Көбеев Е. Қазақтың біртуар азаматы / Е. Көбеев // Орталық Қазақстан. 2005. 19 наурыз



Дата11.01.2017
өлшемі133,04 Kb.
#7078
Көбеев Е.

Қазақтың біртуар азаматы / Е.Көбеев // Орталық Қазақстан.- 2005.- 19 наурыз.
Евней Арыстанұлы физика-химия мен сирек кездесетін бытыраңқы және асыл металдардың металлургиясы бойыншадәріс оқыды. ҚазПТИ дирек-торының орынбасары қызметіне тағайындалғаннан кейін оқу үрдісін ұйымдастыру, оқылатын пәндердің сапасын арттыру, институттың мате-риалдық жабдықтану, оқытудың жаңа әдістерін енгізу мен техникалық және басқа оқыту жүйелерін қолдану мәселелеріне көп көңіл бөлді. Сол кезде осы күнге дейін Қазақ ұлттық техникалық университетінің бас ордасы болып саналатын институттың жаңа ғимаратының құрылысы оның уақытының көп бөлігін алатын.

ҚазКСР ҒА тұңғыш президенті Қ. Сәтбаевтың ұйғаруымен Қарағандыға ауысып, ғылыми-зерттеу академиялық институтының директоры болып тағайындалғаннан кейін Евней Арыстанұлының педагогикалық қызметі біраз уақытқа тоқталып қалды. 1968 жылы педагогикалық қызметін ғылым докторы, профессор, Қарағанды Еңбек Қызыл Ту Орденді Политехникалық институтында жалпы химия кафедрасының меңгерушісі болып қосымша қызмет атқаруымен қайта бастады. Осында ол физикалық химия бойынша дәріс оқып, зертханалардың қазіргі құралдармен жабдықталуына көп көңіл бөліп, жас оқытушыларды ғылыми қызметке тартатын еді, кейіннен олардың кейбіреулері Евней Арыстанұлының жетекшілігімен кандидаттық, диссертацияларын қорғап, ғалым атанды. Бұған дейін ол Қарағанды мемлекеттік педагогикалық инстатутыңда қосымша қызмет атқарды.

Евней Арыстанұлының педагогикалық дарыны, әсіресе, 1972-1980 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінде ректорлық қызмет атқарған кезеңде айқын көрінді. Ол университеттің бейорганикалық химия кафедрасының алгаияды меңгеру-ижзболды, ал 1976 жылы фиэикаль* химия атты жаңа кафедра ашып, бул жаңа әрі жас ужымға алғашында өз: жетекшілік етіп, содан кейін басқэру тізгінін өз шәкірттерінің біріне берді. ҚарМУ-да қызмет жасаған жылдары Евней Арыстанулы «Мамандыкха кіріспе» пәні бойынша 1 курстың сту-дент - химиктері үшін дәріс оқыды. Евней Арыстанулы кешегі мектеп оқушысына түсінікті, анық публицис-тикалық, сонымен қатар мазмұны жа-ғынан ғылыми дәрістеріне химия тари-хынан қызықты оқиғалар, жаңа элементтердің ашылуы, Ломоносов, Менделеев, Ньютон, Бутлеров, Эйнш-тейн, Уәлиханов, Сәтпаев сияқты ұлы ғалымдар туралы, химияның маңызы мен болашағы жайлы айта отырып, бірінші курс студенттерінің болашақ мамандығына деген қуштарлық сезімдерін оятатын еді.

Жоғарыда аталған периодтық заң бойынша оқу құралынан басқа Евней Арыстанұлы өз шәкірттерімен бірге электрохимия бойынша оқу құралын жазды. Екі оқу құралы да химия факультетінің оқытушылары мен студенттерінің қолдан түсірмейтін кітабына айналды.

Тек химия саласы бойынша ғана емес, сонымен қатар экономика, заң, физика-математика, филология сала-сы бойынша мамандар мен ғалымдар қызмет ететін Қарағанды мемлекеттік университеті сияқты іріғылыми- педа-гогикалық ужымын басқара отырып, Евней Арыстанулы университетте оқу үрдісін уйымдастыру мен пәндерді оқыту сапасын назардан шығарған емес. Е.Бөкетовтің мемориалдық муражайындағы ректордың жумыс үстелінде оқытушыларының дәріс-теріне қатысу журналы бар. Бундағы КСРОтарихы мен географиясы, фило-софия және басқа пәндерін оқыту бор йынша оқытушылардың дәріс тақы-рыптарына қатысты ректордыңжазған сын, ескертулерін оқи отырып, біз Ев-ней Арыстанулының ой-өрісі кең ғалым екендігіне кез жеткіземіз.

Евней Арыстанұлы әр сабаққа қатысқаннан кейін оқытушылармен кафедра меңгерушісі, декан, кейде оқу ісі жөніндегі проректордың қаты-суымен әңгіме жүргізіп, өз ескерту-лерімен таныстыра келе, оларды ег-жей-тегжейлі талқылайтын, айтылған-дарға тұсініктеме талап етіп, дәріс оқудың немесе зертханалық-тәжі-



рибеліксабақтардыөткізудіңсапасын жақсарту жөнінде кеңес беріп, оқыту-шылардың бұл кеңестерді орындауын бақылайтын. •

Кемеңгер жан ұлы Абайдың «шәкіртсіз ғалым тұл» деген сөзін жиі қайталайтын. Республикалық газет тілшісіне берген сұхбатында былай деген екен: «Ғалым» деген сөздің өзі білімге меңзеп түрған жоқ па? Енде-ше ол жан-жақты білімдар болсын. Өз басым тар шеңберлі ғалымды қабыл-дамаймын. Екіншіден, ғалым өз кезеңінің лебін сезіне біліп, өмір ағымымен жүре білуі керек. Сосын, кейінгі толқын - жастарға дер кезінде тізгінін беретін, лайықдеп тапса өз ор-нын босатып бере алатын ұстаз бол-са»... Будан кейін әйгіліғалым Берроу-

дың Кембридж университетіндегі ка-федра меңгерушілігін үміт күттіретін жас Ньютонға бергендігі туралы мы-сал келтіретін.

Евней Арыстанулы өмірінің соңы-на дейін оқытушылық қызметпен ай-налысты, ҚарМУ-дың химия факуль-теті бейорганикалықхимия кафедра-сының профессоры болды.

Ол көзінің тірісінде 52 кандидат жәнеғылымдокторларындайындады, дүние салған соң академиктің жетекшілігімен жумыс жасаған неме-се ғылыми кеңесін алған 7 кандидат, 11 ғылымдокторы диссертацияларын қорғады. Евней Арыстанулының көзі тірісінде және дуние салғаннан кейін ректорлық және директорлық қыз-меттерді оның ізбасарлары, шәкірт-тері атярмик З.Молдахметов. про-фессорЖ.Ақылбаев. КР УҒА мүше-корреспонденті Ж.Әбішев хане про-фессор В.Малышев атқарды. Соңғы жылдары Химия-металлургия инсти-тутын ферроқуйма ғылыми бағыты бойынша Е.Бөкетовтің ізбасары тех-ника ғылымдарының докторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты М.Ж Толымбеков басоруда

оның қурамына 7 фасуяьтет. 37 ка-федра иріп, 280оқьггушы, оиы*шңде

4 ғылым докторы мен 62 ғылым кан-дидаты жүмыс жасаған болса, 1980 жылдары 8 факультет, 51 кафедра еніп, 480 оқытушы, 7 ғылым докторы мен 169ғылым кандидаты қызмететті. Күндізгі оқу бөліміне қабылданған студенттердің саны 625-тен 825-ке дейін есті, ал жалпы студенттер саны

5 мыңнан 7 мыңға дейін көбейді.

Университеташылған кездетекекі оқу ғимараты болған еді, бірақ сол жылдың өзінде тағы бір білім ордасы ашылды. Екі жыл өткен соң қаланың келешегі бар бөлігінде болашақ университеттің студенттер қалашығы-ның негізі салынып, қазіргі бас корпус-тың алағашқы ірге тасын универ-ситеттің ректоры және әйгілі ақын Әбділда Тәжібаев қалаған еді. 1979 жылы осы корпус және 2148 орындық 2 жатақхана ғимараты, ЮОорындық санаторий-профилаюгорийі пайдала-нуғаберілді.

Евней Арыстанулының басшылық ету кезінде студентгер мен оқытушы-лар үшін екі асхана, 191 пәтерлі 3 турғын үй, екі спорттық зал, бірегей сәулет өнеріне жататын 1000 орындық Студенттер мәдениет сарайы, архео-логиялық-этнографйялық мұражай, сол кез үшін жаңа «ЕС-1020» элект-ронды машинамен жабдықталған есептеу орталығы, жаңаша аспаптар және қондырғылармен жабдықталған

6 зерттеу лабораториясы салыныгі, пайдалануға берілді.

Университет кітапханасының қоры даулғайып, редакциялықбаспабөлімі жумыс істей бастады.

Университет базасында жалпы білім беретін орта мектеп директорла-ры мен орта арнаулы оқу орындары-ныңорыстіліменәдебиеті.математи-ка, физика, химия пәндері оқытушыла-рыныңбіліктілігінжетілдіруфакультеті ашылды. Педагогика мәселелері бо-йынша ГДР, Чехословакия, Алжир және басқа елдердің оқу орындары-мен байланыс орнатылды.

Ғылыми-зерттеужұмысы кеңөріс алды. Егер де 1972 жылы универси-теттің тақырыптық жоспарына 10 та-қырып енгізілсе, 1980 жылы ҚарМУ

ғалымдарымен 15 ғылыми бағыт бо-йынша 91 тақырып орындалды. Мәс-кеу, Ленинград, Алматы, Новосибирск және басқа қалалардың институтта-рымен, өндірістік кооперацияларымен шаруашьилық шарттар бойынша жұмысжаңцандырылды. Мәскеу, Ле-нинград, Киев, Новосибирск, Томск, әрине, Қазақ мемлекеттік универси-тетімен шығармашылық ынтымақтас-тықжөнгесалынды.

Евней Арыстанұлыныңжеке тұлға-сымың тартымдылығы көбіне оның адамға деген талғампаздық, ұқыпты-лық қарым-қатынасы арқылы айқын-далады. Ол ешбір сухбаттасушымен қандай да болмасын тақырыпта мәнісі жоқ сөздермен сөйлесе алмайтын еді. Оның бұл дарынының қыры көркемдік-публицистикалық шығармалары мен сын мақалаларындажарқын көрінді.

Оның биографы - туған інісі Қам-забай Бөкетовтің берген мәліметтері бойынша Евней Арыстанулы көлёмді 5 томды қурайтын 50-ден аса керкем шығарма (оның ішінде «Досыма алты хат» 1 роман-эссе және «Академик Сәтпаев туралы» аяқталмаған биогра-фиялық роман) жазған, әлемдік клас-сикалық шығармалардан 20-дан ас-там аудармажасаған, кептеген әдеби-сыншыл мақалалар жарияланған. Оның шығармаларының біразы соңғы жылдары жарық көрді. Оныңжазушы-лармен, ғалымдармен, достарымен және туыстарымен хат жазысу эписто-лярлық мұрасы қызығушылықтудыра-тындығысөзсіз.

Білімпаз оқырманға оның қазак, жәие орыс тілдеріндегі «Атан қомын-датуғанадам-, «Шыгармашылыққыр-лары>. «Досыма алты хат>, сонымен

қатар «Знамя» одақтық журналында «Человек, родившийся на верблюде», мәсқеулік «Пути в незнаемое» атты жылдықжинақтың 18 санында «Святое дело Чокана» атты көркем-публицис-тикалық очерктері жарық кергені белгілі. Сонымен қатар, ғалымдардың көркем шығармалары мен ғылыми шығармашылығы жарияланатын осы мәртебелі басылымның редакциялық алқасында Евней Арыстанулы Орта Азия мен Қазақстан жазушыларының қатарынан шыққан жалғыз авторы және мүшесі болған еді.

«Шесть писем другу» роман-эссесінің журналдық нусқасы «Про-стор» журналының 1978 жылғы 8,9 сандарында «Время светлой судьбы» деген атпен жарық көрді.

Евней Арыстанулының әдеби мұрасын жіктеп керсек, негізінде шы-ғармаларының үш тобын белгілеуге болады.

Бул біріншіден, жазушының шы-ғармашылықкөзқарасын, дарынының тереңдігі мен көркемдік болмысын ай-қын бенелейтін көркем-публицистика-лық очерктері. Бул очерктерде ол ултының ғылыми зиялыларының қазіргі ой шыңдарына шығу жолын-дағы қиындықтары мен азапты ізденулерін тереңуғынып, бақылауға умтылады («Атан қомында туған адам», «Шоқанныңқасиетті ісі», «Ака-демик Сәтбаев туралы», і<Жарқын тағ-дыр мезгілі» және т.б.). Өзінің жеке көзқарасы мен дүниетанымының тікелей жанасу мезгілдерін іздеп, өз кейіпкерлерінің жан-жақты қабілет-тілігі мен қойылған мақсатқа жетудегі жан аямастығын бейнелейді. Е.Бө-кетовті Ш.Уәлиханов пен Қ.Сәтбаев, Д.Менделеев пен Ә.Марғулан, И.Қарақұлов сияқты тарихи тұлғалар

дарыныныңкөлемділігі.дүниегедеген кезқарасының кеңдігі, қызығушылы-ғының көлемі мен алмас қырларындай жарқыраған жан-жақтылығы ерекше қызықтырады.Өзідезиялықауымның дарынді»і өкілі бола тура, қатарласта-рының ғылымдағы еңбегін шынайы бағалап, Ьлартуралы кереметдүние-лер жазуы Е.Бөкетовтің бойындағы улылык,, данышпандық қасиетті керсетеді.

Көркемдік-деректі жағынан ең сәтті болып шыққан «Шоқанның қасиетті ісі» атты өмірбаяндық эсседе, ол Ш.Уәлихановтыңғылыми жетістік-терімен қатар оның суретшілік дары-нының қырларын үлкен шабытпен ба-яндайды. Ұлы Сәтбаев дарынының ерекшелігі мен жан-жақтылығы Бөкетовті таң қалдырады: «Өйткені тұңғыш қазақ музыкалық драма теат-

рының алғашқы қойылымдарына бірінші білікті рецензиялардың бірін жазған дәл Қ.Сәтбаев болды; өйткені академик Марғүланның айтуынша, республикадағы археологиялық зерт-теулерде белгілі орын алған геологи-ялық іздеулермен қатар археология-лық іздеулер жүргізген дәл Сәтбаев-тыңөзі еді, өйткені, көпшіліктіңмойын-дауынша, ол өз елінің этнографиясы, тарихы мен фолыслорын жетік білген. Бір сөзбен айтқанда, бул адамның көпшілікті таң қалдыратын зор білім-дарлығы кездейсоқболмаған еді». Бул айтылған сөздер болашақакадемиетің әдеби мақалаларын республикалық газет пен журналдарда театр қойы-лымдарына рецензия жазуАан баста-ғаны Бөкетовтіңөз болмысын біршама бейнелейді емес пе? Сонымен «^атар маңындағыларды өзінің зор білім-

дарлығымен және өз елініңғана емес, өзге елдің рухани тарихын тамаша білуімен таңдандырудан да Е.Бе-кетовті тануға болады.

Бекетов шығармаларының екінші тобы - өмірбаяндық романдар - ша-быты мен күйі жағынан жоғарыда аталған көркем-публицистикалық очерктерге жақын болып келеді. Бул шығармаларында жазушы отандық зиялы қауым мен көрнекті ғалымдар-дың үздік бөлігінің шығармашылық ізденулеріне зерттеу жасау жолын жалғастырады.

Евней Арыстанұлының жасаған көркем аудармалары ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Оның шығармашы-лық өрісі және талғампаздығы, көр-кемдік баламаны іздеп табудағы жаса-ғаналыпеңбегі,түгину.сқадағы автор-лық сез астарын терең түсінуі таң-дандырады. Буған, сірә, туған тілі мен орыс тілін жете меңгеруі мен суретші дарынының қосылуы себеп болған шығар. Авторлар мен шығармалардың таңдалуының өзі кездейсоқ емес, әрқайсысы дұниежүзілік маңызы бар классиктер. ӨйткенідәлосындаАбай мен Шәкәрімнен, А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтан, Ж.Аймауытов пен М.Әуезовтен, С.Сейфуллин мен І.Жансүгіровтен және ез халқын әлемнің білімді улттарының қатарын-да көру үшін күштері мен уақытын аямай, қолдарынан келгеннің барлы-ғын жасаған отанның басқа да дарын-ды улдарынан тараған ағартушылық бастамалардың ірге тасы кдланған. Өз дарындылығы мен жасаған істерінің мәнісі, көлемі тұрғысынан, өз шығар-машылық көзқарасы мен рухыныңас-қақтығы жағынан ол жоғарыда аталған алдындағы улы жол салушылардың ажырамас жалғасы болып табылады.

Уақытжелісі мен оныңтоқтатылған Ш сәтгері де сексен жылдық мерейтой 1 сияқты соның дәлелі бола алады.

ЖазушыБөкетовтіңқаламынан 1 қарасөз, поэзияжәнедраматургия- I дан жасаған аудармалары туында- ] ған, яғни ол әдебиеттің барлық | жанрларын қамти отырып, өз дары- , нының сарқылмас мүмкіндіктерін й үнемі сынға түсіретін еді. Бұл аудар-малардыңқатарынаболгарклассигі | И.Вазовтың«Буғауда», ӘмильЗоля- . ныңәңгімелері, Шекспирдіңатақты | «Макбет» және «Юлий Цезарь» атты 1 драмалары, Маяковскийдің«Клоп» | және «Хорошо» поэмалары, С.Есе- § нинніңөлеңдері мен «АннаСнегина» : поэмасы және т.б. кіреді. Евней Я Арыстанұлының аударған шығар- | малары авторларыныңатын қысқа- ' ша атап өткеннің өзі, оның өзінің 1 оқырман-замандастарын осындай 1 кең көркемдік әлем шеңберінв ша- : қыруының дәлелі деуге болады.

Ұлы алдыңғы қатарлы ағарту- § шылардан тараған ниетінің игі- ; лігімен қатар, мүмкін жаңаны тануға | деген қумарлығы мен арынды умты- 1 лысын және өзінің шығармашылық | мүмкіндіктерін сынап көргісі келген | шығар. Әйтпесе.французновелла- | сыныңтаңдаулышеберіЭ.Золямен | эпикалық И.Вазовтың немесе і шекспирлік қумарлық жалынына 1 күйген «Макбеті» (Сейфуллинатын- | дағы Қарағанды драма театрында | басты рольді ұлы актер Нурмухан і Жантөрин сомдаған (режиссері Жа- ;? қып Омаров) «Макбетінде» қумаР* I лық ерекшеліктері өте шынайы | көрсетілгенін атап кету жен) мен | Маяковскийдің сықақ драмалық | «Клоп» поэмасының немесе көр- ; кемдік мақсаты жағынан қайшы § келетін Маяковскийдің сырнайлы ' даурықпа поэзиясы, М.ГорькийДҢ I айтуынша, «нағыз орыс ақыны» | Сергей Есениннің нәзік, жарқын 1 және мөлдір поэзиясының бір 1 қатарда болғандығын басқаша не-мен түсіндіруге болады? Жазушы ! Е.Бекетовтің аудармашылык, шы-ғармашылығының «^ырлары осылай бейнеленген. Нақ осыдан оның да-рынды тулғасының таусылмайтын мүмкіндіктерімен байланысты жан-жақтылық пен әмбебаптыққа деген аңсауы байқалады.

Академик М.Қаратаев Е.Бөке-товтіңаудармашылықдарынытура- I лы1978жылы«Жалын»баспасынан и қазақ тілінде шыққан С.Есөниннің | «Менің махаббатым» атты кіта-бының алғы сөзінде жылы пікір I білдірея)-

Академиктің інісі Қамзабай | Бекетовтің айтуьжша, ол аударма- I мен ерте кезден әуестенген екен. | Ол 9-шы сыныпта оқып жүрген 1 кездің өзінде қурдастары ушін % С.Муқановтың«Жумбақжалау»ро- ,і манының бөлімдерін қазақ тілінен 1 орыс тіліне аударыпты.

Оның қазақ және орыс тіліндегі 1 сөздерге, талқыланатын шығарма-1 лардың мағынасына, олардың I үйлесімділігінедегентапғампазды- | ғын, әдебиет пен өнердің шыңдары- ; на көркемдік жағынан жақын болуын 1 көрсететін сыншыл мақалалары да | соншалықтыертежазылғанеді.Бұл 1 Евней Арыстанулының С.Мұқанов- • тың Шоқан Уәлиханов туралы пье- І сасына, «Девушкаджигит»киноко- | медиясына, Ә.Тәжібаевтың «Май- ] ра» пьесасына, қазақ тіліне ауда- і рылған Гогольдің повестері мен I Маяковскийдің поэмалары туралы I жазған мақалаларында көрініс тап- ! қан. Бунда жас сыншы осы сапада | жоғары үлгі саналатын Виссарион I Григорьевич Белинскийдің керкем і шығарманывмірдіңқатаңшындық- I тарынан оның көркем бейнеленуін бөлмей талдауына, сонымен бірге оның ізбасары революционер-дб- \ мократпатшалықрежимніңазабын I шегуші Николай Гаврилович Черны- \ шевскийдің «көркемдік деген | өмірдің өзі» деп айтқан қарапайым і сөздеріне сүйенеді.

Әр дарынды адамның өмір жо- і лында кездесетін көптеген қиыншы- і лықтарды Евней Арыстанұлы Бөке- I товтен де көруге тура келді. Бірақ I бундай өмірді дегенмен бақытты I және тамаша деп санауға болады. I Оныңдүниеден қайтқанына20жыл- | дан астам уақыт еткенімен тарихі пен өмір бәрін де өз орнына қойды. 1 Жарқын, оптимистік мінезді Евней 1 Арыстанулы өмірге қуштар, халқы- | на адал қызмет еткен біртуар тұлға 1 болғандықтан, улы тұлға ретіңдө І халқыныңесіндемәңгіқалабермек. |



Еркін КӨБЕЕВ, |
Каталог: download -> DBases -> E A Buketov -> Files
Files -> Амантаев, Ө. Жарты ғасырда жаһан жаңа / Ө. Амантаев // Орталық Қазақстан. 2013. 21 мамыр (№79-80).
Files -> Каренов Р. Өмірі де, өзі де өнеге еді / Р. Каренов // Орталық Қазақстан. 2005. 3 наурыз
Files -> Куандыкова Д.Қ. Е. А. Букетов прозасындағы бейне жасау шеберлігі/Д.Қ. Қуандықова //Қазақст. Респ. Ұлттық Ғылым акад хабарлары, Тіл, Әдебиет сер.=Известия нан рк сер филолог. – 2006. №5. – 16-19 б
Files -> Жойқынбектегі, Қ. Айнымас серік / Қ. Жойқынбектегі // Орталық Қазақстан. 2014. 5 шілде
Files -> Салықов К. Евней Бөкетов дарынды аудармашы / К. Салықов // Орталық Қазақстан. 2005. 19 наурыз
Files -> Оразалықызы, Г. Тұғырлы тұлға / Гүлсім Оразалықызы // Ақиқат. 2006.№11-12. 98-105 б
Files -> Букетов Қ. Евней Букетовтың белгiсiз қырлары / Қ. Букетов // Ақиқат. 1992. №6. 65-70б. Маған соңғы кезде «Евней Арыстанұлы металлург мамандығын қалай таңдады?»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет