арттыру 
B) Кітапханаға деген дұрыс көзқарасы қалыптастыру 
C) Кітапқа деген баланың қызығушылығын арттыру 
D) Кітапхананың әлі де болса маңызы бар екенін дәлелдеу 
E) Қазақ балаларын қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп табу 
5. Қоғамның алдындағы басты міндет 
A) Кітаханашының айлығын көтеру 
B) Орыс тілді кітаптарды аудару 
C) Қазақ балаларын қазақ тілінде жазылған кітапқа баулу 
D) Ғаламтор арқылы кітап оқуға баулу 
E) Балаларға кітап оқып беру 
6. Кітаптың құдіретін ұғындыру қай кезден басталуы қажет деп ойлайсыз? 
A) Мектеп табалдырығын аттаған кезден 
B) Жоғары сыныпта оқыған кезден 
C) Балабақша табалдырығын аттаған кезден 
D) Орта сыныпқа өткен кезден 
E) Қызметке орналасқан кезден 
Осы мәтінмен жұмыс жасау барысында оқушылар «Кітаптың адам өміріндегі маңызы қандай?», 
«Кітап оқу арқылы адам бойында қандай қасиеттер қалыптасады?» деген сыни сипаттағы сұрақ 
бойынша ойланады, «Адам өмірде, қоғамда өзін-өзі қалай жетілдіру керек?», «Бойдағы дарынды қалай 
дамытуға болады?» деген сияқты проблемалық жағдаяттан шығудың жолдарын логикалық тұрғыда 
ойланып шешеді. Қазіргі бәсекеге қабілеттілікті өз бойында қалыптастыру мен жетілдіру үшін кітап 
оқудың пайдасы мен маңызы жайлы сауаттылығы қалыптасады. «Мәңгілік ел» идеясының арқауы 
болған ұлттық құндылықтарды сақтау мен ары қарай дамытудың қайнар көзі де, сарқылмас бұлағы да 
кітап және кітап оқу екендігі жөнінде тұжырым жасайды, ой түйеді, көзқарас қалыптасады. 
Сонымен бірге, бұл мәтінде сұрақ-тапсырмалар бірнеше әдіспен берілген, атап айтар болсақ: 1) 
жабық сұрақтар, яғни оқушы дайын жауапты мәтіннен тауып белгілейді; 2) ашық сұрақтар, бұл 
тапсырма бойынша мәтіннен алатын дайын жауап жоқ, оқушы өзінше ой қорытып, тапсырманы өз 
бетінше орындайды, яғни интерпретациялауды дамытубойынша жұмыс жасайды. Интерпретация – 
қызығушылық тудыратын ерекше дағдылар, көзқарастар немесе кейде логикалық қорытынды; 3) 
оқушы мәтінді өмірлік жағдайлармен байланыстыра отырып зерделейді, ой қорытады [3;5]. Осылайша, 
бір мәтін негізінде оқушы көпқырлы ойлау процесінен өтеді. 
Ш.Т.Таубаева, С.Т.Иманбаева, А.Е.Берикхановалардың пікірінше, функционалдық сауаттылық 
– адамның сыртқы ортамен қарым- қатынасқа кіру қабілеттілігі және аса тез бейімделуі мен жұмыс 
істеуі [4; 244]. 
Тұлғаның оқу, ұғыну, қысқа мәтіндерді жасау және жеңіл арифметикалық амалдарды орындаудағы 
қарапайым сауаттылығына қарағанда функционалдық сауаттылықтың айырмашылығы – тұлғаның нақты 
мәдени ортада тіршілік ету үшін қажетті болып саналатын әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде тұлғаның 
қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін біліктілік, икемділік пен дағдылар деңгейі. Көп 
зерттеушілердің пікіріне сәйкес функционалдық сауаттылықтың компоненттерін игеру процесі іс жүзінде 
өмір бойы жалғасуы мүмкін. Ендеше, функционалдық сауаттылық – өмір бойы білім алуды қамтамасыз 
етуге бағытталған білім көзі. Зерттеушілер оқушылардың функционалдық сауаттылығының құрылымдық 
компонеттері ретінде мотивациялық, когнитивтік, әрекеттік және рефлексивтік компонеттерді атап 
көрсетеді. Осы аталған педагог-ғалымдардың еңбектерінде функционалдық сауаттылық ұғымына 
берілген тұжырымдарға сүйене отырып, біз функционалдық сауаттылық оқушылардың оқу-танымдық 
құзыреттіліктерінің одан әрі дамуының негізін құрайды деп білеміз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет