Кіріспе а адам- табиғаттың ажырамас бөлігі



бет2/14
Дата07.02.2022
өлшемі200 Kb.
#91155
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Гылыми жоба жасыл химия2
жас эколог111, жас эколог, конкурс для учителей каз, айд справка, айд справка
Ә) Жасыл энергия
Ғылым-техниканың дамуына байланысты энергияға деген қажетілік артып, жаңартылмайтын энергия көздерінің көп мөлшерде қолдануынан экологиялық ортаның ластануы туындады. Осыған байланысты қазіргі таңда әлемде жаңартылатын энергия көздерін қолдану басты тақырыпқа айналды.Жасыл энергия көздерін қолдану,жаңа заманауи құрылғыларды пайдалана біліуказіргы таңда еліміз үшін кезек күттірмейтін маселелердің бірі. Осы салада еңбектену,тиімді энергияны пайдалану, теория мен істі бірлестру, ғылым үшін үлес қосу біздің колледжіміздің шеберханаларында басты ұстаным болмақ.
Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің шеберханаларында толықтай барлық жағдай жасалынып жатыр. «Электр станцияларының және электр желілерінің электр жабдықтары» және «көліктегі радиоэлектронды жабдықтарды техникалық пайдалану» мамандықтары бойынша тәжірибелік сабақтарды жүргізуге арналғанарнайы шеберханалар жұмыс жасауда. Атап айтатын болсақ 2013 жылдан бастап шеберханамыз қазіргі заман талабына сай жаңа технологиялармен жабдықталды.
Күн сәулесінен электр энергиясын алатын күн панельдерін шығару шеберханасы іске қосылды. Бұл шеберханада білім алушылардың көмегімен күн панельдерін дайындап шығарамыз. Білім алушылар алған теориялық білімдерін аталған шеберханада тәжірибелі түрде негіздеп, іс жүзінде тексеріп, оларды орнатып нәтижесін алады. Қазіргі уақытта ішкі жарықтандыру жұмыстары үшін күн панельдері қолданылып жатыр. Алдағы уақытта колледжімізге қажетті энергияны толықтай күн энергиясынан аламыз деген ойдамыз. Осындай табиғи, сарқылмайтын энергия көзін пайдалану - қазіргі заман талабы.
Білім алушыларымыз үшін электромонтаждық тәжірибе сабағы кезінде пәтерлердің жарықтандыру көзін монтаждау, электр санауыштарды орнату, асинхронды қозғалтқыштар мен синхронды генераторларды қосу, қашықтықтан басқару, бақылау жұмыстарын жасауға мүмкіндіктер қарастырылған. Ал, электр өлшеу тәжірибесінде оқушылар өлшеуіш құралдармен жұмыс жасауды және оларды қосу сұлбаларын жинауды үйренеді.
Біздің оқу орнымызда электр жарығын үнемдеуге арналған диодты шамдар шығаратын шеберхана бүгінгі күні жұмыс жасауда. Бұл шеберханада оқушылар қарапайым шамдарға қарағанда артықшылығы коп, төменгі куатты диодты жарық шамдарын жасап шығарады. Бұл шамдар күнделікті қолданылып жүрген шамдармен салыстырғанда жарықты 2-3 есе артық береді, қоректену тогы адам өміріне қауіпті емес және кернеу деңгейі төмендеген жағдайда да қалыпты жұмысын жалғастырады.
2014 жылдан бастап арнайы дәнекерлеу алаңы іске қосылды. Дәнекерлеу тәжірибесінде білім алушылар дәнекерлеудің төрт түрін үйреніп шығады. Заманауи жабдықтармен жабдықталған дәнекерлеу алаңы 7 бөлімге бөлінген, яғни оқушыларға жеке-жеке жұмыс істеу мүмкіншілігі қарастырылған. Жұмыс барысының әр бөлімі бейне бақылаумен бақыланып, қашықтықтан басқаруға, қадағалауға мүмкіндіктер жасалған.
Теория мен тәжірибе – егіз ұғым. Әрбір білімгер жастар өздерінің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырабілсе ғана, өз мамандығын жетік меңгерген, еліне қажетті білікті маман иесі болары сөзсіз. Еліміздің еңсесін көтеріп, туын көкте желбірету үшін Елбасымыз айтқандай бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда сапалы білімді тұлғаның биік тұратыны ақиқат. Біздің мақсатымыз тәрбиелі, білікті, білімді еліміздің болашағы үшін аянбай үлес қосатын жас мамандар дайындау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет