Кіріспе Қазақстанның экономикалық жағдайы Ұлы Отан кейін ауыр еді, одан өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы дами бастады. Тың игеру жүргізілді. Оның дұрыс және бұрыс жақтары, пайдасы мен зияны да болды. Одан кейін реформалар ұйымдастырылды



бет6/7
Дата29.03.2022
өлшемі4,96 Mb.
#137190
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Бердибаева Жанат ФӨТ 18-003-2

дҰРЫС
бҰРЫС
-егіншілік мәдениеті артты
-қала саны артты
-тұрғын үй құрлысы дамыды,асфальт төселді
-Қазақстанда 15 қала, 86 қала типтес поселке, шағын елді мекендер пайда болды
-Техникалар әкелінді
-1954-1977 ж 21,1 млрд. сом қаржы жұмсалып, 27,2 млрд.сом өтелді
-астық өндіру 7 есее, ет 5 есеге, сүт 3 есеге көбейді
-темір жолдар,электр желілері және байланыс линиялары дамыды
-экономика дамыды, ғылым және мәдениет дамыды
-совхоздар көбейді
-2 млн адам келді, көпұлтты мемлекетке айналды
-Бүгінгі күні Қазақстан астық экспорттаушы елге айналып отыр
-экологиялық жағдай ауырлады
-мал шаруашылығы төмендеді
-жер,су аттары орысша аталды
-республиканың ұлттық ерекшеліктері ескерілмеді
-тілдік және демографиялық ахуал өзгеріске ұшырады
-жер қоры есепсіз жыртылды
-экологиялық тепе-теңдік бұзылды
-топырақ эрозиясы күшейді
-1959-1965 ж. жетіжылдық жоспар орындалмады
-тым асығыс жүргізілді
-жайылым жер қысқарды
1965 жылғы шаруашылық реформасы нәтижесінде ғылыми – технологиялық процестерді өндіріске енгізу ісі өнеркәсіптегі жағдайды түбірімен өзгертті. Реформа еңбекпен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге оң жол ашты. Кәсіпорындар қызметін жоғарыдан реттеуге шамадан тыс әуестенушілік доғарылды, олардың шаруашылық дербестігі ұлғая тусті. Пайда, баға, ақшалай сыйлық, несие тәрізді экономикалық тұтқалар қозғалысқа келтірілді. Әрбір жұмыскердің, тұтастай алғандағы кәсіпорынның материалдық мүдделігіне баса назар аударылды. 1966 жылы Қазақстанның Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Шымкент – цемент заводы бастаған II өнеркәсіп жұмыс жүргізудің жаңа тәртібіне көшті. 1970 жылы Қазақстан өнеркәсібінің 70% - ы жоспарлаудың жаңа жүйесіне жұмыс істеді.
Өнеркәсіптің дамуы.
1965 жылы қыркүйекте КОКП ОК-нің пленумы болып өтті. Пленум өнеркәсіпті дамытуға арналды. Пленумда қойылған міндеттер:
1. Өнеркәсіпті салалық принцип (ұстаным) бойынша басқару.
2. Өнеркәсіп салалары бойынша одақтық республикалық министрліктер құру.
3. Кәсіпорындар дербестігін арттыру.
4. Шаруашылық есепті дамыту.
5.Жұмыскерлерді экономикалық ынталандыру мен материалдық мадақтаулары көбейту.
КСРО жоғарғы Кеңесінің сессиясы 1965 жылғы өнеркәсіпті басқару жүйесін өзгерту және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі кейбір басқару оргадары өзгеше құру туралы заң қабылдады. Көп ұзамай осындай қаулылар мен заңдарды Қазақстан Компартиясы ОК-нің XIV пленумы мен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі де қабылдады. Қабылданған шешімдерге сәйкес 1965-1966 жылдары Қазақстанда халық шаруашылығы Қеңесі және экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері таратылып, салалық одақтық – республикалық министрліктер құрылып, өнеркәсіптік, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза – қағаз және ағаш өңдеу, азық – түлік т.б. кәсіп орыңдары біріктірілді.
1965 жылғы шаруашылық реформасы нәтижесінде ғылыми – технологиялық процестерді өндіріске енгізу ісі өнеркәсіптегі жағдайды түбірімен өзгертті. Реформа еңбекпен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге оң жол ашты. Кәсіпорындар қызметін жоғарыдан реттеуге шамадан тыс әуестенушілік доғарылды, олардың шаруашылық дербестігі ұлғая тусті. Пайда, баға, ақшалай сыйлық, несие тәрізді экономикалық тұтқалар қозғалысқа келтірілді. Әрбір жұмыскердің, тұтастай алғандағы кәсіпорынның материалдық мүдделігіне баса назар аударылды. 1966 жылы Қазақстанның Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Шымкент – цемент заводы бастаған II өнеркәсіп жұмыс жүргізудің жаңа тәртібіне көшті. 1970 жылы Қазақстан өнеркәсібінің 70% - ы жоспарлаудың жаңа жүйесіне жұмыс істеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет