Кәсіпкерліктің ерекшеліктері



бет8/9
Дата07.02.2022
өлшемі122,37 Kb.
#84671
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
соож

ҚОРЫТЫНДЫ
Курстық жұмысты жазуды аяқтай келе мынадай қорытындыға келеміз:
Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақы неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883- 1950 жж) мән берген. Оның айтқаны мынандай: Кәсіпкер болу- басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер- алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол жайлы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767- 18332 жж) былай деген, « Кәсіпкер- адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам». «Кәсіпкерлік» терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650- 1734 жж) ендірді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелдіоік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастыруға адам белсенділігін жатқызған.

  1. Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері болады:

Өндірістік кәсіпкерлік- тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтарын өндіретін кәсіпкерлік. Коммерциялық кәсіпкерлік- тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар құрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды. Қаржылық кәсіпкерлік- коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, сату- сатып алудың объектісі ақша, валюта, бағалы қағаздар болып табылады. Делдалдық кәсіпкерлік бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Сақтандыру кәсіпкерлігі- кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің еркеше формасы.

  1. Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.

  2. Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе ұжымның құрамы болуы керек.

Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық- құқықтық формалы кәсіпкерліктер құрылуда:
Шаруашылық серіктестік- толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді. Коммандиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен бір немес бірнеше мүшелері зиянының тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады. Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерінен жауап береді. Қосымша жауапкершілі бар қоғам қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді. Ашық және жабық акционерлік қоғам. Өндірістік кооперативтер- ерікті түрде біріккен қоғамдар. Унитарлы кәсіпорын- коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалды болады.
Қазақстан экономикасы мемлекеттік бюджет пен ірі кәсіпорындарды қаржылай қолдау үшін елеулі, ауқымды ресурстарға мұқтаж болды. Сыртқы байланыстарды өрістету бағыты және шетелдік инвестицияларды кең ауқымды тарту экспортқа бағдарланған салаларды көтеруге, шикізат өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет