Кафедра меңгерушісі Джарасова Г. С



бет25/84
Дата24.04.2017
өлшемі10,11 Mb.
#15087
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   84
Өзіңіздің суретіңізге байланысты, көлдер, таулар мен ормандар пайда болатындай етіп, түстерді өзгертіңіз. Керек болған жағдайда ортақ қисықты да өңдеуге болады.

Әсер ету радиусын үлкен емес етіп алып, Gaussion Blur (Гаусс бойынша шаю, Размытие по Гауссу) сүзгісін пайдаланыңыз. Бұл тек салынған сурет қиып алынған суретке ұқсамас үшін оның шеткі жақтарын жұмсартады.

Ғарыштан түсірілген жер шарының суретінен планетаның айналасы атмосфераның көгілдір жиегімен қоршалып тұратындығы бізге мәлім. Олай болса, оны көрсету үшін Gradient (Градиент) құралын пайдаланайық.

Layers (Қабаттар, Слои) палитрасын ашып жаңа қабат құрыңыз. Ол үшін палитраның төменгі жағында орналасқан ақ қағаздың суреті бар батырманы шертіңіз немесе келесі команданы таңдаңыз: Layer New Layer (Қабат) Құру Қабат, Слой Создать Слой).

Градиент параметрі орналасқан палитраға ауысыңыз. Қара және көк түстерден тұратын градиент құрыңыз немесе таңдаңыз. Қара түстің бір бөлігі мөлдір болатындай етіп тұнықтығын өзгертіңіз.

Құралдың баптауларында Radial (Радиалды, Радиальный) типін орнатып, көк түстің орналасу радиусы планета радиусынан үлкенірек болатындай етіп градиентті суретке орналастырыңыз. Градиенттің орналасуындағы кемшіліктерді түзету үшін еркін тасымалдау (CTRL+T) пайдалануға болады. Осы амалдың нәтижесі 92-суретте көрсетілген.

Егер градиент өте ашық түсті болып қалса, онда ол орналасқан қабаттың тұнықтылығын азайтамыз.

Енді ғарыштық кеңістікті құруымыз керек. Ол өте қараңғы екені бәрімізге белгілі, бірақ біркелкі қара түспен боясақ ол шындыққа жанаспайды және әдемі болмайды. Бұл жағдайда осындай түрлі табиғат құбылыстарын беруге арналған ең жақсы құрал Clouds (Бұлттар, Облака) сүзгісі пайдаланылады.



Алдыңғы екі қабаттың ортасына тағы бір қабат қосыңыз. Атмосферасы бар қабатқа қайтып келіп, Magic Wand (Сиқырлы таяқша, Волшебная палочка) құралының көмегімен планета мен көгілдір жиектің сыртында орналасқан аймақтың барлығын ерекшелеңіз. Соңында құрылатын фонға өту процесі баяу жүру үшін шегін мүмкіндігінше үлкен етіп алыңыз.

Жаңа құрылған қабатқа қайтып келіп Clouds (Бұлттар, Облака) сүзгісін қолданыңыз: Filter Render Clouds (Сүзгі Жарық түсіру Бұлттар, Фильтр Освещение Облака). Мұндағы негізгі түстер қара және қою көк болуы керек. Қажет болған жағдайда, Image Adjustments (Бейне Баптаулар, Изображение Настройки) мәзіріндегі Brightness/Contrast (Ашықтығы/Контраст, Яркость/Контраст) командасы-ның көмегімен түстердің ашықтығын баптауға және қабаттың тұнықтылығын өзгертуге болады.

Енді суретімізге жұлдыздар қосайық. Ол үшін Brush (Қалам, Кисть) құралын немесе Airbrush Capabilities (Аэрограф мүмкіндіктері, Возможности аэрографа) параметрін орнатып, оны аэрограф ретінде пайдалануға болады. Керекті қылқаламдар жүйесін орнатып, оның ішінен жұлдызға ұқсасын таңдап алып, оны бейненің бірнеше жеріне орналастырыңыз. Осыдан кейін суретіңіз 93- суреттегідей болу керек.

Ең соңғы қадам - кометаны салу. Оны жаңа бейнеге салған жөн. Кез келген өлшемдегі жаңа файл құрыңыз, бірақ ондағы сурет кейін ғарыш суреті бар бейнеге көшірілетінін ескеріп, оның өлшемін кішірек етіп алғаныңыз жөн. Бейне фоны қара болсын, ал алдыңғы жоспар ретінде ақ түсті таңдаңыз. Негізгі түске боялған дөңгелек құрыңыз. Ол үшін сіз фигураларды пайдалана аласыз.

Кометаға бұрыс пішін беру үшін Class (Шыны, Стекло) сүзгісін пайдаланыңыз: Filter Distort Class (Сүзгі Деформациялау Шыны, Фильтр Деформация Стекло). Баптауларға кез келген мән беруге болады, ең бастысы сурет біраз бұрмалануы керек. Сүзгінің диалогтық терезесі мен қолданылған баптаулар 94-суретте көрсетілген.





Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   84




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет