Каримова Бибігүл Жұмашқызы, Журналистика және практикалық қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы



бет2/3
Дата21.07.2020
өлшемі201,5 Kb.
#63552
1   2   3
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы туралы және пән туралы жалпы мәлімет:

Каримова Бибігүл Жұмашқызы

Кафедра: Журналистика және практикалық қазақ тілі

Кафедраның мекен-жайы : Глинки, 20; 912- бөлме

Ақпараттық қатынас: телефон : 36-02-25

Кафедрада болатын уақыты: күнделікті 08.00-ден-17.00-ге дейін.

Сабақ өтетін орын: 809 аудитория

Кредит саны: 3

1.2 Пәннің қысқаша сипаттамасы

«Ғылым ба, мал ба?» - бұл қазақ ауыз әдебиетінің әдемі бір туындысы. Мұнда тұрмыста ұшырасатын басқа нәрселерге қарағанда, ғылымның он түрлі артықшылығы бар екенін былайша баяндайды: «Ғылым-әулие-әмбиелердің мирасы, ал мал – перғауын мен Қарынбай мирасы; ғылым сені сақтайды, ал малды сен сақтайсың; ғылымның ДОСы көп, ал малыңның дұшпаны көп; ғылымды жұмсаң арта береді, ал мал қатты, сараң деген атқа қалдырады; ғылым өзін-өзі сақтайды, асырайды, ал малды бағу, күту керек; ғылым қиямет күні иесін шапағат қылғызады, ал мал өз иесін қисапсыз жауап бергізеді; ғылым тозбайды, жоғалмайды, ал мал қолдың кірі: өледі, жоғалады; ғылым көңілді нұрландырады, ақыл-ой қосады, ал мал масаттандырады, болған үстіне бола түссе Кен деп дүние қоңыз етеді; ғылым құдайға заһат, таупиқ қылғызады, ал мал иесінің көңіліне тәкәппарлық салады».

Барлық дәріс беру үстінде оқытушы осы қағиданы ұстанады. Біздің баспасөзде де, әсіресе ғылыми-танымдық жарияланым да, осыны өз жұмысының бет- бағдары есебінде тұтынуы тиіс. Біздің жыл санауымызға дейінгі соңғы екі жүзжылдықта күллі Жер планетасында жазба түрде дүниеге келген Ликреции Тит Кардың «Заттар табиғаты хақында» дастанымен басталған ғылым, білім негіздерін көркем әдебиет құралдарымен баяндау қаншама өмір кешті? Қазіргі бет-әлпеті қандай?

Міне, ғылыми-танымдық журналистиканың осы тәріздес проблемалары бір семестр бойы әңгіме болмақ.

1.3 Пәнді оқытудың мақсаты:

Курс төменгдегідей тақырыптарға бөлінеді: «Ғылым өркениет өлшемі», «Ислам – біліктілік Қағбасы», «Орта Азия мен Қазақстан топырағының оқымыстылары – ғылымның тұңғыш насихаткерлері», «Алғаш мерзімдік баспасөздегі ғылым таным», «Ғылымтанудағы Абай мектебі», «Ғылымтанудағы М.Әуезов мектебі», «Осы заман ғылыми-танымдық журналистикасы».


1.4 Пәнді оқыту міндеттері:

Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу, ғылыми идеяларға сын көзбен қарап дәлелдей алу және концепциялар мен

теорияларды талдай білуге дағдыландыру.
1.5 Оқыту нәтижелері:

Пәнді оқыту нәтижесінде студент мыналарды білуі керек:



олардың өзіндік табиғатын меңгереді;

  • БАҚ-тың қалыптасу, даму кезеңдері жайлы толық

мағұлмат алады;

  • Ғылыми тілі мен стилінің өзіндік ерекшеліктері, оларға

қойылатын типтік талаптар туралы терең білім алады;

  • Бүгінгі таңдағы БАҚ-тағы ғылыми мақалаларды нақты мысалдар

арқылы олардың құндылықтары туралы өзіндік нақты көзқарастар қалыптастырады;

  • Теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білуді үйренеді;

  • Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу;

  • Кәсіби зерттеу жұмыстарына дағдылары қалыптасады.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет