Кәсіби бағдардың теориялық негізі туралы білімі қалыптасады


Кәсіби бағдардың кезеңдері біледі және қолдану тәжірибесіне үйренеді



бет3/4
Дата09.05.2020
өлшемі26,91 Kb.
#66831
1   2   3   4
Байланысты:
бейіндік оқыту 8

Кәсіби бағдардың кезеңдері біледі және қолдану тәжірибесіне үйренеді.

Кеңес орнағаннан кейінгі уақыттан қазірге дейінгі кәсіптік бағдар берудің қалыптасу кезеңдерін төмендегідей етіп беруге болады:

Кеңестік кезең орнағаннан кейінгі мектептердің қалыптасуы мен 1937 жылдар аралығы. Бұл кезеңде ауыр өндірісті дамытуға, елді индустризациялауға байланысты мектепте еңбек сабағының мазмұны матералдық өндіріске тән мазмұнға ие болды. Кәсіптік бағдар беру бойынша алғашқы тәжірибелер қалыптасты.



  • 1937-1954 жж. аралығын қамтыды. Бұл кезеңде еңбек пәні мектеп оқу жоспарынан алынды, бірақ еңбекке баулу, кәсіпке бағдарлау басқа оқу пәндері және сыныптан тыс жұмыстар негізінде жүзеге асырылды. Кәсіптік бағдар беру бойынша тәжірибелер жалғасын таппады, бар тәжірибеден қол үзілді.

  • 1954-1984 жж. аралығы. Бұл кезеңде қаулы қарарлардың оқытуды күшейтуге бағытталу кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жеделдетті. Атап айтқанда, оқытуды өмірмен, теорияны практикамен байланыстыру бағытындағы қабылданған қаулылар білімді өміршең ету мен өмірда жарамды етуге бағытталды. Кәсіптік бағдар бойынша тәжірибелер қалыптасып, зерттеу жұмыстары жүйелі жүргізіле бастады.

  • 1984-1991 жж. аралығы. 1984 жылы кәсіптік және жалпы білім беретін мектептердің негізгі бағыттарын айқындауға бағытталған реформа кәсіптік бағдар беруге жеткілікті мән берді.

  • 1991 жылдан бергі кезеңді кәсіптік бағдар беруге қатысты: тоқырау, қалыпына келу және қайта жаңару деп қарауға болады. 1993 жылдан бастап мектептен кәсіптік бағдар беру бойынша әдістемелік кабинеттер жабылып, еңбекке дайындық бағытына бөлінген сағаттар азайды, оқу-материалдық база төмен деңгейде жабдықталды. Тек 2000 жылдан бастап, еңбекке дайындық бағытындағы оқу жұмыс түрлеріне зейін аудару қолға алынды.

Бүгінгі күні мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстары қайтадан жандана бастады. Біз жоғарыда атап өтілген кезеңдерді талдай отырып, кәсіби бағдар беру жұмыстарының маңызын үлкен сұранысқа ие болуда деп білеміз.

Қазір кәсіби бағдар жұмысын жүзеге асыру үш кезеңнен құралады:

А)пропедевтикалық – бейіналды даярлықта бейінді бағдармен сәйкес келеді;

Б) конструктивті – ол 1,5 жылға созылады, қазіргі 8-9 сыныптарда жүреді (ақпараттық жұмыс, диагностка, кәсіби проба (болашақ кәсіби ісәрекетті жобалау, әлеуметтік тәжірибе ұйымдастыру, білім беру ісәрекетімен шұғылдану: жоба, зерттеу, оқу-зерттеу, шығармашылық жұмыс));

В) қорытынды, рефлексивті (мамандықты таңдау бойынша шешім қабылдау тәсілдеріне үйрету, дербес мамандық түрін таңдау дайындығын анықтау, мамандық таңдау проблемасына «жұмылдыру»).




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет