Казахский язык класс 11 каз



бет3/15
Дата06.02.2022
өлшемі1,49 Mb.
#34030
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Ол, меніңше, тапсырманы орындамай келді.
A) қыстырма сөз
B) қаратпа сөз
C) жалпылауыш мүше
D) қосарлы айқындауыш
E) одағай сөз
49_
Тәуелдік жалғаулы қаратпа сөзді белгілеңіз.
A) Өлеңім, шарла ауылды.
B) Менің ойлаған ойымның үстінен түстің, Ботагөз.
C) Тыңда, дала, Жамбылды.
D) Айбар, сенімен ақылдасуым керек.
E) Поэзия, менімен егіз бе едің?
50_
Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілерінің дұрыс қойылғанын табыңыз.
A) Ол біресе күледі, біресе жылайды, біресе тоқтайды.
B) Ол біресе, күледі, біресе, жылайды, біресе тоқтайды.
C) Ол, біресе күледі, біресе жылайды біресе, тоқтайды.
D) Ол біресе, күледі біресе жылайды, біресе тоқтайды.
E) Ол біресе, күледі біресе, жылайды біресе, тоқтайды.
51_
Айқындауыш мүшеге байланысты қойылған үтірді белгілеңіз.
A) Бұл жөнінде ертең, сағат тоғызда, тресте отырып, кең сөйлесейік.
B) Мінезі де, түрі де – бәрі өзім.
C) Жамбыл, Дина – өнердің қос қазығы.
D) Бәсе, солай болады деп айтып едім ғой.
E) Па, шіркін! Даусы дауыс-ақ екен.
52_
Одағай сөз қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.
A) Әрине, бүгінгі жастарға білім керек-ақ!
B) Абылғазы, қайдан келдің?
C) Білімді адамды алған жөн.
D) Шіркін, қазақтың келіндері-ай!
E) Біздің халық, оның айтуынша, ақын халық екен.
53_
Бастауышы бар, жасырын тұрғанда да баяндауыш арқылы табуға болатын сөйлемді анықтаңыз.
A) жалаң сөйлем
B) жақсыз сөйлем
C) жақты сөйлем
D) жайылма сөйлем
E) толымды сөйлем
54_
Жақсыз сөйлемді белгілеңіз.
A) Мен басқаны ауызға да алдырмаймын.
B) Арада сүт пісірімдей уақыт өтеді.
C) Мейрамның Мұздыбайға соға кеткісі келді.
D) Ол дос жүрегіне сенеді.
E) Жүрегімнің түбіне терең бойла.
55_
Қалау райлы етістіктен жасалатын жай сөйлемнің түрін анықтаңыз.
A) жақты сөйлем
B) жақсыз сөйлем
C) толымсыз сөйлем
D) жалаң сөйлем
E) жайылма сөйлем
56_
Жақты сөйлемді белгілеңіз.
A) Енді сізге айтуға тура келді.
B) Менің айтқаным келді.
C) Көнуіме тура келеді.
D) Біздің ашық сөйлесуіміз керек.
E) Басқаны ауызға да алдырмаймын.
57_
Жайылма сөйлемді белгілеңіз.
A) Балалар далада ойнап жүр.
B) Асан жүгіріп келеді.
C) Ойын қызық.
D) Қарағың келеді.
E) Айтуға бола ма?
58_
Толымсыз сөйлемді белгілеңіз.
A) Шашубай мерген еді.
B) Сатуға әкелдің бе?
C) Ақыры ай да туды.
D) Айналам тым-тырыс тына қалды.
E) Маған алыстан талып бір дауыс естіледі.
59_
Атаулы сөйлемді белгілеңіз.
A) Міне, дала көрінеді.
B) Дала. Егін даласы.
C) Бұл – егін даласы.
D) Ызбарланып аспанның ажары бір кірмейді.
E) Балықшылар жан-жақтан жүгіріп келіп жатыр.
60_
Жай сөйлемді белгілеңіз.
A) Қырық-елудей кісі қызды қоршап, абыр-жабыр бола түсті.
B) Көлеңке басы жоғалып, ауыл үстіне ымырт тұманы үйіріліп келеді.
C) Жабағыдай ұйысқан қалың көктен машинаның кейде жаны ғана көрінеді.
D) Маған жақындап келіп, көзіме тура қарады.
E) Ақырын есік ашып, ол үйге кірді.
61_
Атаулы сөйлемді белгілеңіз.
A) Мінезі жақсы төрге озар.
B) Дос адам артық сұрамайды.
C) Үлкен келсе, аяғыңды аяма.
D) Өш алғаннан гөрі, кешірген жақсы.
E) Кілең ығай мен сығай, жайсаң мен жампоз.
62_
Жақсыз сөйлемді белгілеңіз.
A) Жолдастық – достық пен махаббаттың бірінші баспалдағы.
B) Адал достық асыл махаббатқа апарады.
C) Жолдастық достыққа жеткізеді.
D) Бірақ бұл екеуінен бұрын балдырған-бөбектер арасында жолдастық басталады.
E) Досымбек оған шын ниетпен көмектескісі келді.
63_
Құрмалас сөйлемді белгілеңіз.
A) Кімде-кім адамдардан ұялмаса, ол Алла тағаладан да ұялмайды.
B) Жасында әдеп үйренбеген кісіден өскенде қайран жоқ.
C) Достық пен махаббат – екі ұлы сезім.
D) Қорқақ – махаббатқа қабілетсіз.
E) Махаббат – ержүректің еншісі.
64_
Салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.
A) Айгүл аттан түсіп еді, су қайта таязданып қалғандай екен.
B) Екі қолы дірілдеп, ол үйге жақындады.
C) Далада жаурағанша, үйде отырайық.
D) Оның өскен ортасын білмейінше, жұмбақ қасиетін де түсінуге болмайды.
E) Екпей, егін бітпес; үйренбей, білім бітпес.
65_
Шартты бағыныңқылы сабақтасты белгілеңіз.
A) Бір елді бір ел жақсы білсе, жақсы өнегесін де алар еді.
B) Наурыз туса да, қыстау адырлары әлі қыстың қатаң кәрінде болатын.
C) Ол тұрмысқа шықса да, той болмады.
D) Ол бөлмесіне кірді де, тас бүркеніп алды.
E) Қорыққаны сонша – орнынан тұра алмай қалды.
66_
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасты белгілеңіз.
A) Сөз жүйесін тапса, мал иесін табар.
B) Алдыңа бір қарасаң, артыңа бес қара.
C) Мұны қабыл көр, сонда сен де түзелерсің.
D) Сөз бергенге ерме, - бөз бергенге ер.
E) Көктем келгенімен, күн суық.
67_
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
A) Зейнетке шыққанмен, Құрымбай үйде тегін отырмайды.
B) Хатты біресе кеудесіне қысып, біресе оған мейірі қанбағандай бетіне басады.
C) Аттылар жалт-жалт қарасқанда, жақын жерде отырған көп адамның жиыны көрінді.
D) Қасен байбаламдағанмен де, ойын тоқтала қоймады.
E) Әкесі жұмыстан келгенде, Әсел алдынан шықты.
68_
Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.
A) Екі қолы дірілдеп, ол үйге жақындады.
B) Ертерек үйге қайту керек немесе ауруханаға соғу керек.
C) Олар біресе тоқтап дем алады, біресе күн ұзақ жүріп алады.
D) Қорыққаны сонша – орнынан тұра алмай қалды.
E) Қорадан мал ұрланыпты, сол үшін Базарбайды қатты соққыға жықты.
69_
Салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.
A) Қыс келгеніне қарамастан, қар жаумады.
B) Раушанның қалаға келгеніне үшінші күн болғанда, жиналыс ашылды.
C) Күн бұлтты болды, бірақ жаңбыр жаумады.
D) Мен мұғаліммен бірге құрбыма бардым.
E) Үй іші жым-жырт.
70_
Түсіндірмелі салаласқа байланысты қойылған сызықшаны көрсетіңіз.
A) Адам көркі – шүберек, ағаш көркі – жапырақ.
B) Абайға баратын жол – ұзақ жол.
C) Қасына ерткені – Жорға Жұмабай мен Мырзахан.
D) Үлкен үйде Ұлжан, Айғыз, Ділдә – үшеуі ғана отыр екен.
E) Тұманның қалыңдығы сонша – түк көрінбейді.
71_
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Сараның сәлемін айтқанда, Иманмұса жылы ұшырай жымиды.
B) Олар теңізге ерте шықты, бірақ жолы болмады.
C) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
D) Өнімді еңбек атқарам десең, көпке сүйен.
E) Теңіздің суы мөп-мөлдір екен.
72_
Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Ботагөз қиындықты көре жүре, Асқардан үмітін үзбеді.
B) Өзен суы жылдағыдан мол, сондықтан мұз ерте сөгілді.
C) Сабақ оқымай, бес алмайсың.
D) Жұмыстың ең ауыры осында болғандықтан, Ермек мұнда әдейі тіленіп келді.
E) Олар теңізге түсті, қайықпен жүзді.
73_
Төлеу сөзді белгілеңіз.
A) Ағатай-ау, мынау әнмен шақырып тұр ғой!
B) Рас, Сүгір аулынан шығып тұр.
C) Айтқаның шын болса, енді жүрші.
D) Менің аңғаруымша, сіз тарихқа ат салыспаған сияқтысыз.
E) Медников одан арғы тағдырын білмейтіндігін айтты.
74_
Қыстырма сөз қатысқан төл сөзді белгілеңіз.
A) –Сізге әдейі амандасқалы келдім, - деді Сәбит.
B) –Енді кері қайтуға бола ма?-деп сұрады жауынгер.
C) –Жоғары шық,- деді үйге кірген Асқарға Балтабек.
D) –Балуан, сені Паң шақырады, тез жүр!- деді бір жігіт.
E) –Менің аңғаруымша, сіз тарихқа ат салыспаған сияқтысыз.
75_
Төл сөзді сөйлемді белгілеңіз.
A) Оның ойын түсіну қиын.
B) «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманы келмеске кетті.
C) Балалардың соңғы ермегі – кітап оқу.
D) Сауатты болу дегеніміз – дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу.
E) «Оған қалай жолығып жүрсіз?», - деп таңданды Бораш.
76_
Төл сөзді сөйлемді анықтаңыз.
A) «Қалауын тапса, қар жанады» деген мақал – үлкен философия.
B) «Айттым сәлем, Қаламқас» – махаббат әні.
C) Балық енді өрге қарай жүзеді.
D) – Киноға барайын деп едім, - деп жинала бастады.
E) Қоян «батыр» қорыққаннан зыта жөнелді.
77_
Берілген сөйлемнің төлеу сөзге айналғандағы дұрыс нұсқасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет