Кеңесбек Шалқар Маралбекұлы Еуразия ұлттық универсиеті, филология факультетінің 4-курс студенті. 2016 жылы Тараз қаласының "Кеңес" орта мектебін аяқтаған



Дата01.08.2020
өлшемі12,37 Kb.
#75965
Байланысты:
Ұсыныс қазақша
7 сұрақ, 7 сұрақ

Ұсыныс-хат

Кеңесбек Шалқар Маралбекұлы Еуразия ұлттық универсиеті, филология факультетінің 4-курс студенті. 2016 жылы Тараз қаласының "Кеңес" орта мектебін аяқтаған. Мектеп қабырғасында республикалық жарыстардан бірнеше мәрте жүлделі орын иеленген: Алматы қаласында өткен Жамбыл Жабаевқа арналған айтыстың бас жүлдесін иеленіп, Түркістан қаласындағы республикалық "Ақберен" сайысында да 2 орын иегері атанған. Мектепті "Алтын белгіге" бітіріп, қазір Нұр-Сұлтан қаласында Еуразия ұлттық университеті, "Филология: қазақ филологиясы" мамандығы бойынша білім алуда. Университеттің алғыр да, дарынды студенттерінің бірі Шалқар алға қойған мақсаттары бойынша да өз қатарластарынан ерекшеленеді. Оқу жылының бірінші күндерінен бастап ұстаздарымен де, өз тобындағы студенттермен де тез ортақ тіл табыса алатын, бәсекеге қабілетті, берілген тапсырманы уақытында орындайтын жауапты студент ретінде көрсетті. Өз тобының топбасшысы болуымен қатар, университет қабырғасында белсенділік танытып, "Алқа" әдеби ұйымының" және "Оратор" дебат клубының мүшесі болды. Сонымен қатар, "Жастар саясаты орталығы" жанынан құрылған филология факультеті "Жастар орталығының" Спорт комитетінің төрағасы болды. 2019 жылғы Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауында ерікті бола жүріп, көшбасшы болуға деген ұмтылысын көрсетті. "Атамекен" кәсіпкерлерді қолдау ұйымының оқу курсына қатысып, сертификат алды. Сол арқылы болашақта да өз кәсібін дамытатынына кәміл сенемін. Әрине, мұндай студенттің бойында көшбасшылық қасиеттің жоқ болуы мүмкін емес. Сол себепті Кеңесбек Шалқар Маралбекұлын Назарбаев университетінің студенті болуға лайықты деп санай отыра, өз ұсынысымды білдіремін.



Ұсыныс білдіруші: Бибосынова Әмина

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет