Капитал айналымы және айналымы Қабылдаған: Дарибаева Э



Дата07.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#85200
Байланысты:
капитал айналым
капитал айналым

Капитал айналымы және айналымы

Қабылдаған:Дарибаева Э

Орындаған:Нагашыбай А


Капитал-бұл тауарлар мен қызметтер өндіруде қолданылатын адамдардың жасап шығарған өндіріс құрал-жабдықтары мен ақшалай жинақтары. Капитал (ағылшынша — бас мүлік, бас сома, латынша — ең басты) — экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі.
Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін салушылар А. Смит пен Д. Рикардо және қазіргі белгілі американ экономистері П. Самуэльсон, У. Нордхауздың ойынша капитал-бұл өндіріс құрал-жабдығы. Француз экономисі Жан Батист Сэй және ағылшын экономисі Джон Робинсон т. б. , капиталды-бұл ақша сомасы, бағалы қағаздар , қаржылар деп есептеген. Капиталға бұдан басқада көзқарастар бар: капитал- бұл өндіріс саласында қолданылатын адамның білімі, қалыптасқан әдеті, энергиясы. Капитал –бұл уақыт
Үшінші томында: капитал- бұл зат еместігін, ол адамдар арасындағы белгілі қоғамдық қатынастар екендігін айтады
Бірақ капиталдың мәнін толыққанды К. Маркс ашады Өзінің басты еңбегі «Капиталда» ол капиталдың бірқатар анықтамасын береді
Бірінші томында: капитал-бұл құн, бұл өзін-өзі өсіретін құн деп көрсетілген
Екінші томында: «капитал бұл қозғалыс» екенін дәлелдеді
Капитал айналымы– капиталдың үздіксіз жаңарып отыратын ауыспалы айналымы; компанияның жылдық сату көлемінің салынған капиталға (меншікті қаражаттың орташа сомасына) қатынасы; жылдық өткізу (сату) көлемін тұрақты капиталдың ұзақ мерзімді міндеттемелер мен меншікті капитал сомасына тең шамасына бөлу арқылы есептелетін көрсеткіші.
Капиталдың бір формадан екінші формаға айналатын қозғалысын оның ауыспалы айналымы деп атайды. Формула көрсетіп түр — капиталдың ауыспалы айналымы пайда жасауды көздейді:
d=A> - A
Мұнда А—бастапқы жүмсалған капитал
d—үстеме құн.
Капиталдың айналымы мен оның ауыспалы айналымы бір-бірімен тура келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай формада авансталған капитаддың тек бір бөлшегі қайтып келеді; барлық капиталдық құн өз иесіне өзінің бастапқы ақшалай формасының толық қайтып түскеңце капитал толық айналым жасайды.
Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді. Капиталдық құнның айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал негізгі және айналмалы болып бөлінеді.
Капитал
Негізгі
Айналмалы
Айналмалы капитал — өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады.
Негізгі капитал — бұл өндіріс процесіне тұтас қатынасатын, бірақ өз құның өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Негізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. Шикізат, отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, Бұлардың құны әрбір ауыспалы айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем құны да жатады.
Назарларыңызға рақмет

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет