Кіріспе І хv ғасырдың аяғындағЫ Қазақ хандығының сыр өҢірлері үшін жүргізілген күрестері



бет7/8
Дата27.02.2022
өлшемі202 Kb.
#133593
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Касым хан тусындағы қазақ хандығы
11-13 апта тапсырмасы, Ибн Сина
Қорытынды

Жалпылай қорытындылайтын болсам мынадай тұжырымдар жасауға болады. Алдыма қойған мақсаттарға жетіп, міндеттерімді орындадық.


1.Сыр өңірілері өзінің географиялық орналасу ерекшелігіне байланысты Дешті қыпшақ тайпаларының шаруашылық-экономикалық өмірінде үлкен роль атқарады. Аймақ жері - көшпелі шаруашылық жүйесінің құрамдас бір бөлігі болып саналады.
2.Ежелден бері Сыр аймағында отырықшылық қалыптасып, қалалар мен қоныстар дамығындықтан, олар ірі экономикалық, сауда-айырбас, егінші-диқанышылық өңірлердің орталығы болып, көшпелі және отырықшы аймақтар арасында обьективті экономикалық байланыстар қалыптасады да, бірнеше ғасырлар бойы дамиды, жетіледі. Сөйтіп, біз қарастырып отырған кезеңде, бұл екі өмір-біртұтас экономикалық комплекс құрайды.
3.Сыр аймағы діни, мәдени орталық ретінде Дешті Қыпшақ тайпалары да өз орталығының діни, мәдени кеңістік шеңберіне тарады. Мұсылман дініндегі Дешті қыпшақ тайплары XV-XVI ғасырларда Сыр өңірі мен мұсылман әлемінің бір бөлігін құрап тұрады.
4.Дешті Қыпшақ тайпаларының аймақтағы отырықшы және жартылай отырықшылыққа көшу процесінің ежелден қалыптасуы және үздіксіз жалғасуы XV-XVI ғасырларда аймақтғы қазақтардың үлес салмағын өсіреді. Сөйтіп, этникалық тұрғыдан Дешті Қыпшақ пен Сыр өңірі бір этникалық кеңістікті қалыптастырады.
5.Геосаяси және әскери-стратегиялық тұрғыдан алғанда, аймақ территориясы Қазақ хандығын Мауреннахр, Хорасан елдерімен байланыстырды және қазақ хандығының оңтүстіктегі қорғаны, тірегі болды.
Сыр өңірі қазақ хандығы үшін XV-XVI ғасырларда экономикалық, шаруашылық, саяси, діни-мәдени, әскери-стратегиялық, этникалық рольдері ерекше өмірлік маңызы бар аймақ деп есептейміз.
Екінші тарау, бірінші бөлімінің қорытындылары төьендегідей: 1.XVI ғасырдың соңындағы бірінші он жылдығында Қазақ хандығының жоғарғы басшыларында өзгерістер болды. Бірақта бас қолбасшы Бұрындық болғанымен шындығында саяси билік, хандық фактілі түрде Жәнібек ханның баласы Қасым ханға көшті.
Қазақ хандығының күшеюі және кеңеюі Мауереннахрды билеген Шайбанилерді қатты шошытты. Олар: қазақтар Мауереннахрға басып кіріп, үкімет билігін таратып алады деп қауыптенеді. Жоғарыда айтылып кеткендей, ол үшін Мухаммед Шайбани Шахбахат хан өзіне қарасты жердегі халық қазақ саудегерлерін сауда жасауға тыйым салып, жарлық шғарды және қазақ саудагерлерін тонауға бұйрық берді. Ол бұйрықты Рузбехан былай түсіндіреді: «Кейбір саяси ойлармен Шайбани хан Қазақ көпестері мемлекетке жіберілмесін, ал келе қалған жағдайда тонап алынсын деген жарылық берді».
«Хан жарлығының мәні бар еді, өзбек мемлекетіне келген Қазақтар оның күш-қуатын зерттеп алып, сонан соң құлшына күреске түсер еді. Сол кезде оларға қарсы жүру қиын болар еді. Бүгінде олар өзбектердің қалай тұрып, рақатқа батып отырғанын білмейді. Сөйтіп, өздерінің мешеу өміріне өте жақсы деп санайды, ал егер оларға жақсы және әдемі өнімдер жетсе, олар басқаша ойлай бастаған болар еді. Қазір олар білмейді. Осы ойлар негізінде олармен қарым-қатынас және сауда жасауға тыйым салынды, осындай шаралар арқылы Қазақ халқының жолын бөгегісі келді ». Шайбани хан сонымен бірге Қазақ жеріне бірнеше реет тонаушылық жорық жасап, талан-таражға салады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет