Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет112/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf
241, С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара», 143088-21-265761, 239687-143088-22-334472, 317 (1), 239705-143088-22-334499, 239725-143088-22-334529, 2 5350324877561697439, math-sol, 239716-143088-22-334512, math-sol-kaz, Саба ты та ырыбы Жыр кейіпкерлері (Бірінші тарау) Сынып 7 «А», math-tasks-kaz, murat-monke-5640ecbd4690d
КӨРГЕНДІ ЖЕРДІҢ ҚЫЗЫ 
 
«Қыз өссе- елдің көркі» деген қазақ мақалының қалай, қашан пайда 
болғаны беймәлім. Әйтеуір, қазақ қазақ болғалы айтылып келе жатқан 
тәмсіл екені даусыз. Қапысыз тауып айтылған. Ежелден қызды ұлдан 
төмен көріп «Алтын басты әйелден бақыр басты еркек артық» деген-
де оларды кемсіту мақсатында емес, қайта олардың табиғи нәзіктігін, 
әлсіздігін білдіру мағынасында айтылғанын түсінген жөн дер едім. 
Қыз бала – болашақ әйел, болашақ ана, шаңырақты ұстап тұрар 
уық тары, тіршілікті жалғастырушылар. Бірақ біраз уақыт бұрындары 
осы бір табиғи қағидалар ұмытылып, «еркекшора» қыздар көбейіп, 
сондай бір келеңсіз бағыт алған жағдай болды. Оның өзі де заманның 
бір құбылмалы кезеңінің әсері болар. Орысша оқып, тәлім-тәрбие 
алған дардың дені сол бір бағыттағылар. Енді Алла –тағаланың өзі кең-
шілік танытып, халықтық дәстүрлеріміз, сипаттарымыз, салттары мыз 
қайта оралуда. Осыған орай қазақ қыздарына да талап артқандай. 
Бұрынғыдай емес, содан да болар өз тілдерінде сөйлеуге тырысушылық 
байқалады, бір нәрсені қазақшалап сұрасаң, барқ етіп орысша жауап 
қайтару, өздерін тым еркін ұстау сияқты келеңсіздіктер де аздап азая 
бастағандай.... 
Бұрын мектеп жасынан бастап қыздарға ұлдармен бірдей тәрбие 
жүр 
гізуді мақсат тұтты мектептеріміз. Қоғамдық жұмыстарды көп 
атқар тып, комсомол, пионер белсенділеріне тәрбиеледік. Сабақ оқы-
маған, тәртіп бұзған ұлдарды қыздарымыз жағасынан алып, сілкі лесе, 
мақтаппыз. Байқап отырсақ, сол кезден бастап –ақ оларды ер балалар-
ды сыйламаушылыққа үйрете бастаппыз. Сол комсомол жұмысының 
соңында кетіп, кейін партия қызметкері болып, тұрмыс құруды 
ұмытқан қаншама «патриот» қыздарымыз жүр?! Басы ауырып, балты-
ры сыздаған жағдайда не басын сүйер азаматы, не балалары жоқ. Ата-
ана болса не қартайып қалған, немесе о дүниелік болып кеткен. Аға-
бауырлары өз алдарына үйлі-баранды болған, «кәрі қыз» деген атымен 
не жеңге, немесе келіннің қолына қалай қарайды? Қартайған шағында 
олардың тірлігінің не болғанын қазір көріп отырмыз. Кәрілер үйінің 
көпшілігі сондай адамдар. Асылы, жалғызбастылық деген заты қазаққа 
жараспайтын қылық. Міне, бұл кеңестік дәуірдің тәрбиесінен болған, 


237
Тіршілік
қыздар тәрбиесіне кесірін тигізген идеологияның әсері. Ал, қазір ше?! 
Қазіргі қыздардың тәрбиесінің бұзылғанын кімнен көреміз? Тәнін са-
тып жүргендер біздің қыздар. Ақша үшін арды архаизмге айналдырып 
жүрген біздің қыздар. Бірер баланы жолшыбай тауып алып, «саудалап» 
жүрген де солар. Ата сақалы аузына түскен, немере көріп, келін ұстап 
отырған ордалы ұяны бұзып жатқандар да осылар. «Тана көзін сүзбесе, 
бұқа бұйдасын үзбейді» деген бабаларымыз, яғни қыздар тәртіптерін 
бұзбасын деген емеурін жасаған. Оны ұғып, өз абыройларын сақтап 
жүрген аруларымыздың жерде қалғанын көргеміз жоқ. Ондайлардың 
бәрі әжептәуір отбасыларының уығын көтеріп жүр. Еркектермен тай-
таласамыз дегендердің көпшілігі сол жалғызбасты, кәрі қыздардың 
қатарын толықтыратыны анық. Өйткені, ер адамдарға ибалы, ина-
батты, тәрбиелі, адал, абыройлы, болашақ өнегелі ұл-қызының анасы 
керек. Біреудің көңілдесі болып, немесе біреудің отбасын ойрандап, 
ерін тартып алып құрған отбасы қарғысқа ұшырамасына кім кепіл? 
Олардың ұрпақтары кім болады? Әлем ғалымдарының дәлелдеуінше, 
баланың бойындағы қалыптасатын қасиеттердің 70-80 пайызы ана 
жатырынан пайда болатын көрінеді. 
Тәуелсіздіктің арқасында өмірге жаңалық еніп, шет елдердегі от-
андас, қандастарымызбен араласа бастадық. Сондағы бір ұнаған 
жайлардың бірі, мысалы, Түркияда қыз балалар мектебінің бөлек бо-
луы, олардың нәсілдеріне қарай оқытылуы. Бұл мүлде кемсітушілік 
емес, қайта оларды өмірге дайындау деп түсіндік. Тіпті ондай мектеп-
тер болмаса да, қыздарға арналған жеке тәрбие сабақтары болса құба 
–құп болмақ. Тіпті, бір мектеп оқытушысымен болған әңгімеден кейін 
жағамды ұстағанмын. Оның: «тәрбие, әдеп, иман деген сөздерді ай-
туды баяғыда қойғанбыз, оның орнына бала көтеріп қалудан сақтану 
жайында жиі дәріс өткіземіз» деген сөздері әлі күнге дейін құлағымда 
тұр. 
«Ауылдан келген аңқау қыздар қалаға барып бұзылып жатыр. 
Зинақор, жеңіл жүрістілер көбейіп барады» дейді. «Қаланың қазақ 
қыздары олардан да озып тұр, доллар қуып, тек шетелдіктермен 
байланыс жасап, киім, дүние қызығына түсіп жүргендер де солар» 
десіп жатады. «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман бол-
са, замандасының бәрі виноват», – деп Абай атамыз айтқандай
қоғамның кінәсі, тәрбиелеушісі ата-аналардың кінәсі одан да зор 
дер едім. Инабатты, кісі алдынан кесе – көлденең өтпейтін, орысша 
оқыса да үй ішінде ана тілінде сөйлеп, сызылып тұрған қазақ қыздары 
жоқ деуге ешкімнің де аузы бармас. Ондай қыздарымыз өте көп. 


238


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   115




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет