Кейнсиандық бағыттың негізін қалаушы, ағылшынның көрнекті ғалымы, экономист Джон Мэйнард Кейнс (1883-1946) болды



Дата07.02.2022
өлшемі9,1 Kb.
#86835
Байланысты:
Эконом
Тест

Кейнсиандық бағыттың негізін қалаушы, ағылшынның көрнекті ғалымы, экономист Джон Мэйнард Кейнс (1883-1946) болды. Кейнс өзінің 1936 жылы шыққан «Жұмыспен қамтудың, ақшаның және пайыздың жалпы теориясы» деген басты еңбегінде экономикалық мәселелерді реттеудің макроэкономикалық негіздерін жасай отырып, микроэкономикалық талдау шеңберінде шешіле алмайтын көптеген сұрақтарға жауап бере алды. Осы теория негізінде экономикалық екінші құрамдас бөлігі – макроэкономика қалыптасты. Кейнстің бұл еңбегі оны және оның теориясын әйгілі етті.
Кейнс неоклассикалық ілімнің негізгі қағидаларынан бас тарта отырып нарық өзін-өзін реттей алмайтын тетік екенін дәлелдеді. Мұндағы Кейнстің басты идеясы болып экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі табылады. Өйткені, таза нарық жағдайында экономиканың күрделі мәселелері, атап айтсақ, жұмыссыздық, инфляция, экономиканың кезеңдік ауытқуы, әлеуметтік қамсыздандыру, халықтың әл-ауқаттылығын жақсарту сияқты күрделі мәселелер өздігінен шешілуі мүмкін емес, осыларды реттеу үшін мемлекет нарыққа міндетті түрде араласады. Кейнс ең алдымен, экономиканың қозғаушы күші деп ұсынысты емес, сұранысты бірінші орынға қояды, олай болса, ол жиынтық сұранысты көтеру және қолдау үшін мемлекеттің бюджет-салық және ақша-несие саясаттарын жүргізуді ұсынды.
Кейнстің макроэкономикалық теориясын Элвин Хансен, Пол Самуэльсон, Джон Хикс, Евсей Домар және Рой Харрод сияқты ғалымдар әрі қарай дамытып неокейнстік бағыттың негізін қалады.
Классикалық мектептің экономистері нарықтық жүйе ұзақ мерзімді кезеңде экономикадағы ресурстарды толық пайдалануды қамтамасыз етеді деп пайымдаған болатын. Оның өзінде анда-санда туып қалатын сәйкессіздіктер рыноктың автоматты түрде өзін-өзі реттеу негізінде шешіледі. Соның арқасында, ең соңында, жұмыспен толық қамтамасыз етілу нәтижесінде экономикада өндірістің тиісті деңгейіне қол жетеді.
30-шы жылдардың "Ұлы тоқырауы" мұндай көріністерді жоққа шығарды. АҚШ-та 1930 жылдан бастап, төрт жыл қатарынан, өндіріс көлемі мен нақтылы табыс ұдайы қысқарып отырды. 1929 жыл мен 1933 жылдардың аралығында АҚШ-та жан басына шаққандағы табыс әуелі 30%-ға құлдырады. Әсіресе жұмыссыздық американдықтардың есінде сақталынып қалды. 30-шы жылдары жұмыссыздардың орташа үлесі 19%-дан астам болды. 1933 жылы құлдыраудың ең төменгі нүктесінде жұмыссыздар ресми түрде өздерінше тіршілік етуші халықтың 25%-ы болып саналды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет