Кез келген мамандықтың қызметін меңгеруде болашақ маман ең алдымен қызмет түрлерімен танысады



бет1/2
Дата19.01.2022
өлшемі17,79 Kb.
#129467
  1   2
Байланысты:
Әлеумет пед
62298, 62298, ТП каз (2), 12-14, байланыстыра, Титулки-Тесты, 1444200650275, Қазақ диалектологиясы Практикалық сабақ тапсырмалары, Отбасы және қазіргі заман, Смайлы А3, Смайлы А3, Смайлики Кері байланыс, шапка ктп, 12 101945 1 90173, силлабус ҚМТҚ Жәниет Н.Б.

Кез келген мамандықтың қызметін меңгеруде болашақ маман ең алдымен қызмет түрлерімен танысады. Мысалы, физика пәнінің маманы болу үшін ол алдымен физиканың заңдылықтарын оқып үйренеді, ал балалар дәрігері болып шығу үшін анатомия, физиология ғылымдарын меңгереді.

Мұндай сұрақтарға әдістемемен технология жауап береді.

Алдымен «әдістеме» және «технология» ұғымдарының мәнін түсініп алайық.

«Әдістеме» - бұл қандай да бір жұмысты орындауға мақсатты бағытталған әдістер мен тәсілдердің және құралдардың жиынтығы. Біз әлеуметтік-педагогикалық зерттеу мәселесін қарастырған кезімізде «әдіс» ұғымымен таныс болдық. Бұл ұғым өте кең көлемде қолданылады. Атап айтқанда, психологияда, әлеуметтануда, педагогикада және т.б.

«Әдістер» - бұл баланың әлеуметтенуіне әсер ететін, әлеуметтік тәжірибелердің жинақталуына мүмкіндік туғызатын бала мен әлеуметтік педагогтың өзара байланысты қызметінің тәсілі.

Әлеуметтік-педагогикалық технологияның «классикалық» технологиядан ерекшеленетін нақтылы сипаттарын Ресей ғалымы Е.И.Холостова мынадай құрамда сипаттап көрсетеді:



1. Концептуалдылық технология, яғни бұл, әлеуметтік педагогикалық қызметте философиялық, психологиялық, дидактикалық және басқа да білім берудің ғылыми концепциялары енген нақтылы технологияларға сүйену арқылы әлеуметтік педагогикалық қызметті ұйымдастыруды көздейді.

2. Жүйелілік технологиясы, бұл, процестің логикасы, әлеуметтік педагогикалық процестің барлық бөліктерінің өзара байланысы, кешенділігі секілді жүйенің барлық көрсеткіштерін игеру арқылы көрініс табады.

3. Үнемділік технологиясы, яғни бұл технологияны пайдалану жұмыс уақытының резервтерін жасау есебінен әлеуметтік педагогтың қызметін оптимальдандыруға мүмкіндік туғызады.

4. Салыстырмалы түрдегі алгоритмделу технологиясы. Негізінде әлеуметтік педагогикалық технологияда қызметтің жалпы процесін бөліп қарастыру шектелген.

5. Іс-әрекеттің коррекциялануы технологиясы, бұл әлеуметтік педагогикалық процесті іске асыруда үнемі тұрақты кері байланыстың орын алу мүмкіндігінің болуымен айқындалады.

6. Әлеуметтік педагогикалық технологияның қайта жаңғыртылуы тікелей алгоритмделу дәрежесіне байланысты болады, яғни технологияның қаншалықты дәрежеде қайта жаңғыртылуы мүмкіндігімен, сонымен қатар, басқа да ғылым салаларындағы әрекеттердің әлеуметтік педагогикада қолданылуы мүмкіндігі арқылы сипатталады.

Әлеуметтік педагогикалық технологияның екі негізгі формасы ғылымда ұсынылады:

Біріншіден, әлеуметтік педагогикалық қызметтің нақтылы операциялары мен процедураларын қамтитын бағдарламалар түрінде;

Екіншіден, осындай бағдарламаларға сәйкес құрылған қызметтің өзі түрінде.

Әлеуметтік педагогикалық технологиялар бірнеше деңгейде көрінеді. Олар:

1. Индивидуалдық немесе авторлық деңгей. Мұнда әлеуметтік педагогикалық қызмет әлеуметтік педагогикалық міндеттерді шешу бойынша бірізді, нақтылы әрекеттерді өзіндік ерекшелікпен іске асырумен байланысты айқындалады.

2. Топтық немесе профильдік деңгей. Мұнда әлеуметтік педагогикалық міндеттерді іске асыру нақтылы әлеуметтік институттар саласында аталмыш институттар типіне тән технологияларды таңдау арқылы атқарылады.

3. Басқарушылық немесе территориялық деңгей. Мұнда нақтылы бір әлеуметтік педагогикалық міндет нақтылы бір территория шеңберінде әлеуметтік институттар қызметі мен байланысын қатыстыру арқылы жүзеге асырылады.

Жоғарыда аталған технологиялар әрекетінің деңгейлеріне сәйкес жалпы, жеке және арнайы әлеуметтік педагогикалық технологияларды бөліп көрсетуге болады.



Жалпы әлеуметтік педагогикалық технологиялар маманның баламен өзара ықпал ету заңдылықтарын және осы әрекеттің компоненттерін сақтауды жүзеге асырады. Жалпы әлеуметтік педагогикалық технологиялар жүйесі өзінің құрамында диагностикалауды, профилактикалауды, адаптациялау, реабилитациялауды, коррекциялауды, әлеуметтік терапияны, әлеуметтік экспертизаны, прогностикалауды, делдалдықты, кеңес берушілікті және т.б. қамтиды.

Жеке әлеуметтік педагогикалық технологиялар өзінің негізіне әлеуметтік қолдауға мұқтаж болған нақтылы адамдар категориясы мен әлеуметтік сатыға көмек көрсету бойынша технологиялық процедураларды ендіреді.

Арнайы әлеуметтік педагогикалық технологиялар мамандандырылған мекемелер мен орталықтардағы әлеуметтік процестерді оптималдандыруға арналады.

Әлеуметтік педагогикалық қызмет барысында қолданылатын кейбір жекелеген технологиялар мен технологиялық процестерді практикада пайдалануда әлеуметтік педагог көптеген шаралардың кешенін қолдана алады. Мүндай шаралардың кешені технологияландырылу деп айтылады. Әлеуметтік педагогикалық әрекетті технологияландыру процесі мынадай бірнеше кезеңдерде іске асырылады:

1. Теориялық кезең – мақсатты технологиялық әрекеттің нысанын негіздеу, құрамдас компоненттерге бөліп қарастыру және олардың арасындағы өзара байланысты көрсету.

2. Әдістемелік кезең – бұл кезең іс-әрекеттің әдіс - тәсілдері мен құралдарын таңдаумен, ақпараттарды жинақтау және өңдеумен, оған талдау жасаумен, жеке практикалық қызметті жобалау мен жоспарлаудан; аланған нәтижелердің мазмұндық интерпретациялауға мүмкіндік беретін диагностикалау жүйелерін іріктеумен, нтижелерді трансформациялау принциптерін таңдаумен және іс-әрекетті жүзеге асыру процесінде кездесуі мүмкін болған қиыншылықтардың алдын алу жүйелерін жасаумен байланысты айқындалады.

3. Процедуралық кезең – бұл кезеңде нақтылы әлеуметтік - педагогикалық әрекет жүзеге асырылады.

«Құрал» - анағұрлым кең мағыналы түсінік. Құрал - әлеуметтік педагогтың алдына қойған мақсатына жетуде қолданатын материалдық, эмоционалдық және интелектуалдық шарттарының жиынтығы болып табылады.

Көз жеткізу - бұл баланың ішкі адамгершілік туралы білімдері мен іс-әрекеттерінің дұрыс екендігiне сенімінің қалаптасуы.

Сұхбат - бұл көз жеткізудің сұрақ-жауап әдісі. Әлеуметтік педагогтың шеберлігі ол қандай сұрақтарды таңдап алуы керек екендігін білуі мен қолдану тәсілін игеруімен айқындалады.

Жаттығу әдісі оқушыларда нақтылы бір адамгершілік қасиеттер мен дағдыларды қалыптастырумен байланысты. Тәрбиелі дағдыны әдетке айналдыру үшін көптеген

жаттығулар орындауға тура келеді. Мысалы, бала әдемі әрі сауатты жаза білу үшін ол көп уақыт жазып жаттығады.

Осы тұста ұлы ғұлама әл-Фараби баланы іс-әрекетке баулып, тәрбиелегенде оның жас ерекшелігімен қатар дара ерекшелігін және қызығушылығын да ескеруге кеңес береді. Бұл жөнінде ол: «Әрбір балаға өзінің ерекшелігіне қарай бір жұмыс белгіленуі тиіс. Өйткенi,

- біріншіден, әрбір адам кез келген жұмысқа және кез келген кәсіпке жарамды бола бермейді. Және басқа адам емес, кейде тек сол адам, басқа бірер жұмысқа емес, тек сол жұмысқа жарамдырақ болады;

- екіншіден, бір жұмыспен немесе кәсіппен шұғылданатын әрбір адам бұл жұмысты неғұрлым жетік, білгір және шебер атқарып, бұл жұмыстың білгірі болып шығады, өйткені ол өзін осы жұмысқа жастайынан үйретеді;

- үшіншіден, көп жұмыстарды бір мезгілде орындап шығу көп уақыт алады. Сондықтан баланы жұмыспен баулуда әртүрлі жұмыстарды қатар орындауды талап етпей, бір жұмысты тиянақты орындап бітіруді талап еткен абзал», - деп балаларды еңбекке тәрбиелеудің тиімді шарттарын көрсетеді.

Осылайша, ғұлама баланың жас және дара ерекшеліктерін ескеру арқылы жаттығу тапсырмаларын іріктеу, таңдау жасауда ескеру маңыздылығын айтады.

Көз жеткізу әдісі мен жаттығу әдістері бір-бірімен тығыз байланысты.



Әлеуметтік-педагогикалық әдістер арасындағы ерекше тобына жататыны коррекциялау әдісі болып табылады. Оған мадақтау, көтермелеу мен жазалау әдістерін жатқызамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет