Кәсіби және ұйымдасқан экономикалық жағдайға кәсіби бейімделудің психологиялық МӘселелері



бет1/4
Дата12.12.2023
өлшемі39,23 Kb.
#196436
  1   2   3   4
Байланысты:
kasibi jane uiymdaskan ekanomika


КӘСІБИ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСҚАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙҒА КӘСІБИ БЕЙІМДЕЛУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ психология


кафедрасының аға оқытушысы,
психология магистрі Ақымбек Г.Ш.

Еңбек әрекеті адам психикасына өзіндік әсерін тигізеді. Кәсіби іс-әрекеттің алуан түрлеріне қатысты, қазіргі таңда мамандықтардың үлкен тобы пайда болуда, сол әрекеттерді орындау барысында түрлі қиындық дәрежесіндегі кәсіби ауруларға да әкеледі. Осыған қатысты зияндыға жатпайтын еңбек түрлері бар, бірақ кәсіби іс-әрекеттің шарты мен сипаты психикаға жарақаттаушы әсерін көрсетуі мүмкін (мысалы, бір қалыпты еңбек, үлкен жауапкершілік, апаттың үлкен мүмкіндігі, еңбектің психикалық қысымдылығы және т.б.). Зерттеушілердің көрсетуі бойынша ұзақ жылдар бойы сол бір кәсіби іс-әрекетті орындау кәсіби шаршауға, психологиялық бөгеттердің пайда болуына, іс-әрекетті орындау тәсілдерінің бірігуіне, кәсіби ептілік және дағдыларды жоғалтуға, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Осы мәселелерді қарастырмас бұрын, ең алдымен кәсіби бейімделудің ерекшеліктерін қарастыру қажет


Кәсіби бейімделу дегеніміз – кәсіпорын ұжымының және маманның өзара бейімделуі, нәтижесінде жұмысшының: ол үшін жаңа әлеуметтік – кәсіби және ұйымдасқан экономикалық жағдайда өмір сүруге үйренуге; белгілі бір класс міндеттерін шешуге қабілетті маман ретінде кәсіпорын құрылымында өз орынын табуға; кәсіби мәдениетті меңгеруге және оның келуіне дейін қалыптасқан тұлға аралық байланыстар және қатынастар жүйесіне енеді.
Бейімделудің біріншілік және екіншілік деген түрлері бар:

  • біріншілік –бұл кәсіби іс-әрекетте тәжірибесі жоқ (ЖОО түлектері) жас мамандардын бейімделуі

  • екіншілік – кәсіби іс-әрекетте тәжірибесі бар (жұмысты мәжбүрлі ауыстыру жағдайында) мамандардың бейімделуі.

Бейімделудің негізгі түрлері: психофизиологиялық, әлеуметтік-психологиялық және кәсіби бейімделу.
Психофизиологиялық бейімделу дегеніміз – бұл ағза үшін жаңа физикалық және психофизиологиялық жүктемеге, режимге, еңбек темпі және ритмге, өндірістік ортаның санитарлық-гигиеналық факторларына, тамақтану және демалыс режимін ұйымдастыру ерекшеліктеріне үйренуі.
Жұмысшының жағымсыз психофизиологиялық жүйеге бейімделу реакциясы стресске апаратын психикалық қысымды тудырады. Психофизиологиялық бейімділік синдромын сәтті шешу көрсеткіштері: маманның комфортты, эмоционалдық күйі, жұмыс ритміне және еңбек режиміне үйрену, оптималды жұмысқа қабілеттілікті қалыптастыру болып табылады [1].
Әлеуметтік-психологиялық бейімделу дегеніміз – жаңа әлеуметтік ортаға бейімделу, кәсіби тұлға аралық байланыстар мен қатынастар жүйесіне қосылу, жаңа әлеуметтік рөлдерді, мінез-құлық нормаларын, топтың норма және құндылықтарын меңгеру, өзін кәсіби ортаға теңестіру.
Кәсіби бейімделу – бұл кәсіби тәжірибесі және кәсіби іс-әрекет стильі бар адамдардың жаңа жұмыс орыны талаптарына бейімделуі, қызметкерлердің ол үшін жаңа кәсіби қызметтерді және міндеттерді меңгеруі, талап етіп отырған дағдылар мен ептіліктерді қайта өңдеу, кәсіби әріптестікке және серіктестікке қосылуы, бәсекеге қабілеттіліктің біртіндеп дамуы.
Алайда кәсіби бейімделу әрқашанда сәтті жүзеге аса бермейді. Кәсіби бейімделу барысында маман түрлі қиындықтарға соқтығысуы мүмкін. Осыған қатысты бейімделудің әрбір түрінде мекемеге келген маманда пайда болуы мүмкін келесідей қиындықтарды атап өтуге болады:

  • жаңа жағдайға бағдарлануға және дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін қажетті ақпаратты уақытында ала алмау немесе жетіспеушілігі;

  • қажетті кәсіби тәжірибенің және біліктіліктің жоқ болуы;

  • бір уақытта бірнеше өте маңызды міндеттерді шешу қажеттілігі: жағдаятты зерттеу, шешім қабылдау, өзінің жаңа міндеттерін орындау, пайдалы байланыстарды орнату, іс-әрекеттің жаңа элементтерін меңгеру, өзінің мінез-құлқын қалыптастыру;

  • кәсіби мінез-құлық нормалары жөнінде түсініктердің жеткіліксіздігі және өзін маман ретінде көрсете алмауы;

  • қоршаған ортаның өзі туралы позитивті пікірді қалыптастыру қажеттілігі, бағалау зонасында үнемі болуы, кейде басқалардан, ол туралы жағымсыз пікірлерін өзгерту қажеттілігі. Осындай қиындықтарды басынан өткізген мамандарды кәсіби бейімсізденуге әкелуі мүмкін.

Сонымен кәсіби-психологиялық бейімделу - индивидтің кәсіби ортаның физикалық жағдайларына (психофизиологиялық аспект), бейімделуі, субъектінің кәсіби міндеттер, еңбек құралында орындалатын операцияларға (өзіндік кәсіби аспект) бейімделуі және тұлғаның ортаның әлеуметтік компонентіне (әлеуметтік-психологиялық аспект) бейімделуі.
Әлеуметтік-психологиялық бейімделудің көрсеткіштері: өндірістік кәсіпорынға, ұйымға қатынасы, кіші топқа қатынасы, басшыға қатынасы, қызметкерлермен қатынасына қанағаттануы.
Бейімделудің жалпы көрсеткіші еңбектің мазмұнына және жағдайына қанағаттану болып табылады [2].
Технологияның өзгеруімен, жаңа басшының келуімен, жаңа мамандықты меңгерумен немесе жаңа лауазымға ие болу, басқа цехқа немесе басқа кәсіпорынға ауысумен байланысты кәсіби ортаның өзгеруі, сонымен қатар адамның өзінің қажеттіліктерінің, мүмкіндіктерінің және мақсаттарының өзгеруі адамның мамандыққа деген қатынасының өзгеруіне, тіпті кәсіби бейімсізденуге әкелуі мүмкін. Сондықтан да персонал бойынша менеджерлер қызметкерлерінің жаңа мамандыққа немесе өзгерген еңбек жағдайына кәсіби қайта бейімдеу қажеттілігі мәселесіне кездесіп отырады.
Бейімсіздену мәселесі адамға ортаның қысқа уақыттық және күшті әсерінен және қарқындылығы төмен, бірақ жалғасымды әсерден де пайда болады. Бейімсіздену іс-әрекеттің түрлі бұзылыстарынан пайда болады: еңбек өнімділігі және санасынын төмендеуі, еңбек тәртібінің бұзылуы, апат және травматизмнін жоғарлауы. Психофизиологиялық бейімделудің көрсеткіштері денсаулық күйі, көңіл-күй, мазасыздану, қажу дәрежесі, мінез-құлық белсенділігі болып табылады. Психикалық бейімделудің тұрақты бұзылысы клиникалық айқын психопатологиялық синдромдарда немесе іс-әрекеттен мүлдем бас тартудан көрінеді.
Кәсіби бейімсіздену мәселесімен байланысты кәсіби деструкцияны қарастырып өтуге болады. Кәсіби деструкция – бұл кәсіби еңбек үрдісінде тұлғаның психологиялық құрылымында пайда болатын бұзылыс, өзгеріс немесе деформация. Кәсіби деструкцияның пайда болуы және дамуы іс-әрекетті орындау өнімділігін төмендетеді, мотивация және кәсіби іс-әрекеттің позициясына негативті әсер етеді.
Кәсіби деструкция жасерекшеліктік психологиялық өзгерістермен де байланысты: денсаулықтың нашарлауы, психикалық процестің әлсіреуі, интеллектуалды көмексіздік. Бұл жұмыс қабілетін төмендетеді, кәсіби шаршауды, жабырқаңқылықты тудырады.
Кәсіби деструкцияның пайда болуына әкелетін факторларды үш топқа бөлуге болады:

    • әлеуметтік – кәсіби ортамен байланысты; объективті факторлар: әлеуметтік-экономикалық ситуация, мамандықтың сипаты және имидж, кәсіби - кеңістіктік орта;

    • тұлғаның ерекшеліктерімен және кәсіби өзара қатынасымен қамтылған субъективті фактор;

    • кәсіби процестің жүйесі мен ұйымдастыруынан, басқарудан, басшылардың кәсіпқойлығынан туындайтын объективті - субъективтілік фактор [3].

А.К.Маркова тұлғаның кәсіби дамуының бұзылуын жалпылап кәсіби деструкцияға апаратын келесі тенденцияны бөлді:
- жасерекшеліктік және әлеуметтік нормалармен салыстырғанда кәсіби дамудың тежелуі;
- кәсіби дамудың дезинтеграциясы, кәсіби сананың құлдырауы – шынайы емес мақсат, кәсіби жанжал;
- төмен кәсіби мобильділік, жаңа жағдайға бейімделе алмау, бейімсіздену;
- кәсіби дамудың жеке бөлімдерінің арасындағы келіспеушілік, біреуі жоғары көтерілгенде, екіншісінің төмендеуі;
- кәсіби қабілет, кәсіби ойлаудың әлсіреуі;
- кәсіби дамудың бұрмалануы, бұрында болмаған негативті саналардың пайда болуы, әлеуметтік және индивидтік нормалардан ауытқуы;
- тұлғаның деформациясының пайда болуы (эмоционалды қажу және күйін кету);
- кәсіби аурудан және жұмысқа қабілеттілікті жоғалтудан, кәсіби дамудың тоқтауы [4].
С.П.Безносов, Р.М.Гроновская, Л.Н.Корнеева, А.К.Маркова көрсетуі бойынша кәсіби деформацияның жоғарғы дәрежесі үнемі адамдармен жұмыс істейтін әлеуметтік мамандық өкілдерінде пайда болады: дәрігер, педагогтар, қызмет көрсету қызметкерлері, құқық қорғау органдары, мемлекеттік қызметкерлер, басшылар, кәсіпкерлер және т.б.
Бұл мамандық өкілдерінде кәсіби деформация әртүрлі деңгейде көрінеді:

  1. Осы мамандық жұмысшыларына тән жалпы мамандық деформациясы. Бұл тұлғаның инвариантты ерекшеліктері және кәсіпқойлардың мінез-құлық еңбек өтілі жоғарғы жұмысшыларда көрінеді, бірақ бұл топтан деформацияның көрінуі әртүрлі. Мысалы, дәрігерлерге «қайғырушылық қажу» синдромы тән, бұл науқастардың қайғыруына эмоционалды индеференттіліктен көрінеді. Құқық қорғау органдарының жұмысшыларда «асоциалды перцепция» синдромы дамиды, яғни әрбір азаматты потенциалды құқық бұзушы ретінде қабылдайды.

  2. Кәсіп бойынша мамандандырылған процесте пайда болатын арнайы кәсіби деформация. Кез келген кәсіп бірнеше мамандықтарды біріктіреді. Әрбір мамандықтың өзіндік деформациясы бар. Тергеуші де - құқықтық күдіктенушілік, оперативті жұмысшыда - өзекті агрессия, адвокатта – айлакерлік, прокурорда – кінәлаушылық сияқты кәсіби деформацияның дамитынын көрсетуге болады.

  3. Тұлғаның индивидуалды – психологиялық ерекшеліктерімен – темперамент, қабілет, мінезбен қамтылған кәсіби – типологиялық деформация. Мұнын нәтижесінде кәсіби - тұлғалық комплекстер дамиды.

- тұлғанын кәсіби бағытталуындағы деформация: іс-әрекет мотивациясының, бұрмалануы, құндылықтық бағдарларын қайта құру, пессимизм.
- қандай да бір қабілеттердің негізінде дамитын деформация: ұйымдастырушылық, коммуникативті, интеллектуалды (артықщылдыққа ұмтылу комплексі, талаптанудың гипертрофилденген жоғарғы деңгейі, шамадан жоғары өзіндік бағалау, нарциссизм) өзінің денесіне деген эротикалық құмарлық.
- мінез бітістерімен қамтылған деформация: билікті жақсы көру, доминанттылық, индеферентілік.
4. Әртүрлі кәсіптегі жұмысшылардың ерекшеліктерімен қамтылған дараланған деформация. Кәсіби іс-әрекетін ұзақ жылдар бойы орындау процесінен, тұлғаны мамандықтың жеке кәсіби қасиеттерімен жетілдіру, жоғарғы қасиеттердің, акцентуацияның пайда болуына әкеледі. Мысалы: шамадан тыс жауапты, супер әділ, гипер белсенділік, еңбектік фанатизм, кәсіби энтуизм [5].

Осы айтылғандарды талдай отырып, тұлғаның кәсіби деформациясының дамуының келесі ерекшеліктермен қорытындылауға болады:
1. Кәсіби қалыптасу тұлғаның түрлі бағыттағы онтогенетикалық өзгерістерімен өтеді. Кәсіби даму – бұл меңгеру және жоғалту, демек, маманның, кәсіпқойдың қалыптасуы тек жетілу ғана емес, сонымен қатар бұзылу, деструкция да болып табылады..
2. Кәсіби деформация көп жағдайда – бұл меңгерілген іс-әрекет тәсілдерінің бұзылысы, кәсіби мінез-құлық стереотиптерінің және жаңа кәсіби технологияны, жаңа мамандықты немесе мамандануды меңгерудегі психологиялық кедергілердің пайда болуы. Бұл сонымен қатар кәсіби қалыптасудың бір сатысынан келесі сатысына ауысудағы тұлға құрылымының өзгеруі. Кәсіби деформация жасерекшелік өзгерістерде, физикалық және жүйке қажуында да пайда болады.
3. Кәсіби деструкцияны бастан кешіру психикалық шиеленіспен, психологиялық дискомфортпен өтеді, ал кейбір жағдайларда қақтығыс және дағдарыстық құбылыстармен көрінеді. Кәсіби қиындықтарды сәтті шешу іс-әрекетті ары қарай жетілдіруге және тұлғаның кәсіби дамуына апарады.
5. Кез-келген кәсіби іс-әрекетті меңгеру сатысында және оны ары қарай орындау тұлғаны деформациялайды. Іс-әрекеттің нақты түрін жүзеге асыру алуан түрлі қасиеттердің барлығын талап ете бермейді, олардың көпшілігі қажетсіз болып қалады. Сондықтан да олардың кейбіреулері кәсіби қажетсіз қасиетке айналады. Осыдан кәсіби акцентуация дамиды – шамадан тыс айқын қасиет және олардың үйлесуі, маманның мінез-құлқына және іс-әрекетіне теріс әсерін көрсетеді [6].




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет