Каз Мектеп-10-2015. indd


 Ақан   серінің   «Балқадиша»   әнінің  шығу  тарихын  баяндау.   Ақанның  39



Pdf көрінісі
бет41/80
Дата03.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#72202
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   80
Байланысты:
Каз-Мектеп-10-2015

3. Ақан   серінің   «Балқадиша»   әнінің  шығу  тарихын  баяндау.   Ақанның 


39

www


.kazmektep.kz

сал-серілік  құрып,  ауыл-ауылдарды  аралап  жүрген  кезі.  Күндердің  күнінде 

Ақан сері сол кездегі  Ыбырай  деген  аты баршаға мәлім, танымал кісінің  

ауылына    бас    сұғып,    шілдехана    тойының  үстінен  түседі.  Ауылға  таны-

мал серінің  ат  басын  бұрғандығын  естіген ауыл тұрғындары оған ілтипат 

білдіріп, қошемет  көрсетеді. Алайда, төрде отырған Ақанның маңына ешкім 

отырмайды. Бұл ел аузында Ақан сері туралы алып-қашпа сөздердің кеңінен 

етек  алған  тұсы  еді.  Ақанның  қиялға  беріліп,  жын-перілермен  қатысы 

барын  алға  тартып,  жас  қыздар    серіден    үрейленген.  Ақын  да,  қыздар  да 

өздерін жайсыз сезініп, отырыстың берекесі  қашқандай болады. Осы кезде 

Қадиша қыз «Сері  ағамның  жанына  мен  отырайын»  деп Ақанның жанына 

жайғасады.  Мұны  естіген  Ақанның  көңілі  жай  тауып,  іштей  жібек  мінезді 

бойжеткенге  риза  болады.  Отырыс  барысында  әндер  орындалып,  зерделі  

әңгіме-аңыздар  айтылады.  Серінің жанында Қадишаның отырғанын оның 

ағалары естіген бойда екі жеңгесін жіберіп, қызды алып шығуын тапсырады. 

Алайда,  Қадиша  орнынан  қозғалмайды, Ақанның да оны жібергісі келмейді. 

Осы кезде таң атып, бойларында қимастық орнайды. Қадиша қайтуға жина-

ла бастағанда Ақан сері қолына домбырасын алып, екі ішекті қағып жіберіп 

әнді орындай бастайды. Бұл ұзақ толғау, үлкен жыр болды.  Әннің «Күйеуің 

сексен бесте шал, Қадиша» деген жолдарын алға тартып, кейбір аңыз дерек-

тер Қадиша, әу бастан, үлкен  ақсақалға атастырылған деп айтылуда. Қадиша  

қыздың  Ақанның  жанында  отырғанын  естіген  бойда  ақсақал  «Қадишаны 

қайтарыңдар»  деп  бұйырған.  Алайда,  Қадиша  қыз  үлкен  кісіге    емес,    өз 

теңіне    аттастырылып,    кейіннен    ұзатылған.  Мұны  естіген  Ақан  қоштасу 

сәтінде  туған  әнін  әрі  қарай  жетілдірген.  «Балқадиша»  әнін  кезінде  аты  

аңызға айналған Әміре Қашаубаев, Ғарифолла  Құрманғалиев,  Жүсіпбек Еле-

беков  орындаған. Кейін   Қайрат  Байбосынов, Рамазан Стамғазиев, Гауһар 

Әлімбекова, «Жігіттер» тобы сияқты  әншілер  өз  репертуарларына  қосқан.



Әдебиет пәні мұғалімі тірек кесте арқылы түсіндіреді. 

Ақан сері өлендерінің тақырыптары: саятшылық, аңшылық: «Мылтық 

пен  мергеншілік»,  «Құлагер»,  «Көкжендет»,  «Қараторғай»;  сүйіспеншілік, 

адамгершілік,  ғашықтық  туралы:    «Перизат»,    «Үш  тоты»,  «Балқадиша», 

«Дудар-ай»,  «Шәмшиқамар»,  «Нұрила»,  «Кербез  сұлу»,  «Жайықтың  ақ 

түлкісі», «Ақ көйлек»; әлеуметтік, теңсіздік жайлы: «Бара-бара крестьянға 

тең  болмадық»,    «Заман  адамы»,    «Жақсы    мен    жаман»,    «Өсиет    өлең»,  

«Асыл  мен жасын». 

Осы  тақырыптағы  өлеңдерінің  идеялық  мазмұнына  тоқтала  келе 

оқушыларды 4 топқа бөліп ізденіс сұрақтары беріледі.  Оқушылардың тал-

дап, түсіндіруі .



І топ. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   80




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет