Кіші және Орта жүздің Ресейге қосылуы



Pdf көрінісі
Дата02.12.2022
өлшемі222,67 Kb.
#160974
Байланысты:
Кіші және Орта жүздің Ресейге қосылуы



Кіші және Орта жүздің 
Ресейге қосылуы 


Орыс мемлекеті ең алдымен қазақ даласы 
арқылы өтетін қатынас,сауда 
жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету 
үшін Қазақ хандарымен байланысын 
нығайтуды көздеді. Сондай-ақ, Сібір 
хандығына, Орта Азия билеушілеріне 
қарсы күресте және жоңғар феодалдары 
тарапынан күшейе түскен қауіпке 
байланысты одақтас іздеген Қазақ 
хандығы Орыс мемлекетімен 
экономикалық, саяси-елшілік байланыс 
орнатуға мүдделі болды. 


Қазақ даласы Ресейді Шығыс 
мемлекеттермен жалғастыратын көпір 
іспетті еді. Ол арқылы Еуропа елдерінен 
Шығыстағы елдерге және одан кері 
қарай құрлық пен сумен ең төте ежелгі 
сауда жолдары өтетін. Осы жолдармен 
Ресейден Орта Азияға, Ауғанстанға, 
Персияға, Қытайға, Үндістанға және 
басқа шығыс елдеріне баруға болатын 
еді. 


XVIII ғасырдың 20-шы жылдарында 
Бірінші Петр өкіметі Орта Азия және 
Қазақстан билеушілерімен елшілік 
арқылы байланыс жасап тұрды. Қара 
теңіз бен Балтық теңізі арқылы Еуропаға 
терезе ашқан Бірінші Петр енді Азия 
елдеріне төте баратын жолды іздестіре 
бастады және бұл жолдың қазақ даласы 
арқылы өтетінін жақсы түсінді.


XVIII ғасырдың бас кезінде қазақ хандары 
орыс патшасынан жоңғар қалмақтарына 
қарсы көмек сұрап елші жіберді. 1730 
жылы 8 қыркүйекте Уфаға Әбілқайырдың 
Сейітқұл Қойдағұлов пен Құлымбет 
Қоштаев бастаған елшілігі келді. Олар 
әйел патша Анна Иоанновнаға Кіші жүзді 
Ресей империясының құрамына қосу 
жөнінде өтініш жасады.


1731 жылы 19 ақпанда орыс патшасы 
Әбілқайыр ханға және “бүкіл қазақ 
халшына” олардың Ресей қол астына ерікті 
түрде қабылданғаны туралы грамота 
жіберді. Оны қазақтарға жеткізу үшін 1731 
жылдың 30 сәуірінде Кіші жүзге А. И. 
Тевкелев бастаған елшілік келді. Сонымен 
1731 жылы 10-шы қазанда қазақ сұлтандары 
мен ру басыларының жиналысында Кіші 
жүздің Ресей құрамына бодан болып 
қабылдануы жөнінде шешім қабылданды.
К
ш
ж
ү
з


1822 жылы орыстың белгілі мемлекет 
қайраткері М. М. Сперанский басшылығымен 
“Сібір қырғыздары жөніндегі жарғы”, 1824 
жылы “Орынбор қырғыздары жөніндегі 
жарғы”- деген құжат негізінде патша үкіметі 
қазақ жерін басқару тәртібі жөніндегі заң 
шығарды. Осы заң бойынша Орта жүз бен Кіші 
жүз хандықтары жойылды. Кіші жүзде хандық 
биліктің орнына Ресейдегі сияқты әкімшілік- 
саяси басқару жүйесі қалыптасты. Ал Орта 
жүзде “аға-сұлтан” деген басқарушы қызмет 
енгізілді. 


Кіші жүздің едәуір бөлігі, Орта жүздің 
кейбір аудандары ресейлік бодандықты өз 
еріктерімен қабылдады. Ал Орта жүздің 
үлкен бөлігі және Оңтүстік Қазақстанның 
бірқатар аудандары тек патша үкіметі 
әскери күштерінің көмегімен қосылды.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет