Кілт сөздер: түркітанушы, фольклор, ауыз әдебиеті, шамандық, жаназа, беташар, төтем, салт-дәстүр



бет5/9
Дата07.02.2022
өлшемі66,25 Kb.
#82966
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Әуелбек 3
метод-СРС-неорг-хим-фармация-каз-неор-каз-колон, СОР огн 10 кл химия
Әдістеме. Әдебиет сабағында жүргізілетін ең басты жұмыстардың бірі – оқушылардың көркем шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл болмысымен түсіне білуі болып табылады. Сол себепті оқытушының алдында осы мақсатты жүзеге асыру үшін ең тиімді деген әдіс-тәсілдерін сұрыптай білетіндей ізденіс жұмыстары тұрады, көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін туғызудың әдістерін таба білуі керек.
Осы орайда Ә. Қоңыратбаевтың «Әдебиетті оқыту әдістемесінің очерктері», «Әдебиетті оқыту әдісі» (1966) деген еңбектерінің маңызы зор болды. Әдебиетті оқыту арқылы оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие берілетіні белгілі.
Одан әрі биік талғамды қалыптастырып, әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті білім және біліктілікпен қаруландырып, логикалық ойын дамытады, ауызекі және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастырады.
Әдебиетті оқытудың бүгінгі міндеттері әдебиетті бұрынғы қалыптасқан дәстүр арнасында кеңейте қолдану, психологиялық-педагогикалық кіріктіру мәселелерінде жаңа технологияларға негіздеу секілді жаңа әдістердің қажеттігін дәлелдеп отыр. Зерттеуші-ғалым Ә. Қоңыратбаевтың әдеби сын, әдебиет тарихы мәселелері бойынша қалдырған елеулі қолтаңбалары бүгінгі әдебиетті оқыту әдістемесінде кеңінен насихатталуда.
Ә. Қоңыратбаев әдебиетті оқыту әдістемесі болашақ қоғам мүшесін оқыту және тәрбиелеу қай заманда болсын педагогика ғылымының өзекті боп саналатын міндеттерінің бірі дейтін болса, әдебиет әдістемесінің мазмұнын белгілеудегі басты мәселелердің бірі – бұл оқушыларға әдебиет пәнін оқытуда қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерді орынды қолдана білу.
Әдіскер ғалым Ә. Қоңыратбаев әдебиетті оқыту әдістемесінің мақсаты адамға қатысты, жеке тұлға қалыптастыруға қатысты ғылым болғандықтан, әдебиетті оқыту оқушының сұранысы мен қабілет, мүмкіндігіне қарай оқушының алған біліміне сүйенетінін айта келе, шығарманы жүргізіп оқып үйренген оқушы одан әрі мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыра бастайтынын айтады. Одан әрі, сынып жоғарылаған сайын әдебиетті сөз өнері ретінде қоғамдық мәні мен жеке тұлға қалыптастыруға тигізетін ықпалын, барлық адамзаттық мәселелерді қамтитын биік болмысын тани бастайтыны жөнінде айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет