Койшинова Г


І. ТУРИЗМ ТАРИХЫНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАСЫ



Pdf көрінісі
бет6/55
Дата10.05.2020
өлшемі0,66 Mb.
#66984
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
a280215121

І. ТУРИЗМ ТАРИХЫНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Туризм тарихының нысаны мен пәні

Туризм  тарихы  деп  жекелеген  тұлғалар  мен әлеуметтік  топтардың  өз

еркімен әртүрлі жерлерге  баруымен  және  олардың  өмір  сүру  ырғағы  мен

қоршаған  ортаның  өзгеруімен  байланысты болып  келетін  кеңістіктегі

қозғалыс үрдістерінің жиынтығын айтуға болады.

Туризм тарихын қарастыру үшін оның оқып зерттеу нысаны мен пәніне,

мақсаты мен міндеттеріне сипаттама беру қажет.

Туризм тарихының нысаны уақытша және кеңістіктік дамудағы туризм

элементтерінің жиынтығы  немесе  тарихи-мәдени  және  тарихи-әлеуметтік

құбылыс (немесе феномен) ретінде туризмнің пайда болуы мен қызмет етуі

болып табылады. Бір нысанды әртүрлі ғылыми пәндер зерттеуі мүмкін. Олар

зерттеу  нысанына әртүрлі  жағынан  келеді,  яғни  оқып  зерттеу  пәні әртүрлі

болып келеді.



Курстың пәні болып  баратын  жерлері  мен өмір  ырғақтарын өз

еріктерімен  уақытша өзгертетін,  барған  жерінің  қоршаған  ортасымен  жеке

байланыс  орнататын  жекелеген  тұлғалар  мен әлеуметтік  топтардың

қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін  пайда  болатын әлеуметтік-мәдени

институттар 

формаларының

даму 

заңдылықтарының



шеңбері

қарастырылады. Бұндай институттардың құрамына тұлғалар мен әлеуметтік

топтардың  қозғалыс құралдары  мен  жолдары,    олардың жаңа  жерлерге

барған  кездерінде қауіпсіздік қызығушылығын,  тұрмыстық жағдайларын

қамтамасыз ету құралдары, туризмге қатысты заңнамалар кіреді.

Тарихи  дамудағы  туризмнің жекелеген  элементтерін әртүрлі  пәннің

өкілдері өздерінің көзқарастары  бойынша  зерттеуі  мүмкін. Әлемнің елдері

туралы ғылыми  түсініктер  мен  білімдердің дамуын  география  тарихы  оқып

зерттейді.  Ал  теңіздер  мен  мұхиттарды  және  оларда  жүзуді  зерттеудің

дамуын – теңізде  жүзу  тарихы,  көлік құралдарының дамуы  мен  кеңістікте

қозғалу үшін  жануарларды  пайдалануды – көлік  тарихы, қатынастың

құрлықтық жолдарының дамуын – жол  ісінің тарихы  зерттейді.  Туризмді

реттейтін  заңдылықтардың дамуын құқық тарихы  зерттесе,  ал  туристердің

көргісі  келетін  тарихи  және  мәдени  ескерткіштердің дамуын,  олардың

шоғырлану орындарын, табиғат нысандарын мұражайлық істің тарихы оқып

зерттейді.  Зерттеу  мақсатындағы  саяхаттардың тарихы  географиялық білім

тарихын оқып зерттеудің, нақты бір жекелеген жердің тарихи өткені туралы,

оның табиғаты, экономикасы, тұрғындарының тұрмысын зерттеу пәні болып

табылады.

Жолда  алған әсерлерін,  саяхаттардың, жергілікті  салт-дәстүрлердің

сипаттамасын,  оқырманға  аз  белгілі  елдер,  жергілікті  жерлер,  халықтар

туралы  жаңа  мағлұматтарды қамтитын  саяхатшылардың жазбалары  мен




күнделіктерін әдебиет тарихы зерттейді. Бұл жазбалар сонымен бірге, туризм

тарихы  бойынша қайнар  көз  болып  табылады.  Бірақ та, әдебиет  тарихында

бұл  жанрға  болған  саяхаттар  суреттемесіне қарай  жазылған  және қосымша

идеялық-көркем міндеттерге  (қызық оқиғалы,  утопиялық, философиялық)

бағындырылған ойдан жазылған кезбе-саяхаттардың да тарихы жатады. Осы

айтылғандардан  көретініміз  бұл  пәндердің  әрқайсысының туризм  тарихын

оқып  зерттеу  пәнінен  айрықшаландыратын өзінің оқып  зерттеу  пәнінің бар

екенін көреміз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет