Кіріспе 1 Негізгі бөлім



бет3/4
Дата10.05.2020
өлшемі1,5 Mb.
#66914
1   2   3   4
Байланысты:
Галтовачный барабан

2 тарау. Есептеу бөлім

2.1."Галтовалық барабан қорабын" жасау технологиясын жобалау

Жобалау процесіне мыналар кіреді:

• Бөлшектің үш өлшемді моделі;

• Негізгі өлшемдерді қоя отырып, бөлшектің екі негізгі проекциялары;

• САЕ бағдарламасында жүктемеге есептеу.

КОМПАС 3D V16 бағдарламасында бөлшектің үш өлшемді геометриялық моделі жасалды (2.1 сурет.).

Геометриялық модель бойынша негізгі өлшемдерді қоюмен 2D сызбалар құрастырылды (2.2 сурет.).



Solidworks бағдарламасында жүктемеге есептелді.

2.1-сурет. Галтовалық барабан қорабы, m=281 кг.

Тетік құрылымының технологиялығына - материалдың өңделуі, база таңдау мен өлшемдердің байланысы, тетіктің пішіні мен өлшемдері, бет кедір-бұдырлығы мен өлшемдердің дәлдігі сонымен қатар өндірістің сериялығы жатады.

МЕСТ 14.201-91 стандартында өнім құрылымының технологиялығының кезеңдері көрсетілген:



  • тетіктерді өңдеу үшін олардың геометриялық пішіндері дұрыс жобалануы қажет;

  • тесік пен бұранда өлшемдерінің әр түрлілігінен сақтану қажет;

  • тетік беттерін өңдеуді азайту үшін, олардың бір-бірімен жанасу беттерін азайту қажет;

  • дәлдігі жоғары тетіктердің шақтамасы өндіріс технологиясын қиындатпауы қажет.

Өнім құрылымының технологиялығы оның тұтастығын, қол жетімділігі мен өндіру кезіндегі минималды шығынын, логистикасы мен жөндеуге жарамдылығын, шығару көлемі мен жасалатын жұмыстардың ыңғайлылығын қажет етеді. Өнім құрылымының технологиялығына қойылатын талаптар: тетіктер сызбаларын талдау, дайындаманы жобалау, өңдеу әдістерін таңдау және механикалық өңдеу процесстері мен консервациясы.

Галтовалық барабан қорабы Болат 45 маркалы болаттан жасалады. 2.1-кестеде Болат 45 маркалы болат қортпасының құрамы көрсетілген.

2.1-кесте. Болат 45 маркалы болат қортпасының құрамы

Қорытпа құрамы,  массаның %

Қорытпа

-

Si

С

Cu

Mn

S

Cr

Ni

P

As

Fe

Ст 45

ГОСТ 1050-2013



Min

0,17

0,42

/

0,5

/

/

/

/

/

негізгі ~97




Max

0,37

0,5

0,25

0,8

0.04

0,25

0,25

0,035

0.08






Физико-механикалыққасиеті

/

Ст 3 ГОСТ 1050-2013

Массалық тығыздығы (кг/см³)

7810

Ығысу модулі

204000

Серпімділік модулі МПа (1)

83000

Пуансон коэффициенті

0,33

Жылуөткізгіштігі (W/M°C)

T4 жағдайда:

269


Серпімділік шегі RP0.2 (МПа)

410

Беріктік шегі Rm (MPa)

700

Салыстырмалы ұзару(%)

15

Дайындама материалын талдау кезінде мына артықшылықтар мен кемшіліктер белгілі болды:

Кремний – төзімділігін және аққыштық қасиеттерінің шектерін жоғарылатады, бірақ соққыға тұтқырлығын төмендетеді;

Мыс – коррозияға беріктігін және төзімділігін жоғарылатады;

Хром – төзімділігін және қаттылығын жоғарылатады, бірақ оның созымдылығын және тұтқырлығын азайтады;

Никель – төзімділік және созымдылық қасиеттерін жақсартады;

Бөлшектер сызбасының сыныптамасы кезінде келесі конструкторлық қателіктер жіберілмеуі қажет:



  1. Бөлшек сызбасының бастапқы түрі қисынсыз болмауы;

  2. Бұрыштары қисынсыз көрсетілмеуі;

  3. Негіз дұрыс қойылмауы;

2.2 Технологиялық маршрутты жобалау

Механикалық өңдеудің технологиялық процестерін (ТП) жобалау бөлшектің қызметтік мақсаттарын, оған техникалық талаптардың, дәлдік нормаларының және шығару бағдарламаларын, осы бөлшекті өңдеу бойынша кәсіпорындардың мүмкіндіктерінің талдауын зерттеуден басталады.

ТП жобалау бірқатар есептер жүргізуді талап ететін дұрыс шешімді көп нұсқалы міндеттерден тұрады, және оңтайлы реттілікті орнату мақсаты бар және барлық бөлшектерді тұтастай алғанда және жекелеген беттерді өңдеу тәсілдерін, қажетті құрал-жабдықтарды таңдау, бақылауға және өңдеуге арналған құрал-жабдықтарды, жарақтарды, өңдеудің оңтайлы жағдайларын және жөндеу өндірісінің ерекшеліктерін және заңдылықтарын білумен жұмысты жасауға техникалық уақыт нормаларын анықтауды талап етеді.

Технологиялық процесс бөлшектің талап етілген сапамен дайындалуын және шығарылым көлемін, бөлшекті өңдеудің жоғары өнімділігінің талаптарын қанағаттандыруы тиіс, ең аз өзіндік құны, қауіпсіздік және еңбек жағдайларын жеңілдетуін қамтамасыз етуі тиіс.

Машина бөлшектерін механикалық өңдеудің технологиялық процестерін құру бірқатар қағидалар мен ережелерге негізделген. Олардың негізгілері мыналар болып табылады:

Техникалық (бұйымның берілген сапасын қамтамасыз ету);

Экономикалық (еңбек құралдарын толық пайдалану және аз шығын жұмсай отырып, ең жоғарғы өнімділік).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет