Келесі жылы



Дата27.10.2023
өлшемі22,65 Kb.
#188485
Байланысты:
Мәшһүр 165
Мәшһүр 165

Әлия : Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858—1931, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған) — ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Күлік бөлімінен шыққан[1].
Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай, көп тілді білген ғұлама.
Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады.
Айсұлтан
9 жасында ауданның сұлтаны Мұса Шорманов жыр-дастандарды тамаша орындағаны үшін оны «Мәшһүр» (даңқты, атақты) деп атаған. Халық арасында осы есіммен белгілі болды. 15 жасына дейін «Қамар хазірет» медресесінде білім алып, 1872 жылы Қараөткел, Атбасар және Қызылжар өңірлерін аралап, осы аумақта мекендеген ру-тайпалардың тұрмыс-тіршілігімен танысты. Мұнда ол қазақ ауыз әдебиетінің үзінділерін жинап, жарыққа шығарды
Дәулет
10-15 жасынан бастап-ақ өлең жазып, хат жазарлық болғаннан-ақ Мәшһүр Жүсіп халық әдебиетін ел ау­зы­нан да, қағаз бетінен де жинау­мен айналысады.
1887 жылы 29 жасында Мәшһүр Жүсіп Бұхара, Ташкент, Түркістан, т.б. шаһарларға сапарға шығады. Ол заман­да негізгі көлік қатынасы түйе мен ат болғанын ескерсек, бұл сапа­рының өзі 2-3 жыл уақытты қамтыса керек. Мәшһүр Жүсіп бір жыл Бұхарада тұрып оқып, білімін толық­тырады. Араб, пар­сы, шағатай, түркі тілдерін үйренеді. Өз­бек, тәжік, және т.б. тілдерді де біледі, әдет-ғұрпын түсінеді. Көптеген ғылыми кітаптарды оқып, танысады.
Саят
Келесі жылы Бұхарадан қайтып, Түркістандағы атақты Қожа Ахмет Йасауи­дің басындағы Әмір Темір салдырған көк күмбезін көреді. Онда да бір­сыпыра уақыт болып, бірнеше ғалымдармен танысады. Одан әрі Сыр өңірін аралайды. Майлықожа Сұлтанқожаұлымен жолы­ғады, жеті ата­сы­нан бері ақын­дық үзілмеген дуана қожа Көшек, Кү­дері қожа тұқым­дарымен та­ны­сады.
Айару
Мәшһүр Жүсіптің үш кітабы: “Сары­ар­қаның кімдікі екендігі”, “Хал-ахуал”, “Тіршілікте көп жа­сағандықтан көрген бір тама­шамыз” ат­ты туын­ды­лары 1907 жылы Қазан қа­ласындағы Құ­са­йы­н­ов­тар бас­па­хана­сынан жарық көреді. Кейіннен ол баспаханадан шық­қан 14 қалам ие­сінің шығар­ма­ларын цен­зура сот­қа тартады. Ішінде Мәшһүр Жүсіптің жоғарыда аталған еңбектері де бар.
Нұрлыбек
Мәшһүр Жүсіп жинаған фольклор үлгілерінің басым көпшілігі – аңыз бен әңгі­мелер. Мұндағы аңыздар: жер-су аттары.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы­ның аңыз-әңгімелерді, тарихи әңгі­мелерді, шешендік сөздерді қағазға түсірумен ғана шек­телмей, фольклордың басқа да жанрлық түрлерін, атап айтқанда, тұрмыс-салт жыр­ларын, эпос, ертегі, мақал-мәтел, ақын­дар айтысын, т.б. жинағаны белгілі. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жинаған фольклорлық үлгі­лерге жанрлық жағынан келетін болсақ, ел аузынан тұрмыс-салт жырла­рының 30-40 шақтысы топталған.
Айдана
Ол ел арасынан: “Қамбар батыр”, “Ер Тарғын”, “Ер Көкше”, “Ер Сайын”, “Нәрік ұлы Шора батыр”, т.б. тәрізді батырлар жырында, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Алтынбас-Күмісаяқ” т.т. лиро-эпос­тық жырларды да, сондай-ақ “Киік”, “Боз­торғай”, “Дін үйренетұғын” тәрізді басқа шығармаларды да жинаған. “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Ер Тарғын” жырларын Мәшһүр Жүсіп 1866 жылы 8 жасында-ақ Қамар хазіреттің қолжазбасынан көшіріп алғанын бі­леміз.
Мұрат
Ал “Алтынбас-Күмісаяқ” – 200 жол­дан тұрады дей отырып, бұл жыр үлгі­лерін жинаған В.Радлов екендігін Мәшһүр Жүсіп көрсетіп кеткендігінің де куәсі бол­дық. Бұл үлгілерді Мәшһүр Жүсіп В.Радлов жина­ғынан ала отырып, олардың бәрін қолжаз­баның әр жеріне шашыратпай, бір же­ріне ғана топтастыра орналастырған. Сон­дай-ақ, қолжазбалар ішінде “Сайын батыр” жы­рының көлемі 2000 жолдан тұрады деген де дерек бар.
Анеля
Халық поэзиясы үлгілерін, оның ішінде мақал-мәтелдерді Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ерінбей ұзақ жинағаны мәлім. Фольклордың басқа жанрларына қара­ғанда, мақал-мәтелдер­ді жинаумен ай­налысу фольклорист-ғалымнан ұзақ уақыт пен қажымас ізденуді, еңбектенуді қажет ететіні белгілі. Себебі, мақал-мәтелдер дайын күйінде жеке-дара кез­деспейді. Оларды айтушының не ауызекі сөзінен, не қолжазбалар ішінен, туындылар арасынан іздеп табу арқылы қағазға түсіру керектігі аян.
Дамир
Мәшһүр Жүсіп сондай-ақ ақындар айтысының не бір тың үлгілерін де жинаған. Мәселен, “Ұлбике қыз бен Кү­дері қожа айтысы”, “Ұлбике қыз бен Қа­рақалпақ Жанкел ақын айтысы”, “Ұлы жүз Үйсіннен шыққан Үмсін қыз бен Заман қожа ай­тысы”, “Шоң, Торайғыр ақыны Орманшы Са­қау ақыны мен Қара­кесек қызы Тоғжан ай­тысы”,

Нұрай
Жүсіп Көпеев көріпкелдік қасиетімен белгілі. Ол өз өлімім, аштықты, коммунистік партияның 70 жылдық билігін және елдегі 30 жылға созылатын жемқорлықты болжап кеткен. Ақынның мәйіті 30 жыл бойы ашық бейітте еш бұзылмай жатқан.

Жібек
Кесенесі Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің кесенесі Павлодар облысы Баянауыл ауылынан бірнеше шақырым жерде орналасқан. 1953 жылы Кеңес үкіметінің бұйырығымен зиратты жою туралы шешім қабылданды. Тек 1978 жылы ағартушының мазары қайта қалпына келтірілді. Ал, 2006 жылы кесене тұрғызылып, ол Қазақстанның ең маңызды тарихи ескерткіштерінің біріне
айналды. Аты аңызға айналған тұлғаның моласын көруге елдің түкпір-түкпірінен адамдар ағылып келеді. Халық оны әулие санаған, зиратына қол тигізу аурудан құтылуға көмектеседі деп сенген.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет