Кіріспе волейболшылардың секіруінің дамуына дене дайындығының тиімділігі Волейбол ойындарындағы қимыл-қозғалыстардың спортшы денсаулығына әсері 2 Волейбол ойынының әдіс-тәсілдерін үйренуде және дамытудағы дене дайындығының әсері



бет9/18
Дата07.02.2022
өлшемі214 Kb.
#87379
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
1 Қуанышов Нурсултан Қуанышович ВОЛЕЙБОЛ Диплом 2012
91691978, Диплом Арт-терапия, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, рухани жаңғыру фото, БАҒДАРЛАМА 3 курс - копия (1), ИНСТРУКЦИЯ ПО ЗАЩИТЕ ДП В РЕЖИМЕ ДОТ 23.04.202г ЮКГУ, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ, ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХ, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, План граф и дневник каз, 2 диплом АНАПИЯ, АНАПИЯ саптық дайындық
Ыңғайлылық пен тұлғалық принципі барлық тапсырмалар оқушылардың мүмкіндіктеріне, яғни олардың жасына, жынысына, дайындығы мен жеке ерекшеліктеріне сәйкес болуы тиіс екенін қарастырады. Волейболшылардың шеберлігіне қойылатын қазіргі таңдағы талаптар көпжылдық дайындық жүйесі болмайынша бұл дәрежеге жету мүмкін емес. Қазіргі кезде көпжылдық дайындық жүйесі мына жастағы волейболшылардың дайындығын қарастырады: 7-10 жас (кіші волейбол), 10-18 жас (жасөспірімдік спорт ұжымы), 18-20 жас (жастар), 28-30 жасқа дейін (жоғары дәрежелі командалар).
Волейболшыларды ойын әдісіне оқытуға қойылған негізгі талаптар тиімді әдістерді меңгеру болып табылады. Бұл үшін дене дамуының, жоғары жүйке қызметінің, ерік-жігер аясының айқын деңгейі қажет. Керісінше жағдайда әдісті меңгеру қиындық тудырады. Осыны болдырмас үшін әрбір амал бойынша дене қабілетін дамытуға арналған арнайы жаттығулар қолданылады. Бұған ағымдағы жаттығулар да көмектеседі. Ыңғайлылық оқу-жаттығу барысын тұлғаландыруды қарастырады. Бұл жаттықтырушы кез-келген міндетті шешуде құралдар мен әдістерді оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп таңдауы керектігімен анықталады. Бірдей жаттығуды орындауда әр спортшыларға түрлі мөлшер беріледі. Әдісті оқытудың бастапқы сатысында материал барлығына бірдей жүреді. Оны жетілдіру міндетті түрде оқушылардың жеке ерекшеліктерін басшылыққа алумен жүргізіледі. Тәсілдік дайындықтың бастапқы сатысы әмбебаптандыру ықпалымен жүреді, яғни барлық оқушылар жаттығуларды тең орындайды. Бұдан кейін оқушылардың үйрену дәрежесіне, жеке ерекшеліктеріне, қабілеті мен бейімділігіне қарай жаттықтырушы әрқайсысына оның командадағы ойын қызметін анықтайды.Спорт мектептеріндегі, жоғары санатты командалардағы ересек жастағы волейболшыларға арналған оқу-жаттығу сабақтары олардың командадағы ойын қызметіне қарай дара сипатта болады. Бұл әсіресе жарыстарға дайындық барысында, оқу-жаттығу жиындарында, сондай-ақ құрама командалармен жұмыс жасағанда айқын көрінеді. Жоғары санатты командаларда әмбебаптандыру мен мамандандыру тең дәрежеде жүреді, яғни екеуін де нақты қойылған міндеттерге қарай жаттықтырудың белгілі бір сатысында немесе нақты бір кезеңде жетілдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет