Кәсіби тәжірибенің жұмыс жоспар-кестесі Алматы облысы «Жоңғар орман шаруашылығы»



Дата03.04.2022
өлшемі14,77 Kb.
#137775
Байланысты:
Кәсіби тәжірибенің жұмыс жоспар
BilgenSertificat, Қазақ тілі ЖМБ

Кәсіби тәжірибенің жұмыс жоспар-кестесі
1. Алматы облысы «Жоңғар орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бару, мекеме ұжымымен, тыныс-тіршілігімен танысу. Кәсіби тәжірибенің жұмыс жоспар кестесін ұсыну, талқылау, бекіту. Кәсіби тәжірибенің өндірістегі жетекшісін бекіту.
2. Мекеменің жалпы орман қорымен танысу: жалпы орман шаруашылығының аумағы, ауданның табиғи-климаттық жағдайы, орман қорындағы ағаш және бұталы өсімдіктердің түрлері, қоры (м3), ауданы (га), орман қорының жер категорияларына жіктелуі, орман қорының жас кластары бойынша таралуы, орман қорының бонитет кластары бойынша таралуы жайлы мәліметтер жинау. (орман орналастыру жобсы 1-том, түсіндірме жазба, карталар)
3. «Жоңғар орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аумағындағы 2017-2021-жылдар аралығында атқарылған екпе орман отырғызу жұмыстарының көлемін талдау: жалпы ауданы (га), ағаш түрлері бойынша аудандары, екпе орман құру тәсілдері.
4. Мекеме аумағында ағаштардан тұқым жинау, сақтау, өңдеу тәсілдерімен танысу. Тұқым жиналатын ағаш түрлері, тұқым жинау тәсілдері. Тұқымдарды сақтау, себуге дайындау, өңдеу әдістері.
5. Орман питомниктері жайлы мәліметтер жинау, питомникте атқарылатын жұмыстармен танысу: орман питомнигінің жалпы ауданы (га), өсірілетін ағаш түрлері. Сеппе бөлімі, тікпе бөлімі және онда атқарылатын жұмыстар.
6. Орманды қорғау жұмыстарымен танысу: орманды заңсыз ағаш кесуден қорғау, орманды өрттерден қорғау шаралары. Заңсыздықтарды тіркеу журналдары, 2017-2021-жылдар аралығында тіркелген орман өрттері. Өрт сөндіру станциясының жұмысымен танысу. Өрт сөндіру техникалары мен құралдары. Орманды зиянкестер мен аурулардан қорғау шараларымен танысу. Заңсыздықтарға Акт, хаттама толтыруды үйрену. Дабыл парағын (сигнальный лист) толтыруды үйрену.
7. Орманды жанама пайдалану түрлерімен таысу: ормандағы мал жайылымдары, шабындықтар, дәрілік өсімдіктерді жинау, саңырауқұлақ пен жеміс-жидектерді жинау, орман аумағында омарталарды орналастуру бойынша мәліметтер жинақтау. Орман билетін беру тәртібімен танысу. Орман билетін дұрыс толтыру.
8. Орман қоры жерлерін демалыс-сауықтыру нысаны ретінде пайдалану туралы мәліметтер жинақтау. Орман қоры жерлерін демалыс-сауықтыру нысаны ретінде пайдалануға рұқсат беру тәртібімен танысу.
9. Кәсіби тәжірибені қорытындылау, есебін жазу, өндірістегі тәжірибе жетекшісінің пікірін жазбаша түрде алу.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет