Кіші әріп элемнеттері



Дата05.05.2020
өлшемі16,15 Kb.
#65801
Байланысты:
Әріп элементтерінің топтасуы


Кіші әріп элемнеттері:

- түзу сызық; - жұмыс жолының төменгі сызығынан асатын сызық; - имегі бар сызық; - жоғары жағында имегі бар сызық; - л, м, я әріптерінің бастапқы элементі; - жоғыры және төменгі жағы имектелген сызық; - ж әрібінің ортаңғы элементі; - төменгі жұмыс жолынан шығатын имек; - жоғары жағынан шығатын имек сызық; - қысқа имек; - к әрібінің элементі; - жарты дөңгелекше; - дөңгелек; - и әрібінің жоғарғы элементі;

Үлкен әріптердің элементтері:

- түзу сызық; - оң жағына қарай имегі бар сызық; - сол жағына қарай имегі бар сызық; - жоғары және төменгі жағы дөңгелекшесі бар сызық; - Л, М, Я, А әріптерінің алғашқы элементі; - дөңгелек; - сол жағынан жартылай дөңгелекше; - Ж әрібінің ортаңғы элементі; - оң жағына қарай дөңгелекше; - Б, Г, П, Т, Р әріптердің жоғарғы элементі. 

Үлкен А әріп жазылу емлесі. 

Үлкен А әріп үлгісі тақтада тұрады. Әріпті жазуды жұмыс жолының төменгі жағынан бастап төменгі сызық сәл жоғары ----------- қарай қиғаштау етіп жоғары жылжытамыз. Келесі жұмыс жолының сызығына жеткізбей өзімізге қарай төмен түсіп шиек жасаймыз. Екі элементті қосып, --- ортасынан сызамыс. Мынадай қателер кетуі мүмкін:

екі элементтің ортасы қалың;

бірінші элементті тік . Бұл и әрпінің қосатын элементі сияқты жазылу керек.

Мұғалім А әріпін бір элемент нүктелер арқылы жазып көрсетеді.

Үлкен және кіші а әріпі жазу үзіліссіз жүреді. Үлкен әріпті жазғаннан кейін, кіші әріптің негізгі дөңгелек негізін салып, содан соң жарты шиегі бар сызықты саламыз. 

Кіші а дыбысының емлесі.

а әріпі ең алғаш үйретіледі және ол екі элементтен тұрады. Міне оны жазудың қиындықтары да осында. Мұғалім әріп элементтеріне назар аудара отырып, тақтаға жазып көрсетеді. Мұғалім тақтаға жазумен бірге айтып түсіндіріп отырады: « Жұмыс жолының жоғары жағына келгенде солға қарай дөңгелектеу етіп төменге дейін сыза отырып, қиғаштау етіп бастаған нүктемізге дейін апарамыз. Екінші элементті үзбей жоғарғы сызықтан бастап төменгі жағын имектеу етіп жасаймыз».

Оқушылардың қателерін байқай жүре мұғалім, оны қалай дұрыс жазу керектігін түсіндіреді. Оқушылар а әріпін жазу барысында бірінші элементті өте жақын жазу сияқты қателерді жиі жібереді.

3. Ә дыбысының емлесі.

Ә әріпі үзіліссіз жазылады. Бұл дыбысты таңбалау са қиындық тудырмайды. Әріпті үстіңгі жұмыс жолына сәл жетпейтін жерден бастап, оңға қарай жоғары жүре келе дөңгелектей төменге түсеміз. Төменгі жұмыс жолына жетпей солға бұрып, екі жұмыс жолының ортасынан оңға қарай сызып бастапқы сызығымыздың дәл ортасында түйістіреміз.

Кіші ә дыбысы үлкен Ә дыбысы сияқты, айырмашылығы тек көлемінде.

4. Үлкен Б әріптің емлесі.

Үлкен Б әрпі бір үзіліспен жазылады. Келесі әріппен үзіліссіз байланысады.

Үлкен Б әрпін жазғанда жоғарғы элементін жазу қиындық тудырады.

Пропорцияны бұзу;

Оқушыларға төменгі сызықтан жоғары жерде қиылысатын түсіндіру керек.

5. Кіші б әріптің емлесі.

Б әрібі алдыңғы әріппен үзіліссіз байланысады. Әріп үзіліссіз жазылады немес оны элементтерге бөлудің қажеті жоқ. Келесі әріппен үзіліс жасап қосатын штрих арқылы байланысады. Егер б әрібінен сөз басталса а әрібі сияқты жазамыз. Егер сөздің ортасында кездессе алдыңғы әріппен үзіліссіз төмен жағынан байланысады.

Мынадай қателер кетуі мүмкін :

Жоғарғы элементі өте қиғаш жазылған. Бұл қатені түзеу қиынға соғады. Оқушыларға дүрыс жазу үшін берілген жаттығулар арқылы қатені жөндеуге болады.

Мынадай қателер кетуі мүмкін:

Жоғарғы жақтағы қайырма тік жасалынған, дөңгеленіп кетуіне назар аудару керек;

Жоғарғы жағы өте ұзын. Мұғалім оны түсіндіру керек.



Ортасында үзіліс бар. Бұл қате әріпті дұрыс басталмауынан болады;

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет