Кенжетаев кәукен



Дата26.06.2018
өлшемі13,91 Kb.
#44728
КЕНЖЕТАЕВ КӘУКЕН – азан шақырылып қойылған аты Әбдірахым. 1916 жылы ақпанның 25-жұлдызында Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, 13 ауылда дүниеге келген. Көгілдір көл Жасыбай, басы биік Баянтаудай өлке, демі мен тынысы кең талант иесін де тудыра білген. Кәукен Кенжетайұлы халық өнерінің перзенті. Қазақ өнерінің қара шаңырағын көтерісуге бүкіл өмірін арнаған алыптар тобындағы әлеуетті тұлға.

Ол қазақ деген елдің ән мұрасын арқалаған, қайыспас қара нарлары, опера өнерінің уығын шаншып, қазанын қайнатқан ұлт мәдениетінің тұтқалары: Күләш Байсейітова, Қанабек Байсейітов, Құрманбек Жандарбеков, Шара Жиенқұлова, Шәкен Айманов, Жүсіпбек Елебеков, Ғарифолла Құрманғалиев, Шабал Бейсекова, Манарбек Ержанов сынды дара тұлғалардың ортасынан тәлім-тәрбие алған. Қазақ аспанында бірге туып, бірге шыңдалған жұлдыздары Ұлттық Өнеріміздің қайнар бұлағы.

Адамзаттың рухани азығы болған халық әндерімен қатар, кәсіби операда өнеріміздің сұлбасын құраған Кәукен ағамыздың шығармашылық-ұстаздық мұралары біздің Ұлттық академиямыздың мақтанышы. Қазақстан республикасының Халық артисі, «Еңбек Қызыл ту», «Парасат» ордендерінің иегері, «Тарлан» Тәуелсіз сыйлығының лауреаты. Ұлттық өнер академиясының профессоры Кәукен Кенжетаевтың шығармашылық еңбегі 1979 жылы басталды. Алматы театр және көркемсурет институтының ректоры, профессор Г.Ғ.Жанысбаева арнайы К.Кенжетаевты шақырып «Музыкалы комедия» кафедрасын ашып, кафедра меңгерушісі лауазымына тағайындады. Институтта қызмет атқарып жүріп бірнеше буын шәкірттерді баулыды. Аталмыш кафедрасының түлектері: ҚР халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Роза Рымбаева, ҚР еңбек сіңірген артисі Майра Ильясова, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері: М.Байжұманов, Ә.Мәмбетова, Г.Тілеубекова, Қ.Бекіш, М. Дәулетбақова, Ғ. Дәрменбаева, Қ.Бегайдаров тағы басқалары.

К.Кенжетаевтың тікелей жетекшілігімен дипломдық қойылымдарды сахналап қазақ тілінде сөйлетті, әрі ән салдырды, олар - И.Кальман «Сильва», Т.Мұхаметжанов «Алдаркөсенің айласы», Б.Майлин «Шұға», Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» т.б. спектакльдер.



К.Кенжетаев құжаттары Алматы қаласы Орталық мемлекеттік мұрағатына 2006 жылдың 4-ші тоқсанында келіп түскен. № 416 қор нөмірі берілген құжаттар топтамасында: қор иесінің қолжазбалары, хаттары, ноталық дәптерлері, көптеген және сирек кездесетін суреттері, арнау өлеңдер, баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалар мен кітаптары сақтаулы.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет