Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі



бет15/22
Дата26.05.2020
өлшемі0,93 Mb.
#71199
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
Байланысты:
2К Развитие предпринимательства в РК

Капиталдың жалпы айналымдық коэффициенті. Ол жылына қанша рет айналу мен өңдірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгенін көрсетеді. Авансталған капиталдың кезеңдегі орташа шамасының жалпы айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның іскерлік белсенділігі туралы жан-жақты түсінік береді.Сатудан түскен табыстың баланс валютасының орташа шамасына қатынасымен есептелетін ол, кәсіпорынның барлық капиталының айналым санын көрсетеді және олардың жұмылдыру көздеріне байланыссыз, барлық ресурстарды кәсіпорынның пайдалану тиімділігімен сипаттайды. Бұл көрсеткіш салаға байланысты ауытқып отырады және өндіріс процесіндегі ерекшеліктерді қамтып көрсетеді.

Негізгі құралдардың айналымдылығы. Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылығын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі негізгі өндірістік қорларын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Ол саудадан түскен табысты қалдық құны бойынша кезеңдегі негізгі құралдардың орташа шамасына бөлу арқылы есептейді. Қор қайтарымдылығы коэффициентінің артуына негізгі құралдардың үлес салмағының салыстырмалы жоғары болмауы немесе олардың техникалық деңгейінің жоғарылығы есебінен қол жеткізуге болады.

Алайда бұл жерде жалпы заңдылық былайша болады: коэффициент жоғары болған сайын, есеп беру кезіндегі шығындар азая түседі. Коэффициенттің төмен болуы өнімді сатудан түсетін табыстың жетімсіздігін не болмаса осы активтер түрлеріне тым жоғары деңгейде қаржы бөлінгендігін көрсетеді. Бұл көрсеткіш төменде жан-жақты қаралады, өйткені ол көбінесе қызметтінің тиімділігін сипаттайды.



Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті. Бұл көрсеткіш қызметті әр қырынан сипаттайды: коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудың артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды; қаржылық жағынан - салынған меншікті капиталдың айналым жылдамдығын, ал экономикалық тұрғыдан - кәсіпорынның меншік иелері тәуекелдік етіп салып отырған ақша қаражатының белсенділігін көрсетеді. Егер коэффициент өте жоғары болса, салынған капиталдың сату деңгейінің едәуір артқандығын білдіреді, ал бұл несиелік қорлардың артуын, меншік иелеріне қарағанда істе кредиторлардың көбірек қатысуы мүмкін шекке жетуінен туындайды. Бұл жағдайда міндетемелердің меншікті капиталға қатынасы артады, кредиторлық қауіпсіздігі төмендейді және табыстың кемуіне байланысты кәсіпорын айтарлықтай қиыншылықтарға кезесуі мүмкін.

Ағымдағы активтер (мобильдік қаражат) немесе айналым капиталының айналымдылық коэффициенті. Ол өнім сатудан түскен табысының ағымдағы активтердің орташа шамасына қатынасына тең. Активтердің орташа шамасының толығырақ есебі активтер жағдайы туралы ай сайынғы мәліметтерді пайдаланған кезде алынатын болады. Ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті олардың айналым жылдамдығын, яғни зерттелген кезеңдегі барлық айналым қаражының айналым санын көрсетеді. Ағымдағы активтердің айналымдылығының удеуі олардың қажеттілігін кемітеді де, кәсіпорындарға халық шаруашылығының мұқтажы үшін немесе қосымша өнім өндіруге айналым қаражатының бір бөлігін босатуға мүмкіндік береді.

Айналым жылдамдауы нәтижесінде айналым қаражатының заттық элементтері босайды, шикізат, материалдар, отын қорлары мен аяқталмаған өндірісті істеу аз қажет болады, демек, бұрын осы қорлармен іске салынған ақша ресурстары босап шығады. Босаған ақша ресурстары кәсіпорынның ең өтімді активтерін арттырады, нәтижесінде оның төлем қабілеті бекіп, қаржылық жағдайы жақсарады.

Материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның талдау кезіндегі шығындары мен қорларының айналым санын көрсетеді, яғни олардың сатылу жылдамдығын сипаттайды. Толықтай алғанда бұл коэффициенттің мәні жоғары болған сайын, осы аз өтімді бапта соғұрлым азырақ қаражат байланады, кәсіпорынның іскерлік белсенділігіне кері әсер етеді. Коэффициентті есептеу фомула бойынша жүргізіледі, онда алымында – сатудан түскен табыс, ал бөлімінде – кезеңдегі шығындар мен материалдық-өндірістік қорлардың құнының орташа шамасы. Дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті-бұл көрсеткіш өнімді сатудан түскен табыстың кезеңдегі, дайын өнімнің орташа шамасына қатынасымен көрсетіледі. Ол дайын өнімнің айналым жылдамдығын көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет