Кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәнінен тест сұрақтары



Дата31.01.2022
өлшемі17,93 Kb.
#130229
Байланысты:
К сіпкерлік ж не бизнес негіздері п нінен тест с ра тары


Кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәнінен тест сұрақтары

  1. Меншік түріне қарамастан азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға сұранысты қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағыттталған ынталы қызметі – ол:
    A) кәсіпкерлік
    B) бизнес
    C) кәсіпкерлік қызмет
    D) тәуекел

    2. Қызметкерлердің орташа жылдық саны 50 адамнан, активтерінің орташа жылдық құны 60 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын кәсіпкерлік түрі:


    А) орта кәсіпкерлік
    B) шағын кәсіпкерлік
    C) ірі кәсіпкерлік
    D) өндірістік кәсіпкерлік

    3. Дара кәсіпкерлік қандай бизнестің субъектісі бола алмайды:


    A орта бизнестің
    B) шағын бизнестің
    C) ірі бизнестің
    D) консалтингтік бизнестің



4. Дара кәсіпкерлік келесі түрлерге бөлінеді:
A) өзіндік және бірлескен
B) жеке және біріккен
C) ерлі-зайыптылар,отбасылық кәсіпкерлік және жай серіктестік
D) шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар

5. Жеке тұлғалар өздерінің меншігіне негізделе отырып,тәуекелге бару және мүліктік жауапкершілік арқылы табыс табуға бағытталған бастамашылық қызмет – бұл:


A) дара кәсіпкерлік
B) отбасылық кәсіпкерлік
C) бірлескен кәсіпкерлік
D) жай серіктестік

6. Бірлескен кәсіпкерлік келесі нысандарда жүзеге асырыла алады:


A) ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі, отбасылық кәсіпкерлік және жай серіктестік
B) өзіндік және бірлескен кәсіпкерлік
C) жеке, бірлескен кәсіпкерлік және жай серіктестік
D) жеке және өзіндік кәсіпкерлік

7. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесіне бөлінген коммерциялық ұйым – ол:


A) корпорация

B) өндірістік кооператив


C) акционерлік қоғам
D) шаруашылық серіктестік

8. Дара кәсіпкерге лицензия берудің оңайлатылған тәртібін белгілеуге құқылы:


A) ҚР Үкіметі
B) ҚР Парламенті
C) салық органы
D) жергілікті атқару органы

9. Қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік:


A) қосымша жауапкершілігі бар серіктестігі

B) сенім (коммандитті) серіктестік


C) жауапкершілігі шектеулі серіктестік
D) толық серіктестік

10. Жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген және

оның міндеттемелері бойынша жауап бермейтін серіктестік:
A. Толық серіктестік

B. Сенім (коммандитті) серіктестігі


C. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
D. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік

11. Толық серіктестіктерден және коммандиттерден тұратын серіктестік:


A толық серіктестігі
B сенім серіктестік
C. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
D. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік

12. Толық серіктестіктің қатысушы серіктестіктен шыға алады:


A. Алты ай бұрын ескерте отырып
B. Кез-келген уақытта
C. Серіктестікке кіргеннен кейін екі жылдың ішінде
D. Бір жыл бұрын ескерте отырып

13. Жарғылық капиталының мөлшері салымдарды енгізу сәтінде 25 айлық есептік көрсеткішпен кем болмауы керек:


A. Толық серіктестікте
B. Сеніи серіктестігінде
C. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікте
D. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестікте

14. Азаматтардың мүшелік негізде өз еңбегімен қатысуына және мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестік – ол:


A. Өндірістік кооператив
B Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
C. акционерлік қоғам

D. Толық серіктестік

15. Өндірістік кооперативтің жарғылық қоры мен резервтік қорының мөлшері қайда белгіленеді:
A. Салық кодексінде
B. Құрылтай шартында
C. Азаматтық кодексте
D. жарғыда

16. Төмендегілердің қайсы өндірістік кооперативтің ерекшелігіне жатпайды:


A. Мүшелері барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болуы
B. Мүшелері екеуден кем болмауы тиіс
C. Акция шығаруға құқығы жоқ
D. Міндеттемелері бойынша қосымша жауапты болады

17. Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға:


A Шаруашылық серіктестік
B Акционерлік қоғам
C. Тәуелді акционерлік қоғам
D. Мемлекеттік кәсіпорын

18. Әрбір әрекет қабілеті адамның өз ісінің меншік иесі болу мүмкіндігімен, өздерінің жеке қабілеттері мен мүмкіншіліктерін жақсы көрсете білуімен сипатталатын кәсіпкерлік функциясы:


A. әлеуметтік функция
B. жалпы экономикалық функция
C. ресурстық функция
D. шығармашылық - ізденушілік (инновациялық) функция

19. Кәсіпкердің өз ісін ұйымдастыру туралы дербес шешім қабылдауда, кәсіпкерлік басқаруды қалыптастыруда, фирманың іс –әрекетін стратегиясын өзгертуге көрініс табатын кәсіпкерлік функциясы:


A. ұйымдастырушылық функция
B. жалпы экономикалық функция
C. ресурстық функция
D. шығармашылық - ізденушілік (инновациялық) функция
20. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салаларда қоғамды дамытуға қосқан ерікті үлесі:
A. бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі
B. бизнестің кономикалық жауапкершілігі
C. бизнестің жеке жауапкершілігі
D. бизнестің міндетті жауапкершілігі

жауаптары



1.А

  1. В

  2. С

  3. А

  4. А

  5. А

  6. Д

  7. А

  8. Д

  9. С

  10. В

  11. А

  12. А

  13. С

  14. Д

  15. А

  16. В

  17. А

  18. А

  19. А


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет