Kazakh National Pedagogical University after Abai хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары»



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата08.02.2022
өлшемі247,87 Kb.
#119129
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
sciPaper144777
Көркем еңбек сабақтарында 4К моделін іске асыру, одежда преддип2023 Бектаева Д.Н.
Талқылау.
М.Мағауиннің “Қасқыр –
бөрі” әңгімесі түркі халықтарының 
заманынан келе жатқан фольклорлық аңыздарды еске салады. “Бөрінің орнына қасқыр 
келді, бірақ шын мәнісінде екеуі бір ғана аң: бөрі деген –
қасқыр, қасқыр деген –
бөрі. 
Сырттай қарағанда атауы ғана өзгерген болып көрінеді. Ал, шын мәнісінде бәрі өзгерді

Кейінгі қасқыр бұрынғы бөрідей бола алмады” [5., 156] –
деп баяндауынан автордың 
қазіргі заманға көңілі толмайтындығын аңғаруға болады. Жазушы тегінен айырылып, 
өлексе үшін жұлысып, қасқырға айналып бара жатқан бүгінгі жас ұрпағының тірлігіне 
налиды. Еркіндікті аңсап, бұрынғы бөрі кейпіндегі ата
-
бабаларымыздың рухын қайта 
жаңғыртуды қалайды. Байқап қарасақ, баяғы құрт пен шенеден, кешегі бөріден қайтқан 
бақ, көшкен рух қасқырға қонбапты деген өкінішін білдіреді. Аталмыш әңгімесі арқылы 
қайсар рухты көкбөрі ұғымын көркем сөз әлемінде жаңғыртып қана қоймай, бүгінгі қазақ 
қоғамында қазақы ұлттық рухтың әлсіздігіне налиды.
Әңгіменің
поэтикалық формасы ерекше назар аудартады. Қазіргі прозаның 
дамуындағы жаңа пішіндік ізденістердің бірі деп тұжырымдауға болады. Шығарманы 
шағын төрт бөлікке бөлу арқылы бүгінгі қазақ бойындағы рухсыздықты, қорқақтық, жеңіл 
мінезділік 
сынды 
мінездерді 
мінейді, 
қазақ 
батырларының 
қайсарлығының 
жоғалғандығына ашынады. Шығарманың кейбір тұстарында қазақ халқы әлі күнге дейін 
бұрынғы рухани санадан ажырамағандығын да тұспалдап жеткізеді. Жазушының бөрі 
образын негізгі сюжет желісі етіп алуының өзі халық арасында фольклорлық сананың 


237 
жоғала қоймағандығын білдіреді. Жаhандану үдерісін бастан кешіп жатқан қазақ ұлтының 
кеңестік дәуірде солақай саясаттың әсерінен ұлтқа, тілге үлкен қауіп төнсе де, елдік 
рухтың үзілмей, осы күнге жалғасып жатқанын дәлелдейді.
Әңгіме мазмұнынан байқағанымыздай, қалай болғанда да, тотемдік сана осы күнге 
дейін адаммен бірге өмір сүріп келеді, сондықтан оның
көркем әдебиетте жүруі табиғи 
заңдылық. Жалпы, фольклор –
ескірмейтін рухани құндылық. Сол себепті қаламгер, өз 
уақытын, қоғамның, адамның жай
-
күйін, психологиясын, ішкі жан әлемін көрсету үшін, 
өзінің дәуіріне, қоғамына, ондағы түрлі саяси, әлеуметтік, рухани құбылыстарға баға беру 
үшін аңыздық бөрі тотемін образ ретінде қолданған. 
Қазіргі
жас қаламгерлердің арасында М.Мәліктің “Бассыз бөрі” әңгімесіндегі бөрі 
персонажын фольклорлық сананың жаңа типтегі көрінісі ретінде алып қарауға болады. Бір 
қарағанда түсінуге қиындау болғанымен, астарына тереңірек үңілсек, біздің қоғамымызда 
басынан айырылған бөрі типтес адамдар образы көз алдымызға келеді. Белгілі 
мәдениеттанушы Әуезхан Қодардың: “Мақсат Мәліков прозасынан мистицизм мен сыни 
реализмнің нышандарын тауып отырмыз, ал осының бәрін бір бірімен қабыстырып және 
еркін пайдаланып, өң мен түс арасындағы жұмбақ картина қылып көрсете алатын жанр 
фэнтези деп аталмайтын ба еді?” [6] –
деп пікір білдірген. Мақсаттың 
шығармашылығында бөрі бейнесі постмодерн қоғамындағы өзінің түптегінен, ұлттық 
рухынан ажырауға айналған адамдардың сұлбасын танытуға қызмет етеді. «Бассыз 
бөрідегі» оқиғалар жиыны бүгінгі күннің өмір сүру қалпы сияқты қабылданатын 
«бассыздардың» (ақылсыз, білімсіздердің) халыққа басшылық етумен бірге, Тәңірін
де 
ұмытқан дегенді астарлап жеткізеді. 
А.Алтайдың “Салбурын” әңгімесінде де көкбөрі тотемінің образын жан
-
жақты 
көркемдеп беруге қызмет етеді. Өмір мен өлім қатар арбасқан жантәсілім сәтіндегі бөрі 
басына келген ойларды айқындап көрсетуде психологиялық элементтерді сәтті 
қолданады. Автордың аңшылардың көкбөрі жайын сөз ету сәтін суреттеуі Елмұрат үйіне 
қонақ болған сәттен бастау алады. Салбурыншылар кешкілік отбасында бас қосып, әңгіме
-
дүкен құру барысында аң аулау кезінде болған қызықты жайттарды,
кім не істеді, қандай 
ыңғайлы, ұтымды әрекет жасады, кім өз ісінде босаңдық танытты, сонымен қоса, бөрінің 
алғырлығы мен ақылдылығы жайында шүйіркелесіп, шер тарқатысады. Мұндай кеңес 
ұйымдастыру нағыз салбурыншыларға тән қасиет екендігін автор да назардан тыс 
қалдырмаған. Оқырманын қызықтыру үшін жазушы салыстыру әдісі мен диалогты өте 
тиімді пайдаланады. Оны төмендегі мысалдардан анық байқауға болады. 

Қасқыр да нағыз аңшы емес пе?! Оған төбесінен оқ жаудыру –
әділетсіз. Ол да 
жекпе
-
жекті сүйеді. Ең кереметі –
«Джиппен» қуып жүріп ату ғой, –
деп Жарқын өзінің 
аңкөстігінен хабар берді. 

Жарқын, дұрыс айтасың, бөрі мен бөріктінің намысы –
бір... Бөрі өлсе –
намыстан 
өледі


Елмұрат отағасы әріден қозғады. 

Жалған дүниеде тәңірісін танитын –
бөрі, –
деді Уәлихан әңгімені қыздырғысы 
келіп. –
Елаға, қасқыр көкке қарап тегін ұлымайды ғой. Ол –
тәңірісін тілсіз түйсікпен 
таныған керемет жаратылыс. Тәңіріні тануда бөрімен адам ғана теңдесе алады. 

Ол тәңірімен ұлып тілдеседі, 

деп Жарқын да араласып қалды. 

Иә, «Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар». Сондықтан ол басқа аң
-
құс секілді 
адамға табынбайды. Ешкімге еңкеймейді... иілмейді. Құс патшасы –
қыран да қолға 
үйренеді, аң патшасы –
арыстан да аяғыңа бас ұрады. Тау басындағы тағы барыс та адам 
алдында маймылша маймаң қағады. Тек бөрі ғана бөрі қалпын сақтайды. 

Бөрі –
бұла құбылыс, –
деді Уәлихан, –
бабаларымыз бөрі басты туды тегін 
көтермеген. Біздің тотем –
барыс емес, бөрі...

Оған дау жоқ, –
деді Жарқын да [7., 113].
Үзінді мысалдан ұққанымыздай, автор бұл теңеулер мен салыстырулар арқылы 
қазақтың
шығу тегін бөрі тотемімен байланыстыра қарағанын аңғарамыз. Осы 
диалогтардың мәніне үңілсек, қасқыр бейнесі архетип ретінде алынып отыр. Ежелгі 


238 
батыр, қағандарымыздың өзі де ататегін мәңгі есте қалдыру үшін орда ауласына 
көкбөрінің басы бейнеленген байрақ іліп қойғандарын оқырман жадына тағы бір салып 
өтеді. Сонымен қоса, көк аспан мен жер бетіндегі тіршілікті Тәңірімен жақындастырушы 
ғана емес, басқа аң атаулымен салыстырғанда өзіндік тектілігімен дараланатынын алға 
тартады. Автор бөріні адамға дос, қамқоршы бейне ретінде суреттейді. 
А.Алтайдың аңыздық желіні негізге ала отырып жазған туындысы “Қызбейіт” деп 
аталады. Бұл көркем шығарманың дүниеге келуіне жазушының бала
кезіндегі естіген аңыз 
әңгімелері себепші болған. Аңызбен желілес әңгімеде аңшы, қоңыр аю және Қызжан 
арасында өрбитін шытырман оқиғалар туралы баян етіледі. Адам мен жыртқыш аң 
арасындағы жекпе
-
жек, тайталас өз оқырманының қызығушылығы мен шабытын оятады

Шығармада аңшымен қатар, қоңыр аю образының көркемдік мәні жоғары. Автор 
қиялынан
туған, көркемдік қызметі жоғары әрі әсерлі тотемдік образ. Қоңыр аюдың осы 
құмарлық сезімі ақыр соңында ажал құштырады. Әңгімеде көңіл аудартатын тағы бір 
жайт белгілі австриялық психолог Зигмунд Фрейд негізін қалаған бейсаналылық 
категориясының белгілері бар екендігін айтуға болады. Бейсаналылық дегеніміз –
адам 
баласының немесе жануардың сана ағымына бағынбай бейсаналы түрде келеңсіз 
әрекеттерге баруы. Психолог бейсаналылықтың
төменгі сатысы ретінде адам бойында 
кездесетін құмарлық сезімді атайды. Бұл шығармада жазушы оны қоңыр аю бейнесімен 
береді. “Кебіннің дал
-
далын шығарып алып тастағанда сүйек жас қыз денесі болып шыға 
келеді. Кебінді жыртып жүргенде мәйіттің қолаң шашы тарқатыла түсті де, одан жалбыз 
араласқан сүйкімді иіс аюдың мұрнын жарды. Тағы болса бар дүниені ұмытып, суық 
мәйітті қабырғаға сүйей құшағына қысып тұрды. Ыңыранып басын мәйіттің мойнына, қос 
анарын жаба жартылай құлаған қолаң шашына тыға гүрілдеп қояды. Өлі денемен 
сөйлескендей әр түрлі түсініксіз дыбыстар да шығарады. Аялай қысып аймалап, мәйітті 
азаптауда. Жансыз дене бәріне көнген...” [7., 115]. Байқағанымыздай, адам бойындағы кей 
кездердегі нәпсіқұмарлықтың шексіздігі жан
-
жануарлардың әрекетінен айырмасы жоқтай 
көрінеді. Яғни, жыртқыш аң мұндай опасыз әрекетке жалпы тіршілік иелеріне тән 
бейсаналы әрекет түрінде барды деп айтамыз.
Фольклорлық сарындардың бірі –
ертегілік мотивтер ХХІ ғасырдағы қазіргі қазақ 
әңгімелері
мазмұнында жаңаша сипатта көрініс табуда. Мәселен, қаламгер Бейбіт 
Сарыбайдың «Перінің қызы Бекторы» әңгімесін осы бағытта қарастырсақ болады. 
Шығарма сюжетіне жаңа заманда өмір кешіп жатқан қазақ қыздарының болмыс
-
бітіміндегі, табиғатындағы сан түрлі әлеуметтік, психологиялық өзгерістер сеп болған. 
Әңгімені оқи отырып, бас кейіпкері Назымның бойындағы трансформацияға ұшыраған 
теріс әрекеттерге қаныққанда ойымызға халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың қыз 
баланың тәрбиесі жөнінде айтқан мына сөзі ойға оралады: “Қазіргі қыздардың түр
-
түсі 
бұрынғы ғасыр қыздарына ұқсағанымен бұлар ұлттық үлгіден ауытқып бара жатыр. 
Көптеген қыздар ана тілінен алыстап, ұлттық дәстүр, салт
-
санадан мақұрым болып 
барады. Олар үйде де, түзде де қазақша сөйлемейді. Қазақ кітаптарын оқымайды. 
Қазақтың тамаша салт
-
дәстүрінен
мүлде хабарсыз. Қазіргі қыздар тарқылдап күледі, 
қайқаңдап жүреді. Үлкендерге ізет жасауды білмейді, ұлттық сыпайылық жоқ. Қыздың 
бәрі бақытты болғысы келеді. Бақытты болу үшін ұрпақ өсір. Ұлтыңды көбейт. Сөйтіп, 
артыңда алтын із қалдыр. Бақыт деген осы!” [8., 114]. Ал Бейбіт Сарыбай әңгімесінде де 
қыз баланы сайтан кейпінде суреттеп, жігітті періге теңейді. Бұрынғы қазақ қыздарының 
бойында болмаған сүреңсіз жағдайлар (шарап ішу, темекі шегу, т.б. теріс әрекеттер) бас 
кейіпкер –
Назымның бойынан табылуы қазіргі уақыттағы қыз баланың шынайы бейнесін 
көрсете алады. Тән сұлулығы алдыңғы орынға шығып, жан сұлулығы бүкпеленген 
заманның шынайы бейнесін жазушы осы Назым бейнесіне сыйдырған. Шығармадағы 
сайтан атанған қазақ аруының әрекетін ақтап алуға келмейді, себебі ар
-
намыс, ұят, 
адалдық деген қазақ қызына тән қасиеттерден аттап отыр. Жазушы оқырманға жақсы 
таныс “Ер Төстік” ертегісіндегі Бекторы кейіпкердің бейнесін қазақ аруының айқын 
келбетін ашып көрсетуде сәтті қолдана білген. Өйткені үйде бала тәрбиесімен 


239 
айналысатын өз әйелін нағыз қазақ аруына теңейді. Оны әңгімедегі мына детальдардан 
көруге болады: “Ғали перінің қызы Бекторының шырмауынан шығып, үйіне таң ата келді. 
Бұрымы беліне түскен жары есік ашты да: «Аяғыңды ақырын бас. Балалар ұйықтап 
жатыр, ертең сөйлесеміз”, –
деп жетіайлық перзентінің бесігіне таяу салынған төсегіне 
барып жатты да, аз ғана уақыттан кейін пысылдап ұйықтап кетті. Ғали әйелінен «Сен 
Ақжүністі білесің бе?” –
деп сұрағысы келді. Бірақ білетініне сенді. Өйткені оның әйелі 
ертегілер мен жыр
-
дастандардың барлығын тауысқан адам. Ол –
нағыз қазақ аруы” [9., 
118]. Осыған ұқсас сарын жазушы Т.Әсемқұловтың “Бекторының қазынасы” повесінде 
Бекторы жағымды образ ретінде алынып, уақыттың талабына сай және лирикалық 
кейіпкердің жан толқынысына байланысты іштей өзгеріске ұшыраған күйінде 
қолданылған еді. 
Этнография мен фольклорға ортақ мотив –
жерлеу дәстүрі, марқұмды үлкен 
құрметпен
о дүниеге аттандыру. Мұндай ортақ сарынды негіз етіп алған шығармалар 
қатарына Серік Сағынтайдың “Қарға” әңгімесін атауға болады. Бұл әңгімеде этно
-
фольклорлық үрдісті пайдаланудағы автордың мақсаты, біріншіден, қазақ халқының 
наным
-
сенімінде бөрі, бүркіт, ағаш, т.б. секілді қарғаның да тотемдік мәнге ие екенін өз 
оқырманына ұғындыру болса, екіншіден адамзаттың
ең алғаш мәйітті жерлеп, аруақты 
қастерлеуіне себеп болған құс –
қарға жөнінде білім қалыптастырғысы келген. Бабалар 
аруағын құрметтеуге байланысты ғалым Ш.Уәлиханов: “Өлген адамның о дүниедегі хал
-
ахуалы жерленгендегі, жерленгеннен соңғы ырым
-
жоралардың салт
-
санаға тән бұзылмай 
орындалуына байланысты еді. Егер өлген сәттегі ырым
-
жоралғылар дұрыс болса, өлген 
адам рухы жайбарақат күйге түсіп, өз үрім
-
бұтақтары мен туған
-
туыстарына шапағатын 
тигізіп, жебеп жүреді, ал олай болмаған жағдайда жауығып, аруағы қарғап
-
сілеп жүреді” 
[10., 285]. 
Шығармадағы басты образ –
қарға. Автор қарға образын екі дүниенің арасын 
жақындатып, фольклорлық, этнографиялық үлгілерді халыққа таратып жеткізуші дәнекер 
ретінде көрсеткен. Қайтыс болған ата
-
баба аруағын еске салатын да осы қарға екенін 
аңғартып, мынадай баяндаулармен көркем ақпаратты ұсынады. “Қарға туралы, осы 
заманғы кез келген құзғын туралы айтқым келсе, аталарым еске түседі. Үш жүз жыл 
жасап келе жатқан кәрі қарға атамның атасын көрген шығар?! Көктемде жасыл шалғынды
жапырып, жазға қадам басқанда, қытымыр қыста, жайлауы қырқылған күзде қарқ
-
қарқ 
етіп, құрығынан үркіп ұшқан шығар?! Ей, құзғын, атам жайлы айтшы маған! Айтшы 
маған, әжелерім жайлы, әкелерім туралы. Ей, қарғалар, аталарым туралы айтыңдаршы 
маған...” [11.,
118]. 
Әңгіме
сюжетінде көркем шарттылыққа құрылған оқиғалар жетерлік, ол 
шығарманың әр тұсында көрінеді. Бұл шарттылық этно
-
форльклорлық қайнардан 
алынғаны белгілі. Бірақ, жазушы оны фольклор деп түсіндірмеген, өйткені фольклор 
материалына жүгінбеген, алайда санасының түкпірінде жатқан этно
-
фольклорлық 
ұғымдар мен түсініктерді өз жадынан алыс қарамағандығын аңғаруға болады. 
Қазақ
халқының фольклортану ғылымында діни сенімге байланысты туындаған 
образдардың ішінде ерекше функцияны атқаратын образ –
жын образы. Жалпы жын 
атаулы шаманизм ілімінде де, мұсылман дінінде де белгілі бір маңызды сипатқа ие. 
Шаман ілімінде қазақ бақсылары өз көмекшілерін жын деп атап, олармен арнайы тілдесіп 
отырған. 
Діни сенім бойынша жын
-
шайтан тәрізді кейіпкерлер адамзат қауымымен бір 
ортада өмір сүріп, көзге көрінбейтін тылсым бір күшке ие тіршілік иелері. Жындар да 
басқа рухани әлемнің кейіпкерлері секілді мұсылман және кәпір деп бөлінеді. 
Ғалымдардың есебі бойынша кейбір деректерде жындар адам атаулыдан бұрын пайда 
болып, төрт
мың жыл өмір сүру мүмкіндігіне ие деп көрсетілген. Көптеген шығармаларда 
жындар адам, шыбын, жылан кейпінде кездеседі. Сонымен қатар, оларды имани білімі 
терең әулие кісілер, бақсылар ғана көре алады. Ал, қарапайым адамдар жындарды 
көрмегенімен, жын атаулы пенделерді толық көру қабілетіне ие. Шаман ілімінде барлық 


240 
ауруларды туғызушы жын
-
перілер немесе аруақтар қаһары деп көрсеткен. Халық 
танымында 
олардың 
жақсы
-
жаман 
екендігі 
мұсылманшылықты 
қабылдау
-
қабылдамауымен анықталған. Осындай жынның екіжақты қасиеттерін тілге тиек ететін 
Д.Рамазанның “Жын” әңгімесін алып қарар болсақ, мұсылманшылықты қабылдаған 
жындар бейнесін көруге болады. Ата
-
бабаларымыздың танымында барлық жын ауруын 
аруақты адамдар –
бақсылар ғана емдейтін, сондай
-
ақ жын
-
шайтандар шамандармен бірге 
атақ
-
абыройы бар, мейірімді, діни сауаты жоғары адамдардан сескенеді, ондай адамдарды 
тірі әулие деп атаған. Талдау нысанымызға алған әңгімедегі «тірі әулие» деген атқа ие 
болушы –
Талғардағы орталық мешіт имамы. Әңгімеде автор қиялынан қарағанда 
шынайы, өз көзімен көрген оқиғалар желісі барынша көркемдік қызметті атқарушы 
поэтикалық әдіс
-
тәсілдерді пайдалана отырып , оқырман жүрегіне сенім ұялатады. 
Жазушыны алаңдатқан бір мәселе –
бүгінгі таңда адамдар бойында жын ауруының белең 
алып, дінге деген оң
көзқарастың азаюы. Бұл мәселенің шешімін автор пенделерінің 
дұрыс жолды таңдамай, ібілістің соңынан еруі деп көрсетеді. Мұның дәлелі ретінде бас 
кейіпкер Болатбектің соңғы уақытта шайтан суға әуесқойлығы артып, шариғат жолынан 
алыстағанын айтуға болады. 
Автор адамзатқа азық боларлықтай, ғибадаты мол әңгімені дүниеге әкелу арқылы 
жаратушы Алланың әміріне қарсы келмей, оның берген өмірі мен ризық несібесіне 
шүкіршілік ете білетін, тура жолдан таймайтын қоғам қалыптастыруды өзіне міндет етіп 
алады. Сонымен қатар, шығармадағы бір байқалатын жайт, автордың қазіргі кездегі дін 
ахуалына көңілі толмаушылығы байқалады. Халқымыз ислам дініне қанша бет 
бұрғанымен, қазіргі таңда да емшілерді, бақсыларды, имамдарды ерекше жандар деп 
санайды. Шығармада мұсылмандық пен бақсылық өнердегі ғибадат пен бір Алланы 
мадақтаудың түрлі тәсілдері байқалады. 
“Егер Алла пендесіне бір тауқымет жазса, оны өзінен басқа ешкім жеңілдете 
алмайды. Иман айтқан, ізгі істер жасаған, намаз оқыған және зекет берген адамдарды 
Алла әрқашан қолдайды, олар үшін қорқыныш та, қам
-
қасірет те жоқ. Бәрі бір Алланың 
қолында. Қалаған адамына патшалық береді, қаласа одан қайтып тартып алады. Алланың 
рахымы мол. Адамға шипа беріп, ем дарытатын да –
бір Алла” [12., 265]. Бұл детальдар 
арқылы жақсылық пен жамандықтың бір
-
біріне қарама
-
қарсы ұғымдар екендігін түсіндіре 
келіп, ақ пен қараның айырмашылығын бөліп көрсететін жалғыз Жаратушы екендігін 
көрсетпек болған. Қамшының сабындай қысқа ғұмырын пендешілікпен өткізген 
Болатбектің басына тек иманға бет бұрып, Алла әмірін толық орындағанда ғана бақыт 
құсы қонарын өз танымы арқылы ортаға салады. 
Сондай
-
ақ жазушының кейіпкері Алланың алдында жауап беріп тұрып, ішімдікке 
әуесқойлығынан
арыла алмаған пенденің тартар азабы да мол екендігін айқындап береді. 
Автордың сюжет желісіне арқау етіп алған жын, перілері аңыздық, мифологиялық 
танымға байланысты туындап отыр. Екі дүние ортасында есі кіріп
-
шығып, есеңгіреп 
жатқан кейіпкерінің бойындағы жынның шыққысы келмей, молданың олармен ұзақ уақыт 
тайталасып, түбінде діттеген мақсатына жеткендігін психологиялық шыншлдықпен 
берген. Жазушы осындай діни көзқарастары арқылы нәпсіқұмарлықтан сақтану қажеттігі 
кез келген пенденің міндеті екенін ескерткен. Естіп, біліп жүрген жындар әлемі турасында 
аңыз
-
әңгіменің рас екендігіне кейіпкер көзін жеткізу арқылы өз оқырманын терең ойға 
батырады. 
Осындай салмақты ой таразылаудың нәтижесінде әңгіме жақсылықпен, яғни 
Болатбектің жалғыздықтан арылып, ел қатарына қосылып, иманды ұрпақ сүюімен 
аяқталады. Қаламгер жынды көркемдік деталь ретінде алып, осы жынның қазіргі уақытта 
адам бойында мекендеуінің көбейіп келе жатқанын және оның адамзат үшін өте қауіпті 
екенін ескертеді. Думан Рамазанның бақсылық сарынның терең табиғатын ашатын 
шығармасы –
“Бақсы мен пері” әңгімесі. 
Әңгіме
автордың Қызылорда қаласы, Қазалы ауданындағы көнекөз қария Бекеннің
басынан өткен оқиғасын өз аузынан естуге барған тұсынан өрбиді. Автордың мұндай 


241 
туындыны дүниеге әкелуінің басты себебі –
ежелгі қазақы дүниетанымдағы бақсылық 
өнердің
халық тұрмысында қазіргі күнде де үлкен мәнге ие болып, өз жалғасын тауып 
келе жатқанын оқырман есіне салу және бақсылықтың көркемдік табиғатын, көркемдік 
шешім табудағы нақтылы тарихи деректілігін саралау. Бірақ бүгінгі күні “бақсы” атауын 
“балгер”, “емші” ұғымдарымен алмастырған. Қазіргі халық болмысындағы балгерлердің 
емдеу әдісі біршама трансформацияға ұшыраған. Бұрынғы кездегі жылан уымен, қобыз 
зарымен, пышақ салып, кетпен жалап, шоқ басып емдеу тәсілі бүгінгі таңда жоқтың қасы. 
Себебі, бұрынғы бақсы бойында кездесетін дүлей күш бүгінгілердің бойында біркелкі 
кездеспейді. Әңгімеде бақсы –
“рух” пен «сенім» иесі ретінде бейнеленеді. Автор екі дәуір 
бақсысының айырмашылығы ретінде Аллаға деген сенімді атайды. О баста бізге 
мұсылманшылықтың кең тараламағандығы себепті бақсылар табиғаттың тылсым күші 
мен рухтарға көп сенім білдірген болатын. Ал тәуелсіздік алған сәттен бастап халық 
толықтай ислам дінінің қағидаларын қабылдады және балгерлеріміздің жасаған 
шипасының дауасын да Жаратушы Жалғыздан деген түсінік қалыптасты. Бас кейіпкер 
Пауиддин бақсы өз ісінің білгірі ретінде танылып, сол кезеңдегі бақсылардың шынайы 
болмысын танытады. Автор осы әңгімесінде Алла тағалаға мінәжат ету, жалбарыну, өзіне 
емес өзгенің денсаулығына тілек тілеу сынды діни тіркестер арқылы Алланың ұлылығын 
көрсеткісі келген. 
Бұл шығарманың ерекшелігі бақсыға деген адамдар сенімінің үлкендігі. Әңгімедегі 
фольклорлық мотив арқылы адамның рухы ұғымының өзі өлі мен тірінің жігін айыра 
білген сананың белгілі бір даму сатысына тәндігін де атап өткен. Ол барлық табиғатты 
жандандыратын сенімнен бөлек тылсым түсініктің пайда болған кезі. Бір сөзбен 
саралағанда, адам жаны басқа жаннан бөлектеніп, рух жайлы түсінік қалыптаса бастаған 
фольклорлық сана дәуірі. 
Жазушының суреткерлік стилі табиғат құбылыстарына жан бітіріп, кейіпкерінің
жан дүниесімен астастыра білуімен де дараланып көрінеді. Шығармада бақсылықтың 
негізгі құралы ретінде қасиетті Құран кітаптың көркемдік сипаты ашылған. Әйгілі әулие 
деген атаққа ие болған Пауиддиннің әкесі Құран кітапты баласына аманат етіп 
қалдырады. Ол кітапты еш жанынан тастамауын талап етеді, бірақ пендешілікке салынған 
кейіпкер әке аманатына білместікпен қиянат етіп, кітапты өзенге шомылуға барғанда 
кеудесінен шығарып тастап, ұмыт қалдырады. Абайсызда ұйқыға бой алдырып, перілер 
елінен бір
-
ақ шығады. Перінің қызына үйленіп, перілер елінің құтты мекені –
ғарышта 
өмір сүреді. Осындай рухтармен байланысты әлемде жүріп, бақсылықтың көптеген сырын 
терең меңгеріп, әрең дегенде жер бетіне оралады. Дәл осы кезеңнен бастап атақты 
Пауиддин бақсы атанады. Думан Рамазан шығармасына бас кейіпкер етіп алған бұл 
бақсының ерекшелігі –
емшіліктің дереккөзі ретінде намаз бен құран аяттарын 
басшылыққа алып, Аллаға деген сүйіспеншілікті емделуге келген сырқаттанушыларының 
алдына негізгі мақсат етіп қоюы. Бақсының мұндай әрекеттерін Бекен ақсақалға берген 
жауабынан аңғаруға болады.
“Келінің ауруынан құлан
-
таза айығады. Бірақ, енді намазға жығылсын! Таза 
жүрсін! –
деді байыппен тіл қатып. Сонда қайтып ауырмайды” [12., 105]. Жазушы белгілі 
бір уақыт пен кеңістік аясындағы өмір шындығын суреттеу үшін, бақсылық өнердің 
көркемдік рөлін барынша әдеби тәсілдер арқылы жетілдіре түскен. Фольклорлық 
мотивтер суреткердің стильдік әлемін құрайтын көркемдік компоненттер ретінде кірігіп, 
оның шығармадағы қызметі қаламгердің сөз қолдану әдісі мен әдеби материалды қорыту, 
пайдаға асыру, яғни оны қайта өңдеп, синтездеп, бүгінгі күн проблемасының өзектілігімен 
шебер қиюласып қолданылуы жазушының шеберлік қырына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет