Клиникалық психология пәні және даму тарихына қандай шолу жасар едіңіз?


Дамудың «бірінші» және «екінші» дефектілері мен психикалық толық жетілмеу туралы айтып өтсеңіз



бет7/30
Дата05.01.2023
өлшемі88,1 Kb.
#165026
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
Байланысты:
клиника ответы 1 (1)

6. Дамудың «бірінші» және «екінші» дефектілері мен психикалық толық жетілмеу туралы айтып өтсеңіз.
Балалық және жасөспірімдік кезеңдегі психопатологиялық жағдайлардың пайда болуы 1-ші-психикалық зақымданудың пайда болуы және дамуының жалпы заңдылықтарына, 2-ші-белгілі бір жас кезеңіне сәйкес келетін организмнің онтогенетикалық ерекшеліктері және бас миы мен психикасының ерекшеліктеріне байланысты көрініс табады.
Онтогенез(жалпы)- ұрықтан түзілу сәтінен бастап өмірінің аяғына дейінгі индивидуалды дамуы. Жалпы онтогенездің маңызды бөлігі- психикалық онтогенез болып табылады. Адамның психикалық дамуының эволюциялық – жас кезеңдік ерекшелігі едәуір деңгейде бас миының морфофункционалдық онтогенезімен корреляцияланады. Бас миының морфофункционалдық онтогенезінің структурасы және функциясының дамуы мен қалыптасуының маңызды ерекшелігі- гетерохрония болып табылады, яғни бас миының жекеленген структурасындағы бұл процесстің әркелкілігі және әр уақыттылығымен сәйкес келетін үздіксіздігі. Олардың дамуы мен саралануы түрлі жас ерекшелік кезеңіне байланысты келеді. Өз алдына, бұл қалыпты жағдаймен қатар патологиясы бар психиканың дамуында «ашық түрде» кездеседі. Жас ерекшелік дағдарысы кезінде құрылымдық, физиологиялық және психикалық тепе-теңдік бұзылады. Дәл осындай кезеңдерде психикалық зақымданулардың туындауына қауіп-қатер арта түседі. Олар спецификалық жас кезендік психопатологиялық күйлермен көрінеді. Бұндай синдромдарға-невропатия синдромы, балалық аутизм, гипердинамикалық, патологиялық қорқыныштар, дисморфомания, жүйкелік анорексия, психикалық инфантилизм, гебоидтілік синдромдары жатады.
Мектепке дейінгі жаста өз құрдастарынан тасаланып, бірге ойнаудан қашады. Бұл жаста үйлесімдік болмағандықтан мидың дамуы жылдамдап қозғалыс қызметі нашар жетіледі. Үлкендердің көмегінсіз оқуды ерте үйренеді, бірақ бәтеңкесінің бауын байлай алмайды.Сөйлескен кезде олардың бідімінің жасына сәйкес емес екендігі, білуге құмарлығын көрсетеді. Ол дерексіздікке жоғарғы ынта танытып, әлемнің пайда болуы табиғат пен өлім туралы сұрайды.М.жасында белгілі бір пәнге қызығып, жақсы оқиды (мысалы,математика, астрономия, психология,философия). Ақыл-ой дарындылығы бола тұра, икемсіз, өздерін-өздері күте алмайды,киім кигенде не тамақ ішкенде икемсіздік, салақтылық білдіреді.Олар аз қимылдайды, шулы ойындарды жаратпай, ортаға тез бейімделе алмайды. Жыныстық жетілу кезінде барлық белгілері айқын білінеді.Мысалы,кейбірінде тұйықтық, өкпешілдік,ренжігіштік сезім- «сензитивтік», «стеникалық» - айқындалса, екіншілерінде табандылық, қажырлылық – «экспансивті»- сезім байқалады. Қолайсыз жағдайлар әсер еткенде шизондэтарда ерекше психогенді (психологиялық зақымның әсерінен) әректтер байқалады. Б-р шизофрениямен ауырғанда делирийдің кейбір белгілері көру,елестетушілігі ретінде кездеседі. Жасөспірім кезінде басталатын аурудың қарапайым түрінде алдыңғы қатарға эмоциялардың кедейленуі, ынта жоғалып, әлсіреу мен интеллектуалды өнімсіздік байқалады. Гебефрениялық түрінде – баланың мінез – құлқында есерлік, мәнерлік бет аузын тыжырайту, қылымсу басым болады. Кататониялық түрінде кататониялық ступор мен қозуы бар кататониялық синдром басым болады. Параноидтық  түрінде елестетуші белгілер 2-4 жас арасында (1 жастық дағдарыс) білінеді.
Психиканың ауытқушылығы немесе психопатияның кейбір ерекшеліктеріне ұқсас қояншықпен ауырған адамда болатын эпилептондты тип жатады (қояншық ауруы бар отбасыларында кездесетіндіктен, генетикалық жақындығы бар деп есептелінеді). Психопатияның қызу қанды тобына гипертимдік типті жатқызамыз. Гипертимдік белгісі бар адамдардың көңілі ылғи да көтеріңкі, денсаулығы жақсы, сергек, тәбеті мен ұйқысы жақсы, қимыл – қозғалыс жасауға бейім, көп сөйлегіш, көңілді, мінезі аяқ асты өзгергіш.
Тұрақсыз тип 11-12 жаста білінеді. Негізгі белгісі – бір қалыпты психикасы ретінде білінетін эмоциялық тұрақсыз ерік. Жоғарғы ерікті қызметі жетілмегендіктен, өзінің сол сәттегі тілегі мен әуестігін тежей алмайды, Тұрақсыз п\п. белгілері көбінесе жыныс жетілгенге дейін не ол жетілген кезде, кейде баланың шағында б. мүмкін. Истериялық тип – айқын дарашылдық қайткен күнде де айналасындағылардан ерекшелену, біріншілікке ұмтылу. Истериялық психопатияға барлық жұртты мойындатуды тойымсыздықпен көксеу тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет