Канлибай алтынай кейс тапсырма 1


көбіне екі, кейде одан да көп тілдер салғастырылып



бет2/2
Дата26.11.2023
өлшемі39,31 Kb.
#193552
1   2
Байланысты:
110 группа оям

көбіне екі, кейде одан да көп тілдер салғастырылып, одан шыққан қорытынды бір топ кешенді теориялық және лингводидактикалық мақсат пен міндеттерді шешуді қажет етеді. Ондай теориялық мақсатміндеттер деп төмендегілерді атауға болады: 1) Салғастырылып отырған тілдер арасындағы сәйкестіктер мен айырмашылықтарды анықтау; 2) бір тілді оқып-үйренуде көзге түспейтін, ескерілмей қалатын белгілерді тауып көрсету; 3) сол тілдерге тән тілдік үрдістерді айқындау; 4) салғастырылып отырған тілдер арасындағы жүйелік сәйкестіктер мен айырмашылықтарды (яғни тілдер арасындағы эквиваленттер мен лакуналарды) анықтау; 5) тілдердің бірбіріне ықпалын, бір-біріне әсерін (егер қатар өмір сүрсе) нақтылау; 6) мүмкіншілігінше тілдер арасындағы сәйкестіктер мен айырмашылықтарды түсіндіру; 7) салғастырылып отырған тілдердің арасында кездесетін дедуктивтік универсалийлерді таныту. Ал лингводидактикалық мақсат, міндеттер мына мәселелерді қамтиды: 1) Салғастырылып отырған тілдер арасындағы сәйкестіктер мен айырмашылықтардың әдістемелік мәнділігін (релеванттылығын) айқындау; 2) тіл аралық ықпалдық (интерференция) сипатын анықтау; 3) шет тілін оқытуда тілдер арасындағы айырмашылықтарға байланысты туындайтын қиыншылықтарды көрсету; 4) шет тілін оқытудың әдістемесі ретінде тілдер арасындағы салғастырудың шекарасын көрсету; 5) шет тілін оқытудың әдістемесі ретінде тілдерді типологиялық жағынан салыстыруды жіті зерттеу.
Салғастырмалы лингвистика саласында қазіргі уақытта екі бағыт қатар келеді: теориялық мақсатта тілдерді салғастыра зерттеу және лингводидактикалық мақсатта тілдерді салғастыра зерттеу. Бірінші бағыттағы ғалымдар (В.Г. Гак, 1977; Ю.С. Маслов, 1978; Дж.Буранов, 1983) салғастырмалы лингвистикада тілдер арасындағы сәйкестіктер мен ұқсастықтарды топтастыруда теориялық мәселелерге баса назар аударса, екінші бағыттағы тілшілер (Р.Ю.Барсук, 1970; Lado, 1957, Nickel, 1971) лингводидактикалық аспектіге көбірек көңіл бөліп, екі тілді типологиялық жағынан салғастыра талдауды шет тілін оқытудың тиімді әдістемесі мақсатында қарастырады. Құрылымы әртүрлі тілдерді салғастыру тілдердің типологиялық классификациясын құруға негіз бола отырып, тілдер арасындағы сәйкестіктер мен ерекшеліктерді дәл көрсетуге мүмкіндік береді
Әртүрлі тілдерді құрылымдық талдау тілдік универсалийлерді айқындауға көмектеседі. Жеке тілдік фактілерден жалпы тілдік фактілерге қарай талдауда тілдік универсалийлер тілдің құрылымын коммуникативтік жүйе ретінде қарастырады. Сондықтан да, құрылымдық типология – қазіргі лингвистикада маңызды мақсат-міндеттерді шешетін тіл білімінің негізгі саласы. Сонымен, салғастырмалы тіл білімінің зерттеу нысаны – зерттеліп отырған тілдердің тілдік жүйесі. Салғастырмалы тіл білімі лингвистиканың ең басты тармақтарының бірі, оның өзіндік мақсат-міндеттері бар. Сонымен салғастырмалы тіл білімінің м а қ с а т ы - екі не одан да көп туыс емес тілдердегі бір типтес тілдік құбылыстар мен категорияларды бір- бірімен салғастыра отырып олардың бүкіл тілдік материалдарын сипаттап беру. Сол арқылы әлгі тілдердің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық құрылымындағы айырым-өзгешеліктерді (кейде ұқсастықтарды) көрсету. Салғастырмалы тіл білімінің зерттеу нысаны – зерттеліп отырған тілдің жүйесі болып табылады. Оның м і н д е т і н е бір-бірімен ешқандай туыстығы жоқ тілдік фактілер салғастырылып, ол тілдердің ортақ белгілерін, сәйкестіктерін, сонымен қатар, ерекшеліктерін ашып көрсету жатады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет