Казахский язык класс 4 каз



бет4/4
Дата12.03.2017
өлшемі2,37 Mb.
#11607
1   2   3   4
Ы дыбысының әсерінен өзгеріске ұшыраған сөздер

A) қарны, басы

B) алыбы, қабығы

C) ұзыны, қысқасы

D) қоймасы, астығы

E) қағазы, мұрны

852_

Айтылуы мен жазылуында өзгешелігі бар сөз



A) жаулық

B) алтын


C) торғай

D) тышқан

E) тасбақа

853_


Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесіп айтылуы

A) буын үндестігі

B) дыбыс үндестігі

C) тасымал

D) буын

E) қосымша



854_

Айтылуы мен жазылуы бойынша өзгешелігі бар сөздер қатары

A) ауыл, балалық, ғибадат, берешек

B) түйе, болашақ, жұмбақ, достым

C) қала, суретші, машина, көңілді

D) үңгір, жазса, келе ме екен, қара ала

E) кітапхана, әсемпаз, өнерпаз, теңізші

855_


Дұрыс жазылған сөздер қатары

A) ембек, ұйалы

B) енбек, ұяалы

C) еңбек, ұйалы

D) еңбек, ұялы

E) енбек, ұйялы

856_

Үндесе айтылып тұрған сөздер



A) талапкер, мұрагер

B) дәрігер, емхана

C) қасқа ат, басқа ат

D) Сарыарқа, Сұлтанғазин

E) Алматынікі, Астанадан

857_


Мақалдарға тиісті әріптер

Еңбек етсең ері...бей, тояды қарның тіленбей.

Қорыққа...ға қос көрінер.

A) н, ң


B) м, н

C) м, ң


D) н, н

E) л, м


858_

Сөйлемдегі пайымдау мәтініне сәйкес келетін сөз:



Жолды кесіп өтерде абай болу керек, ...

A) бірақ


B) онда

C) тағы


D) себебі

E) демек


859_

Сөйлемдегі пайымдау мәтініне сәйкес келетін сөз:



Компьютер алдында ұзақ отыруға болмайды, ...

A) онда


B) өйткені

C) демек


D) бірақ

E) тағы


860_

Мәтіндегі негізгі ойды немесе тақырыпты қысқаша атау

A) әңгімелеу

B) пайымдау

C) мәтінді түйіндеу

D) мәтінге ат қою

E) мәтінді сипаттау

861_


Әңгімелеу мәтінінің бөліктері

A) оқиғаның басы, дамуы, шарықтау шегі, соңы

B) дәлелденетін пікір, дәлелдеу пікірі, қорытынды

C) оқиғаны белгісі бойынша сипаттау, теңеу

D) оқиғаны хабарлау, жинақтау, анықтау

E) оқиғаны анықтау, дәлелдеу, сипаттау

862_

Мәтіннің қай түрі



Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,

Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ

A) әңгімелеу

B) сипаттау

C) пайымдау

D) хабарлама

E) түсініктеме

863_

Зат, құбылыстың белгісіне қарап, қандай? сұрағына жауап беретін мәтін түрі



A) хабарлау

B) пайымдау

C) сипаттау

D) әңгімелеу

E) анықтау

864_


Оқиға, құбылыстың себебін дәлелдейтін мәтін

A) сипаттау

B) пайымдау

C) әңгімелеу

D) хабарлама

E) анықтама

865_

Берілген мәтіннің түрі



Емен – мықты ағаш. Оның діңі жуан. Қабығы қалың. Бұтақтары да жуан, ұзын.

A) пайымдау

B) әңгімелеу

C) сипаттау

D) хабарлама

E) анықтама

866_

Берілген мәтіннің түрі



Біздің ауылға цирк келді. Аю велосипед тепті. Маймыл машина жүргізді. Аттар биледі. Бәріміз таңдана қарадық.

A) сипаттау

B) пайымдау

C) әңгімелеу

D) хабарлама

E) түсініктеме

867_

Автордың айтқысы келетін басты пікірі



A) мәтіннің атауы

B) баяндалатын оқиға

C) мәтіннің түйіні

D) мәтіндегі негізгі ой

E) оқиғаның басталуы

868_


Екі немесе бірнеше сөздің бір-бірімен байланысуы

A) мәтін


B) сөз тіркесі

C) бірыңғай мүше

D) қос сөз

E) біріккен сөз

869_

Бір сыңары күрделі сөз болатын сөз тіркесі



A) оныншы пәтер

B) торы ат

C) торы ала ат

D) кітап оқыды

E) гүл суарды

870_


Зат есім мен етістіктен жасалған сөз тіркесі

A) жылы үй

B) тәтті шырын

C) сегіз аяқ

D) есігін ашады

E) тез оқиды

871_

Жылы үй сөз тіркесінің жасалу жолы

A) зат есім, зат есім

B) сын есім, зат есім

C) сан есім, зат есім

D) етістік, зат есім

E) сын есім, етістік

872_

Бір-біріне бағына байланысқан кемінде екі толық мағыналы сөздер тобы



A) сөйлем

B) мәтін


C) сөз таптары

D) сөз тіркесі

E) күрделі сөз

873_


Сөз тіркесін белгіле

A) жетінші

B) көше

C) тұрады



D) жетінші көше

E) жетінші көшеде тұрады

874_

Сөз тіркесіне сәйкес қосымшалар: Ел... бірлігі, білім... ұмтылу



A) -мен, -ді

B) -дің, -ге

C) -сіз, -нен

D) -нің, -дің

E) -мен, -ден

875_


Көп нүктенің орнындағы бағыныңқы сөз: ... баласы, ... ұны

A) ағаштың, атаның

B) өмірдің, табыстың

C) сыйлықтың, жердің

D) көршінің, бидайдың

E) ойынның, дананың

876_

Сөйлемде өзара байланыспайтын сөздер:



Әсет домбыра үйірмесіне қатысып жүр.

A) домбыра үйірмесіне

B) қатысып жүр

C) Әсет қатысып жүр

D) Әсет домбыра

E) үйірмесіне қатысып жүр

877_

Туынды сын есім мен зат есімнен болған сөз тіркесі



A) жетінші үй

B) жайлауға бару

C) ақылды бала

D) шанамен сырғанау

E) ашық аспан

878_


Озат оқушы сөз тіркесіне тиісті сұрақтар

A) қандай? қай?

B) қандай? кім?

C) қандай? неше?

D) қай? кім?

E) кім? қанша?

879_

Берілген нұсқадағы сөз тіркестерінің саны: ықыласпен тыңдады, машина тоқтады, қоңырау соғылды, тез оқыды, жаңбыр жауды, атты кісі



A) 5

B) 2


C) 3

D) 4


E) 6

880_


Берілген сөзге тиісті басыңқы сөз: жұмсақ

A) мінезі

B) тасы

C) көңілі



D) құмы

E) көзі


881_

Сөйлемнің ережесі

A) аяқталған ойды білдіреді

B) заттың атын білдіреді

C) заттың сынын білдіреді

D) заттың санын білдіреді

E) заттың іс-қимылын білдіреді

882_


Айтылу мақсатына қарай сөйлемнің түрлері

A) хабарлы, сұраулы, лепті

B) жалаң, жайылма, жай

C) тұрлаулы, тұрлаусыз

D) жай, құрмалас, жалаң

E) дара, күрделі, жеке

883_

Жауап алу мақсатында айтылатын сөйлем



A) хабарлы

B) сұраулы

C) лепті

D) хабарлама

E) мәтін

884_


Хабарлы сөйлемнің соңынан қойылатын тыныс белгісі

A) үтір


B) нүкте

C) қос нүкте

D) сұрақ белгісі

E) леп белгісі

885_

Сөйлемнің түрі: Айгүл, үйдің ішін жинадың ба



A) хабарлы

B) сұраулы

C) хабарлама

D) лепті


E) жалаң

886_


Сөйлем неден құралады?

A) буындардан

B) дыбыстардан

C) әріптерден

D) сөздерден

E) қосымшадан

887_

Сөйлемнің түрі: Өркенің өссін, қарағым



A) хабарлы

B) сұраулы

C) хабарлама

D) лепті


E) жалаң

888_


Соңынан сұрақ белгісін қоюға болатын сөйлем

A) Әсет үйге кірді

B) Әсет үйге кірме

C) Әсет үйге кірді ме

D) Әсет үйге кіріп келді

E) Әсет үйге кіріп келеді

889_

Сөйлемде білдіріп тұрған сезім: Алақай, ауылдан атам келді



A) өкіну

B) қуану


C) ренжу

D) күйіну

E) кектену

890_


Сұраулық мағынасы бар сөйлем

A) Сен бізді күт(пе)

B) Үйде нан бар(ма)

C) Жолыңнан қал(ма)

D) Бүгінгі кезектен қал(ма)

E) Жолдан асырып жаз(ба)

891_

Леп белгісі қойылатын сөйлем



A) Күн жарқырап шықты

B) Күн жарқырап шықты ма

C) Күн жарқырап шығып тұр

D) Күн жарқырап шығып тұр ма

E) Күннің жарқырап шыққаны қандай тамаша

892_


Соңынан сұрақ белгісі қойылатын сөйлем

A) Мұғалім сабаққа кірді

B) Атам ауылға атпен келді

C) Шіркін, ауаның тазасы-ай

D) Күн кешегіден суық па

E) Мынау менің өнерлі балам ғой

893_

Сұраулы сөйлемдердің саны: Сен жақында қандай қызықты кітап оқыдың кітап қалай аталады кейіпкерлердің қылығы ұнады ма кітап туралы ойың қандай кейіпкерлер туралы айтып бер ойыңды жүйелі жеткізуге тырыс



A) 2

B) 3


C) 4

D) 5


E) 6

894_


Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем

A) жайылма сөйлем

B) құрмалас сөйлем

C) жай сөйлем

D) жалаң сөйлем

E) сөз тіркесі

895_

Құрамында тұрлаусыз мүшелері бар сөйлем



A) құрмалас сөйлем

B) жайылма сөйлем

C) жалаң сөйлем

D) жай сөйлем

E) сөз тіркесі

896_


Жалаң сөйлемді анықта

A) Дулат ертең ауылға жүрмекші.

B) Асан досымен кездесті.

C) Ар алтынмен өлшенбейді.

D) Аңшы қақпан құрды.

E) Балықшылар жақындады.

897_

Жайылма сөйлемді анықта



A) Күн күркіреді

B) Өсімдік көктейді

C) Досан жүрмекші

D) Ақыл өлшенбейді

E) Тау алыстан мұнартады

898_


Жайылма сөйлемді белгіле

A) Тауық шақырды.

B) Құлын кісінеді.

C) Қақпа ашылды.

D) Апам ет асты.

E) Күн күркіреді.

899_

Жалаң сөйлемге айналдырылған сөйлем: Айым бөлмедегі гүлдерге су құйды.



A) бөлмедегі гүлдерге

B) гүлдерге құйды

C) Айым құйды

D) су құйды

E) Айым су

900_


Жалаң сөйлемге айналдыр: Әсел екеуіміз үйірмеге қатыстық.

A) Әсел екеуіміз

B) екеуіміз қатыстық

C) Әсел екеуіміз қатыстық

D) Әсел үйірмеге қатыстық

E) үйірмеге қатыстық

901_

Жайылма сөйлемге жататын қатар



A) Мұхтар Әуезов – жазушы.

B) Ю.Гагарин – тұңғыш ғарышкер.

C) Болат барды, оқыды.

D) Гүлдер көгерді, көктеді.

E) Қараторғай ұшып барады.

902_


Жайылма сөйлемнің тұрлаулы мүшелері: Америкада бал беретін құмырсқалар көптеп кездеседі.

A) бал беретін

B) көптеп кездеседі

C) Америкада кездеседі

D) құмырсқалар кездеседі

E) бал беретін құмырсқалар

903_

Жайылма сөйлемдегі сөз тіркестерінің саны: Дулат балапандарға уыстап жем шашты.



A) 2

B) 3


C) 4

D) 5


E) 6

904_


Жай сөйлем дегеніміз

A) бір ғана тиянақты ойды білдіреді

B) екі одан да көп ойды білдіреді

C) заттың атын білдіреді

D) заттың сынын білдіреді

E) заттың қимылын білдіреді

905_

Сұрақтарға сәйкес құрылған сөйлем: Кімдер? қайда? не істеді?



A) Асан мен Үсен ауылдан келді.

B) Балықшылар балық аулады.

C) Балалар бақшаға барды.

D) Саяхатшылар жолмен жүрді.

E) Ағам атын ерттеді.

906_


Сөйлем құрастыру үшін төменде берілген сөздердің орналасу реті:

су

бөлмедегі

құйды

гүлдерге

Айым

1

2

3

4

5

A) 5, 2, 4, 1, 3

B) 5, 4, 2, 1, 3

C) 1, 3, 2, 4, 5

D) 2, 4, 3, 1, 5

E) 3, 5, 2, 4, 1

907_

Сөйлемдегі балын сөзімен байланысатын сөз:



Олар балын өзінің бауыр қалтасында сақтайды.

A) қалтасында

B) бауыр

C) олар


D) өзінің

E) сақтайды

908_

Мақалдың жалғасы: Еңбек түбі-береке,



A) ел ырысы

B) жер ырысы

C) жанның тынысы

D) білім-өмір шырағы

E) көптің түбі - мереке

909_


Жалаң сөйлемге де, жайылма сөйлемге де тән сөйлем мүшесі

A) тұрлаулы

B) бірыңғай

C) тұрлаусыз



D) күрделі

E) дара
Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет