Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жауапкершілігі



бет9/10
Дата07.02.2022
өлшемі432,97 Kb.
#94494
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
кн

Қызметкердің толық жауапкершілігі туралы жазбаша нысанда шарт жасау қажеттілігі заңнамамен белгіленген. Яғни, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 168-бабында толық жеке және ұжымдық (ортақ) материалдық жауапкершілік туралы шарттар жөнінде қарастырылған. Демек келесідей екі түрде жасалады:


Өндіріс үдерісінде өзіне берілген мүлік пен құндылықтарды сақтауға, өңдеуге, сатуға (жіберуге), тасымалдауға, қолдануға немесе өзге де пайдалануға байланысты лауазым атқаратын немесе жұмыстар орындайтын қызметкер және жұмыс беруші қызметкерге берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін қызметкердің толық жеке материалдық жауапкершілігі туралы жазбаша нысанда шарт жасасады.
Өндіріс үдерісінде өзіне берілген мүлік пен құндылықтарды сақтауға, өңдеуге, сатуға (жіберуге), тасымалдауға, қолдануға немесе өзге де пайдалануға байланысты келтірілген залал үшін әрбір қызметкердің материалдық жауапкершілігінің аражігін ажырату мүмкін болмайтын жұмыстарды бірлесіп орындайтын қызметкерлер және жұмыс беруші қызметкерлерге берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін қызметкерлердің толық ұжымдық (ортақ) материалдық жауапкершілігі туралы жазбаша нысанда шарт жасасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет